Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:51, дипломная работа
Дипломдық жұмыс 65 бет көлемінде баяндалып, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздеріне арналған. Осы бөлімде экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының шет мемлекеттердегі ерекшеліктері сипатталған.
КІРІСПЕ.................................................................................................................
1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздері
1.1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының мәні
1.2. Экономиканы ақша-несиелік реттеудегі Ұлттық Банктің рөлі
1.3. Дамыған шет елдердегі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының ерекшеліктері............................................................................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің ақша-несие саясатын іске асыру кезеңдері
2.2. Ұлттық банктің инфляцияны болжау нәтижелері
2.3. Ұлттық банктің валюталық реттеу қызметін талдау
3. ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары және 2010 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы
3.2. Қаржы секторының тұрақтылығын арттырудағы Ұлттық банктің қызметін жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Банктердің ресурстық базасын тұрақтандыру мақсатында ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ активтері Ұлттық Банктің басқаруындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаты отандық банктердің депозиттеріне орналастырылатын болады.
Ең төменгі резервтік талаптарға қатысты Ұлттық Банк олардың нормативтеріне, банктердің резервтік міндеттемелерінің құрылымына және резервтік активтеріне қандай да болмасын өзгерістерді болжамайды, себебі нормативтердің қолданылып жүрген мәндері ағымдағы макроэкономикалық жағдайға тең. Сонымен қатар, ең төменгі резервтік талаптар бойынша талаптарды одан әрі жұмсарту банктердің клиенттердің ағымдағы төлемдерін жүргізу мүмкіндіктеріне теріс әсер етуі мүмкін.
Ұлттық Банк ел экономикасындағы іскерлік және несиелік белсенділікті ынталандыру мақсатында ақша эмиссиясын жүргізбейді. Ұлттық Банк тарабынан ақша ұсынысын жасанды ұлғайту теңгенің ішкі құнсыздануына, оның әлемдік валюталарға қатысты айтарлықтай девальвациясына, сондай-ақ, тауар және қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар нарықтарындағы баға «көпіршіктерін» қалыптастыруға алып келеді. Бұл Қазақстан теңгесінің шектеулі айналыс аясына, тауар мен қызмет көрсетудің ішкі ұсыныстарының төмен болуына және шетел валютасына транзакциялық сұраныстың (импорт, қаржылық міндеттемелерге қызмет көрсету) жоғары болуына байланысты.
Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілген шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдарының жоспарын толықтыратын және тиісінше елдегі экономикалық өсуді қолдауға мүмкіндік жасайтын болады.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар бойынша Қазақстан Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттің «екінші кезекке» шегерілгенін ескере отырып, Ұлттық Банк өтімділікті орнату бойынша операцияларды (қысқа мерзімді ноталар шығару, банктерден депозиттер тарту) олар бойынша өтелетін міндеттемелерді қайта қаржыландыру үшін аз ғана көлеммен жүргізетін болады. Қысқа мерзімді ноталарды шығару негізінен мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын қолдау және 1 жылға дейінгі мерзімі бар қаржы құралдары бойынша кірістілік қисығын қалыптастыруға бағытталатын болады.
Ұлттық Банктің пайыздық саясаты қысқа мерзімді құралдардың ақша нарығындағы нарықтық қойылымдардың құбылмалылығын төмендетуге және оларды Ұлттық Банктің қойылымдарының дәлізі шегінде ұстап тұруға бағытталатын болады. Бұл ретте дәліздің жоғарғы шегі болып табылатын ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілеу ақша нарығындағы жағдайға және инфляция деңгейіне қатысты жүргізіледі. Ұлттық Банк банктерден тартатын депозиттер бойынша дәліздің төменгі шекарасы болып табылатын қойылым ресми қайта қаржыландыру қойылымының ½ деңгейінде белгіленеді.
Инфляциялық қысым күшейтілген және әлемдік және сол сияқты отандық экономикадағы жағдайдың жақсаруы нәтижесінде инфляция бойынша болжамдық деңгей айтарлықтай көтерілген жағдайда, Ұлттық Банк ақша-несие саясатын қатаңдату жөніндегі шараларды қабылдайтын болады. Ресми қайта қаржыландыру ставкасын, ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін арттыру, өтімділікті орнату бойынша операциялар көлемін ұлғайту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша инфляция мазмұнының саясатына қатысты келесідей негізгі ұсыныстарды қорытындылауға болады:
1. Инфляцияны төмендету мемлекеттік саясаттың соңғы мақсаты болмау керек, ал ол тек инвесторлар үшін біздің еліміздің тартымдылығын жоғарлатуға және игілігін өсіру құралы ретінде ғана болуы тиіс.
2. Инфляция деңгейіне жиынтық факторлар әсер етеді: монетарлықтан басқа, табиғи монополияның өнімдеріне бағаның өсімі, әлемдік баға өсімі, инфляциялық күту мен курстық динамика сияқты факторлар маңызды роль ойнайды. Сондықтан, инфляцияны төмендету үшін барлық факторлаға әсер ететін кешенді іс-шараларды қолдану қажет.
3. Қазіргі кезде қолданылатын инфляция деңгейін реттеу тәсілдерінен басқа, ақша-несие саясатының құралдарын кең көлемде қолдану қажет. Алғашқы кезекте қайта қаржыландыру қойылымын реттеу қажет.
4. Экономиканы дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын құрастыру және ақша-несие саясатының құралдары мен шаралар жүйесін нақтылау қажет. Олар айналысқа түсетін ақша массасын тазарту ғана емес, сондай-ақ отандық кәсіпорындардың несиелері бойынша кепілдеме ұсыну арқылы нақты секторды дамытуға бағытталады, ол өз кезегінде, экономика үшін күрделі, ұзақ мерзімді инфляцияның алдын-алуға көмектеседі.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету екені белгілі. Соған қарамастан, ұлттық валюта теңгенің айырбастау бағамына қысымның өсуі жағдайларында соңғы жылдары Ұлттық Банк айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және 1 АҚШ доллары үшін 117-123 теңге шегінде (120 теңге ±2%) айқын емес дәлізді сақтау бойынша айтарлықтай күш-жігер жұмсады. Бұл экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай жасады. Алайда, алтын-валюта резервтерінің ағымдағы деңгейін сақтау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін сақтау қажеттілігі Ұлттық Банктің тарапынан валюталық саясатқа арналған тәсілдерді қайта қарауды талап етеді.
2009 жылғы 4 ақпаннан бастап Ұлттық Банк теңгені бұрынғы айқын емес дәлізде қолдауды тоқтатты және ұлттық валютаның айырбастау бағамының жаңа деңгейін объективті түрде қажет деп санады. Теңгенің айырбастау бағамының дәлізді ±3% немесе 5 теңге ауытқуымен бір доллар үшін 150 теңге деңгейіне жуық болады деп болжанады.
Дәлізді түзетудің негізгі себептері:
1. Мұнайға бағалардың төмендеуі.
Мұнай Қазақстанның барлық экспортының 60%-на жуығын құрайды және Қаржы нарығындағы валюталық түсімнің негізгі қайнар көзі болып табылады. Соңғы жарты жылда мұнай құнының 3 еседен астам төмендеуі бағамдық бағдарларды қайта қарауға мәжбүр етіп отыр. Дегенмен, мұнайға бағалардың өсуі басталған немесе баға деңгейлері көтерілген жағдайда ұлттық валютаның бағамын нығаю жағына қарай бара-бар өзгерту болжанып отыр.
2. Қазақстанның сауда әріптестері елдерінде және экономикасы шикізат экспортына байланысты елдерде ұлттық валюталардың девальвациясы.
2008 жылдың басы – 2009 жылғы қаңтар аралығында АҚШ долларына қатысты ұлттық валюталардың девальвациясы Ресейде - 44%, Беларусьте - 28%, Украинада - 53%, Ұлыбританияда - 38%, Еуроаймақта - 13%, Норвегияда - 28%, Бразилияда - 31%, Австралияда - 27%, Канадада – 26% құрады.
Нәтижесінде 2008 жылғы 11 айында сауда-әріптестері елдерінің валюталарына қатысты теңгенің нақты тиімді айырбастау бағамының нығаюы 13% болды, ал 2009 жылғы қаңтардағы алдын-ала деректерді ескере отырып - 16%, 2000 жылдан бастап теңгенің нақты бағамының нығаюы 30% болды.
Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін айырбастау бағамына тиісті түзету қажет. Қазақстанның 1998 жылғы және 1999 жылдың басындағы тәжірибесі, сондай-ақ бәсекеге қабілеттіліктің нашарлауына ұшыраған басқа елдердің тәжірибесі ұлттық валютаның девальвациясын қоспағанда, тауар өндірушілерді қолдаудың басқа шараларының тиімсіздігін дәлелдейді.
Теңгенің девальвациясының деңгейі 23%-дан аспайды, бұл аймақтың басқа елдеріндегі ұлттық валюталардың девальвациясының орташа деңгейінен төмен. Бұл, бір жағынан, бәсекеге қабілеттілікті қалпына келтіруге мүмкіндік жасайды, екінше жағынан, теңге бағамының одан әрі әлсіреуін шектейтін қосымша фактор болып табылады.
3. Таяу жылдары сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша барынша жүктемесі бар екінші деңгейдегі банктер нақты мемлекеттік қолдауға ие болады және пруденциалдық нормативтерді бұзбай жұмыс істей алады.
Сонымен бірге, мемлекет банк секторының сыртқы борышы бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін банк жүйесінің шетелдегі сыртқы активтерін қысқарту жөнінде қатаң шараларды қолданады.
4. Ұлттық Банктің алтын – валюта резервтерін сақтау.
2008 жылғы IV-тоқсаннан бастап қазіргі күнге дейін валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және айырбастау бағамын ағымдағы диапозонда ұстап тұру үшін Ұлттық Банк 6 млрд. АҚШ долларын (2009 жылғы қаңтардағы 2,7 млрд. долларды қоса алғанда) жұмсады.
Кесте 1. Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандыру тұжырымдамасын іске асыру сатылары
| 1-саты | 2-саты | 3-саты |
Көшудің алғы шарттары | 1. Орташа алғандағы болашақта төлем балансының 2. Валюталық нарықта салыстырмалы тұрақтылыққа қол | 1. Қаржы жүйесінде тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру. 2. Қаржы құралдарын дамыту және бағалы қағаздар нарығының 3. Сыртқы-экономикалық операциялар туралы статистикалық ақпаратты жинау жүйесін нығайту. | 1. Төлем балансының ағымдағы есепшотъшың тұрақты профицитіне кол жеткізу. 2. Ішкі және әлемдік пайыздық қойылымдардың салыстырмалы пайыздық паритетіне кол жеткізу. |
Төлем балансындағы жағдайды айқындайтын факторлар | 1. Солтүстік Каспийдегі кен орындарды өңдеуге 2. Инвестициялық тауар импортының, халықаралық 3. Әлемдік бағалар деңгейіне қатысты белгісіздік | 1. Солтүстік Каспийдің жаңа ірі кен орындарын өнеркәсіптік пайдаланудың басталуы. 2. Шетелдік тікелей инвестициялардың 3. Ішкі жинақ ақшаны ұлғайту және соның салдарынан резиденттердің | 1. Мұнайды өндіру көлемінің шарықтаған шегіне жету. 2. Ішкі жинақ ақшаның ішкі инвестициялардан асуы. |
Валюталық режимді ырықтандырудың максаттары мен міндеттері | 1. Инвестициялық сападағы резидент еместердің бағалы қағаздарға инвестицияларын валюталық реттеу режимін жеңілдету арқылы инвестициялық портфельді түрлендіру үшін жағдайлар жасау. 2. Шетелге тікелей инвестициялау операцияларына 3. Сыртқы сауда операцияларын жүзеге асырған кезде әкімшілік тосқауылдарды жою және экспорт-импорттық 4. Капиталдың ағымына байланысты тәуекелдерді азайту және шоғырландырылған негізде пруденциалдық бақылауды жетілдіру.
| 1. Мәміленің сипаты критериясына сүйене отырып ұзақ мерзімді сипаттағы капиталдық операцияларға қатысты валюталық режимді теңестіру. 2. Рыноктық тәуекелдерді хеджерлеу мақсатында қолданылатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді валюталық реттеуді жетілдіру. | 1. Ұлттық валютаның (ішкі және сыртқы) толық айырбасталатынына қол жеткізу 2. Қысқа мерзімді сипатқа ие резидент еместермен мәмілелерді валюталық реттеу режимін ырықтандыру. 3. Шетелдік банктерде есепшоттарды ашуға және қаражатты пайдалануға барлык шектеулерді алу. 4. Ішкі валюталық рынокта шетел валютасымен операцняларды жүргізуге шектеулерді алу. |
Ұлттық Банк ахуалды объективті түрде бағалайды және жарияланған бағдарларға қол жеткен жағдайда девальвациялық күтулердің әлеуеті сарқылады деп санайды. Бұған қаржы жүйесіндегі теңгелік өтімділік тапшылығы негіз бола отырып, бұл шетелдік валютаға деген тұрақты сұранысты қалыптастыруға жол бермейді. Мәселен, 29 және 30 қаңтарды теңгелік өтімділікті шектеу жөніндегі алдын-ала іс-әрекеттің нәтижесінде теңге АҚШ долларына қатысты Ұлттық Банктің қатысуынсыз нығайды. Тиісінше, айырбастау бағамының өзгерістері әлсіреу жағына қарай, сол сияқты нығаю жағына қарай да орын алуы мүмкін, бұл теңгелік өтімділіктің нарығындағы және әлемдік валюта нарығындағы ахуалға қарай (бірінші кезекте, еуро-доллар жұбының динамикасына байланысты) айқындалатын болады. Ұлттық Банк валюта нарығындағы алып-сатарлық жағдайдың туындауына қатаң түрде жол бермейді және айырбастау бағамының ауытқуларын алдын-ала білуден алшақ болады (ұлттық валютаның біртіндеп әлсіреуі немесе нығаю жөніндегі айқын трендтер көрінбейді). Сонымен қатар алып-сатарлық жағдайларды қысқарту мақсатында Ұлттық Банк теңгенің бағамын нығайту алып-сатарларды шығындарғы әкеліп соқтыру үшін дәліздің төменгі шегінен шығу құқығын қалдырады.
Сондай-ақ Ұлттық Банк оңтайлы күтулерден асатын бағамның ауытқуларына жол бермейді. Бұл ретте валюталық операциялардың қолданыстағы режиміне шектеулерді енгізу әлі көзделген жоқ.
Ұлттық Банк қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды қолданды. Бірінші кезектегі шаралар ретінде төмендегідей іс-әрекеттер жүзеге асырылатын болады:
- 2009 жылғы 5 ақпаннан бастап қайта қаржыландыру қойылымы 9,5%- ға дейін төмендейді;
- 2009 жылғы 3 наурыздан бастап екінші деңгейдегі банктерге қойылтын ең төменгі резервтік талаптар ішкі міндеттемелер бойынша 2%-дан 1,5%-ға дейін және өзге міндеттемелер боынша 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендетіледі, бұл банк жүйесіне 50 млрд. теңге мөлшерінде өтімділікті беруге мүмкіндік береді;
- төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Ұлттық Банк бекітілген құралдарды кепілге бере отырып, банктерге қажетті қысқа мерзімді өтімділікті беруді жалғастырады;
- айырбастау пункттері банктер тарапынан да, сол сияқты Ұлттық Банктің тарапынан да қолма-қол шетел валютасының жеткілікті көлемімен қамтамасыз етіледі. Екінші деңгейдегі банктердің аймақтардағы филиалдары қолма-қол шетел валютасының айтарлықтай көлеміне ие. Ұлттық Банк сондай-ақ қосымша 600 млн. АҚШ долларын әкелді. Тиісінше, Қазақстанның аймақтары шетел валютасымен қамтамасыз етіледі, бұл халықтың тарапынан сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды.
Информация о работе Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары