Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:20, дипломная работа

Описание

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында депозит нарығыныңқазіргі жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның меншікті капиталы мен қаржылық жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның депозит портфелі мен депозит операцияларына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктерінің депозит тарту және депозиттік операцияларын дамыту жолдары қарастырылды.

Работа состоит из  1 файл

Кенжегуль Комм.банкт.депоз операц.docx

— 354.99 Кб (Скачать документ)

    «Цеснабанк» Акционерлік қоғамының әлсіз  жақтары   және мәселелері:

  • кең ауқымды филиал желісін қолдауға байланысты жоғары шығындардың болуы;
  • әлеуметтік     функцияларды     жүзеге     асыруға     байланысты     кейбір операциялар бойынша төмен табыстылық алуы.
  • Банктің қызметіне төну мүмкін қауіптері-қатерлер экономикалық күйзелістің пайда болуымен байланысты:
  • экономикалық өсу темптерінің бәсеңдеуі және мемлекетте әлеуметтік жағдайдың нашарлауы;
  • экономикалық жағдайдың нашарлауына орай мемлекет рейтингінің түсуі;
  • несие алушылардың қаржы тұрактылығының төмендеуі және әлеуметтік бағдарламаларды бюджеттік қаржыландырудың қысқартуы;
  • нарықтағы     негізгі қаржы  кұралдарының табыстылығының төмендеуі және қарыз қаражатына сұраныстың кемуі.

    Жетістіктің негізгі факторлары ретінде «Цеснабанк»  Акционерлік қоғамның көп жылдармен  жинақтаған потенциалы, активтердің  сапасын арттыруға бар мүмкіндіктер және тиімді бизнесінің клиенттерге  деген бағдардың артуын қарастырады.

    Шығындар  деңгейін азайту мақсатында банк тарапынан  келесі іс-шаралар жүргізіледі:

  • нарық конъюнктурасын және жоспарлаған табыстылық деңгейін ескере отырып, баға саясатын рационалдау және пайыз ставкаларды, тарифтерді қалыптастыру;
  • бизнес-процесстерді  стандарттау,   сату  каналдарын,  филиал  желісін, басқару  жүйесінің  артық  аралық  бөлімдерді  ликвидациялау,   бизнес-құрылымдарды оптимизациялау арқасында операциондық шығындарды азайту (персоналға шығындарды қоса);
  • салық     әкімгерлігі     жүйесін     жасау     арқылы     салық     төлемдерін оптимизациялау;
  • меншікті қолдауға байланысты шығындар көлемін оптимизациялау.

    Қазіргі заман талаптарына сай және күрделі  жаңа банктік өнімдерді қалыптастыру және клиенттерге табыс ету банктің  материалды- техникалық потенциалы және кадрлық мүмкіндіктері жеткілікті түрде бар. Ағымдық кезеңдегі  міндеттерді табысты шешу үшін банктің  қажетті техникалық жэне технологиялық  мүмкіндіктері жоғары. Оның жоспарлы жетілдіруі банктің клиенттерге  депозиттік қызметтер көрсету сапасының  артуына жәрдемдеседі.

    Бәсекелестердің қаржы нарықтарында баға саясатын жүзеге асыру белсенділіктерінің өсуі нәтижесінде, Цеснабанкке өзінің маркетингтік қызметін белсендіру қажет, яғни жарнама жұмысын  арттыру, нарық мұқтаждығын ескере отырып банк депозиттік өнімдерін ұдайы  жаңарту, потенциалды клиенттерге  қызметтер нарығында Цеснабанктің максималды түрде қызметтер көрсету  жолдарын іздестіру. «Цеснабанк» АҚ жетістіктің бірден-бір негізгі  факторы ретінде клиенттермен жұмысын  жақсарту және қызметтер көрсету  сапасын арттыруды қарастырады.

    Ал енді, банк қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне келетін болсақ, банктің он тоғыз жылдық тарихында біршама өзгерістер болғаны анық. Банктің қалыптасқан кезіндегі қаржылық көрсеткіштері де біршама өскен.

    Айтылған  мәселерге дәлел ретінде соңғы  үш жылдағы «Цеснабанк» АҚ қаржылық көрсеткіштерін кесте түрінде көрсетейік. 

    Кесте – 10 - «Цеснабанк» АҚ қызметінің қаржылық көрсеткіштері 

          Көрстекіштер     Ауытқуы Өсу қарқыны
2008ж 2009ж  2010ж (+; -;)  (+; -;) (08-09) (09-10)
мың тг мың тг  мың тг
Активтер, соның ішінде 149 276 044 135 648 343  147 314 342 -13 627 701  11 665 999 90,8 108,6
Қарыз портфелі 98 895 542 86 466 727  98 600 445 -12 428 815  12 133 718 87,4 114,0
Міндеттемелер, соның ішінде 129 500 395 118 081 909  131 332 539 -11 418 486  13 250 630 91,1 111,2
Клиенттердің  ағымдағы шоттары мен депозиттері 78 667 510 80 313 123  91 334 032 1 645 613  11 020 909 102,1 113,7
Жеке  меншік капиталы, соның ішінде 17 275 649 17 566 434  15 981 803 290 785  -1 584 631 101,6 90,9
Акционерлік капитал 13 500 000 17 872 307  15 500 000 4 372 307  -2 372 307 132,3 86,7
Таза  табыс 1 325 881 -1 497 123  815 479 -2 823 004  2 312 602 -112,9 -54,4
 

    Кесте 2 мәліметтерінен келесідей қорытынды  шығаруға болады:  жалпы активтер сомасы 2008 жылы 149 276 044, ал 2009 жылы 135 648 343 соманы құрады, сонымен 2008  жылмен 2009 жылды салыстырғанда активтердің жалпы сомасының азайғандығын  көруге болады. Яғни, өзімізге белгілі әлемдік қаржы дағдарысы өз әсерін тигізіп, Банк табысы азайып отыр. Ал 2009 жылы 135 648 343, ал 2010 жылы 147 314 342 соманы құраса, онда 2009 жылмен 2010 жылды салыстырғанда бұл кестеден яғни 2010 жылы салымдардың  жоғарылағанын  көреміз. Қаржы дағдарысына қарсы іс-шаралардың арқасында банк табысы едәуір жоғарылағанын байқауға болады.  Қарыз портфеліне келетін болсақ, мұнда 2008 жылы 98 895 542 соманы 2009 жылы 86 466 727 соманы құрады, бұл көрсеткіш яғни, қарыз сомасының төмендегенін көрсетеді. Ал 2009 жылы 86 466 727, 2010 жылы 98 600 445 соманы құраса, онда бұл көрсеткіш жоғарылаған. Яғни, дағдарысқа қарсы іс – шаралардың арқасында банктер өз клиенттерін қайтадан сенімді түрде тартуда. Яғни, ешқандай дағдарысқа қарамай салымшылар банкке өз қаржыларын қайтадан салуда.

    Міндеттемелер 2008 жылы 129 500 395, 2009 жылы 118 081 909 соманы құраса, 2008 жылмен 2009 жылды салыстырғанда банк залал яғни шығынға ұшырағанын байқаймыз. Ал 2009 жылы 118 081 909, 2010 жылы 131 332 539 сомаға көтерілгенін көреміз. 2009 жылы банк шығынға ұшыраған болса, банк 1 жыл ішінде өзінің міндеттемелер сомасын көтергенін байқауға болады. Міндеттемелердің ішіндегі клиенттердің ағымдағы шоттары мен депозиттерін салыстырып көрейік. 2008 жылы 78 667 510, 2009 жылы 80 313 123 болса, онда клиенттерлің депозиттерге және ағымдағы шоттарына салған салымдарының жоғарылағанын байқауға болады. Ал 2009 жылмен 2010 жылды салыстырып көрелік, 2009 жылы 80 313 123, ал 2010 жылы 91 334 032 соманы құраса бұл көрсеткіштерден де клиентердің салымдарының  жоғарылағанын байқауға болады. Бұл жердеде клиенттер өз қаржыларын банкке сеніп тапсыруда.

    Жеке  меншік капиталы 2008 жылы 17 275 649, ал 2009 жылы 17 566 434 сомасының жоғарылағанын, ал 2009 жылы 17 566 434, 2010 жылы 15 981 803 осы сомалардың төмендегенін көреміз.  Акционерлік капиталға келетін болсақ, мұнда 2008 жылы 13 500 000соманы, 2009 жылы 17 872 307 сомасының жоғарылағанын көреміз,  2009 жылмен 2010 жылды салыстырғанда 2009 жылы 17 872 307, ал 2010 жылы 15 500 000 бұл көрсеткіштердің төмендегенін көреміз.

    Таза  табысқа келетін болсақ, мұнда 2008 жылы 1 325 881 соманы, ал 2009 жылы -1 497 123 соманы құраса, онда көрсеткіштің төмендегенін  көреміз. 2009 жылы -1 497 123, 2010жылы 815 479 соманы құрады. 2008 жыл мен 2009 жылды салыстырғанда көрсеткіштің теріс таңба көрсеткен болатын, ал 2009 жылмен 2010 жылды салыстырғанда бұл көрсеткіш едәуір жоғарылап, оң көрсеткішті немесе таза табыстың өскенін көруімізге болады.

    Кестедегі  жылдардың қаржылық көрсеткіштерінің ауытқуын қарастырып көретін болсақ,  онда 2008 -2009 жылдары төмен көрсеткіштердің  яғни банктің залал, ал 2009-2010 жылдары  бұл көрсеткіштер оң нәтиже бергенін көруге болады. Дағдарысқа қарсы жүргізілген  іс – шаралардың арқасында оң нәтижеге жетіп отыр.

    Кестені талдауды ары қарай жалғастыратын  болсақ, енді жалпы кестенің  өсу  қарқынын айтып кететін болсақ мұнда 2008 және 2010 аралығындағы көрсеткіштер салыстырылған. Мұнда, осы жылдары  басталған дағдарыс өз әсерін тигізбей қойған жоқ. 2009 жылғы көрсеткіштер сомасы 2008 жылмен салыстырғанда әлде қайда төмендегенін байқауға болады. Ал, 2010 жылғы мәліметтерге сүйенсек, онда 2010 жылы 2009 жылға қарағанда мұнда жоғарылағанын байқауға болады. Жалпы көрсеткіштерге тоқталып кететін болсақ: активтер 2008-2009 жылы 90,8%, ал 2009-2010 жылы 108,6% құрады яғни активтердің жалпы сомасының жоғарылағанын байқаймыз.  Міндеттемелерге келетін болсақ, оның ішінде клиенттердің ағымдағы шоттары мен депозиттері 2008-2009 жылы - 102,1% ал, 2009-2010 жылы 113,7% құрады.

    Жеке  меншік капиталына тартылған қаражаттар 2008-2009 жылы – 101,6, 2009-2010 жылдары бұл көрсеткіш төмен яғни, 90,9% құрады. Жеке меншік капиталына тартылған қаражаттар сомасы азайды, себебі, мұндағы сатуға арналған қолда бар активтерді қайта бағалау бойынша сақтаулы қоры азайған және таратылмаған кіріс (-2,5%) төмендеп кеткен.

    Банктің  таза  пайдасы  3  жылдың  ішінде  432,3%-ке артқан.  Оның    ұлғаюы   негізінен  проценттік  табыстардың  105,8%-ке  көбеюі  есебінен  болған.  Банктің   проценттік  емес  табыстары   47,5%-ке  азайғанымен   банктің  жалпы  операциялық  табысы    4,6  есеге  артқан. Проценттік  емес  табыстардың  азаюына   еншілес  компаниялардың  табыстарының азаюы  мен  бағалы  қағаздардың  табыстылығының  төмендеуімен  байланысты  болған.  Проценттік   емес  шығыстардың  ұлғаю  тенденциясы  жоғары.  Ол негізінен  жалақы,  әкімшілік  шығыстардың  өсуімен  байланысты  болған.

    Кесте –11 - 2008-2010 жылдардағы банктің  пайдасы  мен  шығындары

    Млн.теңге

Банктің табыстары мен шығындары 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл Өсімі, %
Операциялық табыстар, 11172,6 20258,9 24620,5 220,3
Таза  проценттік табыстар 1156,9 10876 12237,3 105,8
Комиссиялық алымдар 4184,1 6563,8 9318,4 222,7
Барлық  шығыстар 8999,2 11987,2 14529,6 161,4
Амортизациялық  шығыстар 3726,0 5285,2 6876,7 161,4
Әкімшілік шығыстар 1207,0 1007,3 1111,5 92,0
Өзгелер, резерв 836,7 2120,0 2028,4 242,5
Операциялық қызметтің нәтижесі:пайда/шығын +2173,4 +8271,7 +10090,8 +464,3
 

    Кесте деректерін талдай кететін болсақ, банктің  операциялық  табыстары    жыл  сайын  өсіп  отырған.  Оның  өсуі  таза  проценттік  табыстардың,  таза  проценттік  емес  табыстардың  және  комиссиялық   алымдардың  есебінен  болған. 

    Банктің   операциялық табыстарының  құрылымында 2008  жылы  таза  проценттік  табыстың  үлесі - 49,7%,   комиссиялық алымдардың  үлесі -  37,8%-ті құраған және  олардың   көлемі  жыл сайын өсіп  отырған.  Таза  проценттік  емес  табыстың   азаюы  болған.  Ол  саудалық  бағалы  қағаздар  бойынша  түсетін  табыстың  азаюы  есебінен  болған,  52,6%.

    Банктің капиталдандырылу көрсеткіштері қазір  жеткілікті мөлшердегі жоғары дәрежеде болып отыр (бірінші деңгейегі  капиталдың жеткілікті мөлшердегі коэффициенті 2009 жылдың аяқ кезінде 16,4% құрады) және банктің тез өсу жоспарларына қарамай, таяудағы және орта мерзімді перспективада қабылдауға болатын  дәрежеде қала беретінін байқатады. Мұның өзі акционерлердің тарапынан  тасқындап келіп жатқан капиталдың жалғаса түсуімен және ішкі рыноктағы  субординацияланған қарыз міндеттемелерінің  жаңа шығарылымына байланысты, деп  санайды Standard & Poor’s  сарапшылары

    Цеснабанк АҚ-ның  ресурстары  жылдан-жылға  өсіп  отырған.  2008-2010  жылдарғы  банктің  ресурстарының   құрамы мен  динамикасы  мынадай: 

    Кесте – 12 -Банктің  ресурстарының   құрамы мен  динамикасы 

 Қаржы ресурстары  2008ж  2009ж  2010ж  2008/2010

 Өзгерісі (+,-)

 Млрд  тг  Үлесі, %  Млрд  тг  Үлесі, % Млрд  тг  Үлесі, %
Негізгі қаржы көздері,  барлығы  189,3  100,0  249,5  100,0  393,2  100,0  +203,9
Міндеттемелер 175,1 92,5 228,1 91,2 358,0 91,0 +182,9
Депозиттер 136,9 78,0 154,8 67,9 231,5 64,5 +94,6
Меншікті  капитал 14,1 7,5 21,2 8,8 35,0 9,0 +20,9

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары