Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:51, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыс 65 бет көлемінде баяндалып, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздеріне арналған. Осы бөлімде экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының шет мемлекеттердегі ерекшеліктері сипатталған.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................
1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздері
1.1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының мәні
1.2. Экономиканы ақша-несиелік реттеудегі Ұлттық Банктің рөлі
1.3. Дамыған шет елдердегі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының ерекшеліктері............................................................................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің ақша-несие саясатын іске асыру кезеңдері
2.2. Ұлттық банктің инфляцияны болжау нәтижелері
2.3. Ұлттық банктің валюталық реттеу қызметін талдау
3. ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары және 2010 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы
3.2. Қаржы секторының тұрақтылығын арттырудағы Ұлттық банктің қызметін жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

НАЦ Банк.doc

— 525.00 Кб (Скачать документ)

Осы кезеңдердің әрқайсысындағы ақша-несие саясатын сипаттайық.

1993 жылғы қараша – 1995 жыл аралығындағы кезеңде – гиперинфляцияны ауыздықтау жұмыстары атқарылды. Теңгені енгізу сәтінде Қазақстанның экономикасы өте ауыр жағдайда болды: 1993 жылы инфляция 22,65%  құрады, ал 1991-1995 жылдары тұтастай алғанда өндіріс 50%-ға жуық құлдырады. Кеңес Одағының ыдырауынан және шаруашылық аралық байланыстардың үзілуінен туындаған өндірістің құлдырауын тоқтату мақсатында Ұлттық Банк іс жүзінде коммерциялық банктердің функциясын орындады – кәсіпорындарға тікелей несиелер берді, мемлекеттік бюджет тапшылығын тікелей қаржыландыруды жүзеге асырды. Осындай жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк үшін бірінші кезектегі міндеттер инфляцияның төмендету және өндірістің құлдырауын тоқтату болды.

Осы міндеттерді шешу үшін қатаң макроэкономикалық саясат жүргізу бағдарға алынды, яғни, бюджет тапшылығын айтарлықтай қысқарту және несиелік экспансияны шектеу қолға алынды. 1994 жылғы жеңілдікті несиелер беру және кәсіпорындардың несие үшін Ұлттық Банкке тікелей өтініштерін қарау тәжірибесі тоқтатылды. Үкіметке бюджет тапшылығын жабуға арналған несиелер беріле бастады. 1995 жылы Үкіметтің шешімі бойынша Ұлттық Банктің экономикаға несиелер берілуі тоқтатылды. Банктерді қайта қаржыландыру тетігі айтарлықтай өзгерді: несиелік ресурстарды Ұлттық Банк несиелік аукциондар арқылы және ломбардтық негізде орналыстыра бастады. 1995 жылы Ұлттық Банк туралы заң қабылданды, оған сәйкес Ұлттық Банктің тәуелсіздігі заң жүзінде айқындалды, ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаты алға қойылды.

Ұлттық Банк экономиканы несиелеу функцияларын екінші деңгейдегі банктерге беріп және өз өкілеттігі шегінде тәуелсіздік алғаннан кейін нарық қағидаларына, тиімді банктік қадағалауға негізделген қазіргі заманғы банк жүйесін құру бойынша жұмысты жалғастырды. Ұлттық Банктің маңызды міндеті инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-несие саясатын дамыту болды. Бұл кезеңде қайта қаржыландыру қойылымымен және ең төменгі резервтік талаптар нормативімен қатар, ішкі валюта нарығында сатып алу және сату операциялары, ломбардтық несиелер, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталары сияқты жаңа құралдар енгізілді.

Баға тұрақтылығына қол жеткізумен қатар елімізде жас ұлттық валютаның қалыптасу міндеттері де шешілді. Теңге бастапқыда ағымдағы операциялар бойынша айырбасталатын валюта ретінде енгізілді. Капитал операциялары бойынша теңгенің айырбасталымдылығына келетін болсақ, теңге енгізілген кезден бастап капиталдың резиденттерден резидент еместердің пайдасына көшуін көздейтін валюта операциялары лицензиялауға жатқызылды, бұл ретте капитал ағыны статистикалық есепке алу мақсатында ғана тіркелді. Бұған шетел валютасы ұсынысының ішкі көздерінің айтарлықтай тапшылығы себепші болды. Ішкі нарықта шетел валютасы ұсыныстарын ұлғайту мақсатында уақытша шара ретінде валюта биржасында экспорттық түсімнің 50%-ын міндетті түрде сату енгізілді.

  1996-1999 жылдар аралығында кезеңде макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу жұмыстары атқарылды. 1998 жылғы қаңтарда Ұлттық Банктің республикалық бюджеттің тапшылығын тікелей несиелеу тәжірибесі тоқтатылды, ал заң жүзінде тыйым салу 2004 жылдан бастап рәсімделді. Республикалық бюджеттің тапшылығы бағалы қағаздар шығару есебінен қаржыландырыла бастады, мұның өзі бағалы қағаздар нарығын дамытуға алып келді.

Тұтастай алғанда, бұл кезең экономика үшін оң өзгерістер кезеңі болды. Инфляцияның қарқынды түрде төмендеуі жалғасты, инфляция қарқыны 1995 жылы 60,3%-дан 1998 жылы 1,9%-ға дейін төмендеді. Тиісінше, өндірістің төмендеу қарқыны айтарлықтай бәсеңдеді. Егер 1996-1999 жылдары өндірістің орташа жылдық өсуі 0,75% байқалса, тұтастай алғанда 1993-1995 жылдары өндіріс жыл сайын орта есеппен 10%-ға төмендеді.

Осы кезеңде қатаң ақша-несие саясатын жүргізу жалғастырылды, ақша-несие саясаты құралдары дамыды және жетілдірілді, атап айтқанда, РЕПО операциялары, «овернайт» несиелері сияқты құралдар енгізілді.

Осы кезеңнің аяғында Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қаржылық дағдарыс және мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауы жас ұлттық валютаның мықтылық деңгейіне жасалған өзгеше сынақ болды. Әлемдік қаржы нарықтарындағы ауқымды өзгерістердің нәтижесінде Қазақстанның бірқатар сауда әріптес елдерінің ұлттық валюталарының айтарлықтай құнсыздануының қысымына ұшырады, ал инфляция 1999 жылы 17,8%-ға дейін өсті.

Мұның өзі ақша-несие саясаты үшін төтенше ахуал тудырды. Теңгенің бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтіру үшін 1999 жылғы сәуірде теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режимі енгізілді. Валюта нарығын қолдау жөніндегі шараларды қабылдау (экспорттық түсімнің 50%-ын міндетті сатуды уақытша енгізу, резервтік талаптарды азайту) банк жүйесіне және банкаралық нарыққа тұрақты жұмысын жалғастыруға мүмкіндік берді. Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын және заңды тұлғалардың депозиттерін қорғау және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар клиенттердің банк жүйесінен қашуын болдырмауға және банк жүйесін жұмыс істеу қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік берді. Сөйтіп теңгенің бағамы бірнеше күннің ішінде тұрақтандырылды.

2000-2006 жылдар аралығындағы кезеңде қаржылық тұрақтылық және экономиканың жаппай дамуы байқалды. 2000 жылдан бастап әлемдік қаржы нарықтарының тұрақтануы, әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы баға конъюктурасы, әлемдік экономиканың жандануы Қазақстандағы макроэкономикалық ахуалға оң ықпал етті. Осы жеті жылдық кезеңде елде қаржы жүйесі жаппай дамыды, халықтың депозиттеріне кепілдік беру қоры, тұрғын үй құрылысы саласында ипотекалық несиелеу жүйесі құрылды, сақтандыру және қор нарығы дамып, вексельдік бағдарлама іске қосылды.   Сондай-ақ капитал ағыны байқалды, халықтың банктерге салымдары мен банктердің экономикаға несиелері қарқындап өсті. Бүкіл кезең бойына инфляция бір қатарлы санмен өлшенетін деңгейде сақталды (6,4%-8,4%), ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуі 10,3%-ды құрады. Ақша-несие саясатының даму сапасында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі ҚНРА) құрылуы және Ұлттық Банктің билігінен тиісті өкілеттіктердің бөлінуі маңызды роль атқарды. Мұның өзі 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық Банктің негізгі мақсаты ретінде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мақсатты заңды түрде жариялауға мүмкіндік берді. Ұлттық банктің алға қойылған мақсатты іске асыратын міндеттері жарияланды: мемлекеттік ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, валюталық реттеудегі және валюталық бақылауды жүзеге асыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал жасау.

Ал 2007 жылы қаржылық тұрақсыздық кезеңі орын алды. Ағымдағы жүз жылдықтың басында экономиканың қарқындап өсуіне қарамастан, 2006 жылы шетел капиталының жоғары ағынына, ішкі қаржы нарығындағы артық өтімділікке, мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуіне негізделген инфляциялық қысымның өсу үрдісі байқалды. 2006 жылы 2001 жылдан бергі уақыт ішінде бірінші рет инфляция 8% деңгейінен асты. Қаржы жүйесіндегі мәселелерді ертерек анықтау үшін Ұлттық Банк 2006 жылдан бастап  ҚНРА-мен бірлесіп қаржы тұрақтылығы туралы жыл сайынғы есепті шығара бастады. 2006 жылдың есебінде қаржы жүйесі әлсіздігінің неғұрлым елеулі факторларының ішінде банктердің сыртқы заемдарының өсуі болды.

2007 жылғы Қазақстанның экономикалық дамуын екі кезеңге бөлуге болады. Жылдың бірінші жартысында өткен жылдары байқалған оң үрдістер –  өнеркәсіптің, жылжымайтын мүлік нарығының, құрылыстың, сауданың, банк қызметі нарығының жоғары даму қарқыны сақталды. Бірінші жарты жылда экономикаға несиелер 47%-ға жуық, резиденттердің банк жүйесіне депозиттері 24%-ға ұлғайды.

  2007 жылғы тамызда АҚШ ипотекалық заемдар нарығындағы жылдың басында туындаған дағдарыс әлемдік қаржы нарықтарындағы ахуалға айтарлықтай ықпал ете отырып, жергілікті сипаттан ауқымды сипатқа ұласты. Әлемдік нарықтар өтімділіктің жетіспеуін бастан кешірді және бірқатар орталық банктер, атап айтқанда, Федералдық резервтік жүйе, Еуропа Орталық Банкі өз елдеріндегі банк жүйесін қолдау үшін несиелік интервенция жүргізді. Осындай жағдайда әлемдік нарықтардағы пайыздық қойылым өсті. Портфельдік инвесторлар капиталдарын дамушы нарықтардан шығара бастады, нәтижесінде дамушы нарықтардың көпшілігі үшін сыртқа қарыз алуға кіру құқығы іс жүзінде жабылды.

Алдыңғы кезеңде айтарлықтай көлемде сырттан қарыз алған қазақстандық банктер бірқатар қиындықтарды бастан кешірді. Алайда, негізінен, кәсіби инвесторлардың синдикатталған заемдар тарту мүмкіндігі сақталған жағдайда кәсіби емес инвесторлардың нарықтарына қарыз алу үшін, яғни облигациялар шығару, IPO жүргізу арқылы кіруге мүмкіндік болмады. Алайда, банк секторының өсу қарқынының біршама төмендеуіне, яғни, депозиттердің аз ғана әкетілуі, берілетін несиелер бойынша қойылымдардың көтерілуіне қарамастан, отандық банктер экономиканы несиелеуді тоқтатқан жоқ. Таяу жылдар ішінде әлемдік қаржы және тауар нарықтарының даму болашағының айқын болмауы салдарынан елде экономиканың, әсіресе, құрылыс және қаржы қызметі салаларында бағалардың өсуінің бәсеңдеуі күтілуде. Құрылыс саласының өсу қарқыны несиелердің  жетіспеуі салдарынан, ал қаржы секторында – сыртқа заем ресурстарына кірудің шектелуінен тежеледі.

2007 жылы қазақстандық экономикаға әлемдік азық-түлік нарықтарындағы сілкініс теріс ықпал етті. Мәселен, дәнді дақылды негізгі өндіруші елдерде өнімнің төмен болуының, өсімдік шикізаты түріндегі отынның балама түрлерін әлемдік өндіру қарқынының өсуі нәтижесінде астықтың, күнбағыс майының әлемдік бағасы да өсті, ал осының барлығы елдегі инфляциялық қысымның өсуіне себепші болды.

Осылайша, 2007 жылы инфляциялық қысым ұлғайған кезде банк өтімділігінің жетіспеуі байқалды. Осындай жағдайларда Ұлттық Банк банк жүйесінің тұрақтылығын қолдау жөніндегі және баға тұрақтылығын сақтау жөніндегі шаралар белгілеу қажеттігін бастан кешірді. Мәселе мұндай жағдайда – бұл шаралардың бір-біріне қарама-қайшылығында болды. Банк жүйесінің тұрақтылығына қолдау көрсету үшін өтімділікті қолдау, ал инфляциялық қысымды азайту үшін оны төмендету қажет болды. Бұл жағдайларда Ұлттық Банк банк жүйесінің тұрақтылығын сақтау бойынша мақсаттың баға тұрақтылығын қолдау мақсаты алдындағы басымдығын айқындады. Бұл ретте банк дүрбелеңімен ғана емес, төлем жасамау дағдырысымен, салымшылардың азаюымен және қаржы секторы субъектілерінің бір бөлігі банктердің еншілес ұйымдары болып табылатындықтан немесе банк конгломераттарының құрамына кіретіндіктен жүйелік дағдырысқа ұшыраған қаржы нарығының басқа да бөліктерінің тұрақтылығына теріс ықпал етуімен қауіпті екендігі ескерілді. Әсіресе, жинақтаушы зейнетақы қорлары банктердің қаржы құралдарының жинақтаушы зейнетақы қорлары инвестициялық портфеліне айтарлықтай үлесінің қатысуы салдарынан зардап шегулері мүмкін.

2007 жыл ішінде қаржылық ахуалдың өзгеруіне байланысты ақша-несие саясаты да белгілі-бір өзгерістерге ұшырады.

Банктердің артық өтімділіктерінің бір бөлігін қосымша байланыстыруға бағытталған ең төменгі резервтік талаптар нормативтеріне жылдың бірінші жартысында қабылданған өзгерістерді ендіру 2008 жылға ауыстырылды. Сонымен қатар, 2007 жылғы қазан айынан бастап резервтік міндеттемелер базасын қысқартуға және резервтік активтер құрылымын кеңейтуге бағытталған ең төменгі резервтік талаптардың жаңа тетігі қолданысқа енгізілді.

2007 жылы Ұлттық Банк және екінші деңгейдегі банктер арасындағы банк заемдарын беру мәселесі бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. Осы келісімге сәйкес банктер сыртқы активтердің және сыртқы міндеттемелердің өсуін шектеуге, сондай-ақ консервативті несиелік және бірқалыпты депозиттік саясатты жүргізуге ерікті түрде келісті.

2008 жылы Ұлттық Банк ақша-несие саясаты бойынша орташа жылдық инфляцияның төменгі деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаржы жүйесін тұрақты жұмыс істеуін қолдауға бағдарланған ақша-несие саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты ретінде айқындады.

 

2.2. Ұлттық банктің инфляцияны болжау нәтижелері

 

Қазіргі уақытта Ұлттық Банк халықаралық стандартқа сәйкес жұмыс істеу үшін атап айтқанда, монетарлық импульстарды пайыздық ставкалар арқылы экономиканың нақты секторына өткізу тәжірибесін іске асыру үшін ақша-несие саясатының операциялық негізін жетілдіріп отыр. Осы міндетті шешу, өз кезегінде, инфляциялық таргеттеу қағидаларына өтуге арналған базаны жасайды.

Кез келген орталық банктің экономиканы дамытудағы негізгі үлесі – баға тұрақтылығын ұстап тұру. Яғни, Ұлттық Банк бірінші кезекте өз құралдары өзгерісінің инфляцияға әсерін бағалай білуі тиіс. Ақша-несие саясаты шараларының инфляцияға әсер етуі кезінде үлкен лагтардың болуы, кері байланыстың болуы қойылған міндетті маңызды жасайды.

Инфляциялық қысымның артуы жағдайында Ұлттық Банктің инфляцияның төмен деңгейін ұстау жөніндегі міндетін іске асыру ақша-несие саясатын жетілдіру бойынша ақша-несие саясатының қаржы секторының макрокөрсеткіштеріне тигізетін ықпалын арттыруға бағытталған шаралар қолдануға себепші болды.

Инфляцияны таргеттеу қағидаларына көшудің институционалды негізін құру саласында Қазақстанда мынадай жұмыстар жүргізілді:

1.      2004 жылдан бері Ұлттық Банктің негізгі мақсаты ретінде баға тұрақтылығы заңмен бекітілді;

2.      Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыруға ресми тыйым салынды;

3.      Ұлттық Банктің тəуелсіздігі заң жүзінде бекітілді.

Ал ақша-несие саясатының құралдарын жетілдіру мақсатында мынандай шаралар қабылданды:

              1) ақша-несие саясатын жоспарлаудың 3 жылдық деңгейгі белгіленді;

2) ішкі талдау үшін монетарлық емес факторлардың баға деңгейіне ықпалын елемейтін жəне инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсететін «базалық инфляция» индексі енгізілді жəне пайдаланылады;

3)  тоқсан сайын инфляциялық шолу шығарылады;

4) кеңесу органы – Ұлттық Банктің жəне мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, Парламенттің, ғылыми ортаның, сондай-ақ экономиканың қаржы жəне нақты секторларының қатысуымен ақша-несие саясаты жөніндегі кеңес құрылды;

5)  ресми репо ставкасы енгізілді;

6) операциялары бойынша мерзімдері мен сыйақы ставкалары бірегейлендірілді;

7) ең төменгі резервтік талаптарды қалыптастыру жəне есептеу əдістемесіне өзгерістер енгізілді;

8) қайта қаржыландыру ставкасын тоқсан сайын қайта қарау тәжірибесі енгізілді.

Валюталық режимді одан əрі ырықтандыру, капитал қозғалысымен байланысты тəуекелдерді реттеуге, шетел валютасы ағындарының мониторингін жүзеге асыруға арналған жаңа тəсілдер əзірленді.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық көрсеткіштерге тигізетін ықпалын талдау мен болжауды жетілдіру үшін:

1) ақша-несие саясаты саласында қолданылатын шаралардың инфляцияға тигізетін ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін Қазақстанның трансмиссиялық моделі əзірленді;

Информация о работе Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары