Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:13, дипломная работа

Описание

Қызметтік мамандануға байланысты несиелік жүйенің ядросын шаруашылық айналымның несие-қаржылық қызмет көрсетуі бойынша жүгін артатын банктік  жүйе құрайды, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие институттарының қызметін шоғырландыратын бірыңғай орган болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында  нарықтық қатынастардың орнатылуы  мен кейінгі тереңдеуіне байланысты несиелік қызмет көрсету коммерциялық банктердің қызметінде маңызды рольді алады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың теориялық негіздері 6
1.1 Несие қызметі – банк бизнесінің негізі 6
1.2 Мәселелі несиелер және олардың пайда болу себептері, әдістері 10
1.3 Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасындағы несие портфелінің сапасын бағалау 20
2 2007-2008 жж. кезеңіндегі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да мәселелі несиелерді басқару жүйесін ұйымдастыруды бағалау 28
2.1 Банк қызметінің сипаттамасы және негізгі көрсеткіштері 28
2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие портфелін талдау 34
2.3 Несие портфелін қалыптастыру мен мәселелі несиелерді басқару бойынша банк саясатын бағалау 45
2.4 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары 54
3 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару механизмін жетілдіру
3.1 Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың даму болашағы
Қорытынды 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 81
А қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ бухгалтерлік балансы 84
Ә қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ табыстар мен шығындар туралы есеп беру
Б қосымшасы Графикалық бөлім

Работа состоит из  1 файл

Комм банктерде мәселелі несиелерді басқару.doc

— 1.27 Мб (Скачать документ)

20-кестесінде кепілдік мүліктің  балдық бағасы келтірілген. 

20-кесте – Кепілдік мүліктің балдық бағасы

Коэффициент мәндерінің интервалы

Маңыздылық есебімен балдық бағасы

Бірінші класстық:

% бен несие сомасынан артық

15

% бен несие сомасы деңгейінде

10

% бен несие сомасынан төмен

5

басқа:

% бен несие сомасынан артық

12

% бен несие сомасы деңгейінде

8

% бен несие сомасынан төмен

4

қамтамасыз етілмеген

 

0


 

Екінші саты – бірінші  сатыда есептелген көрсеткіштерді бағалау және балдардың сомасын анықтау.

Үшінші сатыда қарыз  алушының нарықтық позициясын анықтайтын, оның банкпен өткендегі қатынасын  сипаттайтын, қарыз алушының мүмкіндіктерін нақты бағалауға мүмкіндік беретін  қосымша көрсеткіштер (субъективтік факторлар) бағаланады.

Мұндай факторларға  төмендегілер жатады:

- кәсіпорын әрекетінің мерзімі (қандай да бір бизнесте кәсіпорын қаншалықты ұзақ жұмыс істейтінін сипаттайды);

- бұрын болған несиелерді қайтаруы;

- қарыз алушы-кәсіпорынның жетекшілігі жөнінде мәліметтер (кәсіпорын жетекшісімен сұхбаттан пікір және жетекшінің іскерлік беделі жөнінде, оның адалдығы жөнінде мәліметтер);

- бизнес-жоспардың болуы (кәсіпорынның өз бизнесін жоспарлауды, берілген салада ұзақ қызмет жасауға ұмтылысын сипаттайды);

- өндіріс маусымдығынан кәсіпорынның тәуелділігі (өндірістің майсымдықтан тәуелділігін, ақша ағымдарының циклдігін сипаттайды);

- резервтік өтеу көздерінің болуы (қарастырылмаған қиындықтар жағдайында несиелендірілетін шарамен байланыссыз құралдармен қарыз алушының несиені өтеу мүмкіндігін сипаттайды);

- тұрақты серіктестерінің болуы (кәсіпорынның жөнге салынған тығыз іскерлік байланысын сипаттайды).

Төртінші сатыда қаржылық жағдайын және субъективті факторларды бағалау  бойынша жиналған балдар сомасы негізінде қарыз алушының классы анықталады. 21-кестесінде қарыз алушылар классының балдық шкаласы келтірілген.

21-кесте – Қарыз алушының классын анықтау

Класс

Балл

Үлес салмағы, %

А

106 – 152

70 - 100

Б

83 – 106

55 - 70

В

53 - 83

35 - 55

Г

30 - 53

20 - 35

Д

< 30

< 20




 

 

Қарыз алушының тәуекелділік тобын  анықтау соңғы нәтиже болып табылады. Ол қарыз алушының классы мен берешегінің, яғни несие мен пайызды өтеу жиынтығына негізделе отырып анықталады.

Бағалаудың соңғы мәліметтері  мен тәуекелділік тобына сүйене отырып, жауапты несие қызметкері қарыз алушының несиеге қабілеттілік деңгейі банктің несие саясатының талаптарына сәйкес келе ме екендігін анықтауы қажет.

 

 

2.4 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ өзінің несиелік әрекетін Қазақстан Республикасының экономикасының барлық секторлары мен аймақтарында, сонымен қатар сыртқы нарықтарда жүзеге асырады. Банктің бизнесінің бағыттары шегінде әрекет ете отырып және несие саясатының белгіленген қағидаларында өзінің ішкі саясатын құра отырып, банк өзінің қызметінде келесі басымдылықтарды анықтайды.

Банк шағын және орта бизнес субъектілерін банктің несиелік қызметінде басты бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Несиелендірудің жеке шарттары қаржылық тұрақты және несие тарихы оң шағын және орта бизнес субъектілері үшін мүмкін.

Банк Қазақстан экономикасының әр түрлі секторларының негізін құрайтын ірі корпоративтік клиенттерді тартуға мүдделі.

Халықты несиелендіру өсудің үлкен  келешегі бар бағыт ретінде қарастырылады.

Бизнес ерекшелігін және мақсатқа сәйкес пайдаланылуын ескере отырып, клиенттердің несиеге деген қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін қазіргі сәтте  банкте несиелік бағдарламалардың келесі түрлері әрекет етеді:

- «Жылжымайтын мүлікті және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алу» бағдарламасы;

- «Жеке құрылыс пен тұрғын үйді жөндеу» бағдарламасы;

- «Тұрғын үй жағдайларын жақсарту» бағдарламасы;

- «Автокөлікті сатып алу» бағдарламасы;

- «Шұғыл қажеттіліктер» бағдарламасы;

- «Заңды тұлғаның кепілдемесіне» бағдарламасы;

- несиелендірудің халықтық бағдарламасы;

- табысты растаусыз кез келген мақсаттарға несиелер;

- «Зейнетақылық» кепілсіз несиесі;

- Шағын және Орта Бизнес үшін ««Самрұқ-Қазына» ұлттық игілік қоры» АҚ құралдарының есебінен ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлескен несиелендіру бағдарламасы;

- «Бизнес Экспресс» шағын несиелендіру бағдарламасы;

- «БИЗНЕС SMALL 2» бағдарламасы;

- «БИЗНЕС MEDIUM» бағдарламасы;

- кәсіпорындарды овердрафт нысанындағы қысқа мерзімді несиелендіру бағдарламасы.

«Жылжымайтын мүлікті және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін  сатып алуға» бағдарламасы пайдалануға дайын коммерциялық емес мақсаттағы жылжымайтын мүлікті және жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін сатып алуға несие беруді қарастырады. Несиелер тек жеке тұлғаларға ғана беріледі. қаржыландыру мерзімі 30 жылға дейін. Сыйақы мөлшерлемесі құрайды:

- АҚШ долларындағы жылдық 14 % - 15 % дейін;

- еуродағы жылдық 13,5 % - 14,5 % дейін.

Банктік қарыздың минималды сомасы 5000 доллар немесе еуро. Несие берудің  міндетті шарты – несие сомасынан 15 пайыздан кем емес бастапқы жарна  қажет.

Негізгі және қосымша қамтамасыз ету ретінде қабылдануы мүмкін:

- сатып алынатын немесе пайдалануға дайын қолда бар жылжымайтын мүлік;

- жеке тұлғалардың иелігіндегі коммерциялық жылжымайтын мүлік;

- жер учаскелері.

Міндетті сақтандыру қажет:

- дербес (апатты жағдайлар мен еңбек қабілетін жоғалтудан);

- мүліктік (кепіл заты);

- лауазымдық (меншік құқығын жоғалту нәтижесінде кепілденген мүлікті жоғалтудан сақтандыру).

«Жеке құрылыс пен тұрғын үйді жөндеуге»  бағдарламасы жеке меншік құрылыс пен  коммерциялық емес мақсаттағы тұрғын үй жылжымайтын мүлігін жөндеуге несие беруді қарастырады. Егер тұрғын үй жылжымайтын мүлігі берілген бағдарлама бойынша Банк құралдарының есебінен салынған болса ғана тұрғын үйді жөндеуге қарыз беріледі.

Қаржыландырудың минималды мерзімі 6 ай, максималды мерзімі  
15 жылға дейін. Несиелер тек жеке тұлғаларға ғана беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі құрайды:

- жылдық 15 % АҚШ долларында;

- жылдық 14,5 % еурода.

Банктік қарыздың минималды сомасы 5000 доллар немесе еуро, несиенің максималды сомасы қарыз алушының төлем қабілеттілігіне байланысты.

Несие берудің міндетті шарты –  сатып алынатын жылжымайтын мүлік  құны мен құрылыс жұмыстарының құнынан 15 пайыздан кем емес бастапқы жарна  қажет.

Тұрғын үй жылжымайтын мүлігінің  құрылысына берілген несие бойынша  кепіл ретінде төмендегілер қабылдануы мүкін:

а) өтініш берушінің табыстарын құжаттық растаусыз несиені берген жағдайда:

  1) негізгі қамтамасыз ету – қолда бар жылжымайтын мүлік;

  2) қосымша қамтамасыз ету – банктік салым, оның сомасы қарыз алушының меншік құралдарының қарастырылған қатысу мөлшерінен кем болмауы тиіс;

б) өтініш берушінің табыстарын құжаттық растаумен несиені берген жағдайда – негізгі қамтамасыз етудің болуы.

«Тұрғын үй жағдайларын жақсарту»  бағдарламасы пайдалануға дайын  коммерциялық емес мақсаттағы жылжымайтын мүлікті сатып алуға несие беруді қарастырады. Несиелер тек жеке тұлғаларға ғана беріледі. Қаржыландырудың минималды мерзімі 6 ай, максималды – 20 жылға дейін. Сыйақы мөлшерлемесі құрайды:

- жылдық 15 % АҚШ долларында;

- жылдық 14,5 % еурода.

Банктік қарыздың минималды сомасы 5000 доллар немесе еуро, несиенің максималды сомасы қарыз алушының төлем қабілеттілігіне  байланысты.

Кепіл беруші қарыз бойынша қосымша  қамтамасыз етуді іске асыру кезеңінде  негізгі қарыз бен сыйақыны төлеу  бойынша жеңілдік кезең  
орнатылады – қарыз беру сәтінен 4 ай.

«Автокөлікті сатып алуға» бағдарламасы сауда ұйымдары мен арнайы нарықтарда жаңа және бұрын пайдаланыста болған автокөлікті сатып алуға несие  беруді қарастырады. Қаржыландырудың  минималды мерзімі 3 ай, максималды – 7 жылға дейін. Несие сомасы қарыз алушының төлем қабілеттілігіне байланысты. Сыйақы мөлшерлемесі құрайды:

- автосалонда сатып алынған автомобильдің кепіліне – жылдық  
13 % АҚШ доллары мен еурода;

- автонарық арқылы сатып алынған автомобильдің кепіліне – жылдық  
14 % АҚШ доллары мен еурода.

Автонарық арқылы автомобильді сатып  ала отырып, банк берілген мүлікті  пайдалану мерзімі бойынша шектеулер  бекітеді, атап айтқанда:

- ТМД елдері, Қытай, басқа елдер – 5 жылға дейін;

- Корея, АҚШ – 7 жылға дейін;

- Жапония, Еуропа – 10 жылға дейін.

«Шұғыл қажеттіліктерге» бағдарламасы қарыздың мақсатқа сәйкес қолданылуын  қадағалаусыз тұтынушылық мақсаттарға  несие беруді қарастырады. Несие  өтінішін қарастыру мерзімі 5 жұмыс  күнін құрайды. Қаржыландырудың  минималды мерзімі 3 ай, максималды – 15 жылға дейін. Сыйақы мөлшерлемесі құрайды:

- жылдық 16,5 % - 18 % дейін АҚШ долларында;

- жылдық 16 % - 18 % дейін еурода.

Сонымен бірге жобалардың келесі сараптамалары  қарастырылған:

- қарызды қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын мүлікті келтірген жағдайда заңды қызметтің сараптамасы;

- қамтамасыз етуді бағалау;

- қауіпсіздік қызметінің сараптамасы.

«Заңды тұлғаның кепілдемесіне» бағдарламасы мерзімі 6 айдан 5 жылға дейінгі несиелендіруді қарастырады. Банктің өкілетті органының шешіміне сәйкес сыйақы мөлшерлемесі әрбір компания бойынша дербес анықталады.

Осы бағдарлама бойынша қарыз берудің  міндетті шарты – компаниямен (жұмыс  берушімен) ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасасу және Банкпен өзара қатынас  мәселелерін үйлестіретін компанияның жауапты қызметкерін анықтау, компания тарапынан қарыздарды басқару мен оларды өтеуді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады. Сәйкес компанияның шегінде берілетін барлық қарыздар бойынша өтеудің бірыңғай күні орнатылады. Сонымен бірге банк пен компания арасында ынтымақтастық туралы жасасқан келісім-шартта сәйкес компанияның шегігде берілетін қарыздарды өтеу күні тараптардың келісімі бойынша анықталады.

Компания қызметкерлеріне берілген қарыздар бойынша келесі қамтамасыз етуді келтіруі мүмкін:

- заңды тұлғаның кепілдемесі;

- банкте орналасқан депозит.

Несиелендірудің халықтық бағдарламасы – бұл кепілсіз несие, басты шарты – қарыз алушылардың еңбекақыны Халық банкінде алуы. Несие мерзімі 3 айдан 18 айға дейін. Банктік қарызды беру долларда жүзеге асырылады. Банктік қарыздың сомасы 200-ден 1000 АҚШ долларына дейін. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 16 пайызды құрайды.

«Зейнетақылық» кепілсіз несие  сапалы емделуге, салтанатты іс-шараларға (мерейтойларға), шаруашылық қажеттіліктерге  және басқа мақсаттарға несие беруді қарастырады, басты шарты – қарыз алушының зейнетақыны Халық банкінде алуы. Несие мерзімі 24 айға дейін. Шекті жасы - өтеу сәтінде 70 жас. Несиелер теңгеде беріледі. Банктік қарыздың сомасы:

- кепілсіз 50000-нан 150000-ға дейін;

- кепілмен 50000-нан 300000-ға дейін.

Несие бойынша кепілгер ретінде  еңбекақыны, зейнетақыны Халық банкі  арқылы алатын кез келген тұлға (туысқандар, жолдастар мен таныстар) бола алады. Несиені өтеу үшін банкке бару қажет  емес, бұл қарыз алушының зейнетақы шотынан автоматты түрде жүзеге асырылады. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 24 пайызды құрайды. Несие алу үшін қарыз алушы жеке куәлік пен СТН келтіруі қажет.

Шағын және Орта Бизнес үшін ««Самрұқ-Қазына»  ұлттық игілік қоры» АҚ құралдарының есебінен ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлескен несиелендіру бағдарламасы мерзімі 7 жылға дейінгі несиелендіруді қарастырады. Қаржыландырудың мақсаты төмендегідей:

а) бизнесті дамыту, айналым құралдарын толтыру;

б) инвестициялар:

  1) жылжымалы мүлік сатып алу;

  2) коммерциялық мақсаттағы ғимараттарды, мекемелерді жөндеу;

  3) жылжымайтын мүлік сатып алу.

Қарыз алу үшін қарыз алушы келесі шарттарды ұстануы қажет:

- әрекеттегі бизнестің болуы;

- теріс несие тарихының болмауы;

- салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша мерзімі аяқталған берешектің болмауы.

Несиелендірудің максималды сомасы 750 млн. теңгеге дейін. Тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,5 пайызға дейін.

«Бизнес Экспресс» шағын несиелендіру бағдарламасы бизнесті дамыту үшін несие беруді қарастырады. Қарыз мерзімі 12 айды құрайды. Несиелер теңгеде және АҚШ долларында беріледі. Қарыздың максималды сомасы  
10 мың АҚШ доллары немесе 1,5 млн. теңге. Тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 28,7 пайыздан 35,2 пайызға дейін АҚШ долларында және жылдық  
29,3 пайыздан 37,2 пайызға дейін теңгеде құбылады. Несиені алу үшін кепілді келтіру қажет. Кепіл ретінде автокөлік, жабдықтар, жеке меншік мүлік, айналымдағы тауарлар қабылданады.

Информация о работе Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)