Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:51, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыс 65 бет көлемінде баяндалып, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздеріне арналған. Осы бөлімде экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының шет мемлекеттердегі ерекшеліктері сипатталған.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................
1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздері
1.1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының мәні
1.2. Экономиканы ақша-несиелік реттеудегі Ұлттық Банктің рөлі
1.3. Дамыған шет елдердегі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының ерекшеліктері............................................................................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің ақша-несие саясатын іске асыру кезеңдері
2.2. Ұлттық банктің инфляцияны болжау нәтижелері
2.3. Ұлттық банктің валюталық реттеу қызметін талдау
3. ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары және 2010 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы
3.2. Қаржы секторының тұрақтылығын арттырудағы Ұлттық банктің қызметін жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

НАЦ Банк.doc

— 525.00 Кб (Скачать документ)

-  ресми қайта қаржыландыру ставкасын;

-                     ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;

-                     ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;

-                     айырықша жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Ұлттық Банк операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асырады: заемдар беру, депозиттер қабылдау, валюталық интервенциялар, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығару, коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу, Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа  да операциялар жүргізу.

Ақша-несие саясатының субъектісі – Орталық банк болса, ал әсер ету объектісі – ақша айналымы болып есептеледі.

Ұлттық Банк ақша-несие саясатын жүзеге асыратын шеңбердегі қаржы нарығында сыйақының нарықтық қойылымдарына әсер ету мақсатында ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы қойылымдары белгілейді:

-   ресми қайта қаржыландыру қойылымы;

-   ресми есептік қойылым;

-   РЕПО жәнекері РЕПО операциялары бойынша сыйақы қойылымы;

-   Овернайт заемдары бойынша сыйақы қойылымы;

-   Овердрафт заемдары бойынша сыйақы қойылымы;

-   Банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы қойылымы.

Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

1)     қарыздар беру;

2)     валюталық интервенциялар;

3)     Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығару;

4)     мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату;

5)     коммерциялық вексельдерді қайта есеке алу.

Ұлттық Банк ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердің қарыз алуының жалпы көлемін реттейді: банктерге берілетін қарыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерін, мерзімдерін және лимиттерін айқындайды. Ұлттық Банк қарыздарды өтімділігі жоғары және қауіпсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бір жылдан аспайтын мерзімге береді, бұл мерзімді тек Ұлттық Банктің Басқармасы ұзартуы мүмкін.

Валюталық интервенция деп – ұлттық валюта бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

Айналыстағы ақша массасына ықпал ету мақсатында Ұлттық Банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру Ұлттық Банкпен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісім-шарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығын беретін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушылары арқылы жүргізіледі.

Ең төменгі резервтік талаптар Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудегі бір құралы болып табылады және коммерциялық банктердің Ұлттық Банктің корреспонденттік шоттары мен кассадағы ұлттық және еркін конвертацияланатын валюта түріндегі қолма-қол ақшалардың міндеттемелер сомаларының міндетті үлесін көрсетеді.

              Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады Бұл – сыйақының қойылымын ұстап тұру, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында несиенің нақты түрлерін реттеу болып табылады. Ұлттық Банк тікелей сандық шектеуді ақша-несиелік реттеудің жанама әдістерімен инфляциялық процестерді тоқтату мүмкін болмаған жағдайда қолдануға құқылы.

              Қазіргі кезде елде жұмыс істейтін банктер әр түрлі ұйымдардың тарамдалған жиынтығы ғана емес, бұл белгілі бір дәрежеде ұйымдастырылған жүйені білдіреді. Банк жүйесінде жүргізілген әр түрлі банктік қызметтің ұйымдастырылу ерекшелігі және ресурстық ұйымдастыру негізгі банк жүйесінің экомомикалық, сондай-ақ заңнамалық негізін құру процесінде айқындалады. Қазақстан Республикасында осындай нарықтық  үлгідегі банктік жүйенің қалыптасуы, сонымен қатар оның нормативтік құқықтық негіздерінің қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп отырған экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесіне жатады. Банк жүйесінің дамуының соңғы жылдардағы қорытындысына назар салсақ, елімізде дамыған нарықтық экономикасы бар елдегі принциптер бойынша құрылған банк жүйесінің қалыптасқанын байқаймыз.

              Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі өз ауқымындағы мемлекеттік банктік мемеджмент мән-жайларымен ғана емес, сонымен қатар өзіндік басқаруға және ұйымдастыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді. Ол айтарлықтай қуатты қаржы институтына айналып, қоғам мен экономиканы қайта құрудың күрделі процестерінде маңызды рөл атқарып келеді. Қазір елімізде банк жүйесінің дамуында сапалы өзгерістер болып та жатыр. Несие беретін ұйымдар клиенттерге ашық та жариялы қызмет көрсетуге ұмтылуда. Бизнес үлгілер, жаңа банктік технологиялар, несиелеудің әрбір түрлері енгізілді. Осыған лайықты Ұлттық банк жүйесінің аумағы да кең болып, оның ұсынған қаржысы әрбір адамға, әрбір кәсіпорынға, әрбір аймаққа жеткілікті болуы тиіс. Дегенмен, осы тұрғыдан қарағанда еліміздегі банк жүйесін әлде де жүйелі түрде, қарқынды дамыту керек.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

      мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

      төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

      қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:

                 Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi;

                 Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;

                 банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;

                 Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;

                 төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;

                 Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

                 Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;

                 қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;

                 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.

Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

                 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат

                 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал — Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы

                 Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі

                 4 есеп беретін ұйым:

                 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

                 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

                 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

                 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

                 Ұлттық Банк:

                 «Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры»

                 «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»

                 «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры»

                 «Қазақстан Актуарлық орталығы»

                 «„Q-BRO“ Қазақстан Ұлттық Банкі Резервтік Орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.

Ұлттық Банк «„ГНПФ“ жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабына сәйкес Басқарма және Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк ) органдары болып табылады.

Заңның 19-бабына сәйкес Ұлттық Банктің Директорлар кеңесі (бұдан әрі – Директорлар кеңесі) Ұлттық Банктің жедел басқару  органы болып табылады.

Директорлар кеңесінің құрамына Төраға, оның орынбасарлары, Төрағаның ұсынысы бойынша  Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Директорлар кеңесінің құрамын Басқарма бекітеді (Заңның 19-бабы). Қазіргі кезде  оның құрамында 16 мүше бар.

Заңға сәйкес Директорлар кеңесі Басқарманың және Ұлттық Банк Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретін мәселелерді қоспағанда, Ұлттық Банктің  қарауындағы мәселелер бойынша  шешім қабылдайды. Директорлар кеңесінің отырыстары қажет болған кезде, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі. Директорлар кеңесі өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қаулы қабылдайды. Директорлар кеңесінің жұмыс тәртібі, қаулыларды ресімдеу, Директорлар кеңесінің мүшелерімен келісу және қабылдау тәртібі Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 7 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің Регламентімен  айқындалады.                 

Әр жылдың бірінші тоқсанында  Директорлар кеңесінің  отырыстарында Ұлттық Банк бөлімшелері басшыларының өткен жылда бөлімшеде істелген жұмыстар туралы есебі тыңдалады (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің  26-тармағының 2) тармақшасына сәйкес).

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заң күші бар Қазақстан Республикасының Президенті 1995 жылғы Қаулысына сәйкес   Ұлттық Банкіге экономикалық даму мақсаттарына мүмкіндік туғызатын ақша айналымы, кредиттеу, банкаралық және олардың тапсырыскерлері арасында ақша аудару және валюталық қатынас салаларында мемлекеттің саясатын әзірлеу және жүргізу, ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақтылығын  қамтамасыз етуге қолғабыс ету, кредиторлар мен банкілердің тапсырыскерлерінің мүдделерін қорғау тапсырылады. Бұл үшін Ұлттық Банк ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, ол – ақша массасының серпінін, ішкі және сыртқы рыноктардағы валюталық операциялардың серпінін, халықаралық резервтердің серпінін дайындауды және таратуды көрсетеді. Сонымен қатар жоғарыда аталған заңдарға сәйкес Ұлттық Банк елдің есептік төлем балансын құрайды. Ақша айналымы, кредит, каржы, банк жүйесі және валюталық саясаттың жағдайы жайлы баяндаманы Ұлттық Банк жыл сайын Жылдық есебінде (Заңның 67-бабы) жариялайды.

 

1.3 Дамыған  шет  елдердегі  экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының ерекшеліктері

 

Елдің орталық банкі – мемлекеттің және коммерциялық банктер арқылы заңмен бекітілген құралдардың көмегімен ақша-несие ағындарын реттейтін делдал.  Қазіргі уақытта әлемнің әрбір елдерінде өз орталық банкі бар, алайда, елдің саяси және қаржылық-экономикалық дамуының ерекшеліктеріне байланысты олар өзіндік ерекшеліктерге ие.

Информация о работе Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары