Депозиттерді сақтандыру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 14:51, дипломная работа

Описание

Берілген жұмыстың мақсаты отандық және шетелдік депозиттік сақтандырудағы жағдайларды ғылыми зерттеулер негізінде банк жойылған кезде депозиттердің (салымдар) сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ету мәселелерін оңтайлы шешудің теориялық және әдіснамалық принциптерін жалпылау болып табылады.

Содержание

Кірісп嬬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬-................................................................................................................... 3

1 Депозиттерді сақандырудың теориялық аспектілері .............................. 5

1.1 Депозиттерді сақтандырудың ұғымы мен мәні ..................................... 5
1.2 Бантік депозиттердің концептаулды негізі .............................................11
1.3 Депозиттерді сақтандыру жүйесінің шетелді тәжәрибесі ………… 17

2 Қ ақстан Республикасының аз депозиттерді сақтандыру жүйесін
талдау ............................................................................................................... 26

2.1 Банк жүйесіндегі депозиттік операцияларды талдау .......................... 26
2.2 Депозиттерді сақтандыру жүйесінің қатысушысы – « Тұран Әлем Банкі » депозиттерін бағалау ………………………………………………. 32

3 Қазақстан Республикасында депозиттік рынокты жетілдіру
жолдары …………………………………………………………………….. 37

3.1 Депозиттік портфельді басқару және ондағы тәуекелдерді
төмендету жолдары .......................................................................................37
3.2 Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру
жүйесінің даму келешегі...............................................................................45


Қорытынды ........................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................65

Работа состоит из  1 файл

Диплом 2111.docx

— 259.61 Кб (Скачать документ)

               1.2. Банктік депозиттердің концептаулды негіздері. 

     Коммерциялық  кәсіпорынның бір түрі ретінде банк мекеменің басты ерекшклігі – оның ресурстарының басым бөлігі меншікті емес, заемдық қарадаттар есебінен қалыптасындығына. Қаражаттарды тартудағы банк мүмкіндіктері шексіз емес және кез-келген мемлекетте орталық банк тарапынан шектеледі.

     Тұрғындарының қаражаттарының тарту жөніндегі  банк қызметі ерекше шектеге. Мысалы, азаматтардың ақшалай қаражатын тартудың жоғарғы кқлемі банктің меншікі қаражаттарының  (капитадың) көлемімен шектеледі.

     Одан  өзге, жеке тұлғалардың қаражаттардың  салымдарға тарту үшін қайта құрылған коммерцялық банкке тек тіркелу сәтінен жемісті қызмет жасаған біраз уақыттан кейін берілуі мүмкін арнайы лицензия қажет.

     Екі деңгейлі банктік жүйеге көшу экономикалық дербес коммерциялық банктерді құру, шаруашылықты өзін-өзі қаржыландыру қағидаларына ауыстыру банктердің жұмысында  біршама өзекті мәселе – пассивтерді  қалыптастыру мәселесін тудырды.

     Банктермен  тартылатын қаражаттар құрамы бойынша  түрлі болып келеді. Олардың басты  түрлері банктердің клиентірамен жұмыс жүргізу процесінде тартылған қаражаттар, сондай қаражаттардың бірі Депозиттер–меншікті қарыздық міндемелерді (Депозиттік және жинақтық сертифкаттар,  вексельдер, облигациялар) шығару жолыменаккумуляцияланған қаражаттар.

     Депозиттік  операциядар клиенттердің қаражатын банкке уақытша ұстай тұруға мүмкіндік беретін экономикалық қатынастар.

Депозит тұтынушыға  (салымшыға) және банкке тиімді (пайдалы). Дипозиттің көбі банкке несие капитал бере алады, оны соңынан банк кез – келген шаруашылық саласына өзіне пайдалы шарттар мен орналастыра алады. Депозиттердегі пайыздық айырмашылық пен капиталдық қарыз алушысынан алынған пайыздық айырмашылық банк үшін еркін (бос) ақшалай қаражаттарды тарту және несие капиталды орналастырудағы жүргізілген жұмысы үшін сыйақы болып табылады. Бұл сияқының көлемін кеңейту (ұлғайту) үшін банктер өз ресурс базаларын (қорларын) кеңейтуге тырысады, олар "жалған салым ақша" құрады, бұл үшін банктер талап етілмелі есеп шотты қолданады.

     "Банктің  алтын қағидасында" банктің  қаржылық талаптарының мерзімі  мен көлемі оның міндеттемелерінің  көлемі (мөлшері) мен мерзіміне  сай болу керек. Осы қағидаға  сәйкес, банктер ағымдағы шоттардың  қалдығын несиелендіру ресурсы  ретінде қолдана алмайды.  Себебі  оларды кез-келген уақытта есепшоттан  алып алуы мүмкін. Сонымен қатар банктік операциялардың көпшілігі қолма-қол емес түрінде жасалады. Кассалық резервтер түрінде қолданылмайтын қолма-қол ақшаның соммасы банктің өтімділігін жоғарылатады және басқа банктерге,басқа тұтынушыларға несиелерді ұсынуға бағытталады. Кассалық резервтерден басқа несиелік ресурс ретінде депозиттерді коммерциялық банктердің қызметінде шектеуші болып табылатын факторлар орталық банк орнатқан міндетті резервтер.

     Депозиттік  есепшоттар әр түрлі болуы мүмкін.Олардың  сыныпталу негізінде салымдардың  көздері,олардың мақсатты қолданылуы, олардың табыстылықтарының деңгейі  сияқты критерийлер жатадыбірақ  көп жағдайда критерий ретінде салымшының түрі(категориясы) мен салымның алыну  түрі қолданылады.

     Салымшылардың түрлеріне байланысты заңды тұлғалардың  депозиттерін (кәсіпорындар, ұйымдар, басқа да банктер) және жеке тұлғаларды анықтауға болады.

     Депозиттерді  алу түрі бойынша талап етілмелі, мерзімді салым және жинақ ақша салымы болады.5

     Депозиттер (салымдар) немесе талап етілмелі салымдар - салымшылардың есепайырысу шоты мен ағымдағы шоттарында белгісіз бір  уақытқа қалып қалған ақшалай  қаражаттар,яғни оларды салымшы алып,банкті алдын-ала ескертпей-ақ кез-келген уақытта  басқа есепшотқа ауыстыру мүмкін.Әдетте салымдардың бұл түрі бойынша(талап  етілмелі) ең төменгі пайыз төленеді.6

     Талап етілмелі депозиттер(салымдар) біріншіден, ағымдағы есепайырысу үшін қажет. Мұндай шотты аша отырпдұтынушы банкке өз төлем операцияларын техникалық жүргізуді тапсырады. Тұтынушының банктегі төлем операцияларын күнделікті жүргізілуін бір шама шығындарды талап етеді, олар компьютерлік техниканың қолданылуы арқасында бір шама төмендеді, дегенмен де олар банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Күнделікті тұтынушының банктегі есепшоты бойынша жүздеген, мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер (жазба) жасалады. Бірақ банктердің бұл шығындары қалай да өтеледі,себебі талап етілмелі есепшоты бар тұтынушылар өздерінің ағымдағы есепайырысуына ол қаражатты толығымен қолданбайды.

     Қалдық  ретінде тұрлаулы қалдық қалады, оны  банк өзінің коммерциялық мақсатына  қолданадыяғни табыс алу үшін несие ретінде берілуі мүмкін. Тұрлаулы қалдық банктың көптеген тұтынушылары өздерінің ағымдағы есеп шоттарынан үнемі алып, бірнеше күннен кейін  немесе аптадан кейін оларды қайта  толықтырып отыруынан құралады. Бірақ  тұтынушылардың көбісі өз міндеттемелерін  төлеу үшін салымдағы бар соманы алмайды. Бұл экономиканың кезеңдік сипаттамасына байланысты.Осы қаражаттар қалдығы мен талап етілмелі есепшоттар арқасында банктер вексильге  және контокорренттік (ағымдағы) несиеге 60,90,120 күнге несие ретінде бере алады.

     Талап етілмелі салымдар депозиттік немесе контокорренттік (ағымдағы) есепшоттарға салына алады.Екеуінің арасында айырмашылық  бар.Депозиттік есепшотта тұтынушы тапсырыскер тек шоттағы нақты  қалдық сомасын ғана алып немесе одан басқа шотқа ауыстыра алады,яғни ол тек өзінің салымына ғана сене алады. Ал контокорренттік (ағымдағы) есепшотта  теріс әрі оң қалдық болуы мүмкін. Клиент (тапсырыскер) кез-келген сәтте  тек қана өз есепшотынан салымын  алып қана қоймай,белгілі бір уақытқа  несие де ала алады. Дегенмен, практикада бұл айырмашылық бірте-бірте азайып барады.Қазіргі кезеңде клиент банкпен  келісу арқылы депозиттік есепшоттан па несие алуына болады. АҚШ-да бұл  есепшоттар трансакциялық немесе шектік деп аталады,яғни оларға чектер жазып  беруге болады.

     Бұл есепшоттардың басты құндылығы-олардың  жоғарғы өтімділігі, оларды төлем құралы ретінде   тікелей  қолдануға   болатын мүмкіншіліктері. Салымшылар үшін олардың негізгі кемшілігі-есепшот бойынша пайызды төлеудің жоқтығы немесе аз пайданың болуы болып табылады.Ерекшелік мынада:банк ең төменгі резервті Орталық Банкте мерзімді салымнан гөрі көбірек көлемде ұстауы (сақтауы) керек ал олардың иелері банкке есепшотты қолданғаны үшін комиссия төлейді.

     АҚШ-да заң коммерциялық банктерге талап  етілмелі есепшот бойынша пайыз  төлеуге тиым салады.Коммерциялық банктер  өз салымшыларын ұстап қалу үшін депозиттік есепшоттың жаңа түрін ұсынады,ол бір  жағынан,өтімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етер еді, екінші жағынан,салымшыларға белгілі бір табыс алуға мүкіндік берер еді.Ол есепшот нау-есепшот  деп аталды. Ол тек жеке тұлғалар үшін ашылды. Бұл қаражатты алу  жөніндегі бұйрық немесе есеп айырысу  тратасыоны үшінші тұлға төлемдер үшін қолдана аладыяғни бұл депозиттік есепшот,оған чектерге ұқсас есеп айырысу траттасын жазып беруге болады,ол         бойынша рынок (нарық) мөлшерлемесі бойынша пайыздық төлемдер түрінде табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап есепшоттың бүкіл түрі АҚШ-тың бүкіл территориясында заң жүзінде іске асырыла бастады.Депозиттің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды.Осы терминнен көріп отырғандай, мерзімді салымдар белгілі бір ұзақ мерзімге салынады (бір айдан кем емес). Салымшы үшін ақшаны ұзақ мерзімге салудың мәні жоғарырақ пайыздарды алуда болып табылады. Банк үшін де бұл депозит тиімді, себебі ол осы қаражаттарды ұзақ мерзімге бір қарыз алушыға жоғары пайыз алу үшін бере алады.

     Мерзімді  салымдар ереже бойынша ағымдағы төлемдер үшін қолданылады бұл жағдай талап етілмелі есепшоттарда бар.

     Мерзімді  салымдар өздері мерзімді салымдар өзі  және алу жөнінде хабарламасы  бар мерзімді салымдарға бөлінеді.Мерзімді салымдардың өзі иесіне алдын-ала  көрсетілген күні қайтып келеді сол  уақытқа дейін банк ол салымдарды өз ойына қарай ұстай беруіне  болады. Егер де сол бекітілген күні салым иесі соманы алмаса,кейінірек  ол соманы ағымдағы есепшот секілді  ұстауына боладыяғни ол кез-келген келесі күндері өзінің ақшасын ала алады.

     Алу жөнінде хабарламасы бар депозитке  салымшыны ақшаны алғысы келетіні жөнінде  алдын-ала арыз банкке түсуі керек.Хабарлама  мерзімі әдетте 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін,бір  жылдан асатын уақытқа созылады. Хабарлама  мерзіміне байланысты қажетті пайыздық мөлшерлеме орнатылады. Практикада көбіне-көп  алдын-ала хабарламасы бар мерзімді депозиттер қолданылады.

     Депозиттердің үшінші түрі жинақ салым ақшалары.Олардың  ең көп тарағаны-жинақ ақша салымы,оны  әдетте жинақ ақша есепшоты немесе жинақ кітапшасы бар есепшот  деп атайды. Депозиттің басқа түріне қарағанда жарғылық пайызды төлемі бар жинақ ақша салымы банктегі салымшылардың  кррлануының сақталу құнттылығы(ұқыптылығы)мен  ынталандыруын марапаттау үшін қолданылады. Халықтың салымдарын тарту үшін банктер  жинақ ақшаның әр түрлі формаларын қолданады: ұтыстық, сыйақылық, жастарға арналған, мақсатты т.б.әдетте олар тұтынушыларға  қосымша қызмет көрсетеді (сақтандыру,телеграфтық,пошталық т.б.).

     Коммерциялық  банктер салымдарға қаражаттарды тарту  үшін қосымша шетелдік тәжірибені қолдануға  мүмкіндіктері болады,мысалы:

     - халықтың қаражатын тарту жөніндегі  әр түрлі бағдарламаларды әзірлеу;тұтынушы-салымшыларға  қызметтердің кең ауқымын ұсыну  соны ішінде банктік сипаттағы(мысалы,медициналық  қызмет көрсетудің әлементі);

     - "тыныш" мақсатты жарнаманы қолдану(телефон,пошта);

     - салым мерзімі аяқталғанда сыйақы  берілетін инвестицицлық сипаттағы  салымдар бойынша жоғары пайыздық  мөлшерлемені қолдану;

     - "банкке адал болғаны үшін" сыйақысының банктің тұрақты  клиенттерге төлеу;

     - АЖБ және ҚААЕ тәрізді аралас  сипаттамасы бар есепшоттарды  қолдану,себебі олар клиенттің  (тұтынушының) және банктің экономикалық  мүдделерін оңтайландыруға мүмкіндік  береді;

     70 жылдардың басында АҚШ-тың жинақ  ақша банктерінде тұтынушыларға(клиенттерге)  мерзімді салымнан гөрі жоғарырақ  пайыздың мөлшерлемеге кепілдік  беретін жинақ ақша есепшоттары  тарала бастады бұл есепшот  бойынша клиенттер (тұтынушылар)  алу жөніндегі бұйрық чегіне (negotiable order of withdrawal-Now) ұқсас есепшотты есеп  айырысу шоты ретінде қатар  қолдану мүмкіндігін қолдана  алады. Бұл есепшоттар нау-есепшоттары  деген атқа ие болып, шынтуайтқа  келгенде ағымдағы смета болып  табылады, ол бойынша пайыз төленеді.

     Кейінірек АҚШ-тың коммерциялық банктері өз тәжірибелеріне клиент (тұтынушы) үшін өте қолайлы  қызмет түрін-қаражаттарды автоматты  аудару есепшотын - (ҚААЕ)енгізді,ол ешбір  кедергісіз қаражаттарды жинақ ақша есепшотынан ағымдағы есепшотқа  аударуға мүмкіндік береді,сонымен  қатар Қаражаттарға деген ағымдағы қажетсінуден асып кететін жинақ  ақша салым сомасын қайтаруға  мүмкіндік туады. Сөйтіп, тұтынушы үшін оның ағымдағы және жинақ ақша шотындағы  баланстарды қолдайтын ең пайдалы, соған орай қаражаттар салымынан  түскен табысты ең жоғарғы түрінде  алу қамтамасыз етіледі.

     АЖБ және ҚААЕ есепшоттарына ұқсас есепшоттарды отандық коммерциялық банктер практикасында  заңды және жеке тұлға есепшоттарына  қызмет көрсету үдерісінде қолдануға  мүмкіндік болады. Бұл жерде жинақ  ақша есепшоты бойынша ең төмен ұйғарынды  қалдықтың мөлшерін қою дұрыс  болар еді.

     Мерзімді  салымдардың бір түрі депозиттік және жинақ ақша сертификаттары болып  табылады.

     Сертификат-банк-эмитенттің ақшалай қаражаттар салымы жөнінде  жазбаша куәлік, бұл куәлік салымшының айтылған(келісілген) уақыт өтісімен салым сомасын және ол бойынша  пайыздарын алу құқықтарын куәландырады.

     Сертификаттарды депозиттік жинақ ақша сертификаттарына бөлгеннен басқа салымшылар түріне байланысты сертификаттарды мынадай  белгілер бойынша сыныптауға болады:

     - шығару тәсіліне байланысты біртіндеп  немесе топтап шығарылатын сертификаттар;

     - безендіру тәсіліне байланысты  атаулы, ұсынушыға, айналыс мерзімі  бойынша, мерзімді, талап етілмелі  сертификаттар болады.

     Егер  де депозиттің немесе салымның алу  мерзімі өтіп кеткен болса,мұндай сертификат талап етілмелі болып табылады және салымшының алғашқы талабы бойынша  банк оны төлеуі керек. Банк алдын-ала  мерзімді сертификатты төлеуді алдын-ала  ұсыну мүмкіндігі қарастыру керек (сертификаттың сомасын төлеу  және пайыздың төменгі мөлшерлемесін  қарастыру арқылы)

     - төлемақы шарттары бойынша белгілі  бір есеп айырысу периоды өткенге  дейін ұдайы төленіп отыратын  пайыздық мөлшерлемесі бар, сертификатты  өтеу күніне пайызды төлеу  түрлері болады.

     Сертификатты  өтеудің үш түрлі тәсілдермен  жүзеге асырылады

     - жаңа шығарылым сертификаттарымен;

Информация о работе Депозиттерді сақтандыру жүйесі