Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:13, дипломная работа

Описание

Қызметтік мамандануға байланысты несиелік жүйенің ядросын шаруашылық айналымның несие-қаржылық қызмет көрсетуі бойынша жүгін артатын банктік  жүйе құрайды, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие институттарының қызметін шоғырландыратын бірыңғай орган болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында  нарықтық қатынастардың орнатылуы  мен кейінгі тереңдеуіне байланысты несиелік қызмет көрсету коммерциялық банктердің қызметінде маңызды рольді алады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың теориялық негіздері 6
1.1 Несие қызметі – банк бизнесінің негізі 6
1.2 Мәселелі несиелер және олардың пайда болу себептері, әдістері 10
1.3 Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасындағы несие портфелінің сапасын бағалау 20
2 2007-2008 жж. кезеңіндегі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да мәселелі несиелерді басқару жүйесін ұйымдастыруды бағалау 28
2.1 Банк қызметінің сипаттамасы және негізгі көрсеткіштері 28
2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие портфелін талдау 34
2.3 Несие портфелін қалыптастыру мен мәселелі несиелерді басқару бойынша банк саясатын бағалау 45
2.4 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары 54
3 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару механизмін жетілдіру
3.1 Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың даму болашағы
Қорытынды 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 81
А қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ бухгалтерлік балансы 84
Ә қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ табыстар мен шығындар туралы есеп беру
Б қосымшасы Графикалық бөлім

Работа состоит из  1 файл

Комм банктерде мәселелі несиелерді басқару.doc

— 1.27 Мб (Скачать документ)

Несиені ұзартудың ұзақ мерзімдері банк өтімділігіне теріс әсер етеді, ал қарызды өтеудің мерзімдерін бұзу жиі уақытта қарыз алушының қаржылық жағдайындағы жетіспеушіліктердің симптомы болып табылады. Банктердің несиелік қызметі негізгі экономикалық қызмет болып табылады және олар өзінің несиелік қызметтерін қаншалықты жақсы жүзеге асыруынан қызмет көрсетілетін клиенттердің экономикалық жағдайы соншалықты тәуелді. Сондықтан несиелендіру мерзімдерін таңдау барысында банктер қарыз алушының объективті қажеттіліктерін ескерулері қажет.

Өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында банк сенімді  қарыз алушыларға ықылас бөле отырып, қаржыландырылатын жобалар мен  клиенттерді өте қатаң таңдайды. Сонымен бірге несие бөлу жөнінде  шешім қабылдауда қарыз алушының несие тарихы, оның қаржылық жағдайы, экономиканың басым салаларының дамуында қаржыландырылатын жобаның маңызы мен шығын орнының өтелуі, сонымен қатар несие бойынша ұсынылатын қамтамасыз етудің сенімділігі мен жоғары өтімділігі анықтаушы фактор болып табылады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ қарыздық активтерінің сапасы бойынша несие портфелінің құрылымы 8-кестесінде келтірілген.

8-кесте – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие портфелінің сапасы

 

Несие түрі

01.01.2008 ж.

01.01.2009 ж.

Ауытқу

сома,

мың теңге

%

сома,

мың теңге

%

Стандартты

262 566 776

39,61

315 447 416

40,01

52880640

Күмәнді,

барлығы

786 526 454

55,85

863 949 887

56,04

77423433

І санаттағы күмәнді

571 124 267

34,13

371 385 370

50,31

199738897

ІІ санаттағы күмәнді

158 321 900

10,72

315 956 820

1,47

157634920

ІІІ санаттағы күмәнді

47 961 968

6,83

137 505 446

4,03

89543478

IV санаттағы күмәнді

5 095 777

2,12

17 324 573

1,03

12228796

V санаттағы күмәнді

4 022 542

2,05

21 777 678

2,13

17755136

Сенімсіз

20 510 166

3,17

52 827 475

3,95

32317309

Барлығы

1069603396

100

1232224778

100

162621382




 

8-кестесінің мәліметтері бойынша қарыздық активтердің сапасы бойынша (тәуекелге толы) несие портфелінің құрылымы мәселелі несиелердің үнемі болуымен сипатталатыны туралы қорытынды жасауға болады.

2008 жылы стандартты  несиелердің деңгейі 0,4 пайызға ұлғайды, бұл жағымды фактор болып табылады. 1-5 санаттағы күмәнді және сенімсіз несиелер жататын мәселелі несиелер деңгейі зерттелетін кезең ішінде  
0,97 пайызға ұлғайды. Алайда 2006 жыл мен 2007 жылдарда мәселелі несиелер деңгейі 0,4 пайызға төмендеді, ал 2008 жылдан бастап олардың үлесі күрт ұлғайды және 3,95 % құрады, бұл несиелік қызметтің табыстылығына кері әсер етеді. Мәліметтерді көрнекі келтіру үшін 20-21 суреттері берілген.

 

20-сурет – 2007 жылы банктің несие портфеліндегі мәселелі несиелердің құрылымы

 

21-сурет – 2008 жылы банктің несие портфеліндегі мәселелі несиелердің құрылымы

 

Қандай да бір мүлікке банктің  басым құқықтары түріндегі несиені  қамтамасыз етуі берілген жағдайда несиені толық және уақытында қайтарудың қосымша кепілі ретінде алға шығады, қарыз алушының төлем қабілетсіздігі, банкроттығы, ликвидациясы кезіндегі немесе оның қарызды өтеуден бас тартқан кездегі тәуекелді төмендетеді. Банк тәжірибесінде несиені қамтамасыз етудің бір түрі ретінде кепіл сияқты түрі жиі кездеседі. 2008 жылдағы кепілдік механизмнің құрылымы 9-кестесінде келтірілген.

 

9-кесте – 01.01.2009 ж. жағдайы бойынша банк кепілінің құрылымы

 

Атауы

Сома, мың теңге

Үлес салмағы, %

 

Жылжымайтын мүлік

757894678

62

Жабдық, ауыл шаруашылық техникасы

141845200

13

Айналымдағы тауарлар және дайын өнім

105286974

10

Автокөлік

103634581

9,8

Құнды қағаздар

16545687

1,7

Ауыл шаруашылық мал

6985613

0,4

Ақша құралдары

10798631

0,8

Кепілдемелер

89233412

2,3

Барлығы

1232224778

100


 

Кестеден меншіктің әр түрлі  нысанындағы кәсіпорындарды коммерциялық несиелендіру және жеке тұлғаларды несиелендіру банкте негізінен жылжымайтын мүлік  кепіліне жүзеге асырылатынын көреміз.

Екінші орныда – жабдықтар мен ауыл шаруашылық техникасы, оның үлесі кепіл құрылымында 13 % құрайды.

Кепіл құрылымында айналымдағы  тауарлар, дайын өнім де бар, олар сапаның  келесі критерийлеріне сәйкес келуі  қажет: жылдам сатылым, бағаның салыстырмалы тұрақтылығы, сақтандыру мүмкіндігі, сақталудың ұзақ мерзімдігі.

Кепіл құрылымын көрнекі  түрде 22-суретінен көруге болады.

 

 

22-сурет – 2008 жыл үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ кепіл құрылымы

 

Банк қарыз алушылардың 10-кестесінде келтірілген келесі түрлеріне несие берді.

 

10-кесте – Қарыз алушылардың түрлері бойынша қарыздардың жіктелуі

 

Қарыз алушылар түрі

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

Ауытқу

сома, мың теңге

үлес салмағы%

сома,

мың теңге

үлес салмағы, %

сома,

мың теңге

үлес салмағы%

Заңды тұлғалар

423649815

67,9

839845612

70,3

1013128598

74,7

596932801

Жеке тұлғалар

239115479

32,1

229757784

29,7

219096180

25,3

209738485

Барлығы

662765294

100

1069603396

100

1232224778

100

825386676


 

2008 жылы қарыздардың  ең көп мөлшері заңды тұлғаларға  берілгенін  
10 кестесінен көреміз. Олардың сомасы 173282986 мың теңгеге немесе  
4,4 пайызға ұлғайды.

Енді қарыз алушылардың  түрлері бойынша қарыздардың  жіктелуін көрнекі түрде 23 суретінен  көрейік.

23-сурет – 2008 жыл үшін қарыз алушылардың типтері бойынша қарыздардың жіктелуі

 

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-да «мәселелі» несиені  қайтару бойынша  
іс-шаралар жоспары нақты жағдайлар мен мәселелі несиенің пайда болу себебін, сонымен қатар несиелендірілетін объектінің индивидуалдығын ескере отырып құрастырылады. Сонымен бірге ол «мәселелі» несиені қайтару бойынша келесі шаралардан құралуы тиіс:

- қарыз алушының бизнесін ақтау немесе несие құрылымын өзгерту мүмкіндігін қарастыру бойынша;

- несиені қамтамасыз ететін мүлікті сату бойынша, соның ішінде еріксіз сот тәртібінде;

- қарыз алушының банкроттығын қоса отырып, несиені сот тәртібінде, сонымен қатар құқық қорғау органдары арқылы несие бойынша берешекті өндіріп алу.

Сонымен бірге банктің төмендегі  кестеде келтірілген міндетті резервтері бар:

 

11-кесте – Міндетті резервтер              Мың теңге

 

Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

Ауытқу

Міндетті резервтер

73651401

68521406

5129995

Клиент несиелері бойынша жоғалтуларға резервтер

67848502

134856626

67008124

Барлығы:

141499903

203378032

61878129


 

Банк қазақстандық заңнамаға сәйкес банктің белгілі бір міндеттемелерінің үлесі ретінде есептелген міндетті резервтердің белгілі бір көлемін ұстап тұруға міндетті. Бұл резервтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің депозиттерінде немесе қолма-қол ақша ретінде сақталуы қажет және олардың көлемі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттер жиынтығының орташа айлық қалдығы мен қолма-қол ақшаға байланысты.

 

 

2.3 Несие портфелін қалыптастыру мен мәселелі несиелерді басқару бойынша банк саясатын бағалау

 

Сауатты несие саясатын қалыптастыру кезінде негізгі көңіл табыстылық деңгейі мен сенімсіз қарыздардың  болуы арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Осы мақсатпен несиелік операцияларды басқару банктің  негізгі қызметі болып табылады. Оған несиелердің алуан түрлері бойынша лимиттерді бекіту және банктің ағымдағы өтімділігін сақтау жатады. Сонымен бірге несие портфелін басқару экономика секторлары бойынша, аймақтар мен клиенттер бойынша несие портфелін саналы әртараптандыруды, сонымен қатар банктің жалпы активтеріндегі несие портфелінің көлемін анықтауды тұспалдайды.

Қазақстан Республикасының банк секторы  соңғы 12 жылда серпінді дамып келе жатыр. Ол Халық Достастығы Елдерінде  ең капиталдандырылған болып отыр –  Қазақстандағы бір банкке шаққандағы капиталдандырудың орташа деңгейі 3,5 миллиард теңгені құрайды.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ экономиканың нақты секторын едәуір белсенді түрде несиелендіреді. Қазіргі уақытта банктің барлық активтерінің шамамен 60 пайызы экономиканы несиелендіруге бағытталған. Жоғарыда аталған факт қазіргі уақытта активтердің жиынтығынан 60-65 пайыз сомасындағы несие портфелі мен жоғары өтімділігі бар дамыған елдердің универсалды банктеріне «Қазақстан Халық Банкі» АҚ активтер құрылымы бойынша айтарлықтай жақындағаны жөнінде куәландырады.

Капитал мөлшерінің ұлғаюы банкке ресурстарды  тарту мөлшерін кеңейтуге және экономиканы  несиелендіру көлемін ұлғайтуға  мүмкіндік береді. Сыртқы орта жағдайларының  күрделілігі мен өсіп келе жатқан бәсекелестікке қарамастан, осы жылы банк халықтың тартылған құралдар көлемін 30 пайызға ұлғайтуға қол жеткізді. Шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша бағдарламаларды қоса, арнайы несиелік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында банк нақты секторды несиелендірудің көлемін кеңейтті.

Тенденцияларды сақтау үшін тәуекел деңгейін төмендету мен банктің көбірек пайда алу мақсатында банктің несие саясатын дұрыс қалыптастыру және несие портфелін сауатты басқару қажет. Несие нарығының ең пайдалы сегменттеріне (соның ішінде шағын және орта бизнестің дамуы ерекшеленеді) қаржы салуға несие портфелінің құрамын бағыттау арқылы және несиелендірудің тартымсыз бағыттарына салымдарды қысқарту арқылы несие портфелін басқару банк пайдалылығын жоғарылатады. Осыған байланысты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ нарықтың ағымдағы жағдайына сәкес жоғары табыстық пен төмен тәуекелдік бағыттарын бір уақытта анықтайды, өткен кезеңдердің несиелік қызметінің әр түрлі бағыттарының тәуекелдігін ретроспективті талдау арқылы несие нарығының басым сегменттерін іріктейді, банктің стратегиялық мақсаттары мен басымдылықтарының өзгеруіне сәйкес несиелендірудің бағытын түзетеді, перспективті салалардағы несиелендіру көлемін ұлғайтады және аз тартымды секторлардың қаржыландыруын тоқтатады. Мұндай әрекеттер несиенің қайтымсыздығын жабуға оңтайлы резервін анықтауға және, сәйкесінше, экономикалық негізделген несие саясатын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Банктің несиелік операцияларын басқару  үрдісі несиелік талдаудың бұрын  өткен үрдісінен құралады және де қарыз алушының несиеге қабілеттілігінің өзгеруін қадағалау мен мәселе туындаған кезде қажетті әрекеттерді анықтау оның мақсаты болып табылады. Жедел ақпаратты алу үшін және оны уақытында талдау үшін клиентпен тығыз байланысты сақтау берілген үрдістің маңызды сәті болып табылады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да несиелік операцияларды басқару несие мониторингісін жиі жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Сенімді ақпаратты жинау және оны  үнемі талдау несие мониторингісінің ең маңызды элементі болып табылады. Үнемі талдаудың негізгі элементтері  болып өтімділік, қаржылық құрамы, пайдалылық болып табылады.

Бүгінгі таңда «Қазақстан Халық  Банкі» АҚ портфелінде алуан түрлі  мәселелі несиелер келтірілген, «мәселелік»  мерзімі бір жылдан асатын несиелер де бар. Әрине, мұндай қарыздарды қайтару  қиынырақ, бұған айтарлықтай көп  күш жұмсалады, қорыта келгенде бұл біздің клиенттер үшін де қымбатқа соғады. Сондықтан банк пен сақтандыру компаниясының мүддесін сақтау мақсатында мерзімі өткен берешекпен жұмысқа кәсіби коллекторларды мүмкіндігінше ерте тарту қажет.

Дамыған еуропалық елдерде коммерциялық банктер өзінің активтері мен пассивтерінің сапасына талаптарды өздігінен анықтайды. Акционерлер өкілеттік беретін ішкі қызметтер берілген салада бақылаушының қызметін орындайды. Әлемдік тәжірибеде мәселелі несиелердің 4-5 % аспайтын үлес салмағының көрсеткіші қабылдарлық болып саналады.

Несиелік тәуекелділікті басқару  әдістері негізінен несие беру жөнінде  мәселені қарастыру үшін клиент банкке келтіретін сәйкес құжаттарды талдаумен  байланысты. Сонымен бірге клиенттердің әр түрлі топтары үшін қажетті құжаттардың әр түрлі тізімдері әзірленуі мүмкін (несие берудің мақсатқа сәйкестігін қарастыру үшін). Мысалы, тексерілген бұрынғы клиенттер әр түрлі түсімдер мен төлемдердің графигін, басқа банктерден алынған несилер жөнінде мәліметтерді, ал кейбір жағдайларда несиелік келісімнің техникалық-экономикалық негізделуін келтіру қажеттігінен босатылуы мүмкін.

Сонымен, қарыз алушымен келтірілетін негізгі құжаттардың тізімін  келтірейік:

- соңғы айдың 1-ші күніне және соңғы тоқсандық күнге қарыз алушы-кәсіпорынның балансы;

- несиелік келісімнің пайдалылығын, шығын орнының өтелуін сипаттайтын техникалық-экономикалық негіздеме;

- несиелендірілетін келісімдерді растайтын келісім-шарттардың көшірмелері;

- қарыз алушы-кәсіпорынның құрылтай құжаттарының көшірмелері;

Информация о работе Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)