Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:20, дипломная работа

Описание

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында депозит нарығыныңқазіргі жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның меншікті капиталы мен қаржылық жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның депозит портфелі мен депозит операцияларына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктерінің депозит тарту және депозиттік операцияларын дамыту жолдары қарастырылды.

Работа состоит из  1 файл

Кенжегуль Комм.банкт.депоз операц.docx

— 354.99 Кб (Скачать документ)
 

    Банктің  қаржылық  ресурстарының  құрамында  сырттан тартылған  қаражаттардың  үлесі  басым,  олардың  үлесі 2008  жылы  - 92,5%,  2009 жылы –91,2%,  2010  жылы - 91%.  Сырттан  тартылған қаржы  ресурстарының   жылдан  жылға   азаю  тенденциясы байқалады.   Сырттан  тартылған  қаржы  көздерінің  басым  бөлігін  депозиттер  құрайды. 

    Банктің  несиелік  ресурстарының  басты  көзі  болып  депозиттік база саналады.   2008-2010 жылдары  банктің  депозиттік  базасы  136,9  млрд  теңгеден  231,5  млр  теңгеге  дейін  ұлғайған. Оның жалпы көлемі  2008  жылы  136,6  млрд теңгені құраса,  2009  жылы  оның көлемі  2008  жылмен  салыстырғанда  1,1  есеге  артып  154,8  млрд теңгені,  ал  2010  жылы 2009  жылмен салыстырғанда  1,5  есеге  артып  231,5  млрд  теңгені  құраған.  Ал  жалпы  алғанда  2008-2009  жылдары  депозиттік  базаның көлемі  169,1  %-ке  артқан 
 

     Меншікті  капиталдың  құрылымы мынадай: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Сурет – 7 - Банктің меншікті  капиталының  құрылымы мен динамикасы 

    7 – сурет деректері бойынша келесідей талдау жасауға болады, банктің несиелік  ресурстарының көзі  меншікті  капитал  болып  табылады.  Оның  көлемі  2008-09 жылдары  қарқынды түрде ұлғайып  отырған.  Оның   ұлғаюына  банктің  таза  пайдасының жылдан  жылға өсуі  ықпал  еткен.  Банктің  меншікті  капиталының  көлемі  2008  жылы  14187  млн теңгені  құраған  болса,  2009  жылы  1,49  есеге  артып  21238  млн  теңгені құраған.  2010  жылы  2008 жылмен алыстырғанда  2,47  есеге,  2009  жылмен  салыстырғанда     1,65   есеге,  артып   35036  млн теңгені құраған.  Меншікті  капиталдың өсуі  бөлінбеген пайда көлемі мен өзге резервтердің ұлғайуы есебінен қол жеткізілді

    Депозиттерді  көптеп тарту мақсатында да бiраз жұмыстар жүргiзiлген. Ол үшiн теңгемен және шетелдiк валюталармен де қабылдауға болатын, мерзiмi мен шарттарына сәйкес сан түрлi болатын депозиттiң көптеген түрлерiн қызметтерiне енгiзiлген.  Банктік депозитттер нарығында оң үрдiстерге қол жеткiзу, банкке депозиттiк базаны ұлғайтып өзiнiң қаржы жағдайын жақсартуға мүмкiндiк берген. Сонымен қатар, мемлекеттік арасындағы ақшалай аударымдарды банк филиалдары мен еншілес банктер деңгейінде жүзеге асыра алады. Ірі банктердің бірігуі олардың пассивтерін үкіметтің көзделмеген жағдайларынан тәуелсіз етеді, сондықтан, банктерге қызмет ету үшін кепіл қажетті минималды көлемге дейін керек. Сонымен қатар, инфляцияның жоғары темптері ақшаның құның сақтауға, ал банктер ақшалай салымдарды жүзеге асыруға тырысты. Сондықтан, олар өздеріне жоғары тәуекелді ала отырып, несиелік операцияларды жүзеге асырды.

    Түйіндей  кететін болсақ, «Цеснабанк» АҚ 1992 жылы құрылған және бас кеңсесі Астанада орналасқан Қазақстандағы бірден-бір коммерциялық банк болып табылады. Қазақстан аумағында банктің 18 филиалы және қызмет көрсетуші 59 бекеті бар. 

    2.3. «Цеснабанк» АҚ-ның депозиттік портфелін мен депозиттік операцияларын талдау 

    Банктік депозиттер халық үшін барынша тиімді және сенімді қаржы құралдарының бірі болып табылады. Цеснабанктің депозиттік бағдарламасы түрлі дәрежедегі салымшылары үшін әртүрлі шарттарымен  жинақтау үлгілері бар депозиттерді қарастырады. 

    Банк  депозиттері Клиент үшін пайыздық мөлшердің  салым мезгіліне сай келуі, қосымша  салым салу мүмкіндігі мен салымнан ақшаның бір бөлігін алуға  болатыны, салым бойынша сыйақының  ай сайын және салым кезеңі соңында  есептелуі, сонымен қатар, салымды  мезгілінен бұрын қайтарып алу мүмкіндігімен  тартымды.

    «Цеснабанк» АҚ депозиттері клиенттің ақшаларын  тиімді басқару мәселесін шешуде жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүкіл отбасына арналған бірегей депозит бағдарламасы клиенттің капиталын сақтап, оны еселеуге мүмкіндік береді.

    «Цеснабанк» АҚ депозиттерінің артықшылықтары:

  • сіз өзіңізге ыңғайлы валютада (теңге, АҚШ доллары, евро) депозит аша аласыз;
  • алғашқы жылда қызмет көрсетуі тегін VISA төлем карточкасын алу мүмкіндігі;
  • депозиттің әр түрі бойынша жыл сайын арнайы ұтыс ойындары ойнатылады, сондай-ақ Банк барлық депозит бойынша акциялар және ұтыс ойындарын жиі жүргізеді;
  • сізге лайықты формада, сондай-ақ карт-шотқа аудару арқылы сыйақыны алу мүмкіндігі қамтылған;
  • аударылған сыйақыны капиталдандыру мүмкіндігі;
  • сіз шотты қолма-қол ақшамен де қолма-қол ақшасыз да, сондай-ақ карт-шоттан немесе дербес шоттан ұзақ тапсырыс бойынша да толықтыра аласыз;
  • шот бойынша көшірмені Сізге ыңғайлы формада  Сіз келіскен мерзімде алу мүмкіндігі;
  • депозиттердің кейбір түрлері бойынша бір валютадан екінші валютаға конвертация жүргізу, сыйақыны жоғалтпай–ақ депозиттен ішінара ақша алу және аударылған сыйақыны сақтау мүмкіндігімен депозитті алдын ала бұзу мүмкіндігі қарастырылған;
  • тұтынушылық несиені жеңілдіктер шартымен алу мүмкіндігі;
  • VISA төлем карточкасы бойынша депозит сомасынан 90 %-ға дейін (250 000 теңгеден артық емес) несие лимитін алу мүмкіндігі.

    «Цеснабанк» АҚ-да ақшаны сақтау пайдалы және ыңғайлы, себебі:

  • банк «жеке тұлғалар депозиттерін (сақтандыру) кепілдендіруші Қазақстандық қор» АҚ қатысушысы болып келеді;
  • банкке салынған ақшалар сенімді сақталады және кіріс кіргізеді;
  • бөлшек сауда депозиттері нарығында «Цеснабанк» АҚ сыйақы мөлшерлемесі ең тиімді болып келеді;
  • банк әрдайым сыйлықтар ұтысын және түрлі акцияларды өткізіп отырады;
  • депозитке салынған ақша «Цеснабанк» АҚ-дан қарыз алғанда кепілдікті қамтамасыз етеді.

    Жалпы Цеснабанкке депозитке салымдарды үш валютада жүзеге асыруға болады, яғни теңгеде, долларда және еврода. Бұл  валюталық түрлілік банктің ұсынатын депозит түрлерінің көбінде кездеседі.

      «Цеснабанк» жеке тұлғалардың  салымдарын сақтандыру жүйесінің   мүшесі-қатысушы банктер клиенттерден  қабылдаған депозиттердің сақтығын, оларға тиесілі мүліктің кепілдігін  қамтамасыз ете алады.

    «Цеснабанк» АҚ өз клиенттеріне әртүрлі депозит  түрін ұсынады. Олар заңды және жеке тұлғалардың салымдарын қосады.

    Қазіргі уақытта Банк жеке және заңды тұлғаларға келесі депозиттер түрлері бойынша  салымдар қабылдайды.

      
 

    

    Сурет - 13 -«Цеснабанктің» ұсынатын депозиттерінің түрлері

    Банк  жеке тұлғаларға 5 депозит түрін  ұсынады. Оларға қысқаша тоқталып өтсек:

    Депозит «Цесна» - салым мерзімі 1-37 айға дейін, ал салымның ең төменгі сомасы 15 000 теңге, 100 АҚШ доллары, 100 евро. Артықшылықтары:

  • жинақталған сомадан ішінара ақша алуға мүмкіндік болатын жинақтық депозит;
  • банктік салым шартының қолданылу мерзімі аяқталуына орай сыйақы төлеу;
  • шарттың барлық қолданылу мерзімінің ішінде сыйақы мөлшерлемесі өзгермейді;
  • қолданыстағыдан төмен мөлшерлеме бойынша кредит алу.

      Сыйақы мөлшері келесі кестеде көсетілген (кесте – 14) 

    Кесте – 14 – «Цесна» депозиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі

 
Депозит Ең  аз сомасы Мерзімі % (жылдық) % (тиімді) *
KZT/USD/EUR ай KZT USD EUR KZT USD EUR
"Цесна" 15 000 /100 /100 1-2 5 3 3 5 3 3
3-6 8 5 5 8,4 5,2 5,2
7-9 9,5 6 6 9,7 6,1 6,1
10-12 10 7 7 10,1 7 7
13-36 11 7,5 7,5 10,9 7,5 7,5
37 11,5 8 8 10,3 7,4 7,4
 

     Депозит «Тәуелсіздік» - салым мерзімі 15-37 айға дейін, ал салымның ең

төменгі мөлшері 150 000 теңге, 1000 АҚШ доллары, 1000 евро.

Жеңілдік  шарттарымен тұтынушылық кредитті алу мүмкіндігі. Артықшылықтары:

  • «Жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) Қазақстандық қоры» АҚ-тың кепілдігі.
  • Шарттың қолданылу мерзімінің ішінде пайыздық мөлшерлеме өзгермейді.
  • Есептелген сыйақыны сақтай отырып, валютаның бір түрінен екіншісіне еркін айырбастау.
  • Есептелген сыйақыны сақтауға болатындай етіп, мерзімінен бұрын бұзуға болатын тиімді шарттар.
  • Құпиялылықты сақтау – клиенттің қалауы бойынша нөмірлі салымдар ашылуы мүмкін.
  • Сыйлыққа VISA төлем карточкасы.
  • Сыйлыққа сейф ұяшығы - салым сомасы 1.500.000 теңге / 10.000 АҚШ доллар /ЕВРО болған жағдайда 1 айдан аспайтын мерзімде жалға алу тегін.
  • Депозиттің сақталу мерзімі аяқталғандағы қосымша ақшалай сыйлық: салымның ең төменгі сомасынан + 3%.

    Сыйақы  ай сайын төленеді. Есептелген сыйақы талап етілмеген жағдайда, салымның негізгі сомасына қосылады. Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесін толығымен келесі кестеден көруге болады (кесте -15).

Кесте – 15 – «Тәуелсіздік» депозиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Депозит Ең  аз сомасы Мерзімі % (жылдық) % (тиімді) *
KZT/USD/EUR ай KZT USD EUR KZT USD EUR
"Тәуелсіздік" 150 000/1000/1000 15 10,5 7,5 7,5 11,8 8,1 8,1
37 11,3 8 8 14,1 9,4 9,4

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары