Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:51, дипломная работа
Дипломдық жұмыс 65 бет көлемінде баяндалып, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздеріне арналған. Осы бөлімде экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының шет мемлекеттердегі ерекшеліктері сипатталған.
КІРІСПЕ.................................................................................................................
1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздері
1.1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының мәні
1.2. Экономиканы ақша-несиелік реттеудегі Ұлттық Банктің рөлі
1.3. Дамыған шет елдердегі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының ерекшеліктері............................................................................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің ақша-несие саясатын іске асыру кезеңдері
2.2. Ұлттық банктің инфляцияны болжау нәтижелері
2.3. Ұлттық банктің валюталық реттеу қызметін талдау
3. ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары және 2010 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы
3.2. Қаржы секторының тұрақтылығын арттырудағы Ұлттық банктің қызметін жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Теңестірілген ақша-несие саясатын жүргізу 2009-2010 жылдары Ұлттық Банк үшін елдің қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету негізгі міндет болып табылатынын болжайды. Бұл ақша-несие саясатының жұмсаруын білдірсе, ал инфляцияны тежеу жөнінде қосымша шаралар қабылдау талап етілмейді, себебі жақын болашақта инфляциялық қысымның өсуі күтілмейді. Сондай-ақ, Ұлттық Банк банктерге қысқа мерзімді өтімділік беру саясатын жалғастырады, кепілмен қамтамасыз ету тізбесін одан әрі ұлғайту, банктерге кепілсіз несиелер беру және банктерде Ұлттық Банктің депозиттерін, және активтерін Ұлттық Банк басқаратын ұйымдардың қаражатын орналастыру мәселесі қарастырылатын болады.
Банктердің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесін әзірлеу және ендіру банктер арасындағы сенімсіздік деңгейін азайтуға, банкаралық нарық арқылы ресурстарды қайта бөлуге, қысқа мерзімді құралдардың ақша нарығында операцияларға қол жетімділігін кеңейтуге себепші болады. Бұл ретте Ұлттық Банк ақша ұсынысын өсіруге ұмтылмайды. Банктермен операциялардың көлемі (жиынтығында қайта қаржыландыру заемдары бойынша банк берешегінің көлемі және банкаралық міндеттемелер бойынша Ұлттық Банк ұсынатын кепілдіктер) әр банктің меншікті капиталы мөлшерінің 50%-нан аспайды. Ұлттық Банк тарапынан болжанатын қолдау қысқа мерзімді негізде көрсетілетін болғандықтан, бұл ретте банктерді ұзақ мерзімді қаржыландыру мемлекеттік бюджет, Ұлттық қордың, даму институттарының қаражаты есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
Үкімет және Ұлттық Банк төлем балансының және теңгенің айырбас бағамының жай-күйін бақылайтын болады. Бұл мәселенің маңыздылығы экономиканың активтері мен міндеттемелерінің айтарлықтай үлесі шетел валютасына тиесілі болуымен байланысты, заемшылардың активтері мен міндеттемелері валютасының сәйкес келмеуіне негізделген жоғары несиелік тәуекел бар. Осыған байланысты Ұлттық Банктің және Үкіметтің міндеті теңгенің тұрақтылығын немесе теңге бағамының шетел валюталарына қатысы бойынша бақыланатын шектерде бірқалыпты өзгеруін және алтын-валюта резервтерінің ысырабына жол бермеу болып табылады, ал Ұлттық Банктің және Үкіметтің бұған қажетті құралдары мен мүмкіндіктері бар екені белгілі.
ХВҚ-ның бағалауы бойынша 2009 жылы әлемдік экономика өсуінің төмендеуі жалғасады және оның 2,2% деңгейде ғана өсуі болжанады.
Бұл ретте дамыған елдерде рецессия болжанады және ЖІӨ төмендеуі 0,3%-ды құрайды (атап айтқанда Ұлыбританияда – 1,3%, АҚШ-та – 0,7%, Еуро аймағы елдерінде – 0,5%, Жапонияда – 0,2%).
ТМД елдері, Қытай, Үндістан, Мексика, Бразилия, Африканың және Таяу Шығыстың бірқатар елдері кіретін дамушы экономикалар 2009 жылы 5,1% өсуді көрсетеді (мысалы, ТМД елдерінде – 3,2%, Қытайда – 8,5%, Үндістанда – 6,3%, Мексикада – 0,9%, Бразилияда – 3,0%).
Әлемдік экономика қарқындарының бұрын болмаған бәсеңдеуі және шикізат ресурстары бағаларының құлдырауы аясында әлемдік экономикадағы іскерлік белсенділіктің төмендеуі, төмен жиынтық сұраныс және өтімділіктің жетпеуі әлемнің көптеген елдерінде инфляциялық процестердің бәсеңдеу факторы болады. Инфляцияның деңгейі ХВҚ болжамы бойынша 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы дамыған елдер бойынша (2008 жылғы 3,6% қарағанда 2009 жылғы 1,4%) және сол сияқты дамушы елдер бойынша (тиісінше 9,2% қарағанда 7,1%) 1,5-2% төмен болады.
Осы жағдайларда көптеген елдердің орталық банктері ақша-несие саясатының негізгі басымдықтарын ауыстырады. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жария етілетін мақсаттарға қарамастан, инфляциялық қысымның күшею тәуекелінің төмен болуы орталық банктерге экономиканы және қаржы тұрақтылығын қолдау жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ресми қойылымдарды міндетті түрде төмендету, орталық банктерде қайта қаржыландыруға рұқсатты кеңейту жөнінде шаралар қабылданады. Осындай саясатты, атап айтқанда, АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі, Еуропа орталық банкі, Англия банкі, Жапония Банкі, Канада Банкі, Австралия Резервтік банкі және басқалары ұстанады.
Жаңғырудың алғашқы белгілері, бағалау бойынша, тек 2010 жылы ғана күтіледі, бірақ көптеген елдерде экономикадағы жағдайдың жақсаруы тек 2011 жылдан бастап күтіледі және ол экономикалық өсу қарқындарының біртіндеп көтерілуімен, жұмыссыздықтың төмендеуімен, сұраныстың жаңаруымен және әлемдік капитал нарықтарындағы өтімділіктің қалпына келтірілуімен қоса жүреді.
Белгісіздіктің және тиісінше әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы құбылмалылықтың сақталуы күтіледі. Бұл ретте Қазақстан экспортының негізгі позицияларының (мұнай, металдар) әлемдік бағалары 2009-2010 жылдары 2006-2008 жылдарда байқалған деңгейден біршама төмен болады.
Әлемдік экономиканың бәсеңдеуі, тауар нарықтарындағы әлемдік бағалардың, оның ішінде Қазақстан экспортының негізгі тауарлары бағаларының төмендеуі, әлемдік қаржы нарығында сақталып отырған белгісіздік Қазақстан Республикасы экономикасының даму үрдістерін айқындайтын негізгі факторлары болады.
Мұнайдың әлемдік бағаларының 2009 жылы бір баррель үшін 40 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасатыны, 2010 жылы одан әрі бір баррель үшін 50 АҚШ долларына дейін өсетіні болжанды.
2009 жылы мұнай мен газ конденсатын жеткізудің өсуі түсті және қара металдар бойынша бағалардың төмендеуінен және жеткізудің қысқаруынан болған шығындарды өтемейтіні күтіледі. Нәтижесінде ағымдағы шоттың дефициті ЖІӨ-нің 8%-ға жетуі мүмкін. Оны қаржыландыру тікелей инвестициялардың өсуі есебінен (2009 жылға Солтүстік Каспий жобасын қаржыландырудың шегі келеді) және өтімділік дағдарысына шамалы ұшыраған елдердің инвесторларының қатысуымен жаңа инфроқұрылымдық жобаларға капитал ағынымен жүзеге асырылатын болады, нәтижесінде жалпы төлем балансы ЖІӨ-нің 3-3,5% дефицитпен қалыптасады.
2010 жылы бір баррель үшін 50 АҚШ долларына дейін бағалардың өсуін және түсті және қара металдарды жеткізудің 2008 жылғы деңгейдегі көлемін қалпына келтіруді күтіп отырған кезде ағымдағы шоттың дефициті ЖІӨ-нің 6%-ын дейін қысқартылады. Қаржы операциялары бойынша таза ағындардың кейбір қысқаруы болған кезде, сондай-ақ резиденттердің сыртқы борышқа қызмет көрсетуге күтіліп отырған қажеттілігін ескергенде төлем балансының жалпы дефициті ЖІӨ-нің 2,5-3% шегінде қалады.
Халықтың нақты кірістерінің болжанған шектеулі өсуіне байланысты тұтынушылық сұраныстың бәсеңдеуі күтіледі. Экономиканың өсуін және кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін қаржыландырудың көзі Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің және ҚНРА-ның Бірлескен іс-қимылдарының жоспары шеңберінде бөлінетін қаражат, сондай-ақ 2009-2010 жылдары қабылданатын салық жүктемесін айтарлықтай төмендету болады.
Отандық банк жүйесіндегі жағдай сыртқы міндеттемелерді өтеу бойынша айтарлықтай төлемдерді жүзеге асыру қажеттілігімен айқындалатын болады. Банктердің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша төлемдердің 2008 жылғы көлемі 2009 жылы 11,1 млрд. АҚШ доллары және 2010 жылы 7,6 млрд. АҚШ доллары болып бағаланады. Бұл ретте 2009-2010 жылдары ұзақ мерзімді қаржы құралдарының әлемдік нарығы қазақстандық банктер үшін жабық болады.
Сыртқы борышқа қызмет көрсетуге арналған қаражатты шоғырландыру, сенімді ұзақ мерзімді қорландыру көздерінің, оның ішінде ұзақ мерзімді депозиттердің болмауы банктерге несиелеуді кеңейтуге мүмкіндік бермейді. Тиісінше, ақша ұсынысының өсу қарқыны төмен болады. Бұл ретте экономикалық өсу динамикасы мен сапасы экономикалық саясаттың бағытын таңдауға және экономиканы мемлекеттік қолдау дәрежесіне қатысты болады.
3.2 Қаржы секторының тұрақтылығын арттырудағы Ұлттық банктің қызметін жетілдіру бағыттары
Мемлекет басшысының қазақстандықтарға арнаған биылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудегі жаңа міндеттер айқындалғандығы белгілі. Елбасы Жолдауында сондай-ақ қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуін және банктердің экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуге тиіс екендігі де атап айтылған болатын.
Сонымен, еліміздің қаржы секторы мен жедел индустриялық-инновациялық даму бағдарламасындағы тұжырымдамалардың тетіктері анықталған Жолдау алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда ҚР Ұлттық Банкінің рөлі ерекше болмақ.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасында атап айтылғандай, банктердің өтімділігін жақсарту және қайта қаржыландыру тәуекелін азайту бойынша шаралардың шеңберінде сыртқы қарыз алудың артық деңгейін төмендету көзделген. Ал мұның өзі түптеп келгенде банктердің сыртқы борыштың жиынтық міндеттемелерге арақатынасын халықаралық практикада қабылданғаннан аспайтын мөлшерге жеткізуді болжайды.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) ақпаратына сәйкес (“Агенттіктің 2009 жылғы жұмысы туралы алдын ала қорытындысы” (№196 баспасөз релизі), сыртқы қаржыландыруды банктердің жиынтық міндеттемелерінің 30%-дан астам деңгейіне дейін шектеу жұмыстары жалғастырылатын болады. Сонымен қатар, банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуіне Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерін төмендету немесе ең төменгі резервтік талаптар тетігі арқылы ықпал ете алады.
Қайта қаржыландыру ставкасының төмендеуі сыртқы және ішкі нарықта қаржы ресурстарының бағасы арасындағы маржаның төмендеуіне мүмкіндік туғыза отырып, ішкі нарықтағы қаржы ресурстарына қызығушылықты арттырады. Сөйтіп, ең төменгі резервтік талаптар тетігі сыртқы ресурстарды сыртқы міндеттемелерге барынша үлкен резервтік активтер нормативі арқылы тартуды қайта ынталандырады.
2010 жылы Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының басым мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болатынын атап өткен жөн. 2010 жылы инфляцияның жылдық деңгейі 6-8 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Ұлттық Банктің осы мақсатқа жету жөніндегі шаралары экономикалық өсуді қолдауға, депозиттік нарықтың әлуетін дамытуға, сондай-ақ банк секторының кредиттік белсенділігін қалпына келтіруге ықпал етеді. Ұлттық Банк Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған айырбастау бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады.
Бағам белгілеудің икемділігін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында теңгенің ауытқу дәлізі 2010 жылғы 5 ақпаннан бастап кеңейтілді: 150 доллар/теңге (+)10% немесе 15 теңге, (-)15% немесе 22,5 теңге. Теңге бағамының динамикасында басым үрдіс әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы жағдайға және төлем балансының жай-күйіне байланысты болады. Ұлттық Банктің теңгенің айырбастау бағамының тұрақтылығын белгіленген дәлізде қамтамасыз етуіне қажетті жеткілікті алтын валюта резервтері бар және теріс күтулерге алғышарттар жоқ.
Маңызды факторлар тарапынан күтілетін шамалы инфляциялық қысым кезінде Ұлттық Банк қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. Банктердің өтімділігі деңгейінің және оған байланысты тәуекелдердің, оның ішінде валюталық тәуекелдердің мониторингі жалғасады. Ұлттық Банк қорландыру базасын қалыптастыру кезінде банктерді ішкі көздерге бұдан әрі қайта бағыттауға ықпал етеді. Осы мақсатта Ұлттық Банк 2010 жылы “Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры” АҚ-ты 11 миллиард теңгеге капиталдандыруды ұлғайтады. Сондай-ақ банктердің ресурстық базасын тұрақтандыру үшін Ұлттық Банкте орналастырылған банктік емес қаржы ұйымдарының уақытша бос ақша қаражатын отандық банктердің депозиттеріне аудару туралы мәселе қаралады.
Ақша-кредит саясатының осы шараларын іске асыру Ұлттық Банкке инфляция бойынша белгіленген бағдарларға жетуге мүмкіндік береді. Бұл экономиканың тұрақты және сапалы өсуіне ықпал етеді.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту және оның жұмыс істеуі Қазақстандағы қор нарығын дамытудың басым бағыты болып есептелінеді. Болашақта Алматы қаласы аймақтық бизнеске инвестицияларды, оның ішінде ІPO арқылы тарту орталығы болуы мүмкін. Ал, қазіргі уақытта қор нарығын дамытудың негізгі күрделілігі эмитенттердің үлестік құралдарды тартуы болып табылады, себебі әлеуетті эмитенттер батыстың барынша дамыған және терең нарықтарын артық көреді.
Қор нарығының әлеуетті қатысушылары болып табылатын Қазақстанның ірі коммерциялық компаниялары өздерінің үлестік құралдарын ішкі нарықта шығарғысы келмейді. Оған, біріншіден, ішкі нарықтың жеткіліксіз едәуір көлемі, екіншіден, үлестік құралдарды шығарудың жеткілікті түрде түсініксіз және стандартталған рәсімі себеп болып табылады. Үлестік құралдарды шығаруды ұйымдастырумен, атап айтқанда ұйымдастырушы компаниялармен (андеррайтерлермен) проблемалар болуы ықтимал.
Ішкі нарықтағы әлеуетті эмитенттерден басқа үлестік құралдарға инвесторлардың жетіспеушілігі байқалады. Инвесторлардың жетіспеуі салыстырмалы түрде алғанда сауатсыздықпен және жылжымайтын мүлік сияқты басқа барынша дәстүрлі балама инвестициялау құралдарының дамығандығымен түсіндіріледі.
Ең алдымен, “электрондық ақшаның” ақшаның жаңа нысанын білдірмейтінін және ақша болып табылмайтынын, электрондық құрылғыда сақталатын және төлемдік және басқа да міндеттемелерді орындау мақсатында электрондық құралдар (байланыс арналары) арқылы бір құрылғыдан екіншісіне беріле алатын ақшалай құнды білдіретінін атап өткім келеді. Құқықтық тұрғыдан алғанда “электрондық ақша” электрондық ақшаның иесі (пайдаланушы) нақты ақшаға айырбас ретінде шығарған және электрондық нысанда сақталатын, олардың эмитенттерінің (банктердің) “ақшалай міндеттемелері” ретінде айқындалады.
Электрондық ақша мен төлем карточкаларының арасындағы айырмашылық төлем карточкасының банк шотына кіру құралы болып табылатындығында. Төлем карточкалары бойынша операцияларды жүргізген кезде барлық операциялар клиенттің банк шотынан жүзеге асырылады.
Электрондық ақша банк шотына байланысты емес және оларды пайдалана отырып операцияларды жүргізген кезде төлем электрондық ақшаны бір электронды құрылғыдан екіншісіне беру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, оның төлем карточкасынан айырмасы, электрондық ақшаны пайдалану кезінде төлем ақшаны (қолма-қол, қолма-қол емес) пайдаланбай, бір тұлғаның (төлеушінің) екінші тұлғаға электрондық ақшаны – “эмитенттің ақшалай міндеттемелері бар ақпаратты” беру арқылы жүзеге асырылатындығында болып отыр. Бұл ретте төлемді жүзеге асыру кезінде электрондық ақшаны беру үдерісі электрондық ақшасы бар немесе оларға кіруді қамтамасыз ететін электрондық құрылғылар (микропроцессор (чип), бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютердің “жадысы”) арқылы іске асырылады.
Информация о работе Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары