Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 19:20, курсовая работа
Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы Зейнетақы нарығының дамуын тежейтін мәселелер, оған қарсы жүргізіліп жатқан бағдарламаларды анықтау болып табылады.
Міндеттемелері:
еліміздің зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіннің дамуын дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу
ҚР-ғы Зейнетақымен қамтамасыз ету нарығының даму ерекшеліктерін анықтау
еліміздің экономикасындағы Жинақтаушы Зейнетақы Қорының экономикалық мәнін, маңыздылығын ашып көрсету
ЖЗҚ –ң төлемдге жарамдылығын анықтау үшін негізіг жолдарын анықтау
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
1.1 Зейнетақымен қамтамасыз ету нарығының мәні......................................4
1.2 Жинақтаушы зейнетақы нарығының қызмет ету
принціптері және механизмі.....................................................................9
1.3 Жинақтаушы зейнетақы нарығының шетел тәжірбиесі..........................14
2 Қазақстан Републикасындағы зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
2.1 Қазақстан Республикасынғы зейнетақымен қамтамасыз ету
нарығының қалыптасуы...........................................................................17
2.2 Жинақтаушы зейнетақы қорының қазіргі жағдайы................................19
3 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы
3.1 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы проблемалары мен
реформалары...............................................................................................28
3.2 Жинақтаушы зейнетақы нарығының әрі қарай даму жобасы...............31
Қорытынды..............................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................38
Екінші
дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге
дейін дамыған елдерде
Келесі жарты ғасыр бойы банктерде, темір жолдарда және коммуналдық қызметпен айналысатын компанияларда 400-ден аса қор құрылды. Өндірістік зейнетақы қорларының қарқынды өсуі 40- жылдарда болды. Егер 1940 жылы АҚШ-та осындай қордың қатысушылар саны өндірісте және саудада қамтылған адамдардың жалпы санының 1/5 бөлігін құраса, ал 70-жылдардың ортасында 44%-ға артты (33 млн. қатысушы).
Ұлттық экономика ұшін инвестиция қорының қаншалықты екеніне АҚШ-ң 500 ірі зейнетақы қорының инвестиция саласындағы жағдайы мен саясаты елдегі бағалы қағаздар нарығының перспективасын бағалауда маңызды фактор ретінде қарастырылуы дәлел.
Зейнетақы қорларының қазіргі қоғамдағы орнына байланысты көптеген батыс елдерінде олардың іс-әрекетінің көп жақтары мемлекетпен реттеліп отырады. Негізінен, қаржылық есеп, қор қатысушылары алдында міндеттемелерді анықтау әдістері және т.б реттеледі және стандартталады.
Зейнетақы қоры- қатысушыларға зейнетақы мен жәрдемақы төлеу үшін ақша қаражаттарын шоғырландыру мен оларды пайдалануды білдіретін түрлі жоспарлы қызметпен айналысатын ұйым. Әрбір зейнетақы қоры өз заңдарына сәйкес жұмыс істейді, және халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесімен байланыссыздербес заңды және қаржылық ұйым болып табылады. Зейнетақы қоры өзі құрылған және персоналдары қызмет ететін мекеме міндеттемелері бойыншажауап бермейді. Алайда зейнетақы қорының тәртіптерінде оны құрған ұйым қордың ағымдық дефицитін жабуы немесе қысқартуы тиіс жағдайлары қарастырылған. Көптеген зейнетақы қорының негізінде зейнетақыны өзін-өзі толық қаржыландыру принципі жатыр./9;6б/
Зейнетақы қорының (міндетті немесе ерікті) қатысушысы болып қор іс-әрекеті тараған ұйымда тұрақты, кейде мерзімді жұмыс істейтін қызметкер табылады. Жеке тұлға бірнеше зейнетақы қорында тізбектеліп қатыса алады- жұмыстың ауысуына байланысты қор да өзгереді. Сәйкесінше, әрқорда тұлға өзін біраз зейнетақымен қамтамасыз етеді.
Зейнетақы қорының қызметін әртүрлі инвестициялық процесс ретіндеқарастыруға болады. Бір адам үшін қор құрылған кездегі абстрактілі жағдайды қарастырайық. Бұл процесс екі сатыдан тұрады. Периодикалық жарналардың бірінші жолында қор құрылады, қаржыны жинақтау жедел жүреді, себебі алынған ақша табыс алу үшін инвестицияланады. Екінші сатыда (инвестициядан түсім) қаржы зейнетақы төлеу үшін щығындалады. Теория тұрғысынан зейнеткер өмірінің соңғы күндерінде құрылған қор жұмсалып бітеді. Айтылған зейнетақыны сақтандыру мәнін көрсетеді. Өмір ұзақтығының түрлілігіне байланысты жеке қатысушының жарнасы мен төлемдерінің нақты балансын алу мүмкін емес. Бір жастағы және жынысты бір адамдар тобы үшін ғана осындай баланс алуға ұмтылады.
Зейнетақылық қамсыздандырудың екі түрінде де- өндірістік және жеке сақтандыру кезінде әртүрлі дәрежеде болса да сақтандыру принциптері қолданылады. Алайда олардың арасында ерекшеліктер болады. Олрдың негізгісі жеке компаниялар және мекемелер кезінде құрылған зейнетақы қорында кәсіпкерлік пайда жоқ. Бос қаржыны инвестициялағаннан түскен табыс, әдетте, өзінің негізгі массасында қатысушыларға арналады. Сақтандыру ұйымдарында зейнетақысақтандырған кезде компанияға тиесілі кәсіпкерлік табысты қарастырады.(егер ол акционерлік қоғам болса, пайданың бір бөлігі акционерлер арасында үлестіріледі). Бұл сақтандыру зейнетақы қорларына тән.
Басқа ерекшеліктерді атауға болады, мысалы, өндірістік зейнетақы қорында зейнетақылық қамсыздандыру көлемі мен жарна сомасы арасында қатаң байланыс жоқ. Зейнетақы деңгейі әдетте тәжірибе мен орташа жалақыға байланысты. Зейнетақыны жеке сақтандыру кезінде жарна деңгейі сақтандырылатын зейнетақы мөлшерімен анықталады және алатын жалақы деңгейіне тәуелсіз. Зейнетақы сомасы сақтандыру ережелерімен анықталатын шекте кез келген болуы мүмкін.
Соңғы
кезде шетелде байқалған
Кәсіпкер жайында айтсақ, зейнетақы қорын қаржыландыруда құру мен қатысу кадрлардың ағылып кетуін тоқтатады, персоналды дайындау шығындарын азайтады. Жұмыс беруші үшін тағы бір ерекше фактор- зейнетақы қорында жинақталған, өз акциясын қорға сату түрінде жинақталған резервтен өзіндік несиелеу мүмкіндігі.
Зейнетақы қорының дамуында салық саясаты маңызды рөл атқарады. АҚШ- та және басқа елдерде жұмыс берушінің қорға жарнасы өндірістің қажетті шығындары ретінде қарастырылады да, федералды салық салынбайды. Қор инвестициясының табысы да толық немесе бөлшекті салықтан босатылады.Сонымен, мемлекет зейнетақы қорын қаржыландыруға жанама қатысады.
Қарастырылуы
тиіс тағы бір фактор бар- кәсіподақ
әсері 50-жылдардың басына дейін АҚШ-
та кәсіподақтар өндірістік зейнетақы
қорларына жақсы қарамады, өштесті. Себебі
қордың пайда болуынан кәсіпорын персоналдарына
әсер ету деңгейі азайды. Кәсіподақтар
өндірістік зейнетақы қорларының шартын
жасауға қатысу құқығын алғаннан кейін,
жағдай өзгерді.
1.2
Жинақтаушы зейнетақы
нарығының қызмет
ету принциптері
және
механизмі
Зейнетақы қорның қатысушылары (мүшелері) екі топқа бөлінеді:белсенді (жұмыс істеп, қорға жарна төлеп жүргендер) және зейнеткерлер. Мүшелер құрамы уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Қордың бастапқы қызметі барысында барлық мүшелер белсенді боллып табылады, уақыт өте келе қатысушылар бірінен соң бірі зейнеткерлік жасқа келіп, зейнетақы алу құқығына ие болады. Жұмыстағы олардың орнын қордың белсенді белсенді мүшесі бола бастайтын қызметкерлер басады. Ұйымда біраз уақыттан кейін зейнеткерлер саны мен белсенді мүшелер арасындағы ара – қатынас тұрақтану керек.
Теорияның мәні осындай. Алайда қордың барлық дерлік элементтері сол әсерлерді қабылдайды, дамудың өзіндік ішкі логикасы иеленеді, сондықтан нақты жағдайда қордың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы жайында айтудың қажеттілігі жоқ. Оған қарамастан, қорды ұйымдастырған кезде және басқаруда жарна сомасы мен күтілген зейнетақы төлемі және басқарушылық шығындарын бланстауға ұмтылады. Бір уақытқа жасалған баланс болашақта бұзылады.
Тұрақтандыру факторларын екі топқа бөледі: объективті және субъективті. Біріншісін қордың басқаруға байланыссыз фактор деп түсінеміз (демографиялық процесстер, елдің экономикалық жағдайы, ақша – несие нарығындағы жағдай т.б.), ал екішісіне кәсіпорын мен қор ішінде анықталатын факторларды жатқызамыз: кадрлық саясат, кәсіпорынның (қордың) даму стратегиясы, қор ережелерінің өзгерісі, қор жинақтарын басқару стратегиясы және тактикасы, инвесторлар біліктілігі және т.б.
Зейнетақы қоры өз міндеттемелері бойынша қатысушылар жауап бере ме, жоқ па, білу үшін, егер жоқ болса зейнетақы қорларында топтық сақтандыру бар дисбаланс дәрежесі қандай екенін білу үшін әрқашан актуарлы баағалау жүнгізіледі.
Актуарлы бағалау үшін қажетті ақпараттар тарифті ставканы есептеуге қарағанда көп болады. Парамертлердің мәнін болашақ үшін қажет етеді. Егер демографиялық секілді сенімді параметрлер уақытқа байланысты өзгереді де өз әсерін дисбалансқа тигізетінін айтсақ, онда актуарлы есепте қа былданатын экономикалық сипаттамалардың тұрақсыздығы туралы айтпай – ақ қойса болады (жалақы өзгерісінің қарқыны, инфляция қарқыны және т.б.). Осыдан шығатын түйін – актуарлы бағалау нәтижесін нақты бухгалтерлік нәтиже деп қарастырудың мәні жоқ. Олар зейнетақы қор жағдайының динамикасы туралы айтуға болатын кейбір бағдар деп қарастырған жөн.
Шетелде зейнетақы қорының актуарлық қызметі ерекше дербес іс әрекет болып бөлініп шықты. Ол жоғары білікті мамандар – актуаршиктер (сақтандыру математигі) жұмыс істейтін арнайы шығын фирмалармен жүзеге асырылады. Мұндай фирмалар қордың актуарлы бағалау процесін және олар үшін түрлі аналитикалық жұмысын орындауды өз мойнына алады. Қорлар өз күшімен ағымдық оперативті және есептік жұмыстар кешенін жүзеге асырады.
Зейнетақы қорларын
Қаржыландыру әдістері.зейнетақы жүесін қаржыландырудың негізгі үш әдәісі (схемесы) бар: ағымдақ шығындарды толық жабу, резерв есебінен зейнетақы төлеу, аралас әдіс.
Ағымдық шығындарды жабу әдісі кең маштабты резервті құруды білдірмейді. Жұмыс беруші мен персоналдың жарнасы толығымен зейнетақыны төлеуге кетеді. Кейде құрылған шағын резерв алыс болашақта зейнетақы төлеуді қамтамасыз ету үшін арналмаған. Сондықтан, бұл жерде зейнетақы қоры туралы емес, зейнетақылық қамсыздандырудың резервтік емес (қорсыздану) жүйесі туралы айтылған. Қаржыландырудың бұл әдісі әлеуметтәк қамсыздандырудың мемтеекеттік жүйелерінде және халықаралық ұйымдардарда қолданылады. Бірнеше мысал келтірейік.
Австрияда (мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі) қаржыландыру бюджеттен жүзеге асырылады, алайда, қызметкер оған жалақыдан 9 пайызын қосады. Осыған ұқсас жүйе Францияда болды. Мұнда қызметкерлер 6 пайыз төлейді. Ал Испанияда қызметкерлер 3,86 пайыз төлейді.
Жоғарыда айтылған мәндер 1983 жылы халықаралық еңбек ұйымымен жасалған зерттеулерден алынды. Мұнда қырық мемлекеттің мемлекеттік қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін, сол сияқты мемлекеттік зейнетақы қорын қамтуда. Осы зерттеуде өндірістік зейнетақы қорлары айтылмады. Алайда олар көптеген позиция бойынша мемлекеттік жүйелерге бағытталады.
Халықаралық
банкте, халықаралық валюта қорында,
Американ елдерінің ұйымында персонал
зейнетақы төлеу үшін жалақыда 7
пайзын төлейді, ал қалған қажетті қаржы
осы ұымдардың бюджетінен бөлінеді.
Европалық қоғамдастық
Ағымдық шығындарды жабу әдісі қолдану алғашқы жылдары жүйенің зейнетақыға аз шығындарын білдіреді, өйткені бұл кезде персонал әлі де зейнетақы құқығына ие емес, орнынан кетпейді. Зейнеиақыны жаппай төлеу жүйені құрғаннан кейін бірнеше жылдан кейін іске қосылады.
Егер зейнетақы нарығының шығындарын төлеу персонал есебінен бөліп немесе толық жүргізілсе, онда бірінші зейнеткерлер жаңа «ұрпақ» персоналдар төлеген зейнетақыны алатын балады, басқаша айтсақ, бірінші зейнеткерлер зейнетақыны өздерінің аз шығындаоуы кезінде алады. Осылайша, бір «ұрпақ» зейнеткерлердің жинағы келесі персоналдар тобының мойнына жазылады. Сол сияқты, жүйенің «дамуына» байланысты қажетті төлемдер көлемі артады, ол жинақталған резервтің болмауынан үлкен қаржылық қиындықтарға алып келеді.
Қарастырылған схеманың ең үлкен кемшілігі – болашақта зейнетақының төленуіне кепілдік бермейді. Егер резерв жоқ болса, төлемдерде болмайды, жүйе жойылса, зейнетақы мүлде төленбейді.
Жоғары да аталған схеманың екіншісі – резерв есебінен ғана зейнетақы төлеу – топтық сақтандыру бар өндірістік зейнетақы қорларында қолданылмайды. Қаржыландырудың бұл әдісі бір реттік жарна есебінен жеке сақтандыру кезінде және сақтандыру аннуитеттерін сатып алған кезде негізі болып табылады. Ол зейнетақының толық алдынала қаржыландыруды білдіреді және сәйкесінше зейнеткерлерге толық кепілдік береді, алайда оны үлкен топ қатысушылар үшін жүзеге асыру көптеген бастапқы шығындармен байланысты. Бұл жерге ағымдағы жылда зейнетке шыыққан қатысушыларға ғана қажетті қорға салынатын жарна резервке тең болуын білдіретін әдісті де жатқызамыз. Осылайша, қордың алғашқы жылдарында жарналары жоқ немесе аз. Содан кейін олар көбейді, «жетілген» қорда олар аз да болса тұрақты.
Зейнетақы
жүйелерін қаржыландыру үшін резервті
тізбекті құру әдісі қолданылады. Осы
әдіс өндірістік, мемлекеттік және
халықаралық зейнетақы
Қаржыландыру көздері. Олар: қатысушылар жарнасы, жұмыс берушілер жарнасы, босқа қаржыны инвестициялағаннан түскен табыс. Ағымдағы кейбір зейнетақы қорларында инвестициядан табыстан басқа тек жұмыс берушілермен қатысушылар жарнасы есептеледі. Негізіне көпм жағдайда осы үшеуі де болады.
Информация о работе Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы