Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:20, дипломная работа

Описание

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында депозит нарығыныңқазіргі жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның меншікті капиталы мен қаржылық жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның депозит портфелі мен депозит операцияларына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктерінің депозит тарту және депозиттік операцияларын дамыту жолдары қарастырылды.

Работа состоит из  1 файл

Кенжегуль Комм.банкт.депоз операц.docx

— 354.99 Кб (Скачать документ)

    Депозиттерді  тарту бойынша банктің негізгі  мақсаттарына келесілерді жатқызуға болады:

    - халық пен өнеркәсіптердің депозиттерін  тарту;

    - халыққа қызмет көрсету жүйесін  дамыту;

    - депозиттермен жұмыс атқаруда  банк қызметкерлерін маманданған  түрде оқыту;

    - банк технологиясын дамыту және  т.б.

    Коммерциялық  банктерге депозитттерді тарту  мына факторларға байланысты:

  1. халықтың ақшалай табысының көлеміне;
  2. банктік жүйеге сенімділік деңгейіне;
  3. салым бойынша нақты пайыз мөлшеріне;
  4. банктік жүйенің даму деңгейіне.

    Халықтың  ақшалай табысының көлемі банктік  жүйеге тартылған салымдарының көлемін  анықтайды. Адамдардыңқаншалықты табысы болса, соншалықты олар тұтынумен бірге жинақтауы мүмкін.Келесі фактор салымшылар үшін – банктік жүйеге сенімділік деңгейі болып табылады. Бұлфактор салымшылар үшін өте маңызды, өйткені егерде банктің төлем қабілеті төмен болып, банкротқа ұшыраса, салымшы салым мөлшерін толықтай немесе жартылай жоғалту тәуекеліне барады. Оныбарлық банктер депозиттер сомасы динамикасынан көруге болады. Халықтыңбанктік жсвсммүйеге сенімділік деңгейі халықтың жинағына қатысты реттеу фукциясын атқарады. Халықтыңбенктік жүйеге сенімінің төмендеуі банктік жүйеден ұлттық және шетел валюталары түріндегі ақша қаражатының кетуіне, ал сенімнің жоғарлауы, керісінше, қаражаттың ағып кетуіне әкеледі.

    Депозиттік  операциялардың дамуына әсер ететін бірден бір көрсеткіш – халықтың сенімділік дәрежесі. Бұл көрсеткішті  арттыру үшін банктер өз алдына осы  бағытта арнайы стратегиялар қабылдауы  қажет. Шетел тәжірибесіне жүгінсек, қарапайым халық банктер туралы толық ақпаратқа ие. Олардың балансын, тартылған қаражаттар көлемн, сыйақы мөлшерін толық біледі. Ал біздің елде кейбір банктерді санамағанда басқа  банктері өз қаржылық көрсеткіштерін жарияламайды. Қазіргі таңда қай  ел тұрғынынан депозит туралы және қай банкке сенімділігін сұрасақ  нақты жауап алу қиын және бұл  жағдай әсіресе ауылдық жерлерде қатты байқалады. Сондықтан осы  проблеманы жою үшін банк арнайы маркетингтік зерттеу жүргізіп, үнемі тұсау  кесу, таныстыру рәсімдерін жасап, бұқаралық  ақпарат беттерінде өздері туралы мәліметте  толығырақ көрсеткені абзал. Ашық ақпарат  бар жерде сенімділік те бар.

    Елде  депозитік операциялардың дамуына  кедергі жасайтын тағы бір көрсеткіш  халықтың әлеуметтік жағдайы. Онсыз  да бір айлықтан екінші әзер жетіп  өз шығындарын зорға өтеп отырған  халық депозит салуды ойламайды  да. Бұл тұрғыдан мемлекеттің және банктердің стратегиясын дамыту қажет. Мемлекет тарапынан айлық көлемін  өзгерту, әлеуметтік көмек көлемін  ұлғайту болса, банк стратегиясы, мысалы басқа опрациямен ұштастыру болып  табылады. Өзімізге белгілі қазіргі  таңда депозиттік операциялармен қатар  несие қызмет қатар даму үстінде, бұл несие бойынша алғашқы  жарна салу көзделген, егер осы жарнаны  депозитке салатын болсақ, онда осы  банктің салымшысы ретінде оған берілетін несие көлемі төменгі  пайызбен беріледі.

    Экономистердің есептеуінше бүгінгі күні халыққолында банк жүйеісне тартылмаған, қолма-қол түрде сақталып отырған едәуір қаражат бар деген болжамдар айтылуда. Ол қаражат мөлшері бірде 400 млн.доллардан асады деп айтылса, бірде 1 млрд.доллардан астам ақшалай қаражат бар деп аталады. Коммерциялық банктердің өздерінде бар несие ресурстарын сұранысқа ие болып отырған ұзак мерзімді несиеге бере алмауы, ол да ресурстарды орналастыру барысындағы әлі де шешілмеген мәселелердің бар екенін көрсетеді. Атай кетер болсак, олар:

    -депозиттік салымдар көлемінде қысқа және орта мерзімдісалымдарүлесінің көп болуы, бұл банктердің ресурстарды ұзақ, мерзімге бере алмауына алып келеді;

    -ұзақ мерзімге қаражаттарды инвестициялау экономикалықтұрақтылықтың нағыз орнаған уақытында жүргізіледі. Мұндай уақыт банк тұрғысынан қарағанда әлі де болса келе қоймаған сияқты және тағы баска да көптеген себептері бар.

    Казакстан Республикасыныңкоммерциялык банктеріқaзіргіуакытта жеке және занды тұлғалардың уакытша бос ақшалай қаражатын банк жүйесіне депозит түрінде тарту максатында кыруар жұмыстар аткарып жатыр. Олар өзтәжірибелеріменбipге шетелдікбанктердің озык тәжрибелерін де енгізуде.

    Олар  әртүрлі шарттармен, мазмұнмен, мерзіммен жана депозиттік салымдар түрлерін ашу, пластикалык карточкалар аркылы төлемдер төлеу, электронды есеп айырысулар жургізу, сейфтік сактау кызметтері, интернет-банкинг кызметтерін көрсету жене т.б. тәжірибелерде енгізілуде.

    Бұл кызметтердің барлығы да банктерге депозиттік салымдарды тартуға және несиелік ресурстардың көбеюіне әсер етіп отыр.

    Бірақта басқа топ операциялар бар, олардың  технологиялары өзгеріске ұшырайды, банктердің өздеріне үшін, нарық коньюктурасына байланысты банк диверсификацияланған банк әрекеті. Бұл бір карағанда  дәстүрлі банктік операция құралдарды тарту мен орналастыру мен  байланысты: несилендіру, бағалы қағаздарды сату мен сатып алу, депозиттік салымдық) лизингтік және тағы басқа операциялар  түрлері. Сонымен қатар оларды жүргізу  процесінде жаңа технологиялар, қосымша  толықтырулар, жетілдірулер енгізіліп  жатыр.

    Біріншіден, клиенте банктік қызмет көрсетуде  жаңа талаптар алғы шартқа қойылып  жатыр, нәтижесінде мысалы, несие  қайтару қамтасыздығы, депозит және басқа да салымдардың деңгейлері, несиелік келісім шартқа қосымша  толықтырулар негізінде жүргізілген  жетілдірулер  бағалы қағаздар нарығындағы  жаңа түрлерін игеруге мүмкіндік береді.

    Банктер даму стратегиясын халықаралық тәжірибеден  алған стандарттар негізінде  құрады. Халықтың, кәсіпорындар мен  ұйымдардың депозиттері, қаржы қаражаттары  ағымының арқасындабанк міндеттемесінің  өсуі негізінде банк өз саясатын жүзеге асырады. Банктік жүйе нарықтық экономикада 4 негізгі функцияны орындайды:

  • Қысқа мерзімді депозиттерді орта ұзақ иерзімді несиелерге ауыстырып, салымшылар мен инвесторлар арасында делдалдық қызметтің атқарады.
  • Қолма-қол ақша мен уақытша бос ақша қаражаттарын тарту негізінде несиелік ақшаны құрады.Бұл айналымдағы ақша массасын көбейтеді.
  • Банктің депозиттік және несиелік саясаты экономикадағы ақша ұсынысына әсер етеді.
  • Ұлттық банке банктер ақша-несие саясаттын жүргізуге көмектеседі.

    Банктік депозиттердің өсу деңгейі мәселесінің салдары болып табылатын өтімділіктің көптілігі әліде өзекті. Еліміздевалюталық, бағалық, нарықтық, инфляциялық тәуекелдерді хеджерлеу және төмендететін қаржылық құралдары өте аз қолданылады. Қазіргікезде банктік бірлестігімен қойған мәселелер деңгейі біздің қаржылық жүйенің сапалы жаңаша даму туралы айтады.

    Клиент  үшін күрес жүргізіп, көрінген жерден пункт ашып, елге несие берген Альянс Банктің осыдан үш жыл бұрынғы  күйін елестетіп көрсеңіз, депозит  үшін де сондай талас жүріп жатыр. Депозиттік салымдарға кейбірбанктер 10-11 пайыздық сыйақы қоямыз десе, тіпті біреулері оның мөлшерін 15 пайызға бір-ақ тіреп отыр. Депозиттерді кепілдендіру қоры белгілеген деңгейден асып отырған бұл мөлшерлемелер ертеңгі күні шынында да салымшылардың қолына тиетіні белгісіз. Кезінде халықтың несие алмасына жанын қоймай, банк қызметкерлері жұмыс орындарына келіп, уағыз жасаған кездерді әлі ұмыта қойған жоқпыз. Уағыздың күштілігінен қалың ел қармаққа ілініп, аямай несие алып, бүгінде өтей алмай қиналуда. Депозит тарту да сол жағдайды көз алдымызға қайта әкелген секілді.

     Қазіргі экономикада депозиттік салымдарды кепілдендіру, банктің қызметіне  деген халықтың сенімін сақтау, осы  арқылы бос ақша қаражаттарын тарту  маңызды мәселе болып табылады.

    Сондықтан қазіргі кезде банктердің алдында  тұрған көптеген проблемаларының ішіндегі ең өзектісі клиенттердің ақша қаражаттарын тарту механизмін жетілдіру проблемасы болып табылады. Олар бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін жоғарлату  есебінен депозиттік салымдардың тартымдылығын  көтеруге болады. Сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін тұрақтандыру, олардың  сенімділігін, өтімділігін және төлем  қабілеттілігін жоғарлату арқылы клиенттердің сенімін жаулап алу керек.

    Қазіргі таңдағы екінші деңгейлі банктерге кезігетін басты проблемалардың бірі ресурстық базаны қалыптастыруы екендігі бәрімізге мәлім.

    Банктің ресурстық базасы микроэкономикалық фактор секілді өтімділік пен төлем қабілеттілікке тікелей әсерін тигізеді. Банктің табатын табыс көлемі оның түрлі ресурстар нарығына тартқан, соның ішінде депозит нарығынан тартылған ақшалай қаражаттарына тәуелді болып табылады. Сондықтан, осы жерден банктер арасындағы ресурстарды тарту бойынша күшті бәсеке туындайды.

 
 

    3.2. Депозиттік операциялардыдамыту жолдары

 
 

    Еліміздегі  қалыптасқан банктердің депозиттік операциялары қазіргі таңда даму үстінде, өзімізге белгілі депозит банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Бұл ресурстардың көбеюі, қосымша несиелік ресурстардың көбеюін қалыптастырады.

    Еліміздегі  дағдарыстың ресми басталуы 2007 жылдың тамыз айы деп саналады. Сондықтан  халықтың көзқарасы бірден байқалды. Депозиттер жабылып, теңгемен салынған салымдар валютаға ауыстырыла басталды. Шетел валютасының қолма-қол нарығындағы  мұндай дүрбелең валюталық салым  құрылымдарына әсер етпей қалмады. Сол жылдың 3-4 тоқсандарында теңгелік депозиттерге қарағанда валюталық  депозиттер өсімі қарқын алды. 2008 жылдың 1 қаңтарында валюталық депозит 28,5 пайызға, теңгелік депозиттер 12,1 пайызға өсті. 2007 жылғы Америкадағы ипотекалық несие дағдарысына байланысты жағдайлар  халықтың көңіл күйін түсірді. Тұтыну нарығында баға өсті. 2007 жылы депозит нарығындағы даму көрсеткіштері оң болғанымен, 2006 жылға қарағанда өсім қарқыны төмен болды.  

    2008 жылы депозиттер көлемі 17,5 пайызға,  соның ішінде заңды тұлғалардікі 20,7 пайызға, ал жеке тұлғалардың  депозиттік салымдары 17,1 пайызға  өсті. Девальвацияға байланысты  тұрғындардың алаңдаушылығы 2008 жылдың аяғында басталып, 2009 жылы да жалғасты. Сөйтіп, теңгелік депозиттер валюталыққа ауыстырылды. 2009 жылғы қаңтарда тұрғындардың теңгелік салымдарының көлемі 17,3 пайызға төмендеді, шетел валютасындағы салымдар 48 пайызға өсті. Ал заңды тұлғалар салымдары ұлттық валютада 2,8 есеге, шетел валютасымен 3,2 есеге ұлғайды.

    2009 жылы ақпанда теңгені девальвациялау  жүргізілгеннен кейін жеке тұлғалардың  ұлттық валюталық шоттарынан  қаржы ағыны жыл бойына толас  таппады.  Жағдай тек төртінші тоқсанда түзеле бастады. 2009 жылы тұрғындардың депозиттері 3 пайызға азайды, ал шетел валюта депозиттері 1,9 есеге өсті. Бұл жерде депозиттерге қатысты статистиканың теңгемен жүргізілгенін ескеру керек, дегенмен өткен жылы шетел валюталы депозиттер көлемі едәуір өскені байқалды. Аймақтық банктердің бөлімшелеріндегі шоттардағы депозиттер көлемі 26,6 млрд. теңгеден 34,2 млрд. теңгеге дейін көбейді.Дағдарыстың мұндай сілкінісі әсерінен барлық банктер өздерінің депозиттік саясатын қайта қарап, ішкі және сыртқы міндеттемелерінің құрамын өзгерту, яғни сыртқы көздерден гөрі ішкі міндеттемелердің тиімді екендігін анықтап отыр.

    Жүйедегі депозиттер көлемі 2007 жылдың басында 3 трлн теңгені. 2008 жылдың басында 3,9 трлн теңгені. 2009 жылдың басында 5,4 трлн теңгені құрады. 2010 жылғы қарашаның аяғында резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 7,4 трлн теңгеден асты. Айтып өткендей, 11 айдағы өсу 13,3% құрады. Бұл ретте заңды тұлғалардың депозиттері 13,4%, жеке тұлғалардың депозиттері 13,2% өсті. Осы кезеңде депозиттердің шетел валютасынан теңгеге көп ауысу сияқты үрдіс байқалды. Қазіргі уақытта шетел валютасындағы шоттар 2,6 трлн теңге болып бағаланып отыр (8,1% төмендеді), ал ұлттық валютадағы шоттар 4,8 трлн теңге болып сақталып отыр (30,0% өсті). Бұл ретте халықтың теңгедегі депозиттері 40,8% өсті.  Яғни цифрлар жүйеден салымдардың әкетілмегенін, сондай-ақ банк жүйесіне және сол сияқты теңгеге жинақ ақша мен қаражат валютасы ретінде сенім сақталып отырғанын көрсетеді. Дағдарысқа дейін депозиттердің жоғары қарқынмен өскен.

    Халық қаржылық шешім қабылдауға салмақты түрде қарап отыр - бұл бір жағынан  алғанда. Екінші жағынан, база қағидаты рөл атқарып отыр: өсу көлемі бұрынғыша  абсолюттік цифрлармен алғанда көп, ал салыстырмалы цифрлармен алғанда  төмендеуде: 3 триллионнан немесе 7 триллионнан 10% - бірден ерекшеленеді.

    Егер  сенімнің сақталу себептерін талдайтын  болсақ, онда бұл жерде қаржы жүйесін  қолдау үшін бәрін жасаған мемлекеттің  ұстанымын атап өтемін. Мемлекет көп  қаражат бөлді, бұл қаржы секторына  да, экономикаға да дағдарыстан абыройлы шығуға мүмкіндік жасады. Халықтың банктерге сенім білдіру деңгейіне  жеке тұлғалардың депозиттері бойынша  кепілдік беру сомаларының 700 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін ұлғаюы тікелей әсер еткеніне күмән жоқ. Бұл норма 2008 жылдың аяғында енгізілді  және 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады. Президенттің, Үкіметтің, қаржы секторын реттеушілердің осындай ұстанымы ғана халықтың, елдің экономикалық қоғамдастығының  қаржы секторына деген сенімінің  сақталуына ықпал етті деп ойлаймын.

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары