Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:13, дипломная работа
Қызметтік мамандануға байланысты несиелік жүйенің ядросын шаруашылық айналымның несие-қаржылық қызмет көрсетуі бойынша жүгін артатын банктік жүйе құрайды, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие институттарының қызметін шоғырландыратын бірыңғай орган болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың орнатылуы мен кейінгі тереңдеуіне байланысты несиелік қызмет көрсету коммерциялық банктердің қызметінде маңызды рольді алады.
Кіріспе 3
1 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың теориялық негіздері 6
1.1 Несие қызметі – банк бизнесінің негізі 6
1.2 Мәселелі несиелер және олардың пайда болу себептері, әдістері 10
1.3 Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасындағы несие портфелінің сапасын бағалау 20
2 2007-2008 жж. кезеңіндегі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да мәселелі несиелерді басқару жүйесін ұйымдастыруды бағалау 28
2.1 Банк қызметінің сипаттамасы және негізгі көрсеткіштері 28
2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие портфелін талдау 34
2.3 Несие портфелін қалыптастыру мен мәселелі несиелерді басқару бойынша банк саясатын бағалау 45
2.4 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары 54
3 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару механизмін жетілдіру
3.1 Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың даму болашағы
Қорытынды 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 81
А қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ бухгалтерлік балансы 84
Ә қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ табыстар мен шығындар туралы есеп беру
Б қосымшасы Графикалық бөлім
«БИЗНЕС SMALL 2» бағдарламасы келесі мақсаттарға несие беруді қарастырады:
- 7 жыл мерзімге айналым құралдарын толықтыруға;
- негізгі құралдарды сатып алуға;
- өндірістік және сауда ғимараттарын
жөндеу мен қалпына келтіруге,
12 жыл мерзімге сауда жабдығын сатып алуға;
- 12 жыл мерзімге коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу мен құрылысына.
Тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 17,9 пайыздан 19,9 пайызға дейін АҚШ долларында құбылады. Несие сомасы қарыз алушының төлем қабілеттілігіне байланысты.
«БИЗНЕС MEDIUM» бағдарламасы мерзімі 7 жылға дейін несиелендіруді қарастырады. Несие жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға беріледі. Қарыздың максималды сомасы 1350 млн. теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13,5 пайызды құрайды. Кепілге жылжымайтын мүлік, сатып алынатын жабдық, компаниялардың кепілдемелері алынады. Несие беру нысаны қолма-қол ақшасыз арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындарды овердрафт
Несиелендірудің барлық бағдарламалары 17-кестесінде келтірілген.
17-кесте – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары
Атауы |
Мерзімі |
Сома |
% мөлшерлеме |
Бастапқы жарна, %-бен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
«БИЗНЕС SMALL 2» бағдарламасы |
7-ден |
Қарыз алушының төлем қабілеттілігіне байланысты |
жылдық 17,9 % - 19,9 % дейін, АҚШ доллары |
- |
«БИЗНЕС MEDIUM» бағдарламасы |
7 жылға дейін |
1350 млн. теңгеге дейін |
жылдық 13,5 % |
- |
Кәсіпорындарды овердрафт нысанындағы қысқа мерзімді несиелендіру бағдарламасы |
30 күнге дейін |
Орташа айлық кредиттік айналымнан 50 % |
жылдық 12,8 % |
- |
«Пайдалануға дайын жылжымайтын мүлікті және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алу» бағдарламасы |
30 жылға дейін |
Минималды сома 5000 доллар немесе еуро |
- жылдық 14 % - 15 % дейін АҚШ долларында; - жылдық 13,5 % - 14,5 % дейін еурода |
Несие сомасынан |
«Тұрғын үй жағдайларын жақсарту» бағдарламасы |
6 айдан |
Минималды сома 5000 доллар немесе еуро |
- жылдық 15 % АҚШ долларында; - жылдық 14,5 % еурода |
Несие сомасынан |
«Автөлікті сатып алу» бағдарламасы |
3 айдан |
Қарыз алушының төлем қабілеттігіне байланысты |
- автосалонда – жылдық 13 % АҚШ доллары мен еурода; - автонарық арқылы – жылдық 14 % АҚШ доллары мен еурода |
- |
«Жеке құрылыс пен тұрғын үйді жөндеуге» бағдарламасы |
6 айдан |
Минималды сома 5000 доллар немесе еуро |
- жылдық 15 % АҚШ долларында; - жылдық 14,5 % еурода. |
Несие сомасынан |
«Заңды тұлғаның кепілдемесіне» бағдарламасы |
6 айдан |
Қарыз алушының төлем қабілеттігіне байланысты |
әрбір компания бойынша дербес анықталады |
- |
17-кестесінің жалғасы | ||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
«Шұғыл қажеттіліктерге» бағдарламасы |
3 айдан |
Қарыз алушының төлем қабілеттігіне байланысты |
-жылдық 16,5 % - 18 % дейін АҚШ долларында; -жылдық 16 % - 18% дейін еурода |
- |
«Бизнес Экспресс» шағын несиелендіру бағдарламасы |
12 ай |
10 мың АҚШ доллары немесе |
-жылдық 28,7 % - 35,2 % дейін АҚШ долларында; -жылдық 29,3 % - 37,2 % дейін теңгеде |
- |
Қазіргі уақытта «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да тұтынушылық несиелендіруді бір түрі – автонесиелендіру ел арасында жиі таралған. Берілген банктік сегмент төмен пайыздық мөлшерлемелермен, төмен тәуекелдермен сипатталады, бұл несиені жедел рәсімдеумен және жылдам берумен қатар оны банк үшін де, қарыз алушы үшін де, автосалон үшін де тартымды етеді.
Тұтынушылық несиелерге
сұранысты ұлғайтуға тырыса отырып,
банктер нарыққа жаңа шарттарымен
шығады. «Акция» сияқты ұғым пайда
болады, сәйкесінше, банктер жаңа өнімдерді
енгізеді: «бастапқы жарнасыз несие»,
«15-15-15», «пайызсыз несие». Алайда мұндай
акциялардың банкке зиян келтіруі мүмкін
емес. Нақ осыны потенциалды қарыз алушы
несие үшін банкке келген кезде түсінбейді.
Банктер шынында да пайызсыз несиелер
береді деп ойлай отырып, клиент өзін өзі
жұбатады, шын мәнінде ол тауарды бөліп
төлеу арқылы сатып алады. Шын мәнінде
банктер айлалы механизмдерді қолданады,
солардың есебінен жетпеген табыстардың
орны толтырылады. Мысалы, жетпеген пайыздарды
тауар құнына қосу тәсілі кең таралған.
Клиенттерді осыған ұқсас акциялармен қызықтыра отырып, банктер өз пайдаларын, ал ұйымдар сатулар көлемін ұлғайтады.
Несие беру жүзеге асырылатын сауда ұйымдарынан алынатын комиссиялар несиелендіру бағдарламаларын іске асыру шегінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ алатын қосымша пайдасы болып табылады. Бұл – сауда ұйымынан дисконт. Тұтынушылық несиелендірудің пайда болу таңында мұндай дисконттар 7 % - 10 % дейін жетті, алайда соңғы уақытта сауда ұйымынан орташа дисконт 1,5 % - 2,5 % деңгейіне түсті.
Бұл клиенттерге таласа отырып, банктердің бәсекелестік күрес шегінде өзара демпинг саясатын жүргізуге байланысты. Және де ірі сауда желілері мен автосалондар банктерден мұндай комиссияларды жоюды талап етеді, ал сауда желілері оларға төлеуге банктерді мәжбүрлейді. Кейбір мәліметтер бойынша мұндай дисконттың мөлшері 2 % - 3 % құрайды.
3 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару механизмін жетілдіру
3.1 Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері
2007 жылдың ортасында басталған өтімділіктің ғаламдық дағдарысы банк секторы мен Қазақстанның реттеуші органдарын соңғы жылдар ішіндегі ең ауыр сынға душар етті. АҚШ-тағы 2006 жылғы ипотекалық дағдарыс әлемдік қаржы дағдарысының басты себебі болды. Бәрі Америкада тұрғын үй несиелерінің қайтарылмауының күрт ұлғаюынан басталды. 2007 жылдың көктемінде АҚШ-тың ең ірі ипотекалық компаниясы New Century Financial Corporation Нью-Йорк қор биржасынан кетті. 2007 жыл ішінде осыған ұқсас ондаған ұйымдар шығындар тартты немесе банкрот болды. Жазда дағдарыс ипотекалық облигацияларға құралдарын жұмсаған ірі қаржы компанияларының: Bear Stearns, Goldman Sachs, BNP Paribas инвестициялық қорларын жанап өтті. Халықаралық нарықта өтімділік дағдарысы түзілді. Ипотекалық несиелендіру мен бөлшек несиелендірудің әлемдік тәжірибесінде өткен ғасырдың ортасынан бастап несие тәуекелін бағалаудың несиелік скоринг сияқты әдісі кең қолданыс алды. Несиелік скоринг – клиенттердің төлем қабілеттігін анықтау мен бағалау үшін қолданылатын және әрекеттегі клиенттердің белгілі бір сипаттамалары негізінде нақты бір қарыз алушыны несиелендірумен байланысты тәуекелдерді анықтауға мүмкіндік беретін технология. Несиелік скорингтің негізгі құралы скорингтік үлгі болып табылады. Скорингтік үлгі (карта) – қарыз алушының сипаттамаларына оның дефолттілік деңгейі мен несие қабілеттігін сипаттайтын сандық мәнін – скорингтік рейтингті салыстыруға мүмкіндік беретін математикалық үлгі.
Нақ осындай карталармен көптеген
жылдар бойы несие мамандары, соның
ішінде АҚШ-та да қолданылып келді.
Алайда скорингтік үлгі сапасының басты
көрсеткіші болып оның өзектілігі, яғни
нарық шындығына сәйкестігі болып табылады.
АҚШ-та қолданылатын скорингтік үлгілер
сонау
50 жылдарда әзірленіп енгізілді.
Олардың жоғары тиімділігіне көз жеткізіп,
үлгілерге өткен ғасырдың
80 жылдарынан ешқандай дерлік өзгерістер
енгізбей банктер оларды көптеген жылдар
бойы қолданып келді. Сонымен бірге әлем
мен шарттар өзгеріп отырды, қарыз алушылар
басқа болды. Скорингтік карталардың өзектілігі
ұдайы төмендеді, тәуекелдер өсті. Дегенмен
несиелерге деген жоғары сұранысына қуанған
банктер бұған көңіл аудармады. Banking Banana
Skins рейтингісінде нарықты белсенді басып
алу кезеңінде және 2000 жылдан
2005 жыл аралығында тәуекел-менеджменттің
проблематикасы ғаламдық тәуекелдердің
топ-10 мүлдем енгізілмеді.
Әрине, скорингтің тек бір нашар сапасымен ғаламдық несие дағдарысын түсіндіруге болмайды. Бірақ қарыз алушыны сапасыз бағалау болған дағдарысқа өзінің теріс үлесін енгізді.
Осыған байланысты елдің банк жүйесінің дамуы критикалық нүктесіне жетті, туындаған мәселелер аясында іскерлік тәжірибені, стратегия мен реттеуді түбегейлі қайта түрлендіру қажеттілігі күрт айқындалды. Бұл банктер үшін нағыз қиын-қыстау жағдай болуы мүмкін, әсіресе, егер дағдарысқа дейін олар ұзақ уақыт бойы несие ресурстарына салыстырмалы түрде жеңіл қол жеткізгенін ескерсек. Қазақстандық банк секторының тұрақсыздануының тікелей себебі сыртқы қаржыландырудың дефициті болғанына қарамастан, көбінесе туындаған мәселелерді шиеленістіретін осы сектордың ішкі, құрылымдық жетіспеушіліктері алаңдатады.
2007 жылғы жаздың ортасынан несие
ресурстарының дефциті пайда
болған кезде Қазақстанның ЖІӨ
өсуі баяулады. Үкіметтің бағалауы
бойынша ЖІӨ өсімі 2006 жылдың
деңгейінен және өткен
Қолайсыз нарықтық жағдайларға қарамастан, қазақстандық банктер өзінің сыртқы қарыздар бөлігін, атап айтқанда сауда-қаржы несиелері бойынша міндеттемелерін қайта қаржыландыра алғаны және өтеу мерзімі жақындаған сыртқы міндеттемелердің бөлігін жаңа қарыз алулармен, соның ішінде екі жақты қарыздармен және шетелде тіркелген қазақстандық заңды тұлғалардың жаңа депозиттерімен алмастыра алғаны айқын.
22-ші кестесінің мәліметтері
бойынша сыртқы берешектің ең
жоғары ауыртпалығы бар
22-кесте – Сыртқы қарыздарды өтеу
Млн. АҚШ долларында
Коммерциялық банк |
Сыртқы қарыздарды өтеу бойынша шығындар | ||||
2008 ж. |
2009 ж. |
2010 ж. |
2011 ж. |
2012 ж. | |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Қазкоммерцбанк |
3247 |
1262 |
88 |
890 |
1429 |
БТА Банк |
1198 |
1803 |
1999 |
863 |
273 |
Қазақстан Халық банкі |
415 |
383 |
747 |
65 |
16 |
Альянс-банк |
1707 |
701 |
473 |
830 |
12597 |
АТФ Банк |
1178 |
625 |
386 |
19 |
261 |
ЦентрКредит |
289 |
89 |
-- |
504 |
-- |
Темірбанк |
131 |
151 |
-- |
300 |
-- |
Kaspi bank |
320 |
100 |
-- |
-- |
-- |
Нұрбанк |
323,7 |
62,2 |
67,4 |
200,8 |
0,2 |
22- кестенің жалғасы | |||||
Еуразиялық Банк |
223 |
93 |
3 |
6 |
-- |
Цеснабанк |
81,8 |
1,8 |
129,4 |
0,5 |
0,1 |
ҚазИнвестБанк |
223 |
4 |
10 |
50 |
11 |
Барлығы |
9113 |
5272 |
3893 |
3679 |
3238 |
Кестеден ЦентрКредит банкі, Темірбанк және Kaspi bank 2009 жылы сыртқы қарыздарын толық өтейтінін көреміз, бұл Қазақстан Республикасының банктік секторының негізгі қарыз сомасының кемуіне алып келеді. Қарыздың негізгі сомасы Қазкоммерцбанк, БТА Банк пен Альянс-банкке жатады. Осы банктердің төрт жыл ішіндегі сыртқы қарызды өтеуге шығындары 18022 млн. АҚШ долларын құрады.
2008 жыл мен 2009 жыл аралығында банктердің сыртқы міндеттемелері бойынша өтеулерді 24-25 суреттерінен көре аламыз.
24-сурет – 2008 жылдағы банктерінің сыртқы міндеттемелерін өтеуі, млн. АҚШ доллар.
25-сурет – 2008 жылдағы банктерінің сыртқы міндеттемелерін өтеуі, млн. АҚШ доллар.
Соңғы жылдарда ішкі нарықта берілетін несиелер көлемінің қарқынды өсуі байқалды: 2007 жылдың ортасына дейін ол орташа есепппен жылына 75 % құрады, ал көптеген банктерде несиелік портфельдің өсуі айтарлықтай жоғары болды. Жеке сектор мен қаржылық емес мемлекеттік кәсіпорындарды ішкі несиелендірудің жалпы көлемі 2007 жылы әсерлі көлемге – ЖІӨ 66 % жетті, 2006 жылы не бары 4,6 %.
2006 жылы банк жүйесінде жиынтық несие берешегінің көлемі шамамен екі еселенді, ал 2007 жылдың алғашқы сегіз айында 47 % өсті, бірақ жылдың соңғы төрт айында ол жуықтап тек 0,4 % ғана өсті. Жақындағы несиелік шу кезінде үй шаруашылықтары мен шикізаттық емес (пайдалы қазбалар кенімен және өңдеумен байланысты емес) секторлар кәсіпорындарының берешегі жылдам ұлғайды, бұл қазақстандық банктер үшін жоғары несиелік тәуекелдерді тудырды. Мысалы, банк секторында жеке тұлғалардың басқарылатын табыстарына несиелік берешектің қатынасы 2007 жылдың екінші жарты жылдығында 40% асты, ал бес жыл бұрын ол 5% кем құрады. Алғашқы несиелік бюро тек 2006 жылдың басында ғана табыс тапты және әзірше қарыз алушылардың несие тарихына қатысты ақпараттың тек шектеулі көлемін ғана жинақтады.
Банктік сектор қаржыландырудың негізгі бөлігін қамтамасыз етпейді, бұл банк жүйесіне сенімнің төмендігімен (бірақ жоғарылап келе жатқан), корпоративтік секторды түбегейлі қайта құрудың қажеттілігімен және оның айқындығын қамтамасыз етумен, сонымен қатар трансұлттық корпорациялардың көптеген қазақстандық еншілес компаниялары шетелден қаржыландырылуымен себептеледі.
23 кестесінің мәліметтері
23-кесте – Активтер мен шартты міндеттемелер сапасының жіктелуі
Активтер мен шартты
міндеттемелер сапасының динами |
2007 жыл |
2008 жыл | ||
негізгі қарыз сомасы, млрд. теңге |
қорытындыға % |
негізгі қарыз сомасы, млрд. теңге |
қорытындыға % | |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Стандартты |
8117,7 |
72,2 |
7695,0 |
57,5 |
Күмәнді |
3026,9 |
26,9 |
5542,5 |
41,5 |
1 санаттағы күмәнді |
2587,9 |
23,0 |
4253,7 |
31,8 |
2 санаттағы күмәнді |
112,7 |
1,0 |
581,3 |
4,5 |
3 санаттағы күмәнді |
236,1 |
2,1 |
539,5 |
4,0 |
4 санаттағы күмәнді |
39,0 |
0,3 |
59,2 |
0,4 |
5 санаттағы күмәнді |
51,2 |
0,5 |
108,8 |
0,8 |
Сенімсіз |
97,9 |
0,9 |
140,2 |
1,0 |
Активтер мен шартты міндеттемелер барлығы |
11242,5 |
100 |
13377,7 |
100 |