Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:51, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыс 65 бет көлемінде баяндалып, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздеріне арналған. Осы бөлімде экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының шет мемлекеттердегі ерекшеліктері сипатталған.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................
1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздері
1.1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының мәні
1.2. Экономиканы ақша-несиелік реттеудегі Ұлттық Банктің рөлі
1.3. Дамыған шет елдердегі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының ерекшеліктері............................................................................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің ақша-несие саясатын іске асыру кезеңдері
2.2. Ұлттық банктің инфляцияны болжау нәтижелері
2.3. Ұлттық банктің валюталық реттеу қызметін талдау
3. ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары және 2010 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы
3.2. Қаржы секторының тұрақтылығын арттырудағы Ұлттық банктің қызметін жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

НАЦ Банк.doc

— 525.00 Кб (Скачать документ)
">2) трансмиссиялық тетік моделін толықтыратын кейбір ілеспе модельдер (мысалы P-Star инфляциялық қысым моделі, ықтимал ЖІӨ моделі жəне басқа модельдер) əзірленді;

3) Қазақстан экономикасының көпсекторлы моделі əзірленді;

4) нақты сектор кəсіпорындарының мониторингі жүзеге асырылуда.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты мен міндеттеріне мұндай анықтама беру Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандарттарына және инфляциялық таргеттеу қағидаларына көшуді барынша дәл көрсетеді.

Атап айтқанда, Ұлттық Банктің негізгі мақсатының жаңа анықтамасы айырбас бағамы бағдарларының орнына бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету акценттерінің орын алуын білдіреді, бұл инфляциялық таргеттеу қағидаларын енгізуге қажетті алғышарттар болып табылады. Бұл, әрине, инфляция жөніндегі мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық Банктің жауапкершілігін күшейтеді.

Инфляциялық таргеттеу қағидаларын пайдаланатын көптеген елдер инфляция бойынша алға қойылған мақсаттарға жету үшін жауапкершілікті күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының индекстерінен бас тартты. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін және монетарлық емес сипаттағы әртүрлі күйзелістің ықпал етуін жоятын осындай бағалар индексін қарастырады.

Инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын өлшейтін индекстердің көптеген түрлендірілуі бар, Мұндай индекстердің жиынтығы «базалық индекстер» деген жалпы атаумен аталады. Түрлі елдегі экономикалық ахуалдың ерекшелігіне орай олардың қабылдану критерийлеріне байланысты түрлі индекстерді таңдайды.

Инфляциялық таргеттеуді енгізу жөніндегі дайындық іс-шараларының қатарына ресми қойылымдардың реттеуші ролін күшейту кіреді. Ағымдағы жылдан бастап вексельдерді қайта есепке алу ресми қайта қаржыландыру қойылымына сәйкес жүргізілетін болады, бұл оның экономикалық ролін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз.

Ақша-несие саясатының жаңа ережелерін іске асыру табысты болу үшін, сондай-ақ Ұлттық Банктің реттеушілік мүмкіндіктерін жоғарылату үшін шаралар қабылдау қажет. Яғни, ашық нарықтағы операциялардың банктік өтімділігін реттеуді кеңейту, Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығының портфелін ұлғайту және жаңа қаржы құралдарын дамыту қажеттігі туындады.

Ұлттық Банк сыртқы нарықта Қазақстан тауарларының бағалық бәсеке қабілетіне қолдау көрсету үшін теңгенің өзгермелі айырбас бағамын сақтағысы келеді, бұл ақша сұранысы мен ұсынысына байланысты бағамның ауытқуы себебінен болады. Тиісінше, Ұлттық Банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарлар белгілемейді. Ұлттық Банктің ішкі валюта нарығына барынша аз қатысуы теңгенің айырбас бағымының алып-сатарлық секірістеріне жол бермеу қажеттігі болғанда ғана жүзеге асырылады.

Валюталық реттеу режимін жұмсартуды және резиденттер шетелдік активтермен операцияларды жүзеге асырған кезде шектен тыс әкімшілік кедергілерді болдырмауды болжайды.

Коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру тетігі ішкі несие динамикасына айтарлықтай ықпалын тигізу үшін, несие-банк институттары орталық банктің қаржылық көмегіне едəуір тəуелді болуы қажет. Банктер Ұлттық Банктің қаражатын қажет етпейтін жағдайда банк жүйесінің өтімділігіне ықпал ету қиын. Бұл мәселе ауқымы кең – бағалы қағаздардың қайталама нарығының жеткілікті түрде дамымауының салдарынан болып отыр, мұның өзі Ұлттық Банктің ашық нарықтағы операцияларды жүргізу мүмкіндіктерін шектейді. Қайталама нарықтың жеткілікті дамымауы қаржы нарығының тағы бір мәселесінің – қаржы нарығында кірістіліктің сенімді бағыт-бағдарының болмауына себеп болып табылады.

Дүниежүзілік Банктің есептері ЖІӨ-нің 25-35% мөлшеріндегі мемлекеттік борыштық бағалы қағаздардың қазақстандық деңгейінің орташа алынған əлемдік тәжірибеге сəйкес келетінін көрсетіп отыр. Алайда, Қазақстанның жағдайында айналыстағы бағалы қағаздар көлемінің нарықтық баға белгілеулерін ұстау үшін банктік емес қаржы ұйымдарының инвестициялық активтерінің өсу қарқынын есепке алу қажет. Мемлекеттік міндеттемелердің өтімді қайталама нарығын құрудың алғышарты зейнетақы қорларының портфелін кіріс активтерімен толтыру болып табылады. Бұл үшін, Дүниежүзілік Банктің бағалауы бойынша, Қазақстанға активтер көлемін 2,5-4 есе ұлғайту қажет. Бұл міндетті шешу үшін Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банкті қоса алғанда мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемін ұлғайту жəне мерзімдерін ұзарту жеткіліксіз, себебі зейнетақы қорлары мемлекеттік бағалы қағаздардың өтімділігін жұтып қоятын болады, сөйтіп, нарықты қайталама нарық «жұмыс істеп кететіндей» дəрежеге дейін өтімділікпен молайтуға кедергі жасайды. Кірістілік қисығын белгілеу үшін мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемі мен құрылымын айналыста ұстаумен қатар, борыштық құралдар нарығының зейнетақы қорларының жəне басқа да қор нарығына қатысушылардың неғұрлым кірісті, бірақ, өтімділігі кемдеу инвестициялау құралдарына деген қажеттіліктерін қамтамасыз ететін инфроқұрылымдық облигациялар тəрізді баламалы құралдарын дамыту қажет. Ашық нарықтағы операцияларды жүргізудің шектеулі мүмкіндіктері жағдайында, Ұлттық Банк оларды алмастырушыларды (өзінің бағалы қағаздарын шығару) белсенді түрде пайдаланады, сондай-ақ макроэкономикалық көрсеткіштерге тигізетін ықпалын күшейту үшін ақша-несие саясатының құралдарын жетілдіру жөнінде шаралар қолданады. Мəселен, 2005 жылғы 1 шілдеден бастап ақша-несиелік реттеу тетігіне өзгерістер енгізілді, олар ақша-несие саясатының депозиттік жəне несиелік операциялар тəрізді жекелеген операцияларын мерзімдері мен ставкалары бойынша бірегейлендіруді, қысқа мерзімді ноталар шығаруды, репо операцияларын көздейді, яғни инфляцияны таргеттеу қағидаларына көшуге шешім қабылданды.

Қазақстанның трансмиссиялық механизмінің моделі. Трансмиссиялық механизмнің ақша-несиелік реттеу кезінде жалпы танылған болжау техникасы болып табылатын моделін Ұлттық Банк 2005 жылы инфляциялық таргеттеу қағидаларына енгізуге дайындық шеңберінде әзірледі.

Осы модель әлеуетті инфляцияны болжамдық бағалауға (ақша-несие саясатының әсер етуін қоспағанда) және ақша-несие саясатының құралдарын тиісті дәрежеде бағалауға (инфляцияны болжамдық мәнін орта мерзімді мақсатты дәлізге жақындату мақсатында) мүмкіндік береді.

Трансмиссиялық механизм моделіне ақша-несие саясаты құралдарының инфляцияға әсер етуінің бірнеше арнасы кіреді: ақша арнасы, пайыздық (несиелік) арна, валюта арнасы. Ол 11 теңдеуден, 24 негізгі ауыспалыдан және 11 қосалқы ауыспалыдан тұрады. Ауыспалылар 10 эндогендік ауыспалыға (теңдеулердің саны бойынша) және 14 экзогендік ауыспалыға бөлінеді.

Экзогендік ауыспалылар арасынан басқарушы ауыспалыларды (ақша-несие саясатының құралдарын) бөліп көрсетуге болады: РЕПО операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру ставкасы, айналыстағы қысқа мерзімді ноталардың көлемі, банктердің Ұлттық Банктегі депозиттерінің көлемі, қайта қаржыландыру заемдары, валюталық өктімділік, ең төменгі резервтік талаптар, қысқа мерзімді ноталар бойынша қойылымдар.

Ұлттық Банк тікелей тек ақша-несиелік реттеу құралдарын ғана пайдалана отырып бағалардың деңгейін басқара алмағандықтан, модельдеу кезінде Ұлттық Банк басқармайтын кейбір экзогендік ауыспалылар назарға алынады. Модельде барлығы осындай 9 ауыспалы бар: импорт көлемі, экспорт көлемі, импорттық баға индексі, мұнайдың әлемдік бағаларының деңгейі, банктердің таза сыртқы қарыз алуы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі, негізгі капиталға инвестициялар, ел бойынша орташа айлық жалақы, жеке тұлғаларға мемлекеттік бюджеттен төленетін трансферттер.

Қазақстан экономикасының көп факторлы макроэкономикалық моделі. Бұл модель экономиканың жұмысы туралы жалпы түсінік береді және Қазақстан Республикасында болып жатқан макроэкономикалық үдерістерді көрсетеді. Модель Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының мақсаты үшін оның әртүрлі секторлары арасындағы негізгі өзара байланысты айқындау мақсатында әзірленді.

Модель инфляция, сондай-ақ ЖІӨ және оның құрамдас бөліктері және ақша-несие саясатына байланысты бірқатар басқа ауыспалылар сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша болжам жасауға мүмкіндік береді. Модельдің басқа мақсаты экономикалық саясаттың және сыртқы күйзелістердің макроэкономикалық ауыспалыларға ықпал етуін сандық бағалауға мүмкіндік беретін имитацияларды жүзеге асыру болып табылады. Қазіргі уақытта Ұлттық Банк оның жекелеген модульдерін жетілдіру және неғұрлым дәл тәуелділіктерді айқындау саласындағы жұмысты жалғастырып отыр.

Қазақстан экономикасының көп факторлы макроэкономикалық моделіне 6 негізгі модуль кіреді:

1-модуль – «Жиынтық ұсыныс»;

2-модуль – «Жиынтық сұраныс»;

3-модуль – «Бағалар және шығындар»;

4-модуль – «Сыртқы сектор»;

5-модуль – «Монетарлық ереже»;

6-модуль – «Мемлекеттік бюджет».

«Жиынтық ұсыныс» 1-модулі 5 теңдеуден тұрады: өндірістік функцияға, капиталға, жұмыспен қамтуға, әлеуетті шығаруға және шығаруды қабылдамауға арналған. Олардың бірі калибрлеу негізінде анықталады: капитал үшін; екеуі әлеуетті шығару және шығаруды қабылдамау үшін; жұмыспен қамтуға арналған теңдеу және өндірістік функцияға арналған теңдеу эконометриялық талдау негізінде бағаланады.

«Жиынтық сұраныс» 2-модулі  4 негізгі теңдеуден тұрады. Үй шаруашылықтарын тұтынуға арналған теңдеу, инвестицияларға арналған теңдеу (негізгі капиталды жалпы жинақтау), үй шаруашылықтарының қолда бар кірісін есептеуге арналған теңдеу эконометриялық талдауға негізделген. ЖІӨ есептеу үшін (түпкілікті пайдалану әдісі) эконометриялық макроэкономикалық тепе-теңдік пайдаланылады.

«Бағалар және шығындар» 3-модулі 5 эконометриялық теңдеуден тұрады: инфляция бойынша, ЖІӨ дефляторы бойынша, жалақы бойынша, банктердің заңды тұлғаларға несиелері және банктердің жеке тұлғаларға несиелері бойынша пайыздық қойылымдар бойынша теңдеулер.

Ал «Сыртқы сектор» 4-модуліне негізгі эконометриялық 4 теңдеу кіреді: экспорт, импорт, таза инвестициялық позицияға түзетулер, теңгенің нақты тиімді айырбас бағамы бойынша теңдеулер.

«Монетарлық ереже» 5-модулі  инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге жету үшін ақша-несие саясатының құралдарын инфляцияның болжамдық және мақсатты деңгейі арасындағы айырмаға қатысты түзетуге мүмкіндік береді («Тейлор ережесі»). Монетарлық ереже қайта қаржыландыру қойылымының тепе-тең мәнінің функциясы, инфляцияның мақсатты мәннен ауытқуы, сондай-ақ нақты айырбастау бағамының және ЖІӨ-нің тепе-тең мәндерден ауытқулары ретінде құрылады. Барлық теңдеулер эконометриялық талдау негізінде бағаланды.

«Мемлекеттік бюджет» 6-модулі 3 негізгі тепе-теңдіктен тұрады: бюджеттің түсімі, бюджеттің шығысы және бюджеттің балансы. Өз кезегінде, бюджеттің түсімдері мен шығыстарына арналған тепе-теңдікке  олардың әрбір құрамдас бөлігі үшін жекелеген тепе-теңдіктер кіреді. Бүкіл модуль 29 тепе-теңдіктен тұрады.

Әлемдік және отандық экономикаларда қалыптасқан жағдайдың өзгеруіне жауап қата отырып, Ұлттық Банк ақша-несие саясатын жүргізудегі басымдықтарын ауыстырды. Банк секторындағы, жақын арадағы жылдарда сақталатын күрделі жағдай ақша-несие саясатын жұмсарту және оның елдің қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталуы жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді. Бұл ретте баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндет уақытша «екінші кезекке жылжытылуы мүмкін», себебі жақын болашақта инфляциялық қысымның өсуі күтілмейді.

Осылайша, Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-неие саясатын жүргізу кезінде 2009-2010 жылдарға арналған мынадай басымдықтарды айқындайды (маңыздылығының азаюы тәртібімен):

1.      Қазақстан Республикасындағы қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету.

2.      Төлем балансының және теңгенің айырбас бағамының орнықтылығын қамтамасыз ету.

3.      Қазақстан Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақша-несие саясатын жүргізудегі басымдықтарды Қазақстан Республикасындағы қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету пайдасына ауыстыру әлемдік және отандық экономикадағы тұрақсыздық кезеңімен, яғни 2009-2010 жылдарға шектеледі. Жағдайдың тұрақтануына, экономиканың жаңғыруына қарай Ұлттық Банк ақша-несие саясатының мақсаты және негізгі басымдығы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляциялық таргеттеу қағидаларына көшу бойынша жұмысты жалғастыру болады.

Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету қаржы секторын қосымша өтімділікпен толықтыруды, сондай-ақ Ұлттық Банк ресурстарының банктер үшін қол жетімділігін арттыруды, яғни, елдің нақты және қаржы секторларындағы жағдайға тең «жұмсақ» ақша-несие саясатын жүргізуді болжайды.

Ұлттық Банктің банктерге өтімділік беру бойынша негізгі операциялары кері РЕПО операциялары және СВОП операциялары болып қалады. Бұл ретте жүргізілетін операциялардың мерзімдері ұлғайтылмайды, яғни, Ұлттық Банк банктердің қысқа мерзімді өтімділігін реттеуді жалғастырады, ал банктерді ұзақ мерзімді қаржыландыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының даму институттарының қаражаты есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қайта қаржыландыру операцияларының көлемі 2009-2010 жылдары бірінші сценарийді жүзеге асырған кезде 2007-2008 жылдардағы көлемдермен салыстыруға болады, ал екінші сценарийді жүзеге асырған кезде олардан 40-60%-дан асатыны болжанады.

Қысқа мерзімді өтімділікті реттеу және оны тепе-тең деңгейде ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк РЕПО операциялары бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізбесін одан әрі кеңейту, банктерге кепілсіз несиелер беру және банктерге Ұлттық Банкінің депозиттерін орналастыру мүмкіндігін қарастыратын болады.

Ұлттық Банкпен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен банктік заемдар беру мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау туралы Келісім жасаған банктердің Ұлттық Банктен ресурстар тарту бойынша қосымша мүмкіндіктері болады.

Атап айтқанда, Ұлттық Банк банктердің әртүрлі несие алушылар алдындағы міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесін әзірлеп ендіреді. Бұл ресурстарды банкаралық нарық арқылы қайта бөлуге ғана емес, сонымен қатар Қазақстан банктеріне ұсынылатын шектеулердің мөлшерін ұлғайтуға, ақша нарықтағы операцияларға қысқа мерзімді құралдардың қолданылуын ұлғайтуға мүмкіндік жасайды. Кепілдік беру тәртібі мен талаптарын, кепілдік қолданылатын міндеттемелердің түрлерін Ұлттық Банк қалыптасқан жағдайға сүйене отырып айқындайды.

Информация о работе Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары