Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:51, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыс 65 бет көлемінде баяндалып, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздеріне арналған. Осы бөлімде экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының шет мемлекеттердегі ерекшеліктері сипатталған.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................
1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздері
1.1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының мәні
1.2. Экономиканы ақша-несиелік реттеудегі Ұлттық Банктің рөлі
1.3. Дамыған шет елдердегі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының ерекшеліктері............................................................................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің ақша-несие саясатын іске асыру кезеңдері
2.2. Ұлттық банктің инфляцияны болжау нәтижелері
2.3. Ұлттық банктің валюталық реттеу қызметін талдау
3. ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары және 2010 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы
3.2. Қаржы секторының тұрақтылығын арттырудағы Ұлттық банктің қызметін жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

НАЦ Банк.doc

— 525.00 Кб (Скачать документ)

Экономикадағы ең төменгі әлеует Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақша-кредит саясатының негізгі бағыты ретінде халықтың ұлттық валютаға деген сенімін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауды айқындауға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ол үшін банктерге қысқа мерзімді теңге өтімділігін беру жөнінде шаралар қабылдады. Осы бағыт шеңберінде банктерге қайта қаржыландыру заемдары берілді, осы операциялар бойынша кепілдікті қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізбесі түзетілді. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы  10,5%-дан бұрын-соңды болмаған ең төменгі деңгей – 7,0% дейін біртіндеп төмендетілді.  2009 жылғы наурызда банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері ішкі міндеттемелер бойынша 2%-дан 1,5%-ға дейін және өзге міндеттемелер бойынша 3%-дан 2,5% дейін  төмендетілді. Борышын қайта құрылымдау үстіндегі банктердің ағымдағы өтімділігіне қолдау көрсету үшін 2009 жылғы қарашада осы банктердің барлық міндеттемелері бойынша 0% мөлшерінде ЕРТ-нің жекелеген нормативтері белгіленді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдарының жоспары шеңберіндегі банк жүйесіне мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау банктік өтімділікпен байланысты ахуалды едәуір жақсартуға ықпал етті. Нәтижесінде 2009 жылдың 2-тоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресурстарына банктер тарапынан сұраныс қысқарды.

Қазақстан Республикасының экономикасындағы жоғары тәуекелдердің сақталуы және нақты сектор тарапынан кредиттік ресурстарға деген сұраныстың шектелуі, сондай-ақ банктердің несие портфелі сапасының төмен болуы кредиттік белсенділіктің өсуіне әсер етпеді. Нәтижесінде сыйақы ставкаларының төмендеуіне және банктерден тартылатын депозиттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын қысқа мерзімді  ноталары бойынша мерзімдерінің ұлғаюына қарамастан банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құралдарындағы өтімділіктің едәуір көлемін жинақтады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уақытша лагты ескере отырып қабылдаған шараларының тиімділігі 2010 жылы көрінетін болады.

Әлемдік экономиканың баяу қалпына келуі, тауар нарықтарындағы, оның ішінде қазақстандық экспорттың негізгі тауарларына қалыпты әлемдік бағалар, әлемдік қаржы нарығындағы айқын еместік Қазақстан Республикасы  экономикасының үрдісін айқындайтын  негізгі факторлар болып табылады.

2010 жылы Қазақстанға, негізінен өркендеу шыңы 2009 жылға сай келген Солтүстік Каспий жобасын қаржыландырудың қысқаруы есебінен,  тікелей шетелдік инвестициялардың төмендеуі күтіліп отыр.

Қазақстандық банктерге  ұзақ мерзімді  қаржы құралдарының әлемдік нарығына кірудің шектеулі болатындығына қарамастан, кейбір банктердің сыртқы қарыз алуды жаңартуы жоққа шығарылмайды, сондай-ақ 2007-2009 жылдары басталған жобаларды нақты секторда қаржыландыру  жалғасады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдердің өсуімен байланысты 2010 жылы  ресурстардың болуы мүмкін  әкетілуі мұнайдың  әлемдік бағасының деңгейімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жинақтау мен пайдалану тетігімен айқындалатын болады.

Қазақстан Республикасының экономикасына әсер ету дәрежесін ескере отырып, мұнайдың  әлемдік бағасының деңгейі 2010 жылға арналған ақша-кредит саясатын әзірлеу кезінде сценарийлік нұсқаға бөлудің негізгі критерийі болып айқындалды. Макроэкономикалық жағдайдың дамуының үш сценарийі қаралды. Бұл ретте  мұнай бағасының  деңгейі бір баррель үшін 30 және 50 АҚШ  болуын болжайтын бірінші және екінші сценарийлер  тиісінше Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық  даму  болжамын қалыптастыру кезінде  Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағаларымен синхрондалған және келісілген болып табылады. Сондай-ақ  2009 жылы қалыптасқан  мұнайдың бағасының орташа жылдық деңгейін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мұнайдың бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ доллары деңгейінде болатын үшінші сценарийді әзірледі.

2010 жылы Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының барлық сценарийлері іске асырылған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады, бұл инфляцияны 6,0-8,0% дәлізінде ұстап тұруды көздейді.

Бірінші сценарийді іске асыру кезінде 2010 жылы Қазақстанның  экономикасын қысқарту  күтіліп отыр.

Осы сценарий бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған үлгілеу мен болжау нәтижелері төлем балансы көрсеткіштерінің нашарлауын, кредиттеудің және ақша сұранысының төмендеуін көрсетті. Бұл   іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жиынтық сұранысты шектеу сияқты объективтік факторлардың ықпалына байланысты.

Төлем балансының 2010 жылғы  ағымдағы шотының дефициті ЖІӨ-ге қарағанда 8,5%-ға жуықты, жалпы төлем  балансының дефициті – ЖІӨ-ге қарағанда 4%-дан астамын құрайды.

Экономиканың ақша деген сұранысының төмендеуі кезінде  белгіленген дәліз шеңберінде инфляцияны ұстап тұру ақша базасын 2,3%-ға тарылтумен, ақша массасының 4,7%-ға, экономикаға кредиттің – 1,4%-ға, банк жүйесіндегі депозиттердің – 5,4%-ға азаюымен қамтамасыз етілетін болады. Монеталандыру  деңгейі  бұл ретте  2010 жылдың  аяғында 45,9%-ға жетіп, іс жүзінде  өзгермейді (1-қосымша).

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалауы бойынша  бұл сценарийді іске асыру  мүмкіндігі барынша төмен.

Екінші сценарийді іске асыру кезінде мұнай бағасының ең жоғары деңгейі Қазақстанның сыртқы ағындарына қолайлы  әсер етеді, нәтижесінде 2010 жылы ағымдағы шоттың  дефициті ЖІӨ-ге қарағанда  4%-ға жуықты,  жалпы төлем балансының дефициті  – ЖІӨ-ге қарағанда 2%-ға жуықты құрайды.

Бұл даму сценарийінде  ақшаға деген сұраныс шектеулі  болып қалады. Ақша базасының кеңеюі 10,0%-ды құрайды, ақша массасы 9,6%-ға, банк жүйесіндегі депозиттер – 9,2%-ға, экономикаға кредиттер көлемі – 5,9%-ға ұлғаяды. Бұл ретте монеталандыру деңгейі 46,5%-ға дейін  өседі (1-қосымша)

Осы сценарий бойынша ахуалдың дамуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010 жылы экономикалық белсенділікті  ынталандыруға мүмкіндік береді, бұл экономиканың өсуінің қалыпты қарқының қамтамасыз етеді.

Үшінші сценарийге сәйкес  2010 жылы экономикалық өсу қарқыны  алдыңғы  сценарийлермен салыстырғанда  анағұрлым жоғары  деңгейде болады деп күтілуде.

Әлемдік нарықтағы  анағұрлым қолайлы конъюнктура қазақстандық экспортерлерге оң ықпал етеді. Ағымдағы шоттың ЖІӨ-ге 1%-дан аспайтын деңгейде шамалы дефициті күтіледі, жалпы  төлем балансы ЖІӨ-ге 1%-ға жуық  мөлшерде оң белгімен  қалыптасады.

Осы жағдайда ақшаға деген сұраныс алдыңғы сценариймен салыстырғанда анағұрлым  жоғары болады. Ақша базасы 2010 жылы 11,3%-ға кеңейеді, ақша массасы 15,4%-ға, банк жүйесіндегі депозиттер – 15,2%-ға, экономикаға кредиттер –8,5%-ға ұлғаяды, монеталандыру деңгейі 46,5%-ды құрайды.

Кесте 3.              Ақша-несие саясатының 2010 жылға арналған
негізгі көрсеткіштерінің болжамы

кезең аяғында

Көрсеткіштер

2008 (нақты)

2009 (бағалау)

2010 (болжам)

1-сценарий

2-сценарий

3-сценарий

Инфляция, %

- жыл аяғында, %

 

9,5             

 

6,2             

 

6,0-8,0             

 

6,0-8,0             

 

6,0-8,0

Ресми қайта қаржыландыру қойылымы, %

10,5             

7,0             

6,0             

7,0             

8,0

Ақша базасы, млрд. теңге

1525

2451

2395

2697

2728

өзгеріс %-бен

4,2

60,7

-2,3

10,0

11,3

Ақша массасы, млрд. теңге

6267

7386

7042

8097

8524

өзгеріс %-бен

35,4

17,9

-4,7

9,6

15,4

Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге

5409

6473

6123

7070

7459

өзгеріс %-бен

    39,0             

    19,7             

     -5,4             

      9,2             

15,2

Банктердің экономикаға кредиттері, млрд. теңге

7460

7644

7539

8092

8296

өзгеріс %-бен

     2,8             

    2,5             

   -1,4             

     5,9             

8,4

Экономиканы монетизациялау деңгейі, %

39,0

46,2

45,9

46,5

46,5


Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

 

Бұл сценарийді іске асыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне алтынвалюта активтерінің көлемін  ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының 2010 жылға арналған екінші және үшінші сценарийлерін іске асыруды анағұрлым мүмкін деп санайды,  осыларды ескере отырып 2010 жылға арналған ақша-кредит саясаты  әзірленді.
              Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету  болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы мақсатқа  жету жөніндегі шаралары экономикалық өсуді қолдауға, депозиттік нарықтың әлуетін дамытуға, сондай-ақ банк секторының кредиттік белсенділігін қалпына келтіруге ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті  қамтамасыз етуге бағытталған айырбастау  бағамы саясатын  жүргізуді жалғастырады. Бағамдық саясат үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында  отандық  өндірістің  бәсекеге  қабілеттілігіне  теріс  әсер етуі  мүмкін  ұлттық валютаның нақты бағамының біршама ауытқуларына жол бермеу мақсатында  жүргізіледі.

Бағамды қалыптастыру икемділігін арттыру үшін  жағдайлар жасау мақсатында 2010 жылғы  5 ақпаннан бастап теңгенің ауытқуы дәлізі кеңейтіледі: 150 доллар/теңге (+)10% немесе 15 теңге, (-)15% немесе 22,5 теңге. Теңге бағамының  динамикасында басым  үрдіс әлемдік қаржы  және тауар нарықтарындағы жағдайға және төлем балансының жай-күйіне  байланысты болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық саясаты нарық ставкаларын қысқа мерзімді құралдардың ақша нарығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ставкаларының дәлізі шеңберінде ұстап тұруға бағытталған. Жүргізілген шаралар нарық ставкаларының құбылмалылығын төмендетуді және ақша нарығының тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ  өтімділікті тиімді басқаруға ықпал етеді. Дәліздің ең жоғарғы шекарасы болып табылатын ресми қайта қаржыландыру ставкасы ақша нарығындағы жағдайды және инфляция  деңгейін ескере отырып айқындалатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған банктердің  депозиттері бойынша ставка ақша нарығындағы  қысқа мерзімді ставкалар дәлізінің төменгі шекарасы  ретінде  айқындалады. Бұл ретте ол болуы мүмкін ең төмен деңгейде, яғни  банктерді  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттерде  бос ресурстарды жинақтауға  қайта ынталандыруға болатындай  етіп белгіленеді.

Артық өтімділікті алып тастау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қысқа мерзімді ноталар эмиссиясын жалғастырады. Оларды шығару сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын  қолдауға, 1 жылға дейінгі мерзімдегі қаржы құралдары бойынша қисық кірістілікті қалыптастыруға  бағытталады.

Фундаментальді факторлар тарапынан күтілетін шамалы  инфляциялық қысым кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы тұрақтылығын  қамтамасыз ету жөнінде шаралар  қабылдайды. Банктердің  өтімділігі  деңгейінің және  оған байланысты тәуекелдердің, оның ішінде валюталық тәуекелдерің мониторингі жалғасады. Бұл операциялардың  мерзімі қысқа болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қорландыру базасын  қалыптастыру кезінде  банктерді  ішкі көздерге бұдан әрі қайта бағыттауға ықпал етеді. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылы  «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру  қоры» АҚ-ын 11 млрд. теңгеге капиталдандыруды  ұлғайтады.

Сондай-ақ банктердің ресурстық базасын тұрақтандыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған  банктік емес қаржы ұйымдарының уақытша бос ақша қаражатын отандық банктердің  депозиттеріне аудару туралы  мәселе  қаралады.

Ақша-кредит саясатының осы шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне инфляция бойынша белгіленген  бағдарларға жетуге мүмкіндік береді. Бұл экономиканың  тұрақты  және сапалы өсу  жағына шығуына  ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің және Қаржылық қадағалау агенттігінің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдарының жоспарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларының мынандай бағыттары көзделген:

– теңестірілген ақша-несие саясатын жүргізу;

– төлем балансының мониторингі және оны бағалау;

– Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асыруға жәрдем беру;

– акционерлік қоғамның қаржылық есептілігіне мүдделі тараптармен мәмілелер туралы ақпараттың айқындылығын арттыру.

Бұл шаралар қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасында көзделген.

Ұлттық Банк осы бағыттар бойынша Бірлескен іс-қимыл жоспарында айқындалған мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдармен, даму институттарымен жан-жақты өзара іс-қимыл жасайтын болады. Ұлттық Банктің барлық іс-шаралары Іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде жүзеге асыралатын болады.

Ұлттық Банктің іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралары 2008 жылдың аяғында қабылданған Ақша-несие саясатының 2009-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарымен тығыз байланысты.

Информация о работе Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары