Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:13, дипломная работа

Описание

Қызметтік мамандануға байланысты несиелік жүйенің ядросын шаруашылық айналымның несие-қаржылық қызмет көрсетуі бойынша жүгін артатын банктік  жүйе құрайды, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие институттарының қызметін шоғырландыратын бірыңғай орган болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында  нарықтық қатынастардың орнатылуы  мен кейінгі тереңдеуіне байланысты несиелік қызмет көрсету коммерциялық банктердің қызметінде маңызды рольді алады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың теориялық негіздері 6
1.1 Несие қызметі – банк бизнесінің негізі 6
1.2 Мәселелі несиелер және олардың пайда болу себептері, әдістері 10
1.3 Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасындағы несие портфелінің сапасын бағалау 20
2 2007-2008 жж. кезеңіндегі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да мәселелі несиелерді басқару жүйесін ұйымдастыруды бағалау 28
2.1 Банк қызметінің сипаттамасы және негізгі көрсеткіштері 28
2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие портфелін талдау 34
2.3 Несие портфелін қалыптастыру мен мәселелі несиелерді басқару бойынша банк саясатын бағалау 45
2.4 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары 54
3 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару механизмін жетілдіру
3.1 Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың даму болашағы
Қорытынды 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 81
А қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ бухгалтерлік балансы 84
Ә қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ табыстар мен шығындар туралы есеп беру
Б қосымшасы Графикалық бөлім

Работа состоит из  1 файл

Комм банктерде мәселелі несиелерді басқару.doc

— 1.27 Мб (Скачать документ)

2007 жылы операциялық шығындар  персоналдың, еңбекақы деңгейінің, сонымен бірге басқа әкімшілік  шығындардың өсуімен байланысты  
48 % – 15649944 мың теңгеге дейін ұлғайды. Банктің Жарғылық капиталы  
9 пайызға - 65549804 мың теңгеге дейін ұлғайды немесе жыл басында конверсияланатын артықшылық акцияларды орналастырғаннан кейін, сонымен қатар 2007 жылдың қыркүйек айында 30000000 қарапайым акцияларды шығарғаннан кейін және 2007 жылдың желтоқсан айында  
55000000 қарапайым акцияларды Лондон Қор Биржасында (IPO) орналастырғаннан кейін 2007 жылы 96 % құрады.

Мәліметтерді көрнекі келтіру  үшін 11-суретте берілген.

11-сурет – 2007 жылдың негізгі көрсеткіштерінің динамикасы

 

Сонымен бірге қазақстандық банктерге, соның ішінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на да әсер еткен әлемдік қаржы  дағдарысына қарамастан,  
2008 жылдың соңы оң нәтижені көрсетті.

Активтер құрылымы 2007 жылдың соңымен  салыстырғанда 2008 жылдың соңында 201187381 мың теңгеге ұлғаю жағына өзгерді және  
1768432633 мың теңгені немесе 49,6 пайызды құрады.

Банк пайдасына көптеген факторлар, соның ішінде пайыздық шығындардың  ұлғаюы, несие портфелінің қарыздық сапасының төмендеуі (өткен жылмен салыстырғанда жоғары резервтердің қалыптасуы), құнды қағаздар портфелінің құнсыздануы теріс әсер етті.

Банктің меншік капиталы 29201533 мың теңгеге ұлғайды және  
170 497 314 мың теңгені немесе 73,5 пайызды құрады.

Банктің Жарғылық капиталы 2008 жылы аздап  өзгерді және  
65 549 216 мың теңгені немесе 93 пайызды құрады.

Банктің активтік операциялар құрылымындағы  несиелендіру 13 пайызға ұлғайды. 2008 жылы ол 1232224778 мың теңгені құрады.

2008 жылы банк мәселелі несиелерді жабуға резервтерге қаржы бөлуді едәуір ұлғайтты. Несиелер бойынша жоғалтулар резервтеріне қаржы бөлу  
2007 жылдың кезеңімен салыстырғанда 124 % өсті, бұл таза пайданың қысқаруының тағы бір себебі.

Visa Infinite бірінші VIP-карточкасын шығару 2007 жыл басының басты оқиғасы болып табылады, ал осы жылдың ақпанында Халық банкімен шығарылған Altyn алғашқы қазақстандық карточкасына 10 жыл толды.

Банк 2007 жылы 700 млн. АҚШ доллары сомасына он жылдық халықаралық облигацияларды сәтті орналастырды. Бұл орналастыру банк үшін ең ірі болды. Жартыжылдық купонның мөлшерлемесі жылдық 7,25 % құрады.

2007 жылы Халық банк алғашқы транспорттық-логистикалық орталық, әр түрлі зауыттар, сауда кешені және т.б. сияқты Қазақстан Мен Ресейдің маңызды объектілерін несиелендірді.

Мәліметтерді көрнекі  келтіру үшін 12-суреті берілген.

 

 

12-сурет – 2007 жылдың негізгі көрсеткіштерінің динамикасы

 

Барлық жасалған жұмыстарға қарамастан, банк қол жеткізген жетістіктерге  тоқталмайды және болашақта жүзеге асыруды жоспарлайды:

- банк заңды тұлғаларға сияқты жеке тұлғаларға да өз қызметін көрсетеді. Сапасы жоғары қызметтер көрсету мен олардың тізімін кеңейту есебінен әрекеттегі клиенттерді ұстап қалу міндетімен қатар, банк шағын және орта бизнеске, банктік емес қаржы қызметтеріне, жастар мен орта классқа ерекше тірек жасай отырып, жаңа клиенттерді тартатын болады;

- банк өз клиенттеріне Банктің филиалдық желісі, еншілес компаниялары арқылы және өзінің стратегиялық серіктестері арқылы қаржы өнімдерінің максималды түрде кең жиынын келтіруге тырысады. Сонымен бірге жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізеді және аймақта қаржылық инновациялар саласында көшбасшы болуға ниетті;

- Қазақстаннның қаржы нарықтарында, Ресей, Орталық Азия, Грузия, Әзірбайжан, Моңғолия аймақтарында, Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр ауданында жұмыс істейді. Топ басқа елдердің нарықтарына өздігінен немесе өзінің стратегиялық серіктестері арқылы шыға алады, егер бұны оның клиенттерінің мүдделері талап етсе;

- акционерлік құнын ұлғайтуға мақсат қояды. Жоғары пайда алу акционерлік құнының өсуінің жоғары темптерін, капиталдың ұлғаюын, үздік қызметкерлерді сақтап қалу мен тартуды қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Акционерлер мен қызметкерлердің мүдделерін теңестіру үшін банк қызметкерлердің акцияларға иелік етуін ынталандырады;

- «Халық Банктің» филиалдары мен бөлімшелері Қазақстанда банк үшін сатудың негізгі арнасы болып табылады. Басқа елдердің нарықтарында еншілес компаниялар сияқты стратегиялық серіктестердің арналары да қолданылатын болады;

- стратегиялық серіктесімен бірлесе отырып, банк 2010 жылдың  
1 қаңтарына дейін тәуекелдерді басқару, ақпараттық технологиялар, корпоративтік басқару және Базель 2 сияқты салаларда Еуроодақтың стандарттарына толық сәйкес келуге ниеттенеді;

- банк үздік мамандарды табуға және жұмысқа қабылдауға, қызметкерлерге алуан түрлі жұмыс тәжірибесін және қаржы секторында жұмыс істейтін басқа көптеген компанияларға қарағанда жылдам өсу мүмкіндігін ұсынуға максималды күш жұмсайды.

 

 

2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие портфелін талдау

 

Банктің несие портфелін талдау несие портфелінің сапасын, берілген несиелер жиынтығының әртараптандырылғанын бағалауға, несиелендірудің басым және тәуекелге толы бағыттарын анықтауға бағытталған.

Несие портфелінің құрылымы мен сапасынан банктің тұрақтылығы, оның беделі мен қаржылық жетістігі  едәуір дәрежеде тәуелді. Қолайсыз тенденцияларды уақытында анықтау және басқару шешімдерін шұғыл түзету несие портфелін жедел және кешенді талдаудың арқасында мүмкін болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жүргізілетін саясатының қысымымен  қазіргі уақытта республиканың коммерциялық банктері экономиканы несиелендіру үшін көбінесе меншік ресурстарын пайдалана бастады, осылайша шетелдік банктерден тәуелділігін қысқартты.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие  портфелінің динамикасы  
13-суретінде көрнекі көрсетілген.

 

 

13-сурет – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 2006 жылдан 2008 жыл аралығындағы несие портфелінің динамикасы, мың теңге

 

Суреттен 2007 жылы несие портфелінің  450673 млн. теңгеге күрт ұлғаюын көреміз, бұл банктің активтік операцияларының құрылымындағы күрт ұлғаюына әкелді.

Қаржылық дағдарысқа қарамастан, 2008 жылы несие портфелінің  
145500 млн. теңгеге ұлғаюы болды.

Кәсіпорындар мен ұйымдарға 2006 жыл мен 2008 жыл аралығында берілген несиелер 6-кестесінде келесі түрде  берілген.

 

6-кесте – Экономика секторлары бойынша коммерциялық несиелердің бөлінуі

 

Көрсеткіш

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

Ауытқу

сома, мың теңге

үлес салмағы, %

сома,

мың теңге

үлес салмағы, %

сома,

мың теңге

Үлес салмағы, %

Көтерме сауда

77648965

25

102678986

27

105024978

28

799994957

Құрылыс

54627890

12

89648979

14

80972691

7

45951602

Ауыл шаруашылығы және азық өнімдерін өндіру

57631482

13

89589701

14

98678231

14

66720012

Бөлшек сауда

47978654

10

79763812

10

93613582

10

61828424

Жеке тұлғалар

47896875

9

83976489

11

95856478

12

59776864

Жеңіл өнеркәсіп

39864789

5

68973461

5

78963012

5

49854340

Металлургия

39604312

4

58024564

4

74467231

4

56046979

Кен саласы

39740153

4

58001232

4

74801972

4

56540893

Мұнай-газ секторы

39589642

4

58017987

4

74341007

4

55912662

Байланыс

37986401

3

57986420

3

73347030

3

53347011

Транспорт

37763058

3

57089647

2

73376284

3

54046995

Қонақ үй бизнесі

37517985

3

47049789

2

72376801

2

62844997

Демалыс және көңіл көтеру саласы

26457915

1

39258978

-

52978306

-

40177243

Химиялық өнеркәсіп

19876345

-

34909791

-

52798213

-

37764767

Инвестициялық қызмет

37964785

3

37675908

-

74830506

4

74561629

Басқалары

20856497

-

37984563

-

56798456

-

39670390

Барлығы:

662765294

100

1069603396

100

1232224778

100

825386676


6-кестенің мәліметтері бойынша 2007 жылы салалар бойынша несие портфелінің құрылымындағы ең үлкен үлес салмағы көтерме сауда мен бөлшек сауда сияқты секторларға келетінін көреміз. Олардың сомасы 2007 жылы 56815179 мың теңгеге өсті және 182442798 мың теңгені құрады, үлес  
37 пайызды құрады. Көлемі бойынша екінші орынды құрылысқа бөлінген несиелер алып жатыр. Олардың сомасы 2007 жылы 35021089 мың теңгеге өсті, өсім 2 пайызға тең.

Сонымен бірге ауыл шаруашылығы  саласы мен азық өнімдерін өндіруге берілген несиелер үлесі ұлғайды, өсім 1 пайызға тең, сомасы 31958219 мың теңгеге ұлғайды және 2007 жылы 89589701 мың теңгені құрады.

2008 жылы құрылыс секторындағы берілген несиелердің негізгі үлесі  
7 пайызға дейін күрт төмендейді, бұған себеп қаржылық дағдарыс болып табылады, өйткені банк дағдарысқа байланысты несиені беру ережелерін өзгертуге мәжбүр болды. Қарыз алушыға жылжымайтын мүлік объектісінен жарты құнын төлеу қажет. Осыған байланысты ипотекалық тұрғын үй құрылысымен айналысатын көптеген компанияларға өндірісті тоқтатуға тура келді.

Мәліметтерді көрнекі келтіру  үшін 14-16 суреттері берілген.

 

 

14-сурет – Экономика секторлары бойынша 2006 жыл ішінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен берілген несиелердің құрылымы

 

 

 

15-сурет – Экономика секторлары бойынша 2007 жыл ішінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен берілген несиелердің құрылымы

 

16-сурет – Экономика секторлары бойынша 2007 жыл ішінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен берілген несиелердің құрылымы

Салалар қимасында несиелендіру мерзімдері бойынша банк несиелерін қарастырайық:

- сауда-өнеркәсіптік кәсіпорындарға несиелер негізгі және айналым капиталын толтыру бойынша шығындарды қаржыландыру үшін арналады. Сауда-өнеркәсіптік кәсіпорындарға несиелердің бір бөлігі маусымдық сипат алады, яғни айналым капиталындағы қажеттіліктің маусымдық өзгерістерін қаржыландыру үшін қолданылады. Сонымен бірге сауда-өнеркәсіптік кәсіпорындарға берілген банк несиелері кейін акциялар немесе облигациялар нарығында орналастыру арқылы ұзақ мерзімді қарыздарға конверсиялаумен күрделі шығындарды жабудың көздері ретінде де пайдаланылуы мүмкін. Қысқа мерзімді несиелерді жеңіл және азық өнеркәсібінің, сауда-жабдықтау, дайындау салаларының кәсіпорындары кең пайдаланады;

- құрылыс циклінің үрдісінде аралық қаржыландыру нысаны болып табыладытн құрылыс ұйымдарына несиелер шетелдік тәжірибеде ұзақ мерзімді сипат алады;

- ауыл шаруашылық несиелері өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы маусымдық шығындарды қаржыландыруға ауыл шаруашылық кәсіпорындарына келтіріледі және өнімді сату есебінен өтеледі, яғни бір жылдан кем болмауы тиіс. Ауыл шаруашылық техникасын, құралдары мен мүлігін сатып алуға банк несиелері негізінен орта және ұзақ мерзімді сипат алады.

2006-2008 жылдар кезеңінде өтеу  мерзімдері бойынша берілген несиелер 7-кестесінде келтірілген.

 

7-кесте - Өтеу мерзімдері бойынша банкпен берілген несиелер

 

Несиелер тобы

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

Ауытқу

сома,

мың теңге

үлес салмағы%

сома,

мың теңге

үлес салмағы%

сома,

мың теңге

үлес салмағы%

Қысқа

мерзімді 

208973799

37

796458987

40

799431478

41

211946290

Орта мерзімді

399867894

42

314464545

38

402695658

43

317292309

Ұзақ мерзімді

53923601

21

58679864

22

30097642

16

253413379

Барлығы

662765294

100

1069603396

100

1232224778

100

825386676


 

2006 жылдың 1 қаңтары мен  2008 жылдың 31 желтоқсаны аралығы кезеңіндегі  банктің несиелік портфелінің  динамикасы берілген қысқа мерзімді  несиелер көлемі 2007 жылы шамамен  3 есеге ұлғайғанын көрсетеді.  Орта мерзімді несиелер де 2007 жыл мен 2008 жыл аралығында ұлғая бастады және 2008 жылдың соңында олардың үлес салмағы 43 пайызды құрады. Ұзақ мерзімді несиелер құрылыс секторының төмендеуіне байланысты 16 пайызды құрады. Банк өзіне оңтайлы өтімділікті қамтамасыз ететін бос несие ресурстарының минималды сомасын пайдалануда мүдделі. Несиелендіру мерзімі тәуекелділікке және пайыздық мөлшерлеменің ауытқуына байланысты. Несие ресурстары нарығының қазіргі конъюнктурасында пайыздық мөлшерлемесі тіркелген несие келісімдерін ұзақ мерзімге жасау тиімсіз, сондықтан негізінен қысқа мерзімді несиелер беріледі.

Мәліметтерді көрнекі  келтіру үшін 17-19 суреттері берілген.

17-сурет – 2006 жылы өтеу мерзімдері бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен берілген несиелер құрылымы

18-сурет – 2007 жылы өтеу мерзімдері бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен берілген несиелер құрылымы

19-сурет – 2008 жылы өтеу мерзімдері бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен берілген несиелер құрылымы

 

Қаржы нарығында пайыздық мөлшерлеменің (немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептік мөлшерлемесінің) өзгерген жағдайында банк келісім-шартты бір жақты тәртіпте қарастыруға құқылы (бұл несие келісім-шартында арнайы алдын ала келісіледі).

Информация о работе Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)