Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:13, дипломная работа

Описание

Қызметтік мамандануға байланысты несиелік жүйенің ядросын шаруашылық айналымның несие-қаржылық қызмет көрсетуі бойынша жүгін артатын банктік  жүйе құрайды, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие институттарының қызметін шоғырландыратын бірыңғай орган болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында  нарықтық қатынастардың орнатылуы  мен кейінгі тереңдеуіне байланысты несиелік қызмет көрсету коммерциялық банктердің қызметінде маңызды рольді алады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың теориялық негіздері 6
1.1 Несие қызметі – банк бизнесінің негізі 6
1.2 Мәселелі несиелер және олардың пайда болу себептері, әдістері 10
1.3 Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасындағы несие портфелінің сапасын бағалау 20
2 2007-2008 жж. кезеңіндегі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да мәселелі несиелерді басқару жүйесін ұйымдастыруды бағалау 28
2.1 Банк қызметінің сипаттамасы және негізгі көрсеткіштері 28
2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие портфелін талдау 34
2.3 Несие портфелін қалыптастыру мен мәселелі несиелерді басқару бойынша банк саясатын бағалау 45
2.4 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары 54
3 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару механизмін жетілдіру
3.1 Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың даму болашағы
Қорытынды 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 81
А қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ бухгалтерлік балансы 84
Ә қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ табыстар мен шығындар туралы есеп беру
Б қосымшасы Графикалық бөлім

Работа состоит из  1 файл

Комм банктерде мәселелі несиелерді басқару.doc

— 1.27 Мб (Скачать документ)

 

Әдетте, экспортқа бағытталған  өнеркәсіптің мұнай және газ салалары сияқты қазақстандық қаржылық емес ұйымдармен тартылған барлық құралдардың 50 % астамы ішкі корпоративтік несиелер нысанында халықаралық басты компаниялардан алынды.

2008 жылы стандартты активтер  мен шартты міндеттемелердің  үлес салмағы 14,7 пайызға қысқарды, күмәнді - 14,6 пайызға ұлғайды және 41,5 пайызды құрады, сенімсіз активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі 1,0 пайызды, ұлғаю 0,1 пайызды құрады.

Коммерциялық банктердің активтер мен шартты міндеттемелер сапасының  жіктелуі 26-27 суреттерінде көрсетілген.

 

26-сурет – 2007 жылдағы коммерциялық банктерінің активтері және шартты жағдайлары.

 

27-сурет – 2008 жылдағы коммерциялық  банктерінің активтері және шартты  жағдайлары.

 

Қазақастандық банктер  активтерінің сапасының есептік  көрсеткіштері толық экономикалық цикл бойы тексерілмеген жас және жылдам өсірілген несиелік портфелімен байланысты тәуекелдерді толық мөлшерде көрсетпейді. Несиелендірудің жоғары өсуінен соңғы жылдары мәселелі несиелердің жинақталуы байқалмады. Несиелердің көбісі жеткілікті бабына келтірілмеген болды. Өсіп келе жатқан нарық жағдайында несиелер бойынша, тіпті мәселелі несиелер бойынша, міндеттемелер оңай қайта қаржыландырылуы мүмкін болды.

Сонымен бірге қазақстандық экономиканың ерекшеліктеріне байланысты несиелік портфельдер, әдетте, несиелендірудің жеке объектілері мен субъектілерінде жоғары концентрациясымен ерекшеленеді, сол себепті несиелік тәуекелдер одан ары жоғарылайды. Соңғы жылдары Қазақстанда ірі банкроттықтар болған жоқ, тек бірнеше құрылыс компаниялары мен орта мөлшердегі екі банктің дәулетсіздігін ғана атап өтуге болады. Алайда мәселелі несиелердің жеткілікті нақты жіктелмегендіктен потенциалды мәселелер жете бағаланбайды. Теңге курсының одан арғы төмендеуі қарыз алушылардың өз берешектерін өтеу қабілеттігіне теріс әсер етуі мүмкін. Сонымен бірге  
2007 жылдың соңында қазақстандық банк жүйесінде берілген барлық несиелердің 51%-ы шетел валютасында көрсетілген. 24 кестесінде теңгеде және шетел валютасында берілген несиелердің динамикасы келтірілген.

 

24-кесте – Коммерциялық банктердің берілген несиелерінің динамикасы

 

Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

сома, млрд. теңге

үлес салмағы, %

сома,

млрд. теңге

үлес салмағы, %

Шетел валютасындағы  несиелер

2441,35

51

4034,15

47

Теңгедегі несиелер

2251,35

49

4834,15

53

Барлығы

4692,7

100

8868,3

100


 

Кестеден несиелердің ең үлкен  үлес салмағын 2008 жылы теңгеде берілген несиелер алатынын көруге болады. Ұлғаю  2582,8 млрд.теңгені немесе 4 пайызды құрады. Шетел валютасындағы несиелердің үлес салмағы 4 пайызға төмендеді. Бұл, ең алдымен, теңгеге қатысты валюта курсының тұрақсыздығымен байланысты. Мәліметтерді көрнекі түрде қабылдау үшін  
28-29 суреттері келтірілген.

 

 

28-сурет – 2007 жылдағы коммерциялық  банктерінің несиелер меншікті  салмақ үлесі.

29-сурет – 2008 жылдағы коммерциялық  банктерінің несиелер меншікті  салмақ үлесі.

 

Несиелер бойынша мөлшерлемелердің өсуі қарыз алушыларға қосымша қысым  жасайды және активтер сапасының  төмендеу ықтималдығын жоғарылатады. Шикізат (әсіресе мұнай және газ) нарықтарында қолайлы баға конъюнктурасымен және үй шаруашылықтары тұтынуының қарқынды өсуімен себептелетін қаржы құралдарының тұрақты ағылуы осы мәселелердің шиеленісуін әлсіретіп қана қойды. Ағымдағы шиеленістің активтер сапасына әсер ету салдары әзірше толық байқалмайды. Қазақстандық банк жүйесіндегі қызмет етпейтін несиелердің үлесі (негізгі қарыздың немесе пайыздық төлемдердің мерзімі 1 күннен аса өткен несиелер) 2007 жылдың ортасында  
0,9 %-дан 2007 жылдың соңында 2 %-ға дейін өсті. Алайда берілген сатыда потенциалды мәселелер мүмкін әлі айқындалған жоқ және де олар жақын айларда көрінуі мүмкін. Теріс тенденцияның пайда болу мүмкіндігі жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің стандарттарына сәйкес күмәнді және сенімсіз ретінде жіктелген несиелер деңгейінің жоғарылауы куәландыруы мүмкін. 2004-2008 жылдар аралығы кезеңінде тәуекелдік дәрежесі бойынша берілген несиелердің жіктелуі 25 кестесінде келтірілген.

 

25-кесте – Коммерциялық банктерінің сапасы бойынша жиынтық несие портфелінің жіктелуі

 

Көрсеткіштер, млрд. теңгеде

2004

2005

2006

2007

2008

1

2

3

4

5

6

Стандартты

445,8

1134,2

2319,5

3989,4

7939,7

1 санаттағы күмәнді

147,3

159,6

142,3

129,6

252,4

2 санаттағы күмәнді

98,2

134,1

27,6

187,1

261,8

3 санаттағы күмәнді

87,5

142,3

23,1

132,2

213,7

4 санаттағы күмәнді

73,1

98,5

19,6

147,4

68,2

5 санаттағы күмәнді

49,6

81,1

44,5

39,7

57,4

Сенімсіз 

76,6

60,1

15,5

67,3

75,1

Барлығы

978,1

1812,9

2592,1

4692,7

8868,3


Кесте мәліметтері күмәнді және сенімсіз несиелердің көлемі соңғы  уақытта ұлғайып келетінін растайды. Сенімсіз несиелердің үлес салмағы банктердің несиелік портфеліне жағымсыз әсер ете отырып, 2008 жылы  
75,1 млрд. теңгені құрады.

Бұл, ең алдымен, қарыз алушылардың  төлем қабілеттігінің нашарлауымен байланысты, себебі қаржы дағдарысы  салдарынан кәсіпорындардың көбі жұмыс күнін қысқартты, еңбекақыны кешіктіре бастады, нәтижесінде мерзімі өткен берешек ұлғайды.

Мәліметтерді көрнекі қабылдау үшін 30-31 суреттері келтірілген.

 

 

30-сурет – 2007 жылдағы банктердің  несие портфелінің мәселелі несиелер құрылымы.

 

 

31-сурет – 2008 жылдағы банктердің  несие портфелінің мәселелі несиелер  құрылымы.

 

Қалыптастырылған провизиялардың сомасы 2008 жылы 1020,5 млрд. теңгені немесе екінші деңгейдегі банктердің несиелік портфелінен 11,0% құрайды. 2008 жылдың басынан провизиялардың 498,8 млрд. теңгеге немесе 95,6%-ға ұлғайды. Жалпы провизиялар 2008 жылы берілген несиелер бойынша қалыптастырылған провизиялардың сомасынан 0,03% немесе 0,3 млрд. теңгені құрайды. Арнайы провизиялар 2008 жылдың басымен салыстырғанда 95,7% ұлғайып, 1 020,3 млрд. теңгені құрайды.

Мәліметтерді көрнекі қабылдау үшін 32 суреті келтірілген.

 

32-сурет – 2008 жылдағы қалыптасқан  провизиялар құрылымы, млрд. теңге.

 

Қаржылық дағдарыс басым  банк – «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамына да өз әсерін тигізді, өз кезегінде банк те күмәнді  және сенімсіз несиелер санын ұлғайтты.

Мәселелі несиелердің деңгейі 2006 жыл мен 2007 жыл аралығында  
0,4 пайызға төмендегеніне қарамастан, 2008 жылы олардың үлесі күрт ұлғайып 3,95% құрады, бұл несие қызметінің табыстылығына және жалпы банктің активтеріне теріс әсер етеді.

Күмәнді және сенімсіз несиелер деңгейінің ұлғаюына қаржылық дағдарыс әрекеттеседі, себебі кәсіпкерліктің белсенділігінің күрт төмендеуі жүреді, осының нәтижесінде жұмыс орындарының қысқаруы болады, бұл қарыз алушының табстылығына әсер етеді және оның банк алдындағы міндеттемелерінің орындалмауына әкеп соқтырады, бұл өз кезегінде күмәнді және сенімсіз несиелердің санын арттырады.

Теңгенің құнсыздануымен байланысты 2008 жылы күмәнді және сенімсіз несиелердің  сомасы ұлғайды, өйткені несиелердің  жартысы дерлік шетелдік валютада берілген болатын. 26 кестесінде теңге мен шетелдік валютада берілген несиелердің динамикасы келтірілген.

 

26-кесте – «Қазақстан Халық банкі» АҚ берілген несиелерінің динамикасы

 

Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

Сома, мың теңгеде

Үлес салмағы,

%

Сома, мың теңгеде

Үлес салмағы, %

шетелдік валютадағы несиелер

480182645

47

449874561

44

теңгедегі несиелер

589420751

53

782350217

56

Барлығы

1069603396

100

1232224778

100


 

Кестеден 2008 жылы шетелдік валютадағы несиелер 3 пайызға төмендегенін және 44 пайызды немесе 449874561 мың теңгені құрағанын көреміз. Теңгемен берілген несиелер 3 пайызға немесе 192929466 мың теңгеге ұлғайды.

Мәліметтерді көрнекі келтіру  үшін 33-34 суреттері берілген.

33-сурет – 2007 жылдағы коммерциялық  банктің несиелердің меншікті  салмақ үлесі.

34-сурет – 2008 жылдағы коммерциялық банктің несиелердің меншікті салмақ үлесі.

Мәселелі несиелердің  ұлғаюымен байланысты банк провизиялар  сомасын ұлғайтуға мәжбүр болды. 27 кестесінде «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның қорлар сомасы келтірілегн.

 

27-кесте – Міндетті резервтер      

Мың теңгеде

Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

Міндетті резервтер

73651401

68521406

Клиенттерге несиелер бойынша  жоғалтуларға резервтер

67848502

134856626

Барлығы:

141499903

203378032


 

Мәліметтерді көрнекі келтіру  үшін 35-36 суреттері берілген.

35-сурет – 2007 жылдағы банктің  қалыптасқын провизиялар құрылымы, мың. теңге.


 

36-сурет – 2008 жылдағы банктің  қалыптасқын провизиялар құрылымы, мың. теңге

 

Келтірілген мәліметтерден  клиенттерге несиелер бойынша жоғалтуларға резервтер 2008 жылы 67008124 мың теңгеге едәуір ұлғайғанын және  
134856626 мың теңгені құрағанын көреміз. Бұл күмәнді және сенімсіз несиелер үлесінің ұлғаюымен байланысты.

Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері келесідей:

- құрылыс компанияларына берілген ұзақ мерзімді несиелер бойынша қайтарымсыздық тәуекелі күрт артады, өйткені қаржы дағдарысына байланысты жылжымайтын мүлікке сұраныс күрт қысқарады. Құрылыс компаниялары өндірісті тоқтатуға мәжбүр болады, несиелер бойынша мерзімі өткен төлемдер ұлғаяды;

- қаржы дағдарысына байланысты көптеген банктер өз қызметкерлер құрамын қысқартты, осылайша қалған қызметкерлердің (соның ішінде несие бөлімінің қызметкерлерінің) міндеттері ұлғайды. Осыған байланысты несие бөлімінің қызметкерлер құрамы несие беру кезінде көптеген қателіктер жібереді, қарыз алушыны талдау үстіртін жүргізіледі, бұл күмәнді және сенімсіз несиелердің ұлғаюына алып келеді;

- несие алғаннан кейін қарыз алушының әрекеттерін бақылау процедурасы қиындатылады. Қарыз алушы алынған құралдарды мақсатқа сәйкес қолданбайды, төлем қабілетсіздік тәуекелін арттыратын қызметті жүзеге асырады немесе қарыздар бойынша төлемеу үшін банктен табыстарды жасыруға тырысады;

- көптеген қарыз алушылар жалған кәсіпорын құра отырып, алдамшы жолмен банктен қарыз алуға тырысады;

- қаржылық дағдарыс барлық қарыз алушылардың төлем қабілеттігіне үлкен қысым көрсетті. Кәсіпкерлік белсенділіктің күрт төмендеуі жүреді, осының нәтижесінде жұмыс орындарының қысқаруы жүреді, бұл қарыз алушының табыстылығына әсер етіп, оның банк алдындағы міндеттемелерінің орындалмауына алып келеді;

- жылжымайтын мүлікке бағаның төмендеуіне байланысты 2007 жылы кепілдік мүлікті сату мәселесі туындады. Банктер жылжымайтын мүлік нарығында бағаның жоғарылауын күтуге мәжбүр болды, бірақ сонымен бірге күмәнді және сенімсіз несиелер саны қысқармады, керісінше ұлғайды;

- сонымен қатар бәсекелестік те банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыруға елеулі әсер етеді. Банктер клиенттер санын арттыру үшін несие алуда келтірілетін құжаттар көлемін қысқартады, бұл қарыз алушының несиеге қабілеттігін толық емес бағалануына әкеледі;

- әлемдік экономиканың, капитал нарықтарының, нақты алынған елдегі экономикалық жағдайының одан арғы даму тенденцияларының мәселелері бойынша сенімді ақпарат пен максималды жақындатылған болжамды бере алатын қуатты ақпараттық-аналитикалық орталықтардың жоқтығы, себебі қарыз алушының төлем қабілеттігі осыған тура тәуелді;

- несие мамандары несиелік тәуекелдерді басқару қызметтерін сақтандыру ұйымдарына жүктейді және жалпы сақтандыру келісіміне сенім артады;

- коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыруына Қазақстан Республикасының заңнамасы үлкен әсер етеді. Қандайда бір талаптарды орындамаумен немесе қарыз алушы тарапынан бюджетке төлемдердің кешіктірілуімен байланысты үшінші тұлғалар/мемлекет банктік несие бойынша қамтамасыз ету ретінде келтірілген мүлікке талаптар қоюға құқылы;

- коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыруына біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты несие мамандарының өздері үлкен әсер етеді. Қарыз алушының несиеге қабілеттігінің тексерісі толыққанды емес, көптеген қателіктер жіберіледі, сәйкесінше, мерзімі өткен қарыздардың саны ұлғаяды;

Информация о работе Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)