Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:20, дипломная работа

Описание

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында депозит нарығыныңқазіргі жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның меншікті капиталы мен қаржылық жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның депозит портфелі мен депозит операцияларына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктерінің депозит тарту және депозиттік операцияларын дамыту жолдары қарастырылды.

Работа состоит из  1 файл

Кенжегуль Комм.банкт.депоз операц.docx

— 354.99 Кб (Скачать документ)

    Жалпы Қазақстанның банктік секторы дамып келе жатқан саланың бірі болып табылады және жетілдіру мен толықтыруларды қажет етеді. Осыған сәйкес ҚР Ұлттық Банкі депозиттік саланы дамытуда келесідей ұсыныстарды ұсынған болатын:

  • үздіксіз және шексіз даму үлгісі;
  • депозиттік саясаттың қызмет етуіне кедергі жасайтын факторларды ескере отырып, оны алдағы жұмыста шеткері тастау;
  • жүйенің күнделікті қызмет жасау кезіндегі олардың жеке элементтерін және механизмдерін қадағалау;
  • нақты кездегі өзгерістерге және елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының өзгерісінен болған жағымды және теріс жағдайларды тиімді ұштастыра білу.

    Әрбір елдің банктік секторына тән өзіндік ерекшелік болуы тиіс және бұл жағдай отандық банктік секторды айналып өтпеуі тиіс және мұны депозиттік өнімдерді шығаруда да ерекшелеп отырған жөн болады, яғни депозиттік операцияларды көпшілікке таныстыру арқылы (жарнама, БАҚ, ғалам тор) көрсетуге болады.

    Қазақстан Республикасының депозиттік операцияларының  одан әрi дамуына әсер етушi келесi факторларды  атап өткен жөн. Бұл факторларды  шартты түрде екi топқа бөлуге болады.

    Бiрiншi топты Қазақстан Республикасының  Ұлттық банк жүргізiп отырған ақша несиелiк саясатынан шығатын факторлар  құрайды. Оған резервтеу мөлшерін (депозиттер бойынша), қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн  және басқаларды жатқызуға болады.

    Резервтеу мөлшерi факторының ерекшелiгі депозиттерді тарту құнын банк операциялары сияқты ұлғайтады. Бүгінгі күнгі салым  және депозиттермен жұмыс iстеуде Ұлттық банк айтарлықтай нормативтiк талаптар қоюда. Резервтiк қорға депозиттер бойынша аударым мөлшерінен өсуi несиелер бойынша да мөлшерлеменің  өсуiне, сондай-ақ депозиттер бойынша  пайыздық мөлшерлеменің азаюына  әкеледi. Несиелер және депозиттер бойынша  пайыздық мөлшерлеме айырмасының көлемiне банктің тиiстi шығындары мен қажеттi табыстылығы кiрмейдi. Сондықтан қолданылып жүрген нормативтер банк белсендiлігін сақтайды, оның қызметiн депозиттер нарығында әлеуеттi инвесторлар үшін тартымды етедi. Қазақстанда резервтеу мөлшерi депозит түріне байланысты емес, сол себептi мерзiмдiк депозиттердi тарту тиiмдiлігін төмендетедi, Республикада резервтеу механизмi жетiдiрiлетiн болады, сол себептi аталған кезеңде қалыптастан банктiк жүйе тәжiрибесiн қолдану өте орынды.  
Коммерциялық банктер жүргізетiн депозиттік саясатта әсер етушi факторлардың бiрi Ұлттық банк бекiтетiн қайта қаржыландыру мөлшерлемесi болып табылады.

    Депозиттік  операциялардың дамуына әсер етушi факторлардың екiншi тобына депозиттік саясатты, ұзақ мерзiмдi жинақтау қорларын енгізудi және солармен қатар пайда  болатын салымдар индексациясы мәселесiн, банк беделiн және басқаларды жатқызуға  болады. Маңызды тежегіш факторлардың бiрi — салымдарды индексациялаудың тиiмді және шынайы механизмнің болмауында. Осы мәселе банктердің iрi жинақ жобаларын  жүзеге асыруда өте орынды. Ұзақ мерзiмдi жинақтау тәжірибелерiн енгізу бағдарламасы, инфляция жылдық есеппен 12-15 пайыз деңгейiнде болғанда ғана тиiмдi болып саналады. Қазіргі кезде банктердің депозиттік қаржыны талап ету және қысқа мерзiмдi депозиттер құрағанына қарамастан, болашақта коммерциялық банктер салымшылар қаржыларын неғұрлым ұзақтау мерзiмге қосуға болатын жинақ, сақтық және басқа да жобаларды ұсына алады.

    Банктік тәуекелділіктің туындау себебінен болған ресурстар шектеулігі белгілі бір клиенттерге деген тәуелділікке алып келеді және осы шеңбер тар болатын болса, онда банктің осы клиенттерге деген тәуелділігі өте жоғарғы деңгейде болады. Сондықтан, біздің ойымызша ресурстық базаны құруды бекітуде банкке сараланған депозиттік саясатты ұстануы тиіс, яғни ақша ресурстарын өзге де көздерден тартудың мүмкіншілігін қамтамасыз ету.

    Еліміздің банктерінің ресурстық әлеуетін кеңейту мақсатында депозиттік саясатты қарқынды жүргізу қажет. Осыған байланысты банктің жұмыс бағыты депозиттік қоржынды ұқыпты депозиттік саясат, яғни салымдардың көлемін арттыру және халыққа оңтайлы қызмет түрлерін ұсыну арқылы өсіру қажет.

    Екінші деңгейлі банктердің депозиттік саясаты тұрғындардың жас ерекшелігін және әлеуметтік жағдайын – қызметкерлер және зейнеткерлер, жастар және орта жастағы тұрғындар, табысы жоғары және төмен, сонымен қатар аз қамтамасыз етілген халықты да қамтуы тиіс.

    Банк  әрбір клиентпен ұзақ мерзімді клиенттік  қатынастар қалыптастыруы тиіс. Осы  мақсатпен банк клиенттердің сұраныстарының дамуын болжауы керек, банктік бизнестің  жаңа бағыттарын анықтау және маркетингтік зерттеу жүргізіп, банктік өнімдер  мен қызметтердің толық шараларын  ұсынуы тиіс.

    Сонымен, әрбір коммерциялық банк міндетті түрде  балаларға арналған депозит жүйесін  ұсынуы тиіс, себебі балалар қазіргі  мен болашақ арасындағы көпір  болып саналады.

    Депозиттік операцияларды жетілдіру мақсатында банктер клиенттерге салымдық өнімдерді несиелік және сақтандыру өнімдерімен біріктіріп ұсынуына болады және ірі сатып алуларға, оқуға, туризм және демалуға бағытталған салымшылардың сұраныстарын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруі керек.

    Сонымен қатар, банктің қызметінің табысы жоғары клиенттерге де бағытталуы тиіс. Мысалы, клиенттің персоналды мағлұматтары тек бір ғана адамға мәлім болатындай, VIP – клиенттермен жұмыс жасайтын менеджердің болуы, сонымен қоса депозит бойынша пайыздар ай сайын  төленеді және тіпті клиент кассаға  ақша салғанда да мәліметтер айқындалмайды. Осыған байланысты, банктің кіші және орта персоналына клиент туралы мәлімет  беймәлім және салым туралы ақпаратты  ашу қаупі жоқ.

    Депозиттік  базаны кеңейту мақсатында біздің ойымызша жинақ сертификаты деген құралға  мән берген жөн болады. Бұл тек  әлеуетті клиентке ғана емес, сонымен  қатар банкке де тиімді. Сертификаттар  жай депозиттік келісімдермен рәсімделген  мерзімді салымдар алдында біршама  артықшылыққа ие. Жинақ сертификаттарын  шығару банк үшін бірнеше тиімді жақтарды иеленеді:

    -сертификаттарды шығару кезінде, шаруашылық субьектілерді несиелендіруге бағытталатын міндетті резервтер қорына ақша қаражаты аударылмайды;

    -мүмкін болатын қаржылық делдалдардың үлкен көлемінен сертификаттардың айналымы және таратылуы кезінде әлеуетті инвесторлардың шеңберінің ұлғаю мүмкіндігі зор.

      Сонымен қатар, сертификат иесіне  де біршама тиімді жақтары  бар. Мысалы, сертификат иелері  салық салу кезінде табыс көлемінің  аз мөлшерін жоғалтады, өйткені  сертификат бойынша салық салу  бағалы қағаздар бойынша табысқа  салынатын салықпен тең. Бағалы  қағаздардың екінші ретті нарығында  сертификат иесінен өзге тұлғаға  сақтаған мерзімі бойынша біршама  табыс көлемін алумен және  банк ресурсының бұл жағдайдағы  өзгеруінсіз сертиикатын сатуына  болады, сол жағдайда мерзімді  салымын алатын салым иесіне  бұл жағдай табысының белгілі  мөлшерін жоғалтуымен және банк  үшін ресурсының белгілі көлемін  жоғалтуға алып келеді.

    Осы келтірілген жағдай шеңберінде, банктің  ресурстық базасын тұрақтандыру мақсатында банктің қаржылық жағдайына  жағымысыз әсер етуі мүмкін болатын  тұрғындардың  күтілмеген жағдайда салымдарын алуын минимизациялау шараларын  қабылдау шаралары туындайды.

    Осы жағдайды қарастырып отырған банк үшін салымшылардың күтілмеген уақытта  өз салымдарын алдын-ала алу қаупі  болмайды және банк осы қаражаттарды экономикаға қажеттілігі үлкен ұзақ және орта мерзімді несиелендіруге жұмсай алады. Ал, өз салымдарын мерзімінен бұрын ала алмау жағдайына жеңілдік ретінде екінші деңгейлі банктерге клиенттер үшін салымды алудағы шектеулі мерзімі үшін неғұрлым үлкен пайыздар беруі керек.

    Депозиттерді  тиімді басқару жағдайына сәйкес банктер үшін жеке және заңды тұлғалардың  мерзімді салымдарын сақтаудың оңтайлы  мерзімін таңдау қажет. Сонымен қоса, депозиттердің мерзімі несиелердің  айналымдылығы мерзімімен сәйкестілігіне маңызды көңіл аударған жөн.

    Клиенттердің  қызғушылығын арттыру және салымдардың  ағынынарттыру мақсатында тағы бір  шара қолдануға болады, яғни банк клиенттергесалынған  депозиттері бойынша инфляциялық  шығындарына өтемақы (компесация) ретінде  пайыздық сыйақыны алдын-ала беруге болады. Бұл жағдайда салымшы өз қаражатын белгілі бір мерзімге салған кезінде өзіне тиесілі  табысты бірден алады. Алайда, келісім-шарт мерзімінен бұрын өз күшін жойса, банк салым бойынша пайыздарды есептейді  және артығымен төленген сомасы салым  сомасынан ұстап қалынады.

    Клиенттер депозиттері бойынша қажетті  ақпараттарын жылдам әрі оңай алуы үшін банктерде телемаркетинг жүйесін  орнату тиімді болып табылады, яғни банктік салымдардың жарнамасын телефон арқылы хабарлау және бұл  қызмет тегін көрсетілетін болуы  тиіс.

    Телефон арқылы клиенттік қызмет көрсету  орталығы клинттермен жеке жұмыс  жасауы тиіс, яғни әрбір клиент үшін ақпараттарын жетік меңгергенінше  түсіндірілетіндей жағдайда болғаны  дұрыс. Телефон шалушылардың осы  банктің клиенті болуы тиіс емес. Осы телефон шалу арқылы ол басқа  банктермен депозиттіксалымдар бойынша  шарттарын салыстыруына мүмкіндігі болады. Берілетін ақпаратта банктің  көрсететін қызмет түрлері және оларға қол жетерлік мүмкіндігі болуы тиіс. Клиенттің қалау бойынша нақты  бөлімдерде жұмыс жасайтын мамандармен  тілдесуіне мүмкіндік болады. Бұл  жағдайда телемаркетинг қызметінің қызметкерлері банктің әрбір  бөлімшесімен хабарласа алатындай  жағдай болуы керек және клиент қалауы бойынша мамандармен кезедесуді де ұйымдастыра ала білуі керек. Ал, егер клиент өз жағдайларын жеткізе  алмаған жағдайда, телемаркетинг  қызметі маманы клиентке нақты сұрақтарды қояды, мысалы, қанша ақша қаражатын  иеленеді, қандай мерзімге салымын  орналастырғысы келеді және қандай пайда  аллғысы келеді. Содан кейін ғана оған неғұрлым сәйкес депозит түрін  ұсынады. Клиент өзі туралы мәліметтерді қалдыруды қаласа, біраз уақыттан кейін оның поштасына депозиттің қалаған түрі бойынша ақпараттар мен қажетті құжаттар тізімін  жібереді. Кейбір жағдайларда, телефон  шалу арқылы ақпаратты біліп, банкке келуге шамасы жоқ жандар болады. Бұл  жағдайда, банктің осы сала бойынша  маманын салым салуды жүзеге асырғысы келген кісінің үйіне жіберуге болады. Ал бұл операцияның заңды болуына  деген сенімін растау үшін нотариустен  маман шақырып жасалған келісім  шартты нотариалды заңдастыруға болады. Осылайша мүгедек немесе жағдайы келмейтін кісілерді бұл табыс табу көзінен айырмауға болады.

    Сонымен мемлекеттің құрған бәсекелестік саясаты, ең алдымен Заңнамалық базаға сәйкес келуі тиіс, соған байланысты біздің ойымызша, келесі мәселелерді жүзеге асыру қажет:

  • «Қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелестікті қорғау туралы» Заң қабылдануы тиіс, өйткені орта банктер еліміздің ірі банктерімен бәсекелесуде көптеген шығындарға ұшырайды, ірі банктердің құрған депозиттік саясатын, пайыздық сыйақыларын және де басқа операцияларын өздерінің даму бағытында негізге ала отырып өз мүмкіндіктерін есептей алмау себебінен көптеген қиындықтарға ұшырауы әбден мүмкін және сол үшін әрбір банкке Ұлттық Банк тарапынан нарық үлесінің белгілі бір деңгейіне дейін ғана иеленуді қадағалау жұмыстар жүргізілуі қажет;
  • депозиттік саясаттың негізгі көрсеткіштері болып сыйақы мөлшерлемесі екені анық және осы дағдарыс кезеңінде сыйақы мөлшерлемесін арттырмай, қиын кезеңді тәуекелсіз, бірақ тұрақты түрде өтуге болады;
  • қаржылық тұрақтылықты сақтау мақсатында депозиттік саясаттың несиелік және өзге де операциялармен өзара байланысын ұстау;
  • тәуекелдің көлемін төмендету мақсатында ресурстарды диверсификациялау;
  • депозиттік қоржын бойынша сегменттеу;
  • банткің депозиттік өнімінің бәсекеге қабілетті болуы.

    Қорыта келгенде, коммерциялық банктің депозиттік операцияларын жетілдіру бойынша келесідей ұсыныстар беруге болады:

  • Банктің басты кемшіліктерінің бірі депозиттік қызметті шектеп отырған депозиттің алғашқы минималдық шегінің жоғары болуы. Орташа қазіргі таңда депозитке салымның минималдық көлемі АҚШ 100 доллары немесе 15000 тенге көлемін құрайды. Бұл көлемді азайтса клиенттер саны көбейген болар еді;
  • Клиенттерді ынталандыру мақсатында лоторея, акциялар, құнды сыйлықтар және т.б. мәдени  іс-шараларды  өткізуді ұсынамын;
  • Депозит мерзімін қысқартып, пайыз ставкасын көтеру;
  • Депозитке салынған ақша қаражаттарды, бағалы қағаздарды, асыл тастарды сақтайтын сейфтерді және басқа да қорғаныс жүйелерін соңғы үлгідегі жүйемен қамтамасыз ету;
  • Депозитт ассортиментін кеңейту.

     Ұлттық  банктің басшысы Григорий Марченко  депозит салымшыларына жоғары сыйақы белгілейтіндерін айтты. Сондықтан да ол «Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына сәйкес, коммерциялық банктердің депозиттік сыйақы мөлшерлемелеріне қойылатын талапты заң арқылы күшейту қажет. Ал бұл талаптарды үнемі бұзған банктерді депозитті кепілдендіру жүйесінен шығарып тастау керек».

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары