Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:51, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыс 65 бет көлемінде баяндалып, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздеріне арналған. Осы бөлімде экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының шет мемлекеттердегі ерекшеліктері сипатталған.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................
1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздері
1.1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының мәні
1.2. Экономиканы ақша-несиелік реттеудегі Ұлттық Банктің рөлі
1.3. Дамыған шет елдердегі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының ерекшеліктері............................................................................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің ақша-несие саясатын іске асыру кезеңдері
2.2. Ұлттық банктің инфляцияны болжау нәтижелері
2.3. Ұлттық банктің валюталық реттеу қызметін талдау
3. ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары және 2010 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы
3.2. Қаржы секторының тұрақтылығын арттырудағы Ұлттық банктің қызметін жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

НАЦ Банк.doc

— 525.00 Кб (Скачать документ)


ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ: ОНЫҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.................................................................................................................

1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының  теориялық негіздері

1.1.  Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының мәні

1.2. Экономиканы ақша-несиелік реттеудегі Ұлттық Банктің рөлі

1.3. Дамыған  шет  елдердегі  экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының ерекшеліктері............................................................................

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

2.1.  Ұлттық банктің ақша-несие саясатын  іске асыру кезеңдері

2.2. Ұлттық банктің инфляцияны болжау нәтижелері

2.3. Ұлттық банктің валюталық реттеу қызметін талдау

 

3. ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары және 2010 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы

3.2. Қаржы секторының тұрақтылығын арттырудағы Ұлттық банктің қызметін жетілдіру бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет. 1990-шы жылдардың басындағы Қазақстан экономикасын қайта құру әлеуметтік-экономикалық реформаларды қаржыландыруға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз қаржы қорының тапшылығымен (жетіспеуімен) сипатталды. Бұл несие капиталының сыртқы және ішкі нарығында мемлекеттік қарыз алу қажеттігін туғызды. Қаржы нарықтарынан қаражатты қарызға алу әлеуметтік-экономикалық даму мұқтаждары мен мемлекеттің өз қаржы қоры тапшылығының  арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік берді. Несиелер мен қарыздар алу арқылы қосымша мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың жағымсыз салдары ақша шығару практикасын қолданудан гөрі азырақ болды.

Банк жүйесі кез келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді, ол қазіргі замандағы мемлекет экономикасының маңызды элементінің бірі болып табылады. Ол еркін ақша қаражатын шоғырландырумен қатар оны ресми айналымға салуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар ақша капиталын салалар арасында аймақаралық қайта бөлінудің  алғышарты, сондай-ақ елдің шаруашылық жүйесінің есеп айырысу және төлем тұтқаларының маңызды элементі болып табылады. Бұл жүйе – атқаратын экономикалық тұрғысынан қаржы жүйесінің бір бөлігі. Қаржы ресурстарының басым көпшілігі іс жүзінде банк арқылы өтеді. Демек, айналымдағы қаражат және тұтастай алғанда қаржы жүйесі банктердің қызметіне тікелей байланысты болады.

Қазіргі кезеңде еліміздің қаржы секторы өз дамуының жаңа деңгейінде тұр және оның болашақта нәтижелі жұмыс атқаруына бағытталған реформалардың көпшілігі жүзеге асырылды. Қазақстандық экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады. Сондықтан да бұл қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылатыны анық.

Елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсатының, соның негізінде қалыптасатын мемлекеттік бюджет саясатының, салық саясатының,       қаржы саясатының мехнанизмінің іске асуының тиімділігі – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүргізетін ақша-несие саясатына тікелей байланысты, сондай-ақ дұрыс жолға қойылған ақша-несие саясаты қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден-бір фактор болып табылады.  

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың  тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдына ақша-несие саясатының негізгі құралдарын жетілдіру және оны Еуропалық Одақ елдерінің стандарттарына жақындату мақсаты қойылды. Бұл бағыттағы маңызды аспект экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын және еркін бәсеке жағдайларында қаржы институттары сапалы қызмет көрсететін, тұрақты және тиімді жұмыс істейтін қаржы жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл Ұлттық Банктің іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралары қабылданған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарымен тығыз байланысты. Осыған орай ҚР Ұлттық банкінің экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарын зерделеу үлкен мәнге ие болады. Сондықтан диплом жұмысы өзекті тақырыпқа арналып отыр.

Диплом жұмысының мақсаты -  ҚР Ұлттық банкінің экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарын талдай отырып, олардың  елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы екендігін айқындауы болып табылады.  Осы көздеген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:

- экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының мәнін айқындау;

- экономиканы ақша-несиелік реттеудегі Ұлттық Банктің рөлін көрсету;

- дамыған  шет  елдердегі  экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының ерекшеліктерін саралау;

- Ұлттық банктің  ақша-несие саясатын  іске асыру кезеңдерін талдау;

- Ұлттық банктің инфляцияны болжау нәтижелері мен  валюталық реттеу қызметін талдау;

              - ҚР Ұлттық банкінің экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарын  жетілдірудің негізгі бағыттарын ұсыну.

Дипломдық жұмыс 65 бет көлемінде баяндалып, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың бірінші бөлімі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздеріне арналған. Осы бөлімде экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының шет мемлекеттердегі ерекшеліктері сипатталған.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің экономикаға ықпал ету барысындағы қызметі талданған. Ал жұмыстың үшінші бөлімі ҚР Ұлттық банкінің экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарын  жетілдірудің негізгі бағыттарына арналған.

Жұмыстың қорытынды бөлімінде қарастырылып отырған мәселеге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының  теориялық негіздері

1.1  Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының мәні

 

Экономикаға ықпал ету теориясының және оның методологиялық негізінің кешенді сипаты саяси-әлеуметтік және саяси-құқықтық өмірді зерттеудің объективтік және субъективтік, әлеуметтік, жалпы ғылыми, теориялық және эмпирикалық құралдардің жиынтығын айқындайды [5].

Объективті және субъективті саяси-әлеуметтік өмірдің көрінісі ретіндегі  экономикаға ықпал етудің екі ұдайылық болмысы оны зерттеу барысында  объективті және субъективті құралдарді қолдану қажеттілігін тудырады. Объективті әдіс зерттелуші объектіні – мемлекет пен оның қызметін қандай да бір көзқарас тұрғысынан бағалауды қажетсінбейтін, тарихи қажетті процесс ретінде сырттай бақылап, өзгеріссіз қабылдауды білдіреді. Ол зерттеуші субъектінің ой-пікіріне сүйенбей басқарушылық қызметтің объективті нәтижесін талдау арқылы мемлекеттік басқару жүйесін түсіндіру әдісі. Субъективті  әдіс объектіні адамдардың өздері ұйымдастырған саяси-әлеуметтік экономикалық және басқа да өмірлері ретінде қарастыруды ұйғарады. Егер объективті әдіс танып-білуші субъектіге тәуелсіз болатын объектіден  туындаса, ал субъективті әдісте объект емес, керісінше, қоғамның қандай да бір мүшелерінің ол туралы түсініктері, зерттеушінің көзқарасы талдау көзі болып табылады. Субъективтік әдіс субъектінің ой-пікірі, ұстанымы, мүдделері арқылы саяси-әлеуметтік ақиқатты сипттауға  және түсіндіруге мүмкіндік береді. Объективтік құралдардің ішінде нақты өмірдегі құбылыстар мен процестерді бақылау, салыстыру, қорытындылау  басқарушылық қызмет пен қатынастардың сипаттама моделін әзірлеу әдісін атап өткен жөн.

Субъективті құралдарге мемлекеттік институттардың басқарушылық қызметеріне қатысты қоғамдық пікірді зерделеудің әр түрлі социологиялық құралдарін, басқарушылық эксперимент құралдарін, басқару образын қалыптастыратын нормативтік  басқарушылық модельдерді әзірлеу  тәсілдерінің жиынтығын жатқызуға болады.

Ғылыми-тәжірибелік эксперимент басқарушылық процестерді зерделеу мен түсіндірудің объективті және субъективті құралдарі бірлігінің көрінісі болып табылады. Бұл кейбір басқарылатын  және бақылауға алынатын факторлардың ықпалынан туындаған мемлекеттік басқару субъектілері мен объектілерінің  қызметтері мен әрекеттеріндегі  өзгерістер туралы ақпараттар алу тәсілі. Эксперимент – нақты ғылыми тұжырымдамалар мен теориялық ұсыныстардың негізделуі мен тиімділігін тәжірибе жүзінде  тексеру әдісі. Мемлекеттік басқару  практикасында  бұл тиімді  шешімдер қабылдау  үшін қажетті эмпирикалық деректердің  маңызды көзі болып табылады.

Экономикалық құралдар адамдар өміріндегі  және соған сәйкес басқарушылық процестердегі экономикалық мүдделердің  рөліне негізделген. Жеке меншікті дамыту,  еркін кәсіпкерлікті қолдау, материалдық ынталандыруларды, еңбек ақы деңгейін арттыруды және басқа да экономикалық тетіктерді қолдану арқылы мемлекеттік билік пен жергілікті  басқару органдары мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функцияларын жүзеге асырады.

Экономикаға ықпал етуде нарықты реттеудің құралдарын келесідей жіктеуге болады:

 

 

 

 

 

Сурет- 1 – Экономикаға ықпал етудің құралдары

 

1-ші суреттен көріп отырғанымыздай тікелей реттеу шаралары неғұрлым әкімшілік сипат алады да, ал жанама реттеу құралдарі экономикалық сипат алады. Мемлекеттік реттеу құралдары - экономиканы реттеуді ұйымдастыру тәсілін, яғни реттеу құралдарының (нормалар, әкімшілік заңдар, стандарттар, ереже, шарттар) жиынтығын білдіреді.

Мемлекет өзінің экономикалық саясатын жүзеге асыруда әртүрлі құралдарді пайдаланады. Ол экономикаға әсер етуде тікелей және жанама құралдарді пайдаланада; тікелей реттеу әдісі әкімшілік және экономикалық болып бөлінеді, ал жанама әдіс тек экономикалық құралдармен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік-басқарушылық қызметте әкімшілік құралдар  ерекше орын алады. Бұл құралдар мемлекеттің басқарушылық құрылымдарының  адамдардың тәртібін, қызметін тікелей және міндетті түрде анықтайтын амалдарынан, тәсілдерінен, әрекеттерінен тұрады. Олардың белгілері: а) мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның орындаушының міндеттерін тәртіп нормаларын  белгілеу және оған нақты бұйрық беру арқылы тікелей әсер етуі; б) алдыға қойылған міндеттердің, іс-әрекеттерді шешудің бір жақты тәсілін таңдау, орындалуға міндетті жағдайларды шешудің бір жақты жолын таңдау; в)өкімдер мен нұсқаулардың міндетті түрде орныдалуы, орындалмаған жағдайда  әртүрлі  заңдық жауапкершлікке әкелу мүмкіндігі.

Кейде әкімшілік құралдар әкімшілдік түсінігімен байланыстырылады, бірақ олар әр түрлі ұғымды білдіреді. Әкімшілдік саяси режимді сипаттайды, басқарушылық процестерде күшпен бағындыру, ырықсыз көндіру, бұйрық беру секілді құралдарды қолданудан  тұратын мемлекеттік басқару стилін анықтайды. Әкімшілік жүргізуде кез келген құралдарді әсіресе, экономикалық және әкімшілік құралдарді қолдануға болады. Әкімшілік құралдардің қолданылуы табиғат, қоғам, адам мүддесі тұрғысынан көптеген қауіпті технологияларды және қызмет түрлерін реттеу қажеттілігінен туындаған. Бірақ оларды қолдану да апатты жағдайлардың және төтенше оқиғалардың   үнемі алдын алуға мүмкіндік бере бермейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 -Экономикалық саясат құралдарының жіктемесі

 

Экономиканы реттеуде әкімшілік құралдардың ерекшелігі мыналармен көрінеді:

-         оларды жүзеге асыру үшін қосымша материалдық ынталарды туғызумен байланыссыздығы;

-         мемлекеттің беделі мен оның күшіне негізделуі;

-         шек қою, рұқсат ету, мәжбүрлеу шараларының қосылуы (квоталау, лицензиялау, жекешелендіру тәртібін бекіту және т.б.);

-         экономиканың мемлекеттік сектордағы кәсіпорындарын басқаруды ұйымдастыруды қарау.

Экономикалық құралдардың шаруашылық үрдістерде төмендегілерді  пайдалану ұсынылады:

-         мемлекеттік экономикалық болжау;

-         мемлекеттік экономикалық бағдарламалау;

-         бюджет-салық жүйесі;

-         ақша-несие жүйесі;

-         валюта саясаты;

-         кеден саясаты [6].

Әкімшілік шаралар. Әкімшілік тұтқалардың жиынтығы құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты іс-әрекеттерді реттеуді қамтиды. Экономикалық шараларға  жататын қаржы (бюджет, фискалды) саясатын, ақша-несие (монетарлы) саясатын, бағдарламалауды және болжауды жеке-жеке қарастырсақ.

              «Қаржы саясаты» түсінігі – ауқымды категория. Одан екі тәсілді көруге болады. Біріншіден, ол экономикалық саясат мақсатын жүзеге асыру механизмін білдіреді. Екіншіден, қаржылық шараларды жүзеге асыру.

              «Институтционалдық» түсінігі отандық ғылымда салыстырмалы аз пайдаланылады. Нарықтық құқықтық қоғамда экономиканың дамуы осы терминнің белсенді қолданылуын ынталандырады. Экономикада белгілі бір құқықтық, этникалық, психологиялық, ұйымдастырушылық нормалар мен дәстүрлер нақты пайда бола бастайды. Экономикалық саясаттың өзі дәстүрдің, әдет-ғұрыптың ұйымдастырушылық жүйесін белдіреді.

              Осындай салыстырмалы ұзақ өмір сүретін іс-әрекеттер «институт» түсінігін қалыптастырады. У.Гамильтонның пікірінше, институттар – қоғамдық дәстүрлер тобына берілетін сипаттың ауызша белгісі[7].

Информация о работе Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары