Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:13, дипломная работа

Описание

Қызметтік мамандануға байланысты несиелік жүйенің ядросын шаруашылық айналымның несие-қаржылық қызмет көрсетуі бойынша жүгін артатын банктік  жүйе құрайды, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие институттарының қызметін шоғырландыратын бірыңғай орган болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында  нарықтық қатынастардың орнатылуы  мен кейінгі тереңдеуіне байланысты несиелік қызмет көрсету коммерциялық банктердің қызметінде маңызды рольді алады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың теориялық негіздері 6
1.1 Несие қызметі – банк бизнесінің негізі 6
1.2 Мәселелі несиелер және олардың пайда болу себептері, әдістері 10
1.3 Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасындағы несие портфелінің сапасын бағалау 20
2 2007-2008 жж. кезеңіндегі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да мәселелі несиелерді басқару жүйесін ұйымдастыруды бағалау 28
2.1 Банк қызметінің сипаттамасы және негізгі көрсеткіштері 28
2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие портфелін талдау 34
2.3 Несие портфелін қалыптастыру мен мәселелі несиелерді басқару бойынша банк саясатын бағалау 45
2.4 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары 54
3 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару механизмін жетілдіру
3.1 Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың даму болашағы
Қорытынды 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 81
А қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ бухгалтерлік балансы 84
Ә қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ табыстар мен шығындар туралы есеп беру
Б қосымшасы Графикалық бөлім

Работа состоит из  1 файл

Комм банктерде мәселелі несиелерді басқару.doc

— 1.27 Мб (Скачать документ)

- басқа банктерде алынған несиелер жөнінде мәліметтер;

- несиенің қамтамасыз етілуін растайтын құжаттар (мүлік кепілінің келісім-шарты, сақтандыру полисі, кепілдемелер және т.б.);

- міндеттеме-тапсырма;

- несиені беруге қарыз алушымен толтырылған бланк.

Несие берудің мақсатқа лайықтығы  жөнінде шешім өкілетті лауазымды  тұлғамен, не болмаса банктің сәйкес басқару органымен қабылданады. Ірі банктерде құжаттарды қарастыруға  және несиелендірумен байланысты көптеген мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және тек айрықша жағдайларда ғана оларды басқарманың қарастыруына шығаруға өкілетті арнайы орган ретінде несие комитеті (бөлімі) құрылады.

Банктің қарыз алушымен келтірілетін ақпаратты талдаудың бірнеше  тәсілдері бар:

- өзінің несие бөлімдерінің (комитеттерінің) күшімен клиенттердің толық тексерісін жүргізу;

- банктің өкімі бойынша бухгалтерлік есеп беруді аудиторлық фирмамен тексеріс жүргізу. Алайда, сонымен бірге аудиторлық және консалтингтік қызметінің дамуының қазіргі сатысында кейбір қазақстандық фирмаларда беделі мен тексеріс сапасы күмән келтіретін немесе нарықта атағы белгісіз фирмалар арқылы тексеріс жүргізу тенденциясының болуына байланысты мәселелер туындауы мүмкін;

- беделді ақпараттық-консалтингтік фирмадан «пакеттік» ақпарат алу. Берілген тәсіл несиелік талдаудың сенімділігін едәуір жоғарылатады, бірақ мұндай ақпаратты пайдаланудың жоғары «үстеме шығындардың» салдарынан тек ірі банктер ғана жүйелі түрде өзінің потенциалды қарыз алушылары жөнінде «пакеттік» мәліметтер алуды рұқсат ете алады. Қарыз алушының сапасын талдаудың негізгі бағыттары төмендегідей:

- клиенттің жалпы экономикалық сипаттамасы;

- оның өндірістік, техникалық потенциалын талдау;

- оның негізгі және айналым қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін бағалау;

- қызметтің қаржылық нәтижелерін талдау;

- қаржылық тұрақтылығын талдау;

- баланс өтімділігін және потенциалды қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау;

- қызметті талдаудың нәтижелерін жалпылау және клиенттің несиеге қабілеттігі жөнінде қорытынды дайындау.

Банк мекемелері қарыз  алушы-заңды тұлғаның қаржылық жағдайын несие берер алдында, ал содан  соң резервке төлемдер мөлшерін анықтау  үшін және қарыз алушының қызметін бақылау үшін тоқсан сайын бағалауды  жүзеге асырады. Қарыз алушы-заңды  тұлғаның қаржылық жағдайын алдын ала бағалау соңғы үш есеп беру кезеңі үшін (несие берген кезде соңғы үш жыл үшін бір жылдан артық мерзімге, бір жылдан кем мерзімге – соңғы үш тоқсан үшін, маусымдық сипаттағы қызметтік кәсіпорындар үшін – соңғы үш жыл үшін) жүзеге асырылады. Қарыз алушы-жеке тұлғаның қаржылық жағдайын бағалау оған несие берер алдында жүзеге асырылады. Әрі қарай талдау қарыз алушының қаржылық жағдайына әсер ететін өзгерістер (табысты жоғалту, қарыз алушыға тәуелсіз себептер бойынша кепілді жоғалту, мүліктік кепілдік берушіні жоғалту, несиелер немесе пайыздар бойынша мерзімі аяқталған берешектің пайда болуы және т.б.) жағдайында жүзеге асырылады, бұл жөнінде қарыз алушы банкті хабарландыруы тиіс.

Қарыз алушы-заңды тұлғаның қаржылық жағдайын бағалау қарыз алушының ресми есеп беруінің мәліметтері (кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, қызметтің қаржылық нәтижелері туралы есеп беру, оның есеп-шоттарындағы ақша құралдарының қозғалысы жөнінде есеп беру және қарыз алушы несие алу үшін келтіретін құжаттар пакетінен ақпарат) негізінде жүзеге асырылады.

Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау 4 сатыда орындалады:

- 1-ші саты – қарыз алушының қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі (объективті) көрсеткіштердің мәнін анықтау;

- 2-ші саты – негізгі көрсеткіштерді бағалау және жалпылау;

- 3-ші саты – қосымша (субъективті) көрсеткіштерге негізгі көрсеткіштерді бағалаудың мәнін түзету;

- 4-ші саты – қарыз алушының классын анықтау.

1-ші сатыда қарыз алушының қаржылық жағдайын объективті сипаттайтын негізгі көрсеткіштер есептеледі:

а) Төлем қабілеттілігі:

1) жылдам өтімділік коэффициенті;

2) ағымдағы өтімділік коэффициенті;

3) жалпы өтімділік коэффициенті;

б) Қаржылық тұрақтылық:

1) оңтайлылық коэффициенті;

2) қаржылық тәуелсіздік коэффициенті;

в) Пайдалылық:

1) активтер пайдалылығы;

2) сатулар пайдалылығы;

г) қарыз алушы-кәсіпорынның ақша ағымдары;

д) несиені қамтамасыз ету коэффициенті.

Клиент қарыздық міндеттемені өтемеген жағдайда төлем қабілеттілік көрсеткіштері мен ағымдағы міндеттемелерді жабу үшін айналым активтерінің жеткіліктігін анықтау көмегімен банк неге үміттенетінін көрсетеді. Қарыз алушының төлем қабілеттілігі келесі көрсеткіштер бойынша анықталады:

- жедел өтімділік коэффициенті (Кжедел өт.) жоғары өтімді активтер есебінен несиелер мен есеп айырысулар бойынша ағымдағы міндеттемелердің көлемі қаншалықты өтелуі мүмкін екендігін сипаттайды. Берілген көрсеткіштің ұсынылатын мәні – 0,2 кем емес. Аталған коэффициент келесі формула бойынша есептеледі:

 

 (1)

 

12-кестесінде жедел  өтімділік коэффициентінің балдық  бағасы келтірілген.

 

12-кесте – Жедел өтімділік  коэффициентінің балдық бағасы

Коэффициент мәндерінің интервалы

Маңыздылық есебімен балдық бағасы

>= 0,2

9

0,1-ден 0,2-ге дейін

6

< 0,1, бірақ > 0

3

0

0




- ағымдағы өтімділік коэффициенті (Кағым.өт.) қысқа мерзімді міндеттемелерді бекітілген мерзімде өтеу мүмкіндігін сипаттайды. Бұл коэффициент баланс мәліметтері негізінде несие берудің тәуекелділігін бағалау үшін жиі қолданылады. Ол фирманың ағымдағы активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін салыстырады және несиелік келісімді орындамаудың салдарынан несие беруші қаншалықты сақтандырылғанын көрсетеді. Осы көрсеткіштің оңтайлы теориялық мәні – 0,5 кем емес. Берілген коэффициент келесі формула бойынша есептеледі:

 

                              (2)

 

Өтімді активтер жоғары өтімді активтердің, дебиторлық берешектің және алынған  вексельдердің сомасы ретінде, ал ағымдағы міндеттемелер қысқа мерзімді несиелердің және кредиторлармен есеп айырысулардың сомасы ретінде анықталады.

13-кестесінде ағымдағы өтімділік  коэффициентінің балдық бағасы  келтірілген.

13-кесте – Ағымдағы өтімділік  коэффициентінің балдық бағасы

Коэффициент мәндерінің интервалы

Маңыздылық есебімен балдық бағасы

>=0,5

9

0,1-ден 0,5-ке дейін

6

< 0,1

3




 

 

- жалпы өтімділік коэффициенті (Кжалпы өт.) барлық өтімді активтердің есебінен қысқа мерзімді міндеттемелердің көлемі қаншалықты өтелуі мүмкін екендігін сипаттайды. Жалпы өтімділік коэффициенті көрсеткішінің оңтайлы мәні – 2,0 кем емес. Коэффициентті есептеу кезінде пайдаланылатын активтердің құрамы мен сапасының маңыздылығы көрсеткіш көлемінің маңыздылығынан кем емес деп есептеледі. Егер көрсеткіштің жоғары сандық көлемі кезінде активтерде тауар қорларының жоғары үлесі болса, коэффициент қарыз алушының сәтті игілігі жөнінде куәландырмайды. Және керісінше, коэффициент 1,0-2,0 шегінде болуы мүмкін, бірақ активтерде қолма-қол ақша мен басқа жоғары өтімді баптары басым болса, қанағаттанарлық қаржылық жағдайы жөнінде куәландыруға болады. Берілген коэффициент келесі формула бойынша есептеледі:

 

 (3)

 

 

14-кестесінде жалпы өтімділік  коэффициентінің балдық бағасы  келтірілген.

 

14-кесте – Жалпы өтімділік коэффициентінің балдық бағасы

Коэффициент мәндерінің интервалы

Маңыздылық есебімен балдық бағасы

>=2

9

1,0-ден 2,0-ге дейін

6

< 1,0

3




 

Қаржылық тұрақтылық келесі көрсеткіштер бойынша анықталады:

- меншік құралдарының оңтайлылық коэффициенті (Ко) меншік құралдарды пайдаланудың мобильділік дәрежесін сипаттайды, қаражатты еркін оңтайландыруға мүмкіндік беретін қарыз алушының меншік құралдарының қай бөлігі мобильді нысанда орналасқанын көрсетеді. Ко жоғары мәні қарыз алушының жақсы қаржылық жағдайын сипаттайды. Ко көрсеткішінің оңтайлы теориялық мәні – 0,5 кем емес. Берілген коэффициент төмендегі формула бойынша есептеледі:

 


(4)

 

 

мұндағы, Мк – қарыз алушының меншік құралдары;

 Ан – айналымды емес активтер.

 

15-кестесінде меншік құралдарының оңтайлылық коэффициентінің балдық бағасы келтірілген.

 

15-кесте – Меншік құралдарының оңтайлылық коэффициенті

 

Коэффициент мәндерінің интервалы

Маңыздылық есебімен

балдық бағасы

>= 0,5

9

0,1-ден 0,5-ке дейін

6

<0,1, бірақ >0

3

<=0

0




 

- қаржылық тәуелсіздік коэффициенті (Кт) кәсіпорынның меншік құралдарының 1 теңгеге тартылған құралдардың мөлшерін сипаттайды.  
Кт көрсеткішінің оңтайлы теориялық мәні – 1,0 артық емес. Меншік құралдарының қарызға алынған құралдардан артуы қарыз алушының едәуір қаржылық тұрақты деңгейін және сыртқы қаржы көздерінен салыстырмалы түрде тәуелсіз екендігін көрсетеді. Егер Кт 1,0-ден артық болса, онда қаржылық тұрақтылығының төмендеу себептерін анықтау қажет (тауарларды (жұмысты, қызметті) сатудан түскен түсімнің төмендеуі, пайданың кемуі, материалды қорлардың негізсіз ұлғаюы және т.б.). Аталған коэффициент келесі формула бойынша есептеледі:

               (5)

 

мұндағы, Бк – тартылған құралдар (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиторлық берешек);

Мк – қарыз алушының меншік құралдары.

 

16-кестесінде қаржылық тұрақтылық коэффициентінің балдық бағасы келтірілген.

16-кесте – Қаржылық тұрақтылық коэффициентінің балдық бағасы

Коэффициент мәндерінің интервалы

Маңыздылық есебімен

балдық бағасы

<= 1, бірақ >= 0

9

>1 және <0

0




 

Қарыз алушының рентабельділігі –  бұл таза пайда мен оны алу  үшін қолданылатын активтердің қатынасы. Бұл коэффициент талдау тұрғысынан ең маңызды коэффициенттердің бірі:

- активтер рентабельділігі (Ра) – қарыз алушы өз құралдарын қаншалықты сәтті орналастырады. Ол қарыз алушының активтерінің бірлігіне келетін қайтарымды көрсетеді. Динамикадағы активтер рентабельділігінің көрсеткішін (Ра) тек бірдей кезеңдер бойынша ғана талдауға болады (жылдар бойынша, тоқсандар бойынша). Активтер рентабельділігі келесі формула бойынша есептеледі:

          (6)

 

17-кестесінде активтер рентабельділігінің балдық бағасы келтірілген.

17-кесте – Активтер рентабельділігінің  балдық бағасы

Коэффициент мәндерінің интервалы

Маңыздылық есебімен балдық бағасы

>   0

4

<= 0

0




 

- сатулар рентабельділігі (Рс) – сатылған өнімнің бірлігіне қанша пайда келетінін көрсетеді. Басқаша айтқанда, өнімнің өзіндік құнын жапқан соң қарыз алушыда қанша қаражат қалатынын көрсетеді. Сатулар рентабельділігі келесі формула бойынша анықталады:

 

           (7)

 

18-кестесінде сатулар рентабельділігінің балдық бағасы келтірілген.

18-кесте – Сатулар  рентабельділігінің балдық бағасы

Коэффициент мәндерінің интервалы

Маңыздылық есебімен балдық бағасы

>   0

4

<= 0

0




 

Ақша ағымдары кәсіпорынның барлық ағымдағы есеп-шоттарына құралдардың  түсуі негізінде талданады және алда өткен үш ай үшін түсімдердің  арифметикалық орташасы ретінде  есептеледі.

19-кестесінде қарыз алушы-кәсіпорындардың ақша ағымдарының балдық бағасы келтірілген.

 

19-кесте – Қарыз алушы-кәсіпорындар  ақша ағымдарының балдық бағасы

Коэффициент мәндерінің интервалы

Маңыздылық есебімен балдық бағасы

Несие сомасынан артық

15

Несие бойынша берешек  деңгейінде

10

Несиелік берешек деңгейінен төмен

5

Түсімдер жоқ

0


 

Несиені қамтамасыз ету коэффициенті несиені қайтаруды қамтамасыз етудің болуын, көлемі мен сапасын сипаттайды. Қарыз алушы өзінің міндеттемелерін  орындамаған жағдайда кепілденген  мүлікті сату қиындығын ескере отырып, кепіл құны нақты (нарықтық) құны бойынша анықталады.

Информация о работе Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)