Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:20, дипломная работа

Описание

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында депозит нарығыныңқазіргі жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның меншікті капиталы мен қаржылық жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның депозит портфелі мен депозит операцияларына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктерінің депозит тарту және депозиттік операцияларын дамыту жолдары қарастырылды.

Работа состоит из  1 файл

Кенжегуль Комм.банкт.депоз операц.docx

— 354.99 Кб (Скачать документ)

      Елбасымыз өзінің биылғы Жолдауынан кейін банктердің маржасын тексеріп отыруды тапсырды. Маржа дегеніміз - банктің несие  және депозит бойынша қоятын пайыздық ставкасының арасындағы айырма. Бүгінде  банктердің бәрінің дерлік активтерінің бағасы төмендеп кеткені белгілі. Қарыздарды қайта құрылымдау жүргізілуде дегеннің өзінде жағдай әлі мәз емес. Соңғы  мәліметтерге сүйенсек, банктердің сыртқы қарызы 28 млрд АҚШ долларын құрайды. Соған қарамастан, депозит үшін талас  қыза түсуде. Ертеңгі күні осы банктердің бәрі халыққа бүгінгі белгілеп отырған депозиттік сыйақы мөлшерлемесін бере алмай қалуы мүмкін.

    Ілияс Исаев, қаржыгер-сарапшы: Оны ойлап  отырған банк жоқ. Себебі қайткен  күнде де халықтың депозиттік салымын  тарту керек. Себебі банк активтері  құнсыздануда, соның нәтижесінде  табыс та азайды. Проблемалық несие  портфелі бүгінде 30 пайызға жетіп  қалды. Марченконың шырылдайтындай жөні де бар. Халыққа ертең депозит  бойынша табысын қалай береді? Уәде орындалмайтын болса, халықтың сенімінен айырылады. Ал бұл бүкіл  қазақстандық банк секторына аса  қауіпті. Марченко содан сақтандырып  отыр. «Үлкен ставкамен халықтың қаржысын тартып, портфелімізді молайтып алсақ, қалғанын көре жатармыз» деуге болмайтынын  дағдарыс көрсетіп берді. Жалпы, қай  нәрсеге де ставканы банк акционерлерінің  директорлар кеңесі белгілейді. Кеңес  рыноктағы жағдайды есепке ала отырып, жылына бір рет талдау жасап, ставкаларды  белгілейтін. Қазіргі кезде ондай  талдауды ай сайын жасауы тиіс. Соған  орай, пайыздық ставкаларды да қайта  белгілеп отырған абзал. Өкінішке қарай, банк акционерлері уақытша қарпып қалу әдетіне қайта көше бастаған сыңайлы. Әлемдік қаржы дағдарысын тудыруға басты себеп болған да қаржы алпауыттарының ашкөздігі мен тойымсыздығы екені  бүгінде дәлелденуде.

    Экономикамен  бірге дамудың орнына ауадан ақша жасап, табыс табуды оңай көреді. Мысалы, Үкімет банктерге мемлекеттік депозит  ретінде ақша бөліп отыр. Былайша  айтқанда, бұл - мемлекеттік несие. Активтер сапасы төмендеуде. Соған қарамастан, коммерциялық банктер операциялық  шығындарын төмендеткен жоқ. Бұрынғы  қалпында сақтауда. Банктердің алып ғимараттары, жетекші мамандары мен топ  менеджерлерінің алатын жалақысы мен  бонустары, әкімшілік шығын қалыпты  жағдайдағыдай, мұрты бұзылған жоқ. Ал несиенің пайыздық ставкалары қайта  өспесе төмендемейді. Сөйтіп, шығыстарды сол арқылы қысқарта отырып, ставкаларды  төмендетпеске?! Шығыстары көбейген сайын халықтың депозиттік салымдарын кез келген айламен көбірек тартып, оларды қашпаған сиырдың уызымен  қарық етпекші.

    Сонымен бірге халықтың банк секторына деген  сенім деңгейіне тікелей әсер еткен тағы бір маңызды факторды атап өту қажет, ол - жеке тұлғалардың  депозиттері бойынша кепілдік берілген соманың 700 мың теңгеден 5 миллион  теңгеге дейін ұлғаюы. Бұл норма  заңнамалық тұрғыдан 2008 жылғы қазанда  бекітілді және 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын болады. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк осы норманың қолданылуы кезеңінде мәжбүрлі таратылған жағдайда ҚДКҚ депозиторларға - жеке тұлғаларға кепілдік берілетін депозиттер бойынша есептелген сыйақысыз депозит бойынша қалдық сомасында бес миллион теңге мөлшерінде өтемақы төлеуге міндетті.

    Банк секторындағы «денсаулық» пен сенім индикаторларының бірі депозиттік базаның жай-күйі болып табылады. Банктердің депозиттері белгілі бір дәрежеде банктердің жай-күйі индикаторларының бірі болып табылады және тұтастай алғанда, банк жүйесіне сенімнің деңгейін ғана емес, сонымен қатар халықтың елдегі экономикалық ахуалға жауап қатуын да көрсетеді. Біз мұны соңғы жылдары байқап отырмыздепозит нарығындағы жағдайларды талдау отырып қанщалықты экономика үшін тиімді екенін көруге болады.

    Қорытынды

 

    Дипломдық жұмыстың тақырыбын теориялық және тәжірибелік зерттеу барысында  төмендегідей қорытынды жасалды.

    Нарықтық қатынастар аясындағы заңды немесе жеке тұлғалардың уақытша бос және өзге де қаражаттарын депозит (салымдар) ретінде банкке тартуды депозиттік операциялар деп атайды. Банктер үшін депозиттік операциялар олардың пассивтік операцияларының нәтижесінде жұмылдырылған депозиттер (ақша қаражаттары) активті банктік операциялар жүргізудің негізгі ресурсы болып саналады.

      Депозиттік шоттар әртүрлі болуы мүмкін және оның жіктелуі негізінде салым көздері, тарту көздері, олардың мақсаты, кіріс дәрежесі және тағы да басқа критерийлері бар.

    Дипломдық жұмыста жүргізілген зерттеулердің  көрсеткіштері бойынша жалпы  мемлекетте және аймақтарда депозиттік нарықта салымдарға азаматтардың бос  құралдарын уақытша тарту жағдайы  орныққан деп айтуға болады.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында депозиттік нарық әлі даму үстінде деп айтса болады.

    «Цеснабанк» АҚ-ның қызметіне келетін болсақ, онда бұл жерде позитивтік және негативтік тенденцияларды байқауға болады. Оң жағдайларға  жыл сайын клиенттік базасының  кеңейтілуі, активтердің, жеке капиталының  және тартылған құралдарының өсімі  байқалып жатыр. Бірақ та тартылған  құралдардың ішінен басты назарды  халықтан тартылған салымдарға аудару керек, өйткені бүгінгі күні олардың  салымдары перспективті пассивтер  және банк өсімінің басымды бағыты болып табылады.

    Қазіргі кезде банктердің алдында тұрған көптеген проблемаларының ішіндегі ең өзектісі клиенттердің ақша қаражаттарын тарту механизмін жетілдіру проблемасы болып табылады. Олар бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін жоғарлату  есебінен депозиттік салымдардың тартымдылығын  көтеруге болады. Сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін тұрақтандыру, олардың  сенімділігін, өтімділігін және төлем  қабілеттілігін жоғарлату арқылы клиенттердің сенімін жаулап алу керек.

    Депозиттік  операцияларының сапасы банк басшыларының компетенциясына және нақты депозиттік ұсыныстарды реттейтін және депозиттік келісімдердің шарттарын анықтайтын мамандандырылған персоналдың деңгейіне  байланысты.

    Дипломдық жұмыста «Коммерциялық банктің  депозиттік операциялары» тақырыбының  маңыздылығы ашылып көрсетіліп, қойылған тапсырмалар жан-жақты зерттелді.

    Депозиттік нарықтың соңғы жылдары бір табан алға басып дамығанын көреміз. Бұл дегеніміз ең алдымен еліміздің салауатты саясатынан ел экономикасының жақсарғаны, яғни халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және банктің тұрақтылығы, оған деген халықтың сенімінің ұлғаюы.

    Елімізде  қалыптасқан банктердің депозиттік операциялары қазіргі таңда даму үстінде өзімізге белгілі депозит  банктердің негізгі ресурс көзі болып  табылады. Бұл ресурстардың көбеюі,  қосымша несиелік ресурстардың көбеюін  қалыптастырады.

    Қорыта келгенде, коммерциялық банктің депозиттік операцияларын жетілдіру бойынша келесідей ұсыныстар беруге болады:

  • Банктің басты кемшіліктерінің бірі депозиттік қызметті шектеп отырған депозиттің алғашқы минималдық шегінің жоғары болуы. Орташа қазіргі таңда депозитке салымның минималдық көлемі АҚШ 100 доллары немесе 15000 тенге көлемін құрайды. Бұл көлемді азайтса клиенттер саны көбейген болар еді;
  • Клиенттерді ынталандыру мақсатында лоторея, акциялар, құнды сыйлықтар және т.б. мәдени  іс-шараларды  өткізуді ұсынамын;
  • Депозит мерзімін қысқартып, пайыз ставкасын көтеру;
  • Депозитке салынған ақша қаражаттарды, бағалы қағаздарды, асыл тастарды сақтайтын сейфтерді және басқа да қорғаныс жүйелерін соңғы үлгідегі жүйемен қамтамасыз ету;
  • Депозитт ассортиментін кеңейту.

    Дипломдық жұмыста қарастырылған шаралар  мен ұсыныстар кешені депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюіне, яғни коммерциялық банктердің активтерге мұқтаждығын азайтады. Нәтижесінде банктердің несиелік базасы артады, табыстылығы жоғарылайды. Бұл өз кезегінде нақты сектордың дамуына жағдай жасайды.

    Қазақстан Республикасында коммерциялық банктері дамыған сайын, біздің экономикамыз алға өрлейді деп ойлаймын.

 

    

Қолданылғанылған  әдебиеттер тізімі

 
  1. Нуришева  Г.Т.

    «Депозиттік операциялардың экономикалық мәні мен  жіктелімі»

    Аль-Пари журналы, 2009 жыл,  №1-2, 118-121 беттер.

  1. Рахымбаева Л.А.

    «Депозиттік операциялардың қазіргі жағдайы  мен даму перспективасы», ҚазҰУ хабаршысы, Экономика сериясы, №6(52), 2009 жыл, 114-116 беттер.

  1. Ғ.С. Сейітқасымов

    Банк  ісі: оқулық. Астана – ҚазЭҚХСУ, 2009 жыл, 586 бет

  1. Мақыш С.Б., Ілияс  А.Ә.

    Банк  ісі: Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті 2007 жыл, 471 бет

  1. «Екінші деңгейлі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулық» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен кадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі №358 Қаулысы.
  2. Д. Бохаев

    «Депозиттік операциялардың түсінігі мен түрлері»

    Экономика негіздері: мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту

    2011 жыл, №5-6(24), 5-9 беттер.

  1. Мақыш С.Б.

    Банк  ісі: оқулық. Алматы, 2009 жыл, 552 бет

  1. Бохаев Дәуренбек Тастаевич

    «Коммерциялық банктердің несие ресуртарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары»  автореферат. Алматы, 2009 жыл, 21 бет 

  1. Міржақыпова С.

    Банктегі  бухгалтерлік есеп: оқулық – Алматы, экономика. 2006 жыл, -724 бет 

  1. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Оқу құралы Алматы, Экономика 2008ж.327б
  2. Ешбергенов Ә.

      «Қазақстанның депозит нарығы  және ондағы салымдарды сақтантыру  мәселелері»

    Экономика негіздері журналы, 2010 жыл,  №2, 11-13 бет

  1. Қазақстан Республикасының Азаматық Кодексі
  2. ҚР банк және банктердің қызметтері туралы Заңы
  3. Нуришева Г.Т.

    «Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының қалыптасу ерекшеліктері», Аль-Пари журналы, №1-2, 2009 жыл, 144-146 беттер.

  1. Супугалиева Г.И.

    «Шетел  тәжрибесіндегі коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының ерекшеліктері», ҚазҰУ жаршысы, экономика сериясы, №1(71), 2009 жыл, 60-63 беттер.

  1. Хамитов Н.Н.

    Банк  ісі, оқулық. Алматы, экономика, 2006 жыл, 216 бет

  1. Л.Рахимбаева, «Қазақстанда депозиттік көктем басталды» (комерциялық банктер мәліметі бойынша), №3, 2009 жыл, 22-23 беттер
  2. Арыстанов А. Конкуренция между банками на депозитном рынке.
  3. Арынов Е.М. Қазақстан және әлемдік тәжірибе.
  4. Раушан Акбаева

    «Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялардың қалыптасуы»,

    Банк  қызметі: журналы, №1(13), 2009 жыл, 30-31 беттер

  1. «Цеснабанк»АҚ-ның 2009 жылғы жылдық есебі
  2. Стратегия развития депозитной политики АО «Цеснабанка»,

    Алматы.- 154 б.

  1. Серебряная нить / Корпоративная газета АО «Цеснабанк» 14, 2008г.
  2. Теория и практические основы страхования депозитов: мировой и казахстанский опыт // Банки Казахстана 2007 г.
  3. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие: Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004. “ҚР-ғы Ұлттық банк туралы” ҚР заңы 30.03.1995.247б
  4. О деятельности  АО Казахстанский Фонд Гарантирования депозитов // Банки Казахстана 2009, №8
  5. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердiң операциялары: Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004“ҚР-ғы банктер және банктiк қызмет туралы” ҚР заңы / 31.08.1995.266б
  6. ҚР депозиттеріне міндетті кепілдік беру туралы Заңы
  7. Құбығұлова Ш.Б.

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары