Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:51, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыс 65 бет көлемінде баяндалып, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздеріне арналған. Осы бөлімде экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының шет мемлекеттердегі ерекшеліктері сипатталған.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................
1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздері
1.1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының мәні
1.2. Экономиканы ақша-несиелік реттеудегі Ұлттық Банктің рөлі
1.3. Дамыған шет елдердегі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының ерекшеліктері............................................................................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің ақша-несие саясатын іске асыру кезеңдері
2.2. Ұлттық банктің инфляцияны болжау нәтижелері
2.3. Ұлттық банктің валюталық реттеу қызметін талдау
3. ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары және 2010 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы
3.2. Қаржы секторының тұрақтылығын арттырудағы Ұлттық банктің қызметін жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

НАЦ Банк.doc

— 525.00 Кб (Скачать документ)

Әлемдік практикада қолданылатын тасымалдауышына байланысты электрондық ақшаның екі түрі ерекшеленеді: Оның біріншісі – карточкалар негізіндегі электрондық ақша (card-based).

Бұл жағдайда электрондық ақша карточкалар негізінде іске асырылған өнімді (микропроцессорлық карточка) білдіреді, яғни иесіне (пайдаланушыға) қолжетімді “ақша туралы” не ақшалай құн туралы ақпарат карточкаға кіріктірілген микропроцессорлық чипте сақталады және оның құны, әдетте, карточканың есептеуіш құрылғыға қосылған кезінде беріледі. Карточкалар негізіндегі электрондық ақша санатына әлемнің түрлі елдерінде құрылған, GeldCarte (Германия), Proton (Бельгия), Chіp knіp (Нидерланд), Cash Card (Швеция), Quіck (Австрия), eNETS (Сингапур), Mondex (MasterCard) және VІSA CASH (VІSA) сияқты жүйелер жатқызылады.

Екіншісі желілер негізіндегі электрондық ақша (network – based) немесе “желілік ақша”. “Электрондық ақшаның” бұл түрі телекоммуникациялық желі (Интернет) арқылы ақшалай құнды электрондық сақтау және электрондық ақшаны (эмитенттің электрондық міндеттемелерін) беруді жүзеге асыру үшін компьютерде (компьютердің қатты дискісі) орнатылған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын желілік өнімді білдіреді.

Желілер негізіндегі электрондық ақшаға электрондық ақшаның мынадай жүйелерін жатқызуға болады – Paypal (АҚШ), WebMoney (Ресей), Яndex. Ақша (Ресей).

Тұтастай алғанда, электрондық ақшаны шығару, тарату және қолдану тәртібінің мәселелері Қазақстан Республикасының заңдары деңгейінде реттеледі. Қазіргі уақытта осы мәселелерді реттейтін, Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізуді көздейтін тиісті заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр.

Сонымен бірге электрондық ақшаны шығару электрондық ақшаны нақты ақшаға ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, яғни эмитент банк пайдаланушыдан (жеке тұлғадан) тиісті ақша сомасын алғаннан кейін электрондық ақшаны пайдаланушының “электрондық әмиянына” қабылданған нақты ақшаның номиналды құнының мөлшерінде “салуды” жүзеге асырады. Осыдан кейін иесі (жеке тұлға) электрондық ақшаның қолда бар сомасы шегінде электрондық ақша жүйесінде сауда және өзге де операцияларды жасай алады.

Электрондық ақшаны тарату үшін эмитент банк оны банктік қызмет көрсету орталықтарындағы өзінің филиалдық желілері арқылы тарата алады немесе электрондық ақшаны пайдаланушылар арасында таратумен айналыса алатын өзінің агенттік желісі болады. Негізгі функциясы эмитент айналысқа шығарған электрондық ақшаны сату және сатып алу болып табылатын осындай агенттің рөлінде эмитент банкпен тиісті шарттық қарым-қатынастары бар заңды тұлға бола алады.

Электрондық ақшаны оның иелері (жеке тұлғалар) Интернетте онлайндық сатып алуды жасауға және сауда ұйымдарынан және эмитент банктермен олар шығаратын электрондық ақшаны қабылдау бойынша тиісті ке­лісімдері бар өзге де кәсіпкерлік субъектілерінен өзге де сауда операцияларын жасауға пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ электрондық ақшаны жеке тұлғалар белгілі бір электрондық ақша жүйесінің шеңберінде басқа пайдаланушыларға – жеке тұлғаларға аудару үшін пайдалана алады. Аталған заң жобасына сәйкес сауда операцияларын жасау үшін заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің электрондық ақшаны сатып алуына және пайдалануына шектеу белгіленеді. Осыған орай, кәсіпкерлік субъектілері өздері жеткізетін тауарлар (қызмет көрсетулер) үшін ақы төлеуге электрондық ақшаны қабылдауға (алуға) және оларды өтеуге ұсынуға құқылы. Сонымен бірге заң жобасында белгіленген шекті мәндерден асатын сомаға электрондық ақшаны пайдалануға жол берілмейді.

Жасыратыны жоқ, электрондық ақшаның пайдаланылуы көлеңкелі капиталдың айналымын, заңсыз келісімдерді болдырмауға кепіл бермейді. Сондықтан да, электрондық ақшаның көмегімен келісімдерді реттеу және бақылау туралы іс-шаралар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы” заң жобасында ескерілген бе?

“Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңы банктердің, сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, нотариустардың және адвокаттардың қаржы мониторингінің субъектілері болып табылатындығын көздейді. Қазақстанның аумағында электрондық ақшаны шығару құқығына тек банктер ғана ие болатынын ескере отырып, оларға қатысты ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша қолданылып жүрген заңнаманың барлық талаптары қолданылатын болады.

Заңнамаға сәйкес төлем жүйесінің негізгі қатысушылары болып табылатын банктер күмәнды операцияларды тексереді (мониторинг жүргізеді) және тиісті ақпаратты қаржы мониторингі органдарына ұсынатын болады.

Сонымен бірге заң жобасында банктің электрондық ақша иелері шекті мәннен асатын сомаға операция жүргізуі үшін электрондық ақшаны шығарған және пайдаланған жағдайда, оларды міндетті сәйкестендіру жө­ніндегі іс-шаралар ескеріліп, көрініс тапты. Бағдар ретінде Капиталды жылыстату проблемалары жөніндегі арнайы қаржы комиссиясының (FATF) ұсынымдары болды, олар барлық дүние жүзінде ескеріледі.

Қазіргі уақытта интернетті пайдалану және мобильдік коммерция негізінде цифрлық тауарлар нарығының кәсіпкерлік қызметінің саласын біртіндеп ендіру мен дамыту орын алуда. Күнделікті бөлшек төлем операция­ларын жүргізетін пайдаланушылардың, сол сияқты өз қызметін тек қана цифрлық тауарлар нарығында көрсететін сауда қызметі субъектілерінің саны біртіндеп ұлғаюда. Тұтастай алғанда Қазақстанның электрондық саудасын дамытуға байланысты жаңа дамып келе жатқан сегментке қызмет көрсету үшін электрондық ақшаны пайдалануға қажеттілік туындайды.

Жалпы алғанда Қазақстандағы электрондық сауданың қалыптасуына және дамуына орай электрондық ақша жүйесі одан әрі дамиды. Мәселен, Қазақстанда бүгінде электрондық сауданы ұйымдастыру мен жүргізу бой­ынша инфрақұрылымды дамыту проблемалары бар, оның ішінде оларға көптеген өзара байланысты факторлар кедергі болып табылады, олардың бірі халықтың арасында интернетті қолданудың төмен деңгейі.

Осы арқылы ең алдымен электрондық ақшаның болашақтағы дамуы тұтастай алғанда Қазақстандағы электрондық сауданың дамуымен тікелей байланысты. Электрондық сауданың даму динамикасынан нарықтың қатысушылары тарапынан электрондық ақшаны пайдалануға сұраныс артады.

Өткен жылғы басты жетістік – Қазақстанның банк жүйесі дағдарыстың екінші толқынының теріс ықпалына салыстырмалы түрде алғанда тегеурін танытты. Жекелеген ірі банктердің проблемалары тұтастай алғанда банк жүйесі үшін проблема тудырған жоқ, ал проблемалы банктер қазіргі кезде қайта құрылымдау үдерісін табысты аяқтау үстінде.

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларының ішінде қоғамды елең еткізген құбылыс 2009 жылдың 4 ақпанында жүргізілген ұлттық валютаның құнсыздануы болды. Ал қазір бұл шараның қажет болғандығы күмән тудырмайды, алайда оны жүзеге асырғаннан кейінгі бірнеше ай ішінде теріс пікірлер білдірілді, сындар айтылды. Алайда, тіпті қаржы жүйесі үшін неғұрлым қауіпті болған құнсызданумен байланысты тәуекелдер – шетел валютасымен берілген заемдар сапасының нашарлауы және депозиттердің банк жүйесінен әкетілуі – аса қиындық тудырған жоқ. Мәселен, 2009 жылдың қорытындысы бойынша құнсызданудың ең қажетсіз деп танылатын болуы ықтимал салдарларына – банктерден салымдардың таза әкетілуі мен тұтастай алғанда банк жүйесіне сенімнің азаюына жол берілмегенін атап айтуға болады. Керісінше, халықтың салымы 20 пайыздан астам өсті. Бұл ретте жекелеген банктерден “салымшылардың бойын аулақ салуы” байқалды, бұл тұтастай алғанда банк жүйесіне тән емес.

Тұтастай алғанда, 2008 жылғы 25 қарашада қабылданған Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспарын орындау шеңберінде іске асырылған дағдарысқа қарсы шаралар жиынтығы дағдарыстың неғұрлым қауіпті салдарларын еңсеруге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, ол экономиканың неғұрлым маңызды салалары бойынша кредиттеудің тапшылығын жеңуге және жете қаржыландырмау салдарынан олардың коллапсын болдырмауға мүмкіндік берді.

2010 жылы экономиканы тұрақтандыру және дағдарыстың салдарларын еңсеру қызметіне қатысты қол жеткізетін табыс Үкіметтің, ҚҚА-ның және Ұлттық Банктің жолға қойылған іс-қимылдарына байланысты бола­ды. Қазіргі кезде аса көңіл бөлуді талап ететін негізгі бағыттар барынша айқын белгіленді.

Біріншіден, бұл – Ұлттық Банктің негізгі міндеті болып табылатын теңгенің бағамдық тұрақтылығын және баға нарығы өтімділігінің қажетті деңгейін ұстап тұру болып табылады. Екіншіден, банктердің баланстарын сауықтыру үдерісін қарқынды ету және оларды сапасыз активтерден “тазарту” қажет. Үшіншіден, дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңінде банктердің кредиттік белсенділігін ынталандыратын шаралар жиынтығын әзірлеу қажет. Төртіншіден, контрциклдік реттеуге көшуді және қаржы институттарында тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіруді жүзеге асыру қажет. Және, ең соңында, бесіншіден, экономикалық дисбаланстар мен жүйелік тәуекелдер деңгейін төмендететін шаралар жиынтығын әзірлеу қажет.

Қазіргі уақытта орталық банктердің рөлін күшейту орталық банктің және реттеушінің функцияларын бөле отырып реттеу нобайы қолданылатын елдер үшін ортақ үрдіс болып табылады. Дағдарыстың әсерін айтарлықтай дәрежеде тереңдеткен реттеудің негізгі қатесі қаржы секторын және өзге де секторларды реттеудің дискреттілігі болды. Әлемдік дағдарыс тәжірибесі қаржы жүйесін реттеу тиімділігінің едәуір дәрежеде қолданылатын тәсілдің жүйелігіне және кешенділігіне байланысты екендігін көрсетті. Басқаша айтқанда, қаржы жүйесін реттеген кезде қаржы жүйесіне және тұтастай алғанда экономикаға ықпал ететін бірқатар факторлар ескерілуі тиіс. Осыған байланысты әлемнің жетекші елдері қазіргі уақытта қаржы тұрақ­тылығын қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды орталықтандырып отыр, бұл ретте қаржы тұрақтылығына жауапты негізгі ведомстволар орталық банктер болады. Осындай себептермен Ұлттық Банктің Қазақстандағы рөлі күшейеді.

Сонымен қатар орталық банктің функцияларына қаржы институттарына өтімділік беру және, бірқатар елдер бойынша, оларды қорландыру кіреді. Бұл қаржы нарығының негізгі субъектілерін тікелей қолдау, сол сияқты оларды реттеу бойынша шешімдер қабылдауды орталықтандыруды талап етеді. Ұлттық Банк қаржы секторын және жүйе құраушы институттарды реттеу жөнінде шешімдер қабылдауға барынша белсенді қатысатын болады. Атап айтқанда, негізгі реттеу бағыттары және реттеу шараларының мақсатты өлшемдері әзірленетін болады.

Егер бұрын қаржы жүйесін, атап айтқанда банк секторын реттеген кезде қаржы және нақты секторлар арасындағы бірқатар өзара байланыстар ескерілмесе, қазіргі уақытта әзірленіп жатқан реттеу үлгісі экономиканың қаржы, сол сияқты нақты секторларында орын алған тәуекелдердің барлық кешені ескеріле­тінін болжайды. Макропруденциалдық реттеуді пайдалана отырып қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері проблемаларды жүйелі түрде зерделеуді ескере отырып, кешенді түрде шешілетін болады.

Ұлттық Банк қазіргі уақытта Қаржылық қадағалау агенттігімен бірлесіп макропруденциалдық реттеуді ендіру шеңберінде рәсімдерді әзірлеу үстінде, бұл рәсімдер жүйелік тәуекелдер мен дисбалансты төмендетуге бағытталған, қаржы жүйесіне ықпал ететін құралдардың бүкіл аясын кешенді пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Қазақстан әлемдік қаржы дағдарысының ел экономикасына және қаржы жүйесіне теріс әсер етуіне байланысты сынақтан сүрінбей өтті және қазіргі уақытта өзінің дамуының жаңа, дағдарыстан кейінгі сатысына кіруде. Дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңіне кіру елге әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіші бойынша, оның ішінде қаржы жүйесінің даму деңгейі және оған қызмет көрсету сапасы бойынша сапалы секіріс мүмкіндігін береді.

Қалыптасып отырған жағдайда қаржы жүйесінің даму мүмкіндігін барынша толық пайдалану үшін Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Тұжы­рымдаманың негізгі міндеттері арасында қаржы секторының орнықтылығын арттыру; ағымдағы қаржы-экономикалық дағдарыс барысында анықталған кемшіліктерге, тұрақсыздық және құбылыстар факторларына жол бермеу бойынша жағдайлар жасау бар. Сонымен қатар, дағдарыстан кейінгі кезеңде инвестициялық белсенділікті макроэкономикалық шешімдерді жүзеге асыру құралы ретінде ынталандыру және инвесторлар тарапынан және сол сияқты қаржы қызметін тұтынушылар тарапынан республиканың қаржы секторына сенімді нығайту болып табылады.

Тұжырымдамада экономиканың нақты секторын қаржыландыру және қаржы жүйесі мен экономиканың нақты секторын қорландырудың ішкі көздерін барынша толық пайдалану, актив нарықтарындағы “көпіршіктер­дің” пайда болуына жол бермеу және қаржы жүйесіндегі оның тұрақтылығына қатер келтіретін тәуекелдердің жиынтық деңгейін төмендету мәселелеріне басты назар аударылды.

Атап айтқанда, қаржы секторын реттеудің Қазақстан үшін мүлдем жаңа, макропруденциалдық және контрциклдік реттеу құралдары кіретін тетіктерін ендіру жоспарланып отыр. Жаңа тәсіл тұтастай алғанда қаржы жүйесінің деңгейінде туындайтын тәуекелдерді барынша төмендетуден және сыртқы факторлардың ел экономикасының және қаржы жүйесінің жай-күйіне теріс әсер етуін төмендетуден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының банк жүйесі макроэкономикалық тұрақтандыруға және инвестицияларды тартуға қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Өткен уақыт тұрғысынан қарағанда Республиканың Ұлттық Банкін құру туралы шешім өзекті әрі келешекті көздейтін шешім ретінде бағаланды. Сонымен қатар осы уақытқа дейін бірыңғай ақша жүйесін сақтап тұрудың мүмкін еместігі, меншікті валютаны енгізудің және ақша кредит саясатын жүргізудің қажеттігі айқындалды, ал мұның негізі меншікті банк жүйесінің болуын табанды түрде талап етті. Бұл шешім келешекті көздейтін шешім ретінде бағаланды, себебі Ұлттық Банкті жоғары деңгейге шығара отырып, экономиканы кредиттеудің өркениетті нысанын қамтамасыз ететін екі деңгейдегі банк жүйесін енгізбейінше, банк жүйесі нарық экономикасының қалыптасуына қолдау көрсете алмас еді. Нәтижесінде Республикамыз қазіргі даму деңгейіне қол жеткізді. Еліміздің банк жүйесінің нормативтік  құқық негізін құрайтын банктік заңнамалық актілердің, сонымен қатар банк секторына қатысы бар өзге де заңнамалық актілердің нормаларының өзара генетикалық, құрылымдық және функционалдық байланыстары банктік заңнаманың банк жүйесі ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызмет немесе банктік операция, мәміле, іс-әрекет барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды жан-жақты реттей алатынын көрсетеді. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылуы өзіне тән біртұтастық және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты болады. Осы біртұтастық және құрылымдықтың негізгі мәні мен сипаты банк жүйесінің тиісінше дамуына септігін тигізеді.

Информация о работе Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары