Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:13, дипломная работа
Қызметтік мамандануға байланысты несиелік жүйенің ядросын шаруашылық айналымның несие-қаржылық қызмет көрсетуі бойынша жүгін артатын банктік жүйе құрайды, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие институттарының қызметін шоғырландыратын бірыңғай орган болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың орнатылуы мен кейінгі тереңдеуіне байланысты несиелік қызмет көрсету коммерциялық банктердің қызметінде маңызды рольді алады.
Кіріспе 3
1 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың теориялық негіздері 6
1.1 Несие қызметі – банк бизнесінің негізі 6
1.2 Мәселелі несиелер және олардың пайда болу себептері, әдістері 10
1.3 Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасындағы несие портфелінің сапасын бағалау 20
2 2007-2008 жж. кезеңіндегі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да мәселелі несиелерді басқару жүйесін ұйымдастыруды бағалау 28
2.1 Банк қызметінің сипаттамасы және негізгі көрсеткіштері 28
2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие портфелін талдау 34
2.3 Несие портфелін қалыптастыру мен мәселелі несиелерді басқару бойынша банк саясатын бағалау 45
2.4 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары 54
3 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару механизмін жетілдіру
3.1 Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың даму болашағы
Қорытынды 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 81
А қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ бухгалтерлік балансы 84
Ә қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ табыстар мен шығындар туралы есеп беру
Б қосымшасы Графикалық бөлім
- қарыз алушының төлем қабілеттігіне теңгенің құнсыздануы зор әсер етті, осының барлығының салдарынан мерзімі өткен қарыздардың саны ұлғайды.
3.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың даму болашағы
Қаржы дағдарысына байланысты Үкімет қаржылық секторды тұрақтандыру бойынша бірқатар шараларды әзірледі. Мемлекет банктердің операциялық қызметіне араласпайды, сол сияқты банктердің қарыздары бойынша ешқандай міндеттемелер артпайды. Қазіргі жағдайларда банктердің депозиторларының мүдделері максималды қорғалуы үшін банктер активтер мен пассивтердің тиімді басқаруын қамтамасыз етуі қажет. Бұған қарамастан ел экономикасының одан арғы дамуына әсер ететін жүйе құрушы банктерге қатысты мемлекет тұрақтандыру инициативаларымен алға шығады. Осылайша, ҚР Үкіметімен қаржылық секторды тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар әзірленді.
Біріншіден, бұл төрт жүйе құрушы банктерді жай және артықшылық берілген акцияларды сатып алу арқылы, сонымен қатар субординацияланған қарыздарды келтіру арқылы қосымша капиталға айналдыру. Сонымен бірге банктерге мұндай мемлекеттік көмек көрсетудің басты шарттарының бірі банк акционерлерінің өз капиталын ұлғайту болып табылады.
Бүгінгі таңда банктермен берілген қарыздардың 35,6 %-ы құны бағада едәуір түскен жылжымайтын мүлікпен және жермен қамтамасыз етілген. Бұл банктер активтерінің сапасын нашарлатады. Осыған байланысты банк секторында шығындардың елеулі көлемі потенциалды жиналып келеді. Банк секторын сауықтыру үшін Қаржылық бақылау бойынша агенттік банктермен қалыптастырылатын провизияларға талаптарды жоғарылатады. Бұл банктердің өз шығындарын мойындауға және қалыптастырылған провизиялар есебінен оларды есептен шығаруға әрекеттесетін болады. Бірақ банктердің провизияларды қалыптастыруы үшін қосымша капитал қажет. Банктердің капиталға айналдырудың жалпы сомасы 4 млрд.-тан кем емес АҚШ долларын (480 млрд. теңгені) құрайды, соның ішінен:
а) 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге) төрт жүйе құрушы банктердің жай акцияларын сатып алу түрінде келтіріледі:
1) «Қазақстан Халық банкі» АҚ;
2) «Қазкоммерцбанк» АҚ;
3) «Альянс банк» АҚ;
4) «БТА Банк» АҚ;
б) 3 млр. АҚШ доллары (360 млр. теңге) субординацияланған қарыз нысанында және дауыс құқығын бермейтін артықшылық берілген акцияларды сатып алу арқылы келтіріледі.
Келтірілген құралдар банктермен келесілерге бағытталуы тиіс:
- резервтердің (провизиялардың) сәйкес деңгейін қалыптастыру;
- қарыз алушыларға ел ішінде несиелер беру.
Мемлекет банктердің капиталында
бақылау пакетін сатып алмайды.
«Самрұқ-Қазына» Қорының
Мемлекет капитализацияланған банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қала бермейді. Әлемдік қаржы дағдарысының әлсіреу шамасына қарай және капиталдың халықаралық нарықтарына жолдың ашылу шамасына қарай «Самрұқ-Қазына» Қоры банктер қатысушыларының құрамынан нарықтық принциптерінде, бірақ акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмайтын шарттарында шығады. Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алуға құқығын алады.
Сонымен бірге «Самрұқ-Қазына» Қорымен банктердің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдандыру бойынша шаралар қабылданды. Банктердің жеткілікті өтімділігі бар, ал қайта құрылымдандыру сыртқы қорландыруға шектеулі қол жеткізумен байланысты қайта қаржыландыру тәуекелін минималдауы қажет. Егер сыртқы қарыздарды қайта құрылымдандыру бойынша жұмыстың тиісті тиімділігі болмаса және банктердің тәуекелдерге ұшырауы депозиторлардың мүдделеріне қауіп төндірген жағдайда Қаржылық қадағалау бойынша агенттігімен соңғы шара ретінде әрекеттегі заңнамаға сәйкес консервация процедуралары шегінде банктердің активтері мен пассивтерінің еріксіз қайта құрылымдандыруы жүргізілуі мүмкін.
Екіншіден, Стресстік активтер қоры құрылды. Стресстік активтер Қорының қызметі қазақстандық банктердің несие портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталады. Берілген мақсатты жүзеге асырудың негізгі механизмі – банктердің күмәнді активтерін өтеп алу және оларды кейіннен басқару. Мұндай активтер ретінде макроэкономикалық, нарықтық және басқа факторлардың әсерінен елеулі тәуекелдерге (құнсыздануға) ұшыраған активтер, соның ішінде банктермен жылжымайтын мүлік пен жер кепіліне берілген қарыздар қарастырылады.
Банктерден мұндай қарыздарды өтеп алу банктердің баланстарын төмен өтімді активтерден жеңілдетуге мүмкіндігін береді және банктерді өз шығындарын мойындауға мәжбүр етеді. Активтерді сатып алу дисконтты қолданумен бірге баланстық құны бойынша (банктермен құрылатын резервтердің көлемін ескеретін) немесе стресстік активтер Қорымен анықталатын тәуекелдерді бөлудің басқа нысаны бойынша жүзеге асырылады.
2008 жылы республикалық бюджеттен стресстік активтер Қорын капитализациялауға бірінші траншпен 52 млрд. теңге бөлінді. 2009 жылы стресстік активтер Қорының жарғылық капиталы республикалық бюджеттің құралдары есебінен 122 млрд. теңгеге жетеді.
Үшіншіден, банктердің міндеттемелеріне уақытында қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында өтімділіктің қосымша көздері келтірілетін болады. Соның ішінде Ұлттық Банкпен репорт операциялары бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізімі кеңейтіледі.
Ресурстық базаны тұрақтандыру мақсатында ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың, сонымен қатар активтері Ұлттық Банктің басқаруындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос ақша құралдары отандық банктердің депозиттеріне орналастырылады.
Төртіншіден, қаржы секторында мемлекеттік реттеу жетілдірілетін болады.
Пруденциалдық реттеу шегінде Қаржылық
қадағалау агенттігімен банктердің
сыртқы міндеттемелерінің және жалпы
көтерме қаржыландырудың
Банктердің капитализациясын есептеудің
тәсілдері үздік халықаралық
тәжірибе негізінде оңтайландырылады.
Банктік активтерді жіктеудің әрекеттегі
тәртібі оңтайландырылатын
Банктерде тәуекелдерді басқару жүйелеріне және ішкі бақылауға талаптар күшейтіледі. Бірінші кезекте, банктер өтімділікті жоғалту тәуекелінің мониторингісінің тәсілдерін елеулі түрде қайта өңдеуі қажет, ал банктердің активтері мен пассивтерін басқару стресстік жағдайлардың басталуының есебімен өңделуі қажет.
Аталған шаралар банктерге қатысты жеке негізде де, консолидациялық негізде де, сонымен қатар банктік конгломераттар шегінде қолданылады.
Бесіншіден, жаңа жағдайларда жинақталған зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмдері анықталады. Зейнетақы қорлары салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Үкімет қамтамасыз етеді:
- халықтың зейнетақы жүйесіндегі жинақтарын сақтауды;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары үшін айқындылықтың жоғары деңгейін;
- олардың ақпараттылығы мен қаржылық сауаттылығын жоғарылатуды.
Зейнетақы қорларына халықтың барлық жарналары зейнетақы жинақтарын төлеу сәтінде инфляция деңгейінде табыс алудың есебімен мемлекетпен кепілдендірілген. Үкімет азаматтарға зейнетақы қорларынан төлемдердің үнемі мониторингісін жүзеге асырады және жыл сайын республикалық бюджетте құнсыздану есебімен зейнетақы жарналарының мөлшері мен зейнетке шығу сәтінде фактілік жинақтаулар арасындағы айырмашылықты өтеу үшін қажетті қаражаттарды қарастырады
Жинақтаушы зейнетақы
Қаржылық қадағалау бойынша
агенттік жинақтаушы зейнетақы қорларының
инвестициялық саясатын жетілдіруді,
сонымен бірге зейнетақы
Банк қабылданған шаралармен қатар
несие портфелінің сапасын
Күмәнді және сенімсіз несиелердің сомасын азайту үшін банктің қызметкерлер құрамына, соның ішінде несие мамандарына үлкен көңіл бөлу қажет. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау талаптарын қатаңдату. Кәсіби тәжірибеге көңіл аудара отырып, жұмысқа тұрушылардың арасында іріктеуді мұқият жүргізу.
Кепілдік мүлікті өткізуге үлкен көңіл бөлу. Жылжымайтын мүлікке бағаның жоғарылауын күту қажет емес, кепілді өткізу немесе ғимараттарды жалға беруді жүзеге асыру қажет, бұл шығындардың біртіндеп орнының толыуына алып келеді.
Сонымен қатар күмәнді және сенімсіз несиелер үлесін қысқарту үшін Ұлттық Банкі мен Қазастан Республикасының Үкіметі шетелдік валютаға қатысты теңгенің курсын сақтау және оның нарықтағы бұрынғы жағдайын қайтару қажет. Теңгенің құнсыздануы жағдайды ушықтырады, өйткені несиелердің көп бөлігі клиенттерге банкпен шетелдік валютада берілді, бұл нәтижесінде күмәнді және сенімсіз несиелердің санының екі еселенуіне әкеп соқтырады.
Мемлекетке тіпті әлемдік
- төрт ірі банктердің бүкіл қызметін толық көлемде реттей алады;
- жаңа қаржы дағдарысы басталған кезде бастапқы сатыларда дағдарыстық жағдайдан шығудың жедел шешімдерін қабылдай алады;
- сонымен бірге күмәнді және сенімсіз несиелер үлесінің қысқаруы жүреді.
Коммерциялық банктерге қатысты Ұлттық Банктің бақылауын қатаңдату қажет. Банктердің қызметіне қатысты жан-жақты тексерістерді ұлғайту, олардың қызметінің нәтижелерін бұрынғыдан артық айқын және шындыққа сай ету. Банктерге клиенттер тарапынан сенім артады, осылайша экономиканы несиелендіру үшін қосымша ақша құралдары екі еселенеді, себебі депозиттер саны ұлғаяды. Осылайша капиталдың әлемдік нарықтарына қатыстырылу қысқарады, ал кейіннен олардан толық бас тарту жүреді.
Депозиттік базаны ынталандыру үшін депозиттік келісімдердің шарттарын толық қайта қарастыру қажет. Соның ішінде пайыздық мөлшерлемелерді ұлғайту, сонымен қатар клиенттердің қызығушылығы үшін акцияларды, сыйлықтардың ұтыс ойындарын өткізу.
Сонымен бірге күмәнді және сенімсіз несиелердің сомасын қысқарту үшін несиелердің қайтарылуын қамтамасыз ету бойынша шараларды, кепілдеме және кепілдік сияқты нысандарды пайдалану қажет. Осы насындарды пайдаланған кезде тәуекел, әдетте, қысқарады, себебі келісімнің қатысушыларының саны ұлғаяды, несиені қайтару бойынша банктің мүмкіндігі артады.
Несиелік портфельдің құрылымы мен сапасына шетел мемлекеттерінің экономикалық жағдайы үлкен әсер етеді. Және мұнда несиелік портфельдің сапасына кері әсер ете алатын әр түрлі жағдайларды болжау кезінде өте маңызды сенімді ақпаратты уақытында алу аса маңызды. Осыған байланысты әлемдік экономиканың, капитал нарықтарының, нақты алынған елдегі экономикалық жағдайының одан арғы даму тенденцияларының мәселелері бойынша максималды жақындатылған болжамды бере алатын қуатты ақпараттық-аналитикалық орталықтарды құру қажеттілігі туындайды, себебі қарыз алушының төлем қабілеттігі осыған тура тәуелді.
Жоғарыда көрсетілген шаралар коммерциялық банкке нарықтағы өз жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, атап айтқанда:
- банктің жалпы несиелік портфелінен күмәнді және сенімсіз несиелер үлесінің қысқаруы болады;
- банк өзінің меншік құралдары есебінен несие саясатын жүргізе алады, нәтижесінде шетелдік банктерден тәуекелділік қысқарады;
- күмәнді және сенімсіз несиелер үлесінің қысқаруы баланстың барлық баптарының ұлғаюына әкеледі, банк барлық коммерциялық банктердің ішінен көшбасшы ретінде алға шығуы мүмкін.