Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:20, дипломная работа

Описание

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында депозит нарығыныңқазіргі жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның меншікті капиталы мен қаржылық жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның депозит портфелі мен депозит операцияларына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктерінің депозит тарту және депозиттік операцияларын дамыту жолдары қарастырылды.

Работа состоит из  1 файл

Кенжегуль Комм.банкт.депоз операц.docx

— 354.99 Кб (Скачать документ)
 

    Депозит «Целина» - депозитті сақтау мерзімі 1 айдан 36 айға дейін, сыйақыны жоғалтпай  салымның төмендетілмейтін ең аз сомасы шегінде алу шектелмеген.  Депозитті  кепілзат ретінде кредит алуға болады.

    Артықшылықтары:

  • есептелген сыйақыны сақтауға болатындай етіп, мерзімінен бұрын бұзуға болатын тиімді шарттар;
  • үшінші тұлғаның да балаға депозит ашу мүмкіндігі.

Кесте – 16 – «Целина» депозиті бойынша  депозит шартын мерзімінен бұрын  бұзған жағдайда төленетін сыйақы мөлшерлемелері

Депозит мерзімі Бұзу  шарттары
1 ай Төленбейді 
3 ай 1 айға  дейін – сыйақы төленбейді, 1 айдан  астам – банк салымы шартының  мөлшерлемесі бойынша нақты сақталған  уақыты үшін;
6 ай 3 айға  дейін – сыйақы төленбейді, 3 айдан  астам – банк салымы шартының  мөлшерлемесі бойынша нақты сақталған  уақыты үшін;
13 ай/18 ай 6 айға  дейін – сыйақы төленбейді, 6 айдан  астам – банк салымы шартының  мөлшерлемесі бойынша нақты сақталған  уақыты үшін;
36 ай 12 айға  дейін – сыйақы төленбейді, 12 айдан астам – банк салымы  шартының мөлшерлемесі бойынша  нақты сақталған уақыты үшін;

    Есептелген  сыйақыны ай сайын алу мүмкіндігі, сыйақы талап етілмеген жағдайда, салымның негізгі сомасына қосылады.Егер депозит мерзімі уақытпен көрсетілсе,сыйақының тиімді жылдық мөлшерлемесі депозиттің бірінші көрсетілген мерзімімен келтіріледі. Ай сайынғы пайыз төлемі қарастырылған депозиттер бойынша сыйақының тиімді жылдық мөлшерлемесі пайыздарды ай сайын капиталдану шартымен есептелінеді. «Целина» депозиті бойынша сыйақы мөлшері келесі кестеде (кесте – 17).

    Кесте - 17 - «Целина» депозиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі:

Депозит Ең  аз сомасы Мерзімі % (жылдық) % (тиімді) *
KZT/USD/EUR ай KZT USD EUR KZT USD EUR
"Целина" 10 000/ 50/ 50 1 5 3 3 5 3 3
3 7 5 5 7,4 5,2 5,2
6 9 6 6 9,6 6,3 6,3
13 10 6,7 6,7 11 7,1 7,1
18 10,5 7,2 7,2 11,9 7,9 7,9
36 11 7,6 7,6 13,6 8,8 8,8
 

    Депозит «Патриот» -  салым мерзімі 7 ай, 13 ай, 18 ай, 37 ай, ал салымның ең сомасы 75 000 теңге, 500 АҚШ доллары, 500 евро. Сонымен қатар депозитті кепілзат ретінде кредит алу қарастырылған. Қосымша жарнаның мөлшері мен саны шектелмеген. Сыйақыны жоғалтпай салымның төмендетілмейтін ең аз сомасы шегінде алу шектелмеген. Артықшылықтары:

  • мерзімінен бұрын бұзған жағдайда есептелген сыйақыны сақтауға болатындай етіп, салымды мерзімінен бұрын бұзуға болатын тиімді шарттар.

    Есептелген  сыйақыны ай сайын алу мүмкіндігі, талап етілмеген жағдайда, сыйақы салымның негізгі сомасына қосылады. егер депозит мерзімі уақытпен көрсетілсе,сыйақының тиімді жылдық мөлшерлемесі депозиттің бірінші көрсетілген мерзімімен келтіріледі.Сыйақы мөлшері келесі кестеде берілген (кесте – 17).

     
        Кесте – 18 – «Патриот» депозиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі  
Депозит Ең  аз сомасы Мерзімі % (жылдық) % (тиімді) *
KZT/USD/EUR ай KZT USD EUR KZT USD EUR
"Патриот" 75 000/500/500 7 9 6,5 6.5 9,6 6,8 6,8
13 10,2 7 7 11,3 7,5 7,5
18 10,7 7,5 7,5 12,2 8,2 8,2
37 11,1 7,8 7,8 13,8 9,1 9,1
 
 
 

    «Цесна  – Құрмет» депозиті – салым  мерзімі Ақша салуға тиімді – 3 ай және одан ұзақ, депозиттің ең төменгі соммасы  7 500 теңге, 50 АҚШ доллары, 50 евро. Ішінара алу қарастырылмаған. Қосымша жарнаның мөлшері мен саны шектелмеген. Мерзімін бұзу автоматты түрде сол мерзімге. Артықшылықтары:

  • Жинақ ақшаңыздың қорлану мүмкіндігі;
  • банктік салым шартының барлық қолданылу мерзімінде сыйақы мөлшерлемесі өзгермейді;
  • Ай сайын есептелген сыйақыны депозит сомасына және салымның негізгі сомасына қосу мүмкіндігі. «Цесна-Студент» және «Цесна-Құрмет» депозиттері бойынша сыйақыны клиенттердің қалауы бойынша төлем карточкасына енгізуге болады;
  • әр депозит бойынша арнайы жүлде қарастырылған:
  • 40 жастан асқан азаматтар үшін - «Цесна –Құрмет» депозиті.
  • Егер 300 000 теңгеден, 2000 АҚШ доллары немесе 2000 евродан кем емес салым банкте 2 жылдан астам уақыт сақталса, онда салымшы әр екі жылға «БЕРІЛГЕНДІК ҮШІН ТӨЛЕНЕТІН ҮСТЕМЕНІ» соңғы екі жылдағы орташа айлық сыйақының сомасы 50 % көлемінде алады.
  • Егер 375 000 теңге, 2500 АҚШ доллары немесе 2500 евродан кем емес сомадағы салым банкте сақталса:
  • 3 жыл өткен соң салымшы сыйлыққа тұрмыстық техника алады;
  • 5 жыл өткен соң салымшы сыйлыққа теледидар алады.
  • Салым бойынша Қарттар күніне (1 қазан) және Жеңіс күніне -9 мамырға жүлделердің ұтыс ойынын өткізу қарастырылған.

    Сыйақы  қарттар күніне ( 1 қазан) ай сайын  төленеді. Есептелген сыйақы талап  етілмегенде, салымның негізгі сомасына қосылады. Сыйақы мөлшері келесідей (кесте – 19).

 

    Кесте – 19 – «Цесна-Құрмет» депозиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі

 
Депозит Ең  аз сомасы Мерзімі % (жылдық) % (тиімді) *
KZT/USD/EUR ай KZT USD EUR KZT USD EUR
"Цесна-Құрмет" 
(40 жастан асқан салымшыларға)
7 500 / 50 / 50 3-6 7,5 4 4 7,9 4,1 4,1
7-9 9 5 5 9,6 5,2 5,2
10-12 9,5 6 6 10,3 6,3 6,3
13-36 10 7 7 11 7,5 7,5
 
 
 

    Банктің заңды тұлғаларға ұсынатын депозиттері  шарты және мерзімді салымдар нысанында жүзеге асады, соларға қысқаша сипаттама беріп өтсек.

    «Цесна  – Салық» шартты салымы – қос  салық салуды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасында қызмет атқарып жүрген резидент еместің  кірісінен ұстап қалатын салымға (ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес) салық сомасы енгізіледі  Салым  сомасы, мерзімі шектелмеген, салым  валютасы теңге, АҚШ валютасы. Мерзімі  біткенде сыйақы төлеу.  Салым шотын  толықтыру қарастырылмаған. Салық  органдарынан салым сомасын алуға  және ол бойынша сыйақы алуға рұқсатты алғаннан кейін ақшаны алу. Сыйақы мөлшерлемесі:

  • теңге – жылдық 1,5% (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 1,5% дейін);
  • АҚШ доллары – жылдық 1% (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 1% дейін).

    «Цесна-Гранд» шартты салымы - осы салым шетел  азаматын тұрғылықты жеріне қайтаруды (ҚР заңнамасына сәйкес) қамтамасыз ету болып келеді. Клиенттерге  шетел азаматтарын тартуға рұқсат берілген туралы орталық атқарушы органның бұйрығына сәйкес салым салынады. Салым сомасы, мерзімі шектелмеген, салым валютасы теңге, АҚШ валютасы. Мерзімі біткенде сыйақы төлеу.  Салым шотын толықтыру шектеусііз қарастырылған. Ақшаны алу ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жазбаша рұқсат хаты негізінде жүзеге асырылады. Сыйақы мөлшерлемесі:

  • теңге – жылдық 2,5% (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 2,5% дейін);
  • АҚШ доллары – жылдық 1,5 % (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 1,5 % дейін).

    «Цесна–Жаңа клиент» шартты салымы - салым Жарғы капиталын қалыптастыру үшін қайтадан құрылған заңды тұлға құрылтайшысының жарнасы болып табылады. Салым сомасы, мерзімі шектелмеген, салым валютасы теңге, АҚШ валютасы. Салым шотын толықтыру шектеусіз қарастырылған. Ақшаны ішінара алу. Сыйақы мөлшерлемесі -0%.  Сыйақы төлеу жүргізілмейді.

    «Цесна-Престиж» мерзімді салымы – салым мерзімі 3, 6, 9, 12, 15,18, 24, 36 ай, салым валютасы –  теңге, АҚШ доллары, евро.Салым бойынша  төмендетілмейтін қалдық сомасы салымның ең аз сомасы болып табылады. Салым сомасымен бір уақытта мерзім соңында сыйақы төлеу. Қосымша жарна рұқсат етілген. Салым бойынша ішінара ақша алу төмендетілмейтін қалдық сома шегінде қарастырылған.Бұзу шарттары:

  • Бір айға дейін сақтау шарты бұзылғанда - сыйақы төлеу жүргізілмейді;
  • Бір айдан үш айға дейін сақтау шарты бұзылғанда - 1% (жылдық) мөлшерлемесі бойынша сыйақы төленеді;
  • Салымды үш ай және одан ұзақ сақтау шарты бұзылғанда – сыйақы төлеу бұрынғы мерзімде бекітілген мөлшерлеме бойынша жүргізіледі;

    Шарттың мерзімін ұзарту, % мөлшерлемесін қоспағанда, ұзарту сәтінде қолданыстағы белгіленген  шартпен жүргізіледі.

    Сыйақы  мөлшерлемесі 18 ай мерзімге тіркелген  болып табылады (кесте – 20).

 
 
 

    Кесте - 20 -  заңды тұлғалардың жыл бойындағы %-дық салымы бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

Салым сомасы Салымның  ең аз сомасы (мың) Сыйақы  мөлшерлемесі, %-бен  ай
3 6 9 12 15 18 24 36
Валютасы: теңгемен
15 млн.-ға дейін 5 000 жылдық 6,1 8 8,7 9,4 9,6 9,8 10 10,2
тиімді 6,3 8,2 8,8 9,4 9,5 9,6 9,5 9,3
15 млн.-нан 75 млн.-ға дейін 15 000 жылдық 6,6 8,5 9,2 9,9 10,1 10,3 10,5 10,7
тиімді 6,9 8,8 9,3 9,9 10 10,1 10 9,7
75 млн. және жоғары  75 000 жылдық 7,1 9 9,7 10,4 10,6 10,8 11 11,2
тиімді 7,4 9,3 9,8 10,4 10,5 10,6 10,5 10,1
Валютасы: АҚШ долларымен
100 мыңға дейін 30 жылдық 4,6 6,7 8 9,1 9,3 9,5 9,7 9,9
тиімді 4,7 6,9 8,1 9,1 9,2 9,3 9,3 9,1
100 мыңнан 500 мыңға дейін 100 жылдық 5,1 7,2 8,5 9,6 9,8 10 10,2 10,4
тиімді 5,3 7,4 8,6 9,6 9,7 9,8 9,7 9,5
500 мыңнан жоғары 500 жылдық 5,6 7,7 9 10,1 10,3 10,5 10,7 10,9
тиімді 5,8 7,9 9,1 10,1 10,2 10,3 10,2 9,9
Валютасы: Евромен
100 мыңға дейін 30 жылдық 3,5 5,7 7 8,1 8,2 8,3 8,5 8,6
тиімді 3,6 5,8 7,1 8,1 8,1 8,2 8,2 8
100 мыңнан 500 мыңға дейін 100 жылдық 3,7 5,9 7,2 8,3 8,4 8,4 8,6 8,7
тиімді 3,8 6 7,3 8,3 8,3 8,3 8,3 8
500 мыңнан жоғары 500 жылдық 3,9 4,1 7,4 8,5 8,6 8,7 8,9 9
тиімді 4 4,2 7,5 8,5 8,5 8,5 8,5 8,3
 

    «Цесна-Партнер» мерзімді салымы - салым мерзімі 3, 6, 9, 12, 15,18, 24, 36 ай, салым валютасы – теңге, АҚШ доллары, евро. Қосымша жарна рұқсат етілген. Салым бойынша төмендетілмейтін қалдық сомасы салымның ең аз сомасы болып табылады. Салым бойынша ішінара ақша алу төмендетілмейтін қалдық сома шегінде қарастырылған. Шарттың мерзімін ұзарту, % мөлшерлемесін қоспағанда, ұзарту сәтінде қолданыстағы белгіленген шартпен жүргізіледі.Бұзу шарттары:

  • Бір айға дейін сақтау шарты бұзылғанда - сыйақы төлеу жүргізілмейді;
  • Бір айдан үш айға дейін сақтау шарты бұзылғанда - 1% (жылдық) мөлшерлемесі бойынша сыйақы төленеді;
  • Салымды үш ай және одан ұзақ сақтау шарты бұзылғанда – сыйақы төлеу бұрынғы мерзімде бекітілген мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.

    Сыйақы  мөлшерлемесі 18 ай мерзімге тіркелген  болып табылады.

    Клиенттің қалауы бойынша ай сайын сыйақы төлеу:  
    -ағымдағы шотқа;  
    -салымның негізгі сомасына.

    «Цесна-Магнат»  депозиті - салым мерзімі 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 18, 24, 36 ай, салым валютасы – теңге, АҚШ доллары. Қосымша жарна рұқсат етілмеген. Салым бойынша ішінара ақша алу – қарастырылмаған;

    Шарттың мерзімін ұзарту, % мөлшерлемесін қоспағанда, ұзарту сәтінде қолданыстағы белгіленген шартпен жүргізіледі.

    Мерзімінен  бұрын бұзу шарттары:

  • Бір айға дейін сақтау шарты бұзылғанда - сыйақы төлеу жүргізілмейді;
  • Бір ай және одан ұзақсақтау шарты бұзылғанда – «талап етуге дейін» мөлшерлемесі бойынша сыйақы төленеді.

    Сыйақы  мөлшерлемесі 18 ай мерзімге тіркелген  болып табылады. Салым сомасымен  бір уақытта мерзім соңында сыйақы төлеу.

    «Цесна-Қысқа  мерзімді» мерзімді салымы - салым  мерзімі 3 күннен 1 айға дейін, салым  валютасы – теңге, АҚШ доллары, Евро. Салымның ең аз сомасы теңгемен — 25 млн. теңгеден/ 200,0 мың АҚШ долларынан/ 200,0 мың ЕВРО-дан. Қосымша жарна -  рұқсат етілмеген. Салым бойынша ішінара ақша алу – қарастырылмаған. Шарттың мерзімін ұзарту, % мөлшерлемесін қоспағанда, ұзарту сәтінде қолданыстағы белгіленген шартпен жүргізіледі.

    Шартты  мерзімінен бұрын бұзарда клиент Банкті бір жұмыс күніне алдын  ала хабарлауға міндетті;

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары