Депозиттерді сақтандыру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 14:51, дипломная работа

Описание

Берілген жұмыстың мақсаты отандық және шетелдік депозиттік сақтандырудағы жағдайларды ғылыми зерттеулер негізінде банк жойылған кезде депозиттердің (салымдар) сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ету мәселелерін оңтайлы шешудің теориялық және әдіснамалық принциптерін жалпылау болып табылады.

Содержание

Кірісп嬬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬-................................................................................................................... 3

1 Депозиттерді сақандырудың теориялық аспектілері .............................. 5

1.1 Депозиттерді сақтандырудың ұғымы мен мәні ..................................... 5
1.2 Бантік депозиттердің концептаулды негізі .............................................11
1.3 Депозиттерді сақтандыру жүйесінің шетелді тәжәрибесі ………… 17

2 Қ ақстан Республикасының аз депозиттерді сақтандыру жүйесін
талдау ............................................................................................................... 26

2.1 Банк жүйесіндегі депозиттік операцияларды талдау .......................... 26
2.2 Депозиттерді сақтандыру жүйесінің қатысушысы – « Тұран Әлем Банкі » депозиттерін бағалау ………………………………………………. 32

3 Қазақстан Республикасында депозиттік рынокты жетілдіру
жолдары …………………………………………………………………….. 37

3.1 Депозиттік портфельді басқару және ондағы тәуекелдерді
төмендету жолдары .......................................................................................37
3.2 Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру
жүйесінің даму келешегі...............................................................................45


Қорытынды ........................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................65

Работа состоит из  1 файл

Диплом 2111.docx

— 259.61 Кб (Скачать документ)

     Сақтандыру  кем дегенде екі жақ (субъект) қатысатын экономикалық қарым-қатынас.

     Бірінші жақ (субъект) бұл сақтандыру ұйымы(мемлекеттік, акционерлік немесе меншіктік), оны  біз сақтандырушы деп атаймыз. Сақтандырушы сақтандыру шарттары2н жасап шығарады (мысалы,сақтандыру оқиғасы кезінде сақтанушыға шығынды төлеуге міндеттеме алады) және оларды өз тұтынушыларына (заңды тұлғаларға кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер), жеке тұлғаларға (жекелеген азаматтар) ұсынады.

     Тура  осындай схема бойынша депозиттерді (салымдарды) сақтандыру жүйесі құрылуына  болады дегенмен де бұл схемаға өзіндік  ерекшеліктер тән. Мысалы депозиттік сақтандыру жүйесі кепілдірілген салымдар түрінде  болып келуі мүмкін (Қазақстан  Республикасында осындай жүйе).

     Экономикалық  әдебиетте депозиттерді (салымдарды) кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін 2 әр түрлі түрге бөлуге болады:кодтандырылған (имплицит (imhlicit)) жә3не кодтандырылмаған (эксплицит (ехрlicit)).

     Депозиттердің (салымдарды) кодтандырылмаған қорғау жүйесі өткен жылдарға тән банк жүйесінің  тұрақты гранты ретінде мемлекеттің  рөліне негізделген.Олардың негізгі  белгілері болып:

     - банк банкротқа ұшыраған жағдайда  депозиттердің өтемі үшін заңды  жауапкершілікті көрсететін заңнамалық  құқықтық актілердің болмауы;

     - өтемдердің тәртібі мен ауқымы  жөніндегі анық ережелердің болмауы;

     - қаржылық көмек көрсететін арнайы  қордың болмауы болып табылады. 4

     Депозиттердің (салымдардың) кодтандырылмаған сақтандыру     жүйесінің бірден-бір (шынтуайтқа келсек,күмәнді) қадір - қасиеті ірі және ұсақ салымшылар тепе-тең деңгейде сақтандырылған, ал мемлекетке сақтандыру қорын құру үшін қаражат бөлудің қажеттілігі  болмайды.

     Кодтандырылмаған  жүйенің жағымсыз жақтары көбірек  және де оның мәні мынада:

     - кодтандырылмаған жүйе жемқорлықка  жол береді және мемлекеттік  билік   органдарының   ықтияршылық   шешімдерінің   пайда   болуына   әкеліп соғады;

     - банкті қалпына келтіру (жұмысын  жақсарту) жөніндегі шешім оған  мемлекеттің қатысу үлесіне байланысты. Жеке меншіктегі проблемалы банктерге,  әдетте қаржылай көмек көрсетілмейді;

     - банк жүйесінің тұрақтылығы мен  өтімділігін қолдауға қажет мемлекеттік  шығындар негізінде салық төлеушілердің  иығына жүк болып артылады;

     - үкімет өзіне жауапкершілікті  алмай-ақ банктердің банкротқа  ұшырағаны жөнінде шешім кабылдай  алады;

     Салымдарды (депозиттерді) сақтандырудың кодтандырылған жүйесі жоғарыда айтылған жағымсыз жақтардан  жұрдай, себебі олар кепілдендірілген (сақтандырылған) заңды жүйеге жүгінеді. Заң шығаратын немесе құқықтық нормативтін  актілерде сақтандырудың белгілі  бір қатысушыларын сақтандыру арқылы қорғауға жататын міндеттемелер  түрі, процедуралар, сақтандыру төлемақылары мен жарнамаларынын шектеулері, сақтандыру қорының құрылуы мен жұмыс  істеу тәртібі, екі жақтың құқықтары  мен міндеттері көрсетіледі. Сақтандырудың  кодтандырылған жүйесін құрудың  бірнеше варианттары болуы мүмкін:

      - қатысушыларға деген талаптар  сипаты бойынша: міндетті және  өз еркімен;

     - құқықтық реттеу бойынша: императивтік  және диспозитивтік;

     - сақтандырудың көлемін қамту  бойынша: толық, шектеулі, дискрециялық;

     - меншік түрі бойынша: мемлекеттік,  жеке меншік, аралас;

     - сақтандыру жарналарын анықтау  әдісі бойынша:тіркелген төлемдер, тәуекелдер бойынша саралау, уақыт  бойынша саралау;

     - мемлекеттің қаржымен қамтамасыз  етудегі қатысуы орталық (ұлттық) банктің кредиттік линиясының  болуы қосымша мемлекеттік кепілдіксіз;

     №1 қосымшада әр варианттың ұтымды жақтары мен жағымсыз жақтарыдең көлемді мазмұны көрсетілген көрсетілген. Қазақстанда қазіргі кезеңде халықтың салымдарын (депозитін) сақтандырудың (кепілдендіру) кодтандырылған жүйесі енгізілген.(п.2.3.)

     Банктердің  депозиттік операциялары мен жұмысының  мықты жақтары мен қатар, әлсіз  жақтарын атап өтуге болады.Банктердің алдында операциялардың кеңеюі, персоналды оқыту және біліктілікті қайта жоғарылату, маркетинг саясатын жетілдіру, экономиканың нақты секторын қаржыландыруға қажет  ақшалай қаражаттарды шоғырландыру, филиалдардың аясын кеңейту т.б. мүмкіндіктері ашылады. Дегенмен, есепшоттардан  жинақ акшанын ағылып кетуінің нақты  қаупі бар. Салымдармен (депозиттермен) жұмыс істеуінің мықты және әлсіз  жақтарын анықтайтын факторлар көздері  ішкі және сыртқы орта болып табылады.

     Ішкі  ортаға жататындар:

     - салымдарды кепілдендіру жүйесін  құру жөніндегі жұмысты жандандыру  мүмкіндігін анықтайтын банктің  депозиттік саясаты сонымен қатар  пайыздық сыйақының мөлшерлемесінің  төмендеуі соңында жинақ ақшалардың  бұдан гөрі табыстырақ салымдарға  ағылып кету қауіпін туғызады;

     - кадрларды банктік басқару персоналдың  кәсіптік біліктілігін арттыруды  ғана емес,болашақ салымшылармеы  қажетті тренингтерді өткізуді  де өз мойнына алады;

     - проблемаларды уақытында табуға бағытталған банктік маркетинг;

     Тікелей әсер етудің сыртқы ортасына мыналар  жатады:

     - салымшылар - жеке тұлғалар, салымдардың  (депозиттердің) өсуі олардың  хабардар болуына, біліктілігіне  байланысты;

     - салымшылар-заңды тұлғалар қор  рыногының дамуына байланысты  өз капиталын депозиттік шоттардаи  бағалы қағаздарға ауыстыруына  мүмкіндіктері бар;

     - бәсекелестер,олар өздерінің жарнамалары  арқылы салымшылар санының азаюына  себепші болады.

     Сыртқы  ортаның жанама әсеріне мыналар  жатады:

     - экономикалық фактор,елдегі туракты  немесе тұрақсыз экономикалық  жағдай,бұл салымдардың өсуіне  себепкер болады немесе салымшылардың  есепшоттардан өз қаражаттарын  алып алуына себепші болады;

     - демографиялық фактордалықтың көп  немесе аз саны салымдардың  көп немесе аз санын анықтайды;

     - әлеуметтік факторға еңбек рыногындағы  жағдай,халықты әлеуметтік қорғау, халықтың табысын құрудағы (қалыптастыру) мемлекеттің саясаты, азаматтардың  төлем қабілеттілігі;

     - географиялық фактор-банктердің  бір территорияда шоғырлану деңгейі  немесе банктік уйымдардан региондардың  қашықтығы, филиалдардың шашыраңқы  болуы;

     №2 қосымшада депозиттік операциялармен жұмыс  істейтін коммерциялық банктер үшін қауіп-қатер,олардың  терең талдауы  көрсетілген.

Қазақстан Республикасының  банктерінің қызметіне  барлық жоғарыда келтірілген  мықты және әлсіз  жақтар,мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер тән.Осыдан барып  біз мынадай нақты  деректі айтуымыз керек, бірде - бір  қазақстандық банк өзінің болашақта өз қызметінің табыстылығына жүз  пайыздық кепілдік бере алмайды.

     Басқаша айтқанда,банктік кызметтің басқа  да(кәсіпкерлік) қызметкер сияқты көп  жақтылығы және нарық жағдайындағы экономикалық қарым-қатынастың күрделілігі  кез - келген баик банкротқа ұшырауының әлеуетті мүмкіндігін анықтайды, демек  салымшылардың мүліктік мүддесін қорғаудың  тиімді  инструменті ретінде  салымдардың (депозиттердің) сақтандыру (кепілдендіру)  жүйесін құрудың қажеттілігі туады.

     Басқаша айтқанда, елімізде депозиттік сақтандырудың  жақсы жолға койылған және сенімді  жүйесі жалпы алғанда, халықтың банк жүйесіне деген сенімін нығайтады.

     Қазақстандық  салымшылардың ойында банкротқа  ұшырайтын әлеуетті банк жүйесінің  тұрақсыздығы,экономиканың өсу қарқының мүмкін болатын төмендеуі, валютаның  бағымының алдын-ала болжауға келмейтін  өзгерістері, депозиттің салымдарының (инвестициялардың) жоғары тәуекелі, кейбір банктердің төмен капиталдандырылуы, филиалдардың дамымауы сияқты факторларды(тәуекелдерді) жатқызуға болады.(1 сурет) 

1-сурет.  Депозиттерді сақтандырудың қажеттілігіне себепші негізгі

факторлар

    • Жуйриков К.К. Рынок и бизнес: страхование рисков - Алматы, «Каржы-каражат» - 1997, 232 с.
 

     Банктің көз қарасы бойынша сақтандыру - жұмыс істеп тұрған салымшылар үшін де, әлуетті (болашақ) салымшылар үшін де жағымсыз факторларды ең төменгі  мөлшерге түсіру әдісі.

     1999 жылғы мамырда Қазақстан қаржыгерлерінің  бірінші Конгресінде республика  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  отандық қажыгерлік жүйеге халықтың  сенімін көтеру үшін қажетті  шаралардың біріншісі ретінде  депозиттерді ұжымдық сақтандырудың  тетігін әзірлеп, оны іске қосу  деп атап өтті. Әлемдік тәжірибеде барлық экономикалық жағынан дамыған елдерде депозиттерді сақтандыру жүйесі бар. Сол жылғы қарашада Қазақстан жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) Қоры құрылды. Қордың Құрылтайшысы       Қазақстан   Республикасының   Ұлттық   Банкі   болды,   ол «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру Ссақтандыру) Қоры» ЖАҚ жарғылық капиталына 1 млрд. теңге салды. Казақстан Республикасының Ұлттық Банкі кепілдік беру Қорының жалғыз құрылтайшысы болып табылады.

     Қорды құрудың мәні әуелбастан айқын және түсінікті. Қаржы рыногындағы бірнеше  белгілі сілкіністерден және жеке меншік қаржы «пирамидаларының» күйреуінен кейін, олардың әрқайсы халықтың салымдарын жинап құнын түсіріп  кететін, адамдардың ақшаны жинап сақтайтын  тетіктерге деген сенімін кетірген болатын. Тек кейінгі бірер жыл  ішінде ғана елдің Ұлттық Банкінің ойластырылған және дэйекті қадамдары  банк саласындағы жағдайды тұрақтандырды, ол банктік қызметтің барлық түрін  жоғары деңгейде көрсете алатын қалыптасқан  жүйеге айналды.

     Және  бұл жүйені салымшылардың ақшасын  сақтауға деген құқығына сенімді  кепілдік беретін Қорды құру одан әрі нығайтты.

     Депозиттерді  сақтандыру мәселесінің оппоненттері аз емес, олар қаржылық жүйені қосарлана  реттеу экономика үшін өте тиімді деп пайымдайды. Олардың пікірінше, депозиттерді сақтандыру ақыр аяғында  нарықтық тәртіпті бұзады, себебі банк менеджерлерінің, салымшылардың, заемшылардың, мемлекеттік және саяси қызметкерлердің  тиімді шешімдер қабылдауы үшін қызығушылықты  төмендетеді. Теориялық жағынан реттеуге болмайтын банк жүйесі нарықтық тәртіпті сақтаған жағдайда депозиттерді сақтандырусыз-ақ табысты жұмыс істейді. Алайда бұныінгі күні әлемдегі бірде бір елде қосарланып реттелген банк жүйесі жоқ, себебі мемлекет оның жойылуын болдырмау үшін оның мәселелеріне араласуға мәжбүр. Жасырын және ашық сақтандыру механизмдері бар көптеген елдер соңғы 10 жылда салымшыларды банктердің кең ауқымды банкроттық салдарынан қорғап келеді. Кепілдік беру жүйесінің маңызды міндеті оның халықтың салымдарын өтеу бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында депозиттерге кепілдік беру (сақтандыру) Қорының төлем қабілетін сақтай білуі табылады. 2004 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша. Қор активтерінің мөлшері 7 млрд. теңгеден асады. Инвестициялық тәуекелді хеджерлеу мақсатында Қор активтерінің 90%-ті Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылды.

     Депозиттерді  қорғау жүйесінде тәртіптеуші сипатының  болуы және осы тұрғыда нарықтық ынталандыруға қарама-қайшы келмеуі  үшін мынадай шарттар сақталуы тиіс: ол заңнамамен бекітілуі тиіс міндетті болып соның есеп айырысу, игеру  бағасы реттеу және бақылау әдістерінің  айқын әзірлемелері болуы тиіс. Оның үстіне, құзырлы мемлекеттік органдарға банкрот - банктерді реформалау және дәрменсіз банктерге қатысты  шаралар қолдану үшін өкілеттік  пен қажетті ақпарат берілуі  тиіс, Ол банктердің көлемі мен меншік нысанына қарамастан барлығын - ірі  және ұсақ жекеменшік және мемлекеттік  банктерді қамтуы тиіс; банк банкротқа  ұшыраған жағадйда барлық депозиттер бойынша шектеулі өтемақы төленуін және оның тез арада жүргізілуін  қамтамасыз етуі тиіс. Ұсақ салымшылар үшін олардың жинақтарының сақталғаны бәрінен де маңызды. Егер олар осыған сенімді болса барлық банк жүйесіне сеніммен қарайды.

     Банк  жүйесін реструктуризациялау және қадағалау сапасын артыру  бойынша тиісті іс – шаралар жүргізілген кезде Қазақстанда салымдарға кепілдік беру жүйесін енгізілуі банк жүйесінің динамикалық дамуы үшін айтарлықтай мүмкіндіктер туғызады, ол халық шаруашылығын ілгері тартушы тілек болып табылады. 

Информация о работе Депозиттерді сақтандыру жүйесі