Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:13, дипломная работа

Описание

Қызметтік мамандануға байланысты несиелік жүйенің ядросын шаруашылық айналымның несие-қаржылық қызмет көрсетуі бойынша жүгін артатын банктік  жүйе құрайды, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие институттарының қызметін шоғырландыратын бірыңғай орган болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында  нарықтық қатынастардың орнатылуы  мен кейінгі тереңдеуіне байланысты несиелік қызмет көрсету коммерциялық банктердің қызметінде маңызды рольді алады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың теориялық негіздері 6
1.1 Несие қызметі – банк бизнесінің негізі 6
1.2 Мәселелі несиелер және олардың пайда болу себептері, әдістері 10
1.3 Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасындағы несие портфелінің сапасын бағалау 20
2 2007-2008 жж. кезеңіндегі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да мәселелі несиелерді басқару жүйесін ұйымдастыруды бағалау 28
2.1 Банк қызметінің сипаттамасы және негізгі көрсеткіштері 28
2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие портфелін талдау 34
2.3 Несие портфелін қалыптастыру мен мәселелі несиелерді басқару бойынша банк саясатын бағалау 45
2.4 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары 54
3 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару механизмін жетілдіру
3.1 Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың даму болашағы
Қорытынды 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 81
А қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ бухгалтерлік балансы 84
Ә қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ табыстар мен шығындар туралы есеп беру
Б қосымшасы Графикалық бөлім

Работа состоит из  1 файл

Комм банктерде мәселелі несиелерді басқару.doc

— 1.27 Мб (Скачать документ)

6-сурет – 2007 жылдағы тәуекелдік  санаты бойынша коммерциялық  банктерінің берілген несие құрылымы, млрд. теңге.

7-сурет – 2007 жылдағы тәуекелдік  санаты бойынша коммерциялық  банктерінің берілген несие құрылымы, млрд. теңге.

 

Қаржылық дағдарыс басым банктерге  де өз әсерін тигізді, өз кезегінде  олар да күмәнді және сенімсіз несиелер санын ұлғайтты. 8 суретінде төрт ірі банктердің күмәнді және сенімсіз несиелерінің үлес салмағы келтірілген.

8-сурет – 2008 жылдың басылыңқы  ететін мәселелі несиелер құрылымы

 

Күмәнді несиелердің ең үлкен үлес салмағы «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на келеді және 56,04 % құрайды, ал сенімсіз қарыздар бойынша бірінші орынды «Қазкоммерцбанк» АҚ алады - 4,32 %. «БТА Банк» АҚ төрт банк арасында күмәнді (41,12 %) және сенімсіз (3,68 %) несиелер бойынша ең төмен позицияны иемденеді. Мәселелі несиелердің ұлғаюымен банктер қорлар сомасын ұлғайтуға мәжбүр. 2008 жылы күмәнді және сенімсіз несиелер бойынша қорлар сомасы 2007 жылмен салыстырғанда күрт ұлғайды. Күмәнді несиелер бойынша қорлардың жалпы сомасы 2008 жылы 61,3 млрд. теңгеге немесе 95,7 пайызға ұлғайды және 149,6 млрд.теңгені құрады. Сенімсіз несиелер бойынша қорлар сомасы 7,8 млрд. теңгеге немесе 94,3 пайызға ұлғайды және 75,1 млрд. теңгені құрады.

Банктер өтімділігінің тұрақтануына көбінесе мерзімі өткен берешекті  ұстап қалатын банк депозиттерінің әрекеттесетінін атап өту қажет.  
5 кестесінде екінші деңгейдегі банктермен тартылған депозиттердің динамикасы келтірілген.

 

5-кесте – Банктік депозиттерді тартудың көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

Тартылған депозиттердің  барлығы, млрд. теңге

731,2

1607,8

2523,0

4714,9

6424,0

- заңды тұлғалардың депозиттері

395,8

1159,8

1926,2

3680,7

4976,1

- жеке тұлғалардың депозиттері

335,4

448,0

596,8

1034,2

1447,9

Шетелдік валютадағы депозиттер үлесі 

47,1%

57,0 %

62,8%

58,1%

60,6%

Жиынтық депозиттерде жеке тұлғалар депозиттерінің үлесі 

45,9%

27,9%

23,7%

22,0%

22,6%


 

Кестеден депозиттердің жалпы  көлемі жылдан жылға отандық банктерде  ұлғайып келетінін көреміз. Банк жүйесіне салымдардың осындай ағымына  банк секторына сенімнің артуы да себеп болды, бұған салымдарды сақтандыру схемасын енгізу айрықша әрекеттесті. Үкімет салымның сақтандыру сомасын 700 мың теңгеден 5 млн. теңгеге дейін ұлғайтты. Коммерциялық банктердегі депозиттердің өсуін 9-10 суреттерінен көруге болады.

9-сурет – 2007 жылдағы коммерциялық  банктер депозиттік қорының өсім  серпіні.

 

10-сурет – 2008 жылдағы коммерциялық  банктер депозиттік қорының өсім  серпіні. 

2008 жылы тартылған депозиттердің сомасы 1709,1 млрд. теңгеге ұлғайды және 6424,0 млрд. теңгені құрады. Мұны банктердің қызметіндегі оң нәтиже ретінде бағалауға болады, себебі аталған ұлғаю банктердің тиімді дамуына да әрекеттеседі. Заңды тұлғалардың депозиттері 2008 жылы  
4976,1 млрд. теңгені құрады. Жеке тұлғалардың депозиттері де ұлғайды және 2008 жылы 1447,9 млрд. Теңгені құрады.

 

 

2 2007-2008 жж. кезеңіндегі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да мәселелі несиелерді басқару жүйесін ұйымдастыруды бағалау

 

 

2.1 Банк қызметінің сипаттамасы және негізгі көрсеткіштері

 

Қазақстан Халық Банкі – өте бай тарихы бар еліміздің ірі коммерциялық банктерінің бірі. 2009 жылы Қазақстан Халық Банкіне 86 жыл толды. Халық Банкінің тарихы – бұл 1923 жылы Ақтөбе қаласында бірінші жинақтақтаушы кассасының ашылуынан бастау алған Қазақстан территориясында жинақтау жүйесінің пайда болу және даму тарихы. Дамудың бай тарихы бізге тұрақты дәстүрлерді қалыптастыруға және кең әрі пайдалы жұмыс тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік берді. «Қазақстан Халық Банкі» ашық акционерлік қоғамы ел тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін түзілген Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылған Жинақтаушы банкінің негізінде іргесі қаланды. Халық Банкінің қазіргі тарихы – бұл ең жаңа банктік технологияларды үздіксіз енгізу, қызмет көрсету сапасын жоғарылату және банк қыметінің саласын кеңейту үрдісі. Банк бөлшек сауда мен корпоративті клиенттерге, шағын және орта бизнес (ШОБ) клиенттеріне қызмет көрсетудің кең спектрін (банктік қызметтер, зейнетақы қорының қызметтері, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару) келтіретін әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келеді.

Халық Банкі Қазақстанның ірі банктерінің бірі бола отырып, қаржы нарығының барлық сегменттерінде операцияларды жүргізеді. 2002 жылы, жекешелендіру аяқталған соң, Банк жетекшілігімен халықаралық стандарттар деңгейінде банктік қызметтердің максималды кең спектрін келтірумен нарық позицияларын жаулап алу стратегиялық міндеті қабылданды. Сонымен бірге жинақтау ісі саласындағы жинақталған мол тәжірибе мен дәстүрлерді ескере отырып, Халық Банкі ұзақ мерзімді басымдылық ретінде қалың бұқара халық үшін қызмет көрсетуді дамыту мен аймақтарда позицияларын күшейтуді сақтап отыр.

Қазақстан Халық Банкі халықтық қоғам мәртебесіне ие, Жинақтаушы Банктердің Халықаралық Институтының мүшесі және жеке тұлғалар депозиттерін міндетті ұжымдық сақтандыру ұлттық жүйесінің қатысушысы болып табылады.

«Қазақстан Халық жинақтаушы банкі» ашық акционерлік қоғамының банктік  операцияларды жүзеге асыруға 1995 жылдың 23 тамызынан № 10 Бас лицензиясы бар.

Заңды және жеке тұлғалар банк акционерлері болып табылады. Банк акционерлерінің  саны мен құрамы шектелмеген. 01.01.2007 ж. жағдайы бойынша банк акционерлерінің саны 32519, айналымдағы акциялардың жалпы саны 9881087 дананы құрады.

Банк қызметінің мақсаты жеке және заңды тұлғалардан ақша құралдарын тарту және салымшылардың мүдделерін қорғай отырып, оларды қайтарымдылық, төлемділік, мерзімділік шарттарында орналастыру, жеке және заңды тұлғаларға несиелік-есеп айырысу қызметін көрсетуді жүзеге асыру болып табылады. «Қазақстан Халық банкі» АҚ банктік қызметтер нарығында келесі операцияларды іске асырады:

- келісім-шарт негізінде депозиттерді тарту;

- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу;

- клиенттер мен банк-корреспонденттердің тапсырмасы бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру, оларға кассалық қызмет көрсету;

- заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру;

- инвестицияланатын құралдар иегерлерінің немесе басқарушыларының тапсырмасы бойынша күрделі салымдарды қаржыландыру;

- заңмен қарастырылған тәртіпте меншік құнды қағаздар (вексельдер, облигациялар, депозиттік сертификаттар, акциялар және т.б.) мен төлем құжаттарын (чектер, пластикалық, кредиттік және дебиттік карточкалар) шығару;

- төлем құжаттары мен басқа құнды қағаздарды сатып алу, сату, сақтау және басқа да операциялар;

- үшінші тұлғалар үшін кепілдемелер мен басқа міндеттемелерді беру;

- банктік операциялар бойынша брокерлік қызмет көрсету;

- клиенттер үшін құжаттар мен құндылықтарды сақтау бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);

- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, соның ішінде сатушыға тәуекел құқығынсыз (форфетирлеу);

- клиент тапсырысы бойынша сенімхат бойынша жүргізілетін операциялар;

- банктік қызметпен байланысты кеңестік қызмет көрсету;

- лизингтік операцияларды жүзеге асыру;

- Ұлттық Банк тапсырмасы бойынша келісім негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді кассалық орындау бойынша операцияларды іске асыру.

Құнды қағаздар нарығында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ кәсіби әрекетінің келесі түрлерін жүзеге асырады:

- брокерлік – мемлекеттік құнды қағаздармен;

- дилерлік – мемлекеттік құнды қағаздармен, сонымен қатар басқа құнды қағаздармен;

- кастодиальді;

- клирингтік.

Қор нарығында белсенділікті арттыру  мен қаржы құралдарын кеңірек пайдалану үшін, қызмет көрсету шеңберін кеңейту үшін Халық банкі құнды қағаздармен және қор нарығының басқа құралдарымен операцияларды жүргізетін, андеррайтингтік қызметпен айналысатын «Халық Финанс» компаниясын құрды.

«Жыл таңдауы» халықаралық фестиваль-байқауында Халық банкі  
2002 жылы «Қазақстанның Жыл Банкі» атанды.

«Ernst & Young» компаниясы Қазақстан Халық Банкінің аудиторы болып табылады.

Банк бүкіл өзінің қызметі барысында  Қазақстаннның ең ірі қаржы мекемелерінің  қатарына кірді. Бүгін Қазақстанның Акционерлік Жинақтаушы Халық Банкі – бұл активтер көлемі бойынша екінші деңгейдегі ең ірі банк.

Халық банкі Үкіметтің әлеуметтік бағдарламаларын орындауға белсенді қатысады. Тек 2008 жыл ішінде зейнетақы қорымен 13 млрд. астам сомаға зейнетақы мен жәрдемақылар төленді. Қазіргі уақытта Филиал бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және Қазынашылықтың тапсырмасы бойынша кассалық төлемдердің бүкіл көлемін қамтамасыз етеді.

ҚР Қаржы министрлігінің тендерлік комиссиясы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ын мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша және ҚР-да жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу құқығына уәкілді агент деп анықтады. Банк бюджеттік ұйымдар үшін қолма-қол ақшаны қабылдау мен төлеуді қамтамасыз ететін банк-агенттерді анықтау бойынша байқаудың жеңімпазы болып табылады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ – бұл ҚР бүкіл территориясында келтірілген республикадағы ең ірі филиалдық желі. Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелер бүкіл дерлік елді-мекендерде орналасқан. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның жалпы филиалдық желісі 2009 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша 22 облыстық – аймақтық филиалдан, 125 басқармадан,  
467 бөлімшеден тұрады. Филиалдардың құрылымы тұрақты қаржыландыруды, қатаң бақылауды, жылдам есеп айырысуларды және қызметтердің стандартизациясын қамтамасыз ететін басқару деңгейлерінің тұрақтанған иерархиясы бар аймақтық принцип бойынша ұйымдасқан. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ұйымдық құрылымы В қосымшасында келтірілген.

Банкте банкішілк төлем жүйесінің  қайта ұйымдасуы жүргізілген. Есеп айырысулардың электронды жүйесіне барлық Аудандық Филиалдар қосылған. Төлем жүйесін жетілдіру қалалар арасында банк салымшыларының есеп-шоттарына жедел аударымдарды «күнбе күн» келтіруге мүмкіндік берді. Ұқсас қызмет корпоративті клиенттерге де келтіріледі.

Халық Банкі жылдам дамып келе жатқан ипотекалық несиелендіру нарығында (екі көрсеткіш үшін де нарықтық үлесі шамамен 20 %) бөлшек сауда депозиттерінің ең үлкен базасы мен ең үлкен портфеліне ие. Сонымен бірге Банк шығарылған төлем карточкаларының саны бойынша (нарықтық үлесі  
50 % астам) танылған көшбасшы болып табылады. Банк өзінің филиалдар мен банкоматтар желісі арқылы, сонымен қатар жылдам темппен дамып келе жатқан «Интернет-банкинг» және «Мобильді банкинг» жүйелері арқылы шамамен 6 млн. клиентке қызмет көрсетеді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ:

- Қазақстан Республикасының Банктер Ассоциациясының мүшесі;

- «AFINEX» – қаржы құралдарының Алматы биржасының мүшесі;

- KASE – қазақстандық қор биржасының мүшесі;

- Ортаазиялық қор биржасының мүшесі;

- Алматы Клирингтік палатасының қатысушысы;

- БЕҚО – Банкаралық есеп-айырысулар Қазақстандық орталығының ірі төлемдер жүйесінің мүшесі;

- халықаралық төлем карточкалары «EvroCard/Master» және «VISA» жүйелерінің мүшесі;

- «SWIFT» халықаралық төлемдер жүйесінің қатысушысы;

- «REUTERS» халықаралық банк жүйесінің қатысушысы болып табылады.

Банктің инвестициялық  тартымдылығы, «Қазақстан Халық  
Банкі» АҚ-ның банк секторындағы жағдайы, кадрлар құрамының сапасын жоғарылату, сонымен бірге өндіріс технологияларын үнемі жетілдіру «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның күшті жақтары болып табылады.

Ал әлсіз жақтары болып  берілген қызмет түріне тән жоғары ерекше тәуекелдер болып саналады.

2007 жылы Халық банкі Грузия мен Монғолияда еншілес банктерді құруға рұқсат алды.

2007 жылы банк активтерінің елеулі ұлғаюы болды. 2007 жылдың  
1 қаңтарына олар 1567245252 мың теңгеге жетті, бұл 2006 жылы  
960342243 мың теңгені құраған деңгеймен салыстырғанда 45,72 пайызға жоғары. Активтер құрамы 2006 жылдың аяғымен салыстырғанда 2007 жылдың аяғында құнды қағаздарға салымдар 16,35 пайыздан 17,23 пайызға дейін, қолма-қол ақша 11,36 пайыздан 12,02 пайызға дейін өсу жағына өзгерді, несие портфелі 39,4 пайызға ұлғайды. Активтің басқа баптары едәуір өзгерген жоқ.

Меншік капитал 2006 жылдың 1 қаңтарына 122286737 мың теңгені құрады, 2007 жылдың 1 қаңтарына капитал көлемі 141295781 мың теңгені немесе 67,7 % құрады, 19009044 мың теңгеге капиталдың ұлғаюы болды.

Несиелендіру бұрынғыша  банктің активті операциялар  құрылымында басым. 2007 жылы банк несиелендіру көлемін ұлғайтты. 2007 жылдың жағдайы бойынша банктің несие портфелінің көлемі 1069603396 мың теңгені құрады (2006 жылға қарағанда 39,4 % жоғары).

Информация о работе Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)