Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:51, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыс 65 бет көлемінде баяндалып, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздеріне арналған. Осы бөлімде экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының шет мемлекеттердегі ерекшеліктері сипатталған.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................
1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздері
1.1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының мәні
1.2. Экономиканы ақша-несиелік реттеудегі Ұлттық Банктің рөлі
1.3. Дамыған шет елдердегі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының ерекшеліктері............................................................................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің ақша-несие саясатын іске асыру кезеңдері
2.2. Ұлттық банктің инфляцияны болжау нәтижелері
2.3. Ұлттық банктің валюталық реттеу қызметін талдау
3. ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары және 2010 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы
3.2. Қаржы секторының тұрақтылығын арттырудағы Ұлттық банктің қызметін жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

НАЦ Банк.doc

— 525.00 Кб (Скачать документ)

Орталық банк несие жүйесінде «банктердің банкі» рольін атқарады, яғни, коммерциялық банктердің және басқа мекемелердің резервтері мен бос қаражаттарын сақтайды, оларға несиелер береді, соңғы сатыдағы несие беруші болып табылады, ақша міндеттемелерін өзара есепке алудың ұлттық жүйесін ұйымдастырады.

Дегенмен, орталық банктер қазіргі түрінде аз ғана уақыттан бері ғана XIX ғасырдан бастап өмір сүріп жатыр. Капитализм дамуының ертеректегі сатыларында  орталық (эмиссиялық) және коммерциялық банктердің арасында нақты шекара болмады. Коммерциялық банктер капитал жинақтау үшін белсенді түрде банкноталар шығаруға ұмтылды. Несие жүйесінің дамуына қарай, кейбір ірі коммерциялық банктерде банктік эмиссияны орталықтандыру процесі жүрді. Бұл процестің нәтижесі банкноталар шығаруға монополиялық құқықты бір банкке бекіту болып табылды. Бастапқыда мұндай банк эмиссиялық немесе ұлттық, ал одан кейін орталық банк  деп аталды, мұның өзі оның  несие жүйесіндегі үстем жағдайына сай келетін еді.

Тарихи деректерге сүйенсек, тұңғыш орталық банк феодализмнен капитализмге өту кезінде, 1668 жылы құрылған швециялық «РиксБанк» болған екен, алайда оның құрылу жағдайы қазір көп белгілі емес. 1694 жылы Англия Банкі құрылды, бірақ, ақша белгілерін эмиссиялауға олардың айрықша құқығы болған жоқ және олардың қызметтерінің қазіргі заманғы орталық банктердің функцияларынан айырмашылығы болды – мысалы, Англия Банкі бастапқыда сауданы және өнеркәсіпті, Нидерланд Банкі ішкі және сыртқы сауданы қаржыландыруға тиіс болды.

Орталық банктердің құқықтық мәртебесі құқықтық актілерде: Орталық банктер және олардың жарғылары туралы заңдарда, банктік және несиелік қызмет туралы заңдарда, валюталық заңнамада бекітілді.

Орталық банк несие жүйесін реттеу саласында кейбір билік өкілеттіктеріне ие бола отырып, коммерциялық банктік мекеменің және мемлекетттік ведомствоның жекелеген ерекшеліктерін бойына сіңірген. АҚШ, Германия, Швейцария, Швеция және Нидерланд заңнамасында орталық банктердің осы елдердің парламенттеріне тікелей бағынуы көзделген, мемлекеттердің көпшілігінде орталық банктер қазынашылыққа (Англия Банкі) немесе Қаржы министрлігіне бағынады. Бірқатар елдердің заңнамасында орталық банктердің Парламентке есеп беруі көзделген (мысалы, АҚШ, Германия, Жапония).     

Орталық банкке заң жүзінде жүктелген қызметінің басты мақсатын орындау – баға тұрақтылығын қамтамасыз етуі оның атқарушы үкіметтен белгілі бір дәрежеде тәуелсіз болуын көздейді және орталық банктің үкіметтен тәуелсіз болуы оның саяси және экономикалық нысанын білдіреді.

Саяси тәуелсіздік – бұл орталық банктің ақша массасының мақсатты бағыт-бағдарларын белгілеудегі дербестігін білдірсе, ал экономикалық тәуелсіздік – орталық банктің ақша-несие саясатының құралдарын таңдаудағы дербестігі болмақ.

Мемлекеттік билік органдарымен қалыптасқан өзара қарым-қатынастар орталық банктің баға тұрақтылығын қолдау мүмкіндігін анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Орталық банк пен мемлекеттік билік органдары өкілдерінің арасындағы  тұрақты байланыс соңғыларының орталық банктің іс-қымылына деген сенім деңгейін арттырады және олардың басты мақсатқа қол жеткізуіне – баға тұрақтылығын қамтамасыз етуіне оң әсерін тигізеді. 

Орталық банктің атқарушы биліктен тәуелсіз болу дәрежесі әр түрлі елдерде бірдей емес. Ақша-несие саясатын жүргізуде Германияның Орталық банкі Бундесбанк ең үлкен тәуелсіздікке ие деп саналады, оның тәуелсіздігі Бундесбанк туралы Заңда (1957 ж.) көзделген. Өзінің алдында тұрған міндеттерді іске асырған кезде Бундесбанк үкіметтің экономикалық саясатын қолдауға міндетті, алайда, олардың нұсқауларына тәуелді емес. Бундесбанк ақша-несие саясатының ең маңызды мәселелері бойынша үкіметтің кеңесшісі ретінде әрекет жасауға және оған қажетті ақпарат ұсынуға міндетті. Үкімет мүшелерінің Бундесбанк Орталық кеңесінің (оның ұжымдық басқарушы органының) жұмысына қатысуға құқығы бар, алайда, дауыс беру құқығы жоқ, бірақ кеңесте талдау үшін сұрақтар ұсынуына және ұсыныстар жасауына болады, олардың талап етуі бойынша кеңестің шешімін 2 аптаға кейінге қалдыруға болады. Қажет болған жағдайда, Бундесбанктің Президентін федералдық үкіметтің отырысына шақыруға болады. Ақша-несие саясатының мәселелері бойынша шешімдер қабылдаған кезде Бундесбанк үкіметтің ақша-несие саясатының бағыттарына кайшы келгенше толық автономияға ие.

АҚШ Федералды Резервтер Жүйесі (бұдан әрі – ФРЖ) атқарушы өкіметтен елеулі дәрежеде тәуелсіз – оның шешімдері президенттің немесе үкіметтік құрылымдардың тарапынан ратификацияланбайды. Дегенмен, ФРЖ өзі жүргізетін ақша-несие саясаты үшін АҚШ Конгресі алдында жауапкершілік атқарады. Кеңес мүшелері қатарынан төраға мен вице-төрағаны тағайындауды қосқанда, ФРЖ Басқарушылар кеңесіне барлық тағайындауларды сенаттың келісімімен президент жүзеге асырады. Осыны ескере отырып, сондай-ақ ФРЖ және үкімет жүргізетін саясаттың үйлестірілуін ескере отырып бұл жүйені «үкімет ішіндегі тәуелсіз жүйе» деп сипаттауға болады.

Англия Банкі тәуелсіздігі мейлінше төмен орталық банктердің бірі болып табылады. Англия Банкі мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастар Англия Банкі туралы Заңмен (1946 ж.) реттеледі, соның негізінде банк мемлекеттік банкке айналды. Бұл заңға сәйкес, Қазынашылықтың Англия Орталық банкінің қызметіне айтарлықтай ықпал етуге құқығы бар. Ақша-несие саласында банкке тек қана кеңес беру функциясы бөлінген. Англия Банкінің басқарушы органының – Басқарманың міндетіне ақша-несие саясатының мәселелерін қаржы министрлігімен (Қазынашылықпен)  үйлестіру кіреді. Оның басқарушысы ресми түрде осы салада шешімдер қабылдауға жауапты және Парламентке есеп береді. Осылайша, Англия Банкі Қазынашылықтың бақылауында, Қазынашылық Орталық банкпен алдын – ала жүргізілген кеңес алмасудан кейін оған ұсыныстар жасауға уәкілетті.

Англия Банкі сияқты Италия Банкі де ақша-несие саясатын жүргізуде үкіметтен елеулі түрде тәуелді. Әкімшілік тұрғыдан ол Қазынашылыққа бағынады және соңғысында құрылған Несиелер және салықтар жөніндегі министрлікаралық комитеттің жасаған ұсыныстарын орындауы тиіс. Италия Банкі  үкімет кеңесшісі болып табылады.

Сонымен, дәстүрлі түрде орталықтандырушылық және күшті саяси билік тән елдерде орталық банк, әдетте, заң жүзінде үкіметке тәуелді болады. Ал федералдық мемлекеттерде орталық банктердің дербестігі әлдеқайда жоғары.

Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Италия Орталық банктерінің үкіметтен тәуелсіз болу деңгейінің әртүрлі болуы осы елдердегі инфляцияның қарқынымен үндеседі. Орталық банктердің тәуелсіздік деңгейіне жүргізілген зерттеулердің бірінің нәтижесі орталық банктің саяси  тәуелсіздігі мен инфляцияның төмен деңгейі арасындағы  өзара байланыстың күшті екендігін көрсетеді.

Соңғы инстанциядағы несие беруші бола отырып, орталық банктер қаржы ресурстарының уақытша жетіспеушілігін бастан кешіп отырған несиелік-банктік мекемелерге несиелер береді .

Орталық банктердің тағы бір маңызды функциясы – үкіметтің қаржы агентінің рөлін атқару, яғни, үкімет шоттарын жүргізу және әртүрлі үкіметтік ведомстволардың активтерін басқару болып табылады. Кейбір елдерде, мысалы АҚШ-та, орталық банк бұл функцияны коммерциялық банктермен бірлесіп атқарады. Басқа бір мемлекеттерде, мысалы Италияда, орталық банк шын мәнісінде мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлері болып табылады.

Бұдан басқа, орталық банктер мемлекеттік борышты басқаруды жүзеге асырады, талдамалық зерттеулер жүргізеді және статистикалық деректер базасын жүргізеді, банкноталар дайындайды және т.б.

Талдамалық және статистикалық зерттеулер жүргізудің  функциялары өзінің сипаты бойынша әртүрлі елдердің орталық банктерінде мүлдем бірдей және тең мағынада болмауы мүмкін. Ақша-несие және валюта саясаты саласындағы негізгі зерттеулер төлем баланстарының деректерін негізге алады. Бұл кейбір елдерде (Бельгия, Германия, Франция, Нидерланд, Жапония) орталық банкке осы тәрізді деректерді жинау мен талдау функцияларының берілуіне себепші болды.

Чилидің Орталық Банкі ақша-несие саясатын инфляциялық таргеттеу негізінде жүргізеді. Чилиде инфляциялық таргеттеу 1990 жылдан басталды, Орталық банк сол уақытта 1991 жылға арналған инфляциялық мақсатын жариялады. 1991-1999 жылдар аралығында инфляциялық таргеттеу айырбастау бағамынан басым бола отырып жүзеге асырылды.

1988 ж 29 тамызда қабылданған “несие мекемелерінің қызметін бақылау және оның тәртібі” туралы заңмен белгіленген салада Испания банкінің кеңейтілген өкілеттіктері анықталған.

Испания Банкінің құзіретіне заңға сәйкес шамалы түрде заңды бұзған несие мекемелеріне санкция қолдану жатады, ал маңызды түрде заң бұзушыдық үшін Испания Банкімен ақылдасып, қаржы және экономика министрлігімен санкциялар қолданылады. Испания Банкі негізінен айып түріндегі санкцияларды қолдануға құқылы – 1 млн-нан 10 млн песет мөлшерінде. Жеклеген жағдайларда несие қызметінің жүзеге асырылуына рұқсатын тартып алу, жеке немесе көпшілік тәртіпте ескерту жариялауы мүмкін, несие мекемесінің қызметін тоқтату және т.б. түрде санкциялар болады. Санкцияларды жүзеге асыруда Испания банкі тиісті қарақ шығарады.

Сонымен қатар, егер несие мекемесінің қызметін тексеру нәтижесінде оның таралуы туралы шешім қабылданса, онда экономика және қаржы министрлігі бұндай тексерудің нәтижесін, оны тексерген органдар жағынан сол шешімнің дәлелдерін бекітуі қажет.

Экономика және Қаржы Министрлігі тапсырмасы бойынша, Испания Банкі бухгалтерлік есеп нысандарын және несие мекемелері үшін есеп шоттардың және баланстардың құрастырылу насандарын өзгертіп өңдейді.

Испания Банкі банк мекемелерінің капиталында қатысқан үлестердің берілуін бақылайды. Мысалы: егер банк капиталында қатысу үлесі заңды не жеке тұлға үшін жарғылық капиталдың 15%-не тең немесе асса, онда Испания Банкінің рұқсаты болуы қажет.

Орталық банк қызметі банктердің қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру саласындағы әртүрлі шешімдер қабылдауға негізделген құқықтары арқылы жүзеге асады. /19/

Италия Банкі несие мекемелеріне елдің территориясында және одан тыс филиалдар мен агенттіктерді ашуға рұқсат береді. Сонымен қатар, Италия Банкі капиталдың немесе дотациялық қордың минималды мөлшерін белгілейді.

Италия Банкі тұсында несие мекемелері тіркелетін арнайы кітап жүргізіледі. Әр несие мекемесі туралы келесі мәліметтер келтірілуі қажет:

1)     Аты;

2)     Заңды формасы; мекеменің құрылу мерзімі;

3)     Капитал мен дотациялық қордың мөлшері;

4)     Соңғы баланстың мәліметтерінің дәлелдері;

5)     Орталық органдары мен филиалдарының мекен-жайы.

Несие мекемелері мезгіл сайын Италия Банкімен белгіленген мерзімде және қойылған шарттарында өзінің балансы бойынша мәліметтер беруі тиіс.

Италия Банкі несие мекемелеріне мерзім сайын тексерулер жасауға құқылы, тексеруді ревизия жүргізуге құқылы деген құжаты бар чиновниктер жасайды.

Барлық орталық банктердің міндеті – айналысқа банкноталар шығару және  олардың елдің аумағында айналыста болуын қамтамасыз ету. Бұл ретте тек кейбір Орталық банктердің (Италия, Ұлыбритания, Бельгия, Испания, Ресей және тағы басқалары) ғана банкноталар шығаратын арнайы құрылымдық бөлімшелері бар.

Несиелік-банктік жүйенің жұмысын бақылау (орталық банктің бақылау функцияларының бірі) осы жүйенің тұрақтылығын қолдаудың қажеттігіне байланысты, себебі ұлттық ақша бірлігіне деген сенім тұрақты және тиімді жұмыс істейтін несиелік-банктік институттардың болуын көздейді.

Әдетте, мұндай бақылауды орталық банктер жүзеге асырады, алайда, Бельгияда, Германияда, Швейцарияда және Жапонияда қадағалау органдары орталық банктен институционалды бөлінген. Соған қарамастан, орталық банк олардың қызметіне қатыса отырып немесе оларға кеңес беру қызметін көрсете отырып, олармен өте тығыз байланыста болады. Басқа елдерде орталық банк несиелік-банктік мекемелердің басқа институттармен бірлескен қызметін бақылайды. Мәселен, АҚШ ФРЖ Федералдық Депозиттерді сақтандыру корпорациясымен, Ақша айналысын бақылау қызметімен, штаттардың уәкілетті органдарымен бірлесіп қадағалау қызметін жүзеге асырады.

Банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуі – Қазақстанда нарықтық қатынастарды дамытудың қажетті шарты, мұның өзі объективті түрде Ұлттық банктің банктік қызметті реттеудегі рөлін айқындайды. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің ықпалды нысандары мен әдістерін іздеу нарықтық экономикалы елдердің осы салада жинақтаған тәжірибесін зерделеп, қорытуды көздейді. Осы елдерде жүзеге асырылатын ақша-несие саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады және реттеуші іс-шараларға жедел және икемді қолдау көрсете отырып, макроэкономикалық ықпалды осы іс-шараларды жылдам түзетумен үйлестіруге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

2.1.  Ұлттық банктің  ақша-несие саясатын  іске асыру кезеңдері

 

Қаржылық тұрақтылық дегеніміз – қаржы жүйесінің өзінің тікелей міндеттерінің, атап айтқанда, инвестициялық жобаларды табысты қаржыландыруды және ресурстарды пайдаланудың күрт өзгерістерін тиімді реттеп отыруды толық орындау екендігі белгілі. Қаржылық тұрақтылықтың құрамдас бөліктері ақша тұрақтылығы, нарық агенттерінің қаржы мекемелеріне және нарыққа сенімінің болуы, нақты немесе қаржы активтері бағасының күрт ауытқуының жоқтығы болып табылады. Осы тұрғыда қарағанда теңгені енгізген уақыттан бері қаржылық тұрақсыздық кезеңдері болып 1993 жылғы қараша – 1999 жыл – 2007 жылғы тамыздан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықтар саналады.

Информация о работе Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары