Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 19:20, курсовая работа

Описание

Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы Зейнетақы нарығының дамуын тежейтін мәселелер, оған қарсы жүргізіліп жатқан бағдарламаларды анықтау болып табылады.
Міндеттемелері:
еліміздің зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіннің дамуын дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу
ҚР-ғы Зейнетақымен қамтамасыз ету нарығының даму ерекшеліктерін анықтау
еліміздің экономикасындағы Жинақтаушы Зейнетақы Қорының экономикалық мәнін, маңыздылығын ашып көрсету
ЖЗҚ –ң төлемдге жарамдылығын анықтау үшін негізіг жолдарын анықтау

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
1.1 Зейнетақымен қамтамасыз ету нарығының мәні......................................4
1.2 Жинақтаушы зейнетақы нарығының қызмет ету
принціптері және механизмі.....................................................................9
1.3 Жинақтаушы зейнетақы нарығының шетел тәжірбиесі..........................14
2 Қазақстан Републикасындағы зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
2.1 Қазақстан Республикасынғы зейнетақымен қамтамасыз ету
нарығының қалыптасуы...........................................................................17
2.2 Жинақтаушы зейнетақы қорының қазіргі жағдайы................................19
3 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы
3.1 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы проблемалары мен
реформалары...............................................................................................28
3.2 Жинақтаушы зейнетақы нарығының әрі қарай даму жобасы...............31

Қорытынды..............................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................38

Работа состоит из  1 файл

зейнетакы курс.doc

— 606.00 Кб (Скачать документ)

     Қатысушының да, жұмыс берушінің де жарнасының деңгейі әдетте жалақы сомасы пайызбен шағып анықталады. Сомаға не кіретіні сәйкес ережелермен анықталады (негізгі  немесе түрлші қосымша табыс, үстеме, сыйақы қосылған жалақы). Қорды қаржылық қамсыздандыруды позициясынан қарағанда, жұмыс берушінің және қатысушының жарнасы қандай қатынаста екені маңызды емес. Әр түрлі зейнетақы қорларында олар қатты ерекшеленуі мүмкін. Көп жағдайда жұмыс беруші қорға қатысушымен бірге тең соманы аударады. Кейбір қорларда жұмыс берушінің нақты сомасы ескңертілмейді, ұзақ мерзімді қаржылық қажаттіліікпен байланысты.

     Мемлекеттік қызметкер мен халықаралық ұйымдардың қорға аударатын жарна деңгейін көрсететтін бірнеше мысал келтірейік (бұл жерде тізбекті қорланатын зейнетақы жүйесі туралы сөз болып отыр). АҚШ – та қөатысушы мен жұмыс берушінің жарнасы жалақының  жеті пайызы көлемінде бекітілген, ал Жапонияда – қатысушы 5,15 пайыз және мемелекеттік мекеме әкімшілігі 15,85 пайыз. Азия Даму Банкі: қатысушы - 91/3 пайыз жұмыс беруші - 82/3 пайыз, ал қалған шығындарды өзі жабады. Европалық Атом зерттеу ұйымы: қатысушы 7 пайыз, жұмыс беруші – 15 пайыз (дисбалансты жабу үшін 1,5 пайыз). Біріккен Ұлттар Ұйымының зейнетақы қорында қатысушы – 7,5 пайыз, ал жұмыс беруші  - 15 пайыз.

     Бос қаржыны инветициялау қор қызметінің маңызды аспекті болып табылыды. Инвестиция портфелінің жауап беретін  талаптары: сенімділік, жоғары табыстылық, өтімділік те маңызды рөл атқарады.

     Инвестицияны  қордың немесе бір қаржылық мекеменің  – банктің, инвестициялық компанияның және т.б. тапсырсмасы бойынша арнайы служба басқарады. Қордың қаржысы негізінен бағалы қағаздарға, кейде жылжымайтын мүлікке салынады. Тәуекелді төмендету үшін инвестиция портфелі бағалы қағаздар түрі бойынша диверсификацияланады (акция, облигация, қазынашылық вексельдер және т.б.), ал қағаздардың өздері – экономикалық қызметті саласы, мерзімі және валютасы бойынша бөлінеді.

     Инвестиция  сомасы ұзақ және орта мерзімді болады. Мемлекетті зейнеткерлерді заңды жолмен қорғау үшін қор қаржысы инвестицияланатын бағалы қағаздардың  «сапасын» анықтайды, мысалы АҚШ – та АА – дан төмен емес рейтингті бағалы қағаздар, яғни неғұрлым сенімді бағалы қағаздар бола алады. Қор ережелерімен кейде зеңмен зейнетақы қорларын инвестициялауға шектеулер бекітіледі. Оларға салымдардың жеке түрлеріне лимит және бір компанияның бағалы қағаздарына салым үшін шектеулер (концентрациялық лимит) қойылады. Әдетте қор шегіндегі инвестициялар шектеулері қарастырылады (қор қатысушыларына ссуда беру, қор қызмет ететін персоналы бар компанияға ссуда беру).

     Инвестицияның табыстылығы объективті (бағалы қағаздар нарығының жағдайы, елдегі іскерлік белсенділік және т.б.) және субъективті  факторларға байланысты. Субъективті  факторлардың маңыздысы – инвестицияларды  басқарудағы кәсібилік. Активтер портфелі әрқашан бағалы қағаз нарығының ағымдық жғдайымен оның перспективті бағалауын, қорда қабылданған тәуекел дәрежесімен стратегияны есепке ала отырып қайта қаралады. Үш көзден түскен қаржы мен зейнетақы төлем сомасы арасындағы арақатынас туралы білу үшін кейбір резерв құруды қарастыратын елдерге тән мемлекеттік қызметкерлердіңі зейнетақы қорлары үшін осы өлшемдерді бейнелейтін келесі мәләметтке қарайық. 

Халықаралық еңбек ұйымының зерттеулерінен алынған  мәләметтер.

     Зейнетақыға құқық алу шарттары

    Өндірістік  зейнетақы қорлары келесідей  зейнетақы төлеуді қарастырады:

  • қартайған жағдайына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты;
  • жұмысқа қабілетсіздігі (мүгедек) бойынша;
  • қатысушы немесе зейнеткердің жесіріне;
  • балаларға және асыраудағы жанға.

    Әр  зейнетақы қорында зейнетақы  құқығын алу шарттары ерекшеленеді. Принципиалды жағдайда ұқсастық байқалады.

    Зейнетақы қартайған жағдайға байланысты елуден жетпіс жас аралығындағы адамдарға, көптеген зейнетақы жүйелерінде  елу – алпыс жас аралығындағы адамдарға тиесілі. Барлық зейнетақы жүйесінде ұйымда жұмыстың минималды тәжірибесі қарастырылады, ол бірден отыж жылға дейін. Көптеген қорларда қажетті тәжірибе он  - он бес жылға дейін.

    Кейбір  елдерде зейнетке шығу жасы бекітілмеген минималды еңбек сіңірген жылға жеткен кезде тағайындалады. Әдетте ол мерзім отыз – отыз бес жыл.  

    Зейнет  жасына жеткен кезде қор қатысушысы қартайған жас бойынша зейетақысын  алу арқаы зейнетақы құқығын  қолдана алады. Зейнетақы жасына жетпеген, минималды тәжірибесі жоқ  қатысушы жұмыстан кеткен кезде кейінгі қалдырған зейнетақы құқығын алады. Бұл құқық кейін зейнет жасы келгенше ие. Мысалы, елу жасында жұмыстан кеткен адам алпыс жасқа келгенше кейінге қалдырыылған зейнетақы алады. Алпыс жаста бұл құқықты иемденіп болады.

    Көптеген  зейнетақы жүйелерінде қартайған шақ бойынша зейнетақы жалақы көлеміне байланысты болады. Зейнетақы көлемін қолдану үшін негіз ретінде соңғы жалақы, бекітілген мерзім интервалындағы орташа жалақы (3 – 5 жыл) алынады. Басқа да варианттарда кездеседі./10;55б/

    Зейнетақы ретінде төленуі керек жалақы үлесі тәжірибеге байланысты. Көп қорларда бұл үлес оған пропорционалды (мысалы, әр жұмыс жылына 1 – 2 %, 5 жыл ). Кейде бұл үлес екі элементтен тұрады: біріншісі тәжірибеге байланысты емес (мысалы, 30 %), екіншісі – оған пропорцилоналды. Зейнетақының минималды көлемі жиі кездеседі, ал максималды – кейде ғана (жалақының шекті сомасы немесе үлесі ретінде, мысалы, 70 – 80 %).

    Көптеген  зейнетақы жүйелерінде өмір сүру индексінің өзгеруіне байланысты зейнетақыны  түзету, кейде асыраудығы жанға үстеме ақы төлеу қарастырылады.

    Кейбір  қорларда ерте жалақы алу мүмкіндігі орын алады. Зейнетақы зейнетке шығудың  стандартты жасына қарағанда аз жасқа  жеткен кезде жұмыстан кеткенде төленеді. (Мысалы, БҰҰ – ң зейнетақы  қорында стандартты зейнетақылық жас алпыс екі жас, ал ерте зейнетақы елу жеті жаста мүмкін). Ерте зейнетақы көлемі, әрине, стандарттан аз. Оны әдеттегі зейнетақы саласын бір әдіспен қысқарта отырып, анықтайды. Мысалы, әр жыл сайын «қалыпты» жасты азайта отырып, зейнетақы біраз пайызға қысқарады. Ерте зейнетақыны тағайындағанда қатысушылардың кейбір құқықтары қысқарады.

    Көп қорларда зейнеткердің біруақыттық  жәрдемақы алу мүмкіншілігі ескертіледі. Сәйкес сома зейнетақының актуарлы эквивалентті түріндегі қатысушының зейнетақы құқығының бір бөлігінен көп болмауы керек. Уақыттық жәрдемақы төлеген кезде зейнетақының ағымдық төлем сомасы қысқарады. Сонымен, егер уақыттық жәрдемақы үлесі актуарлы эквиваленттің 1/3 – не тең болса, онда болашақта төленетін зейнетақы көлемін 2/3 – дейін қысқарады. Біруақыттық жәрдемақы төлеу кезінде қор қатысушы біраз құқығынан айрылады. Егер қор қатысушысы зейнетақы құқығын алмай жатып жұмыстан шықсы (минималды тәжірибесі жоқ болса) немесе олардан бас тартса, онда оның қорға аударған сомасы және есептелген пайыздары (кейде пайызсыз) өзіне қайтарылады. Бұл сома, әдетте, жинақталған резервтен аз.

    Қатысушы  өлімі кезінде де осындай болады. Сонымен, қатысушы жарнасын оның өзіндік  қорланған жинағы ретінде қарастырылады. Осы жағдайда жұмыс берушінің  қаржысы қорда толығымен немесе бір бөлігі қалады.

    Мемлкеттік  қызметкердің зейнетақы қорлану  жүйесіне қатысты қартайған жасқа  байланысты зейнетақыға құқығын  анықтайтын бірнеше мысал келтірейік. өндірістік зейнетақы қорлары елде мемлекеттікке бағдарланады.

      Австрияда зейнетақы 65 жасқа жеткен және 10 жыл жұмыс тәжірибесі болғанда тағайындалады. Ерте зейнетақы 60 немесе одан жоғары жаста болуы мүмкін. Зейнетақы көлемі: 10 жыл тәжірибеде – базисті жалақыдан 50 пайыз (базиске соңғы жылдағы жалақының 80 пайызы алынады). 10 жылдан кейінгі әр тәжірибелік жылға зейнетақы екі пайызға артады. Зейнетақы үшін максималды есептелетін тәжірибе – 35 жыл, ал зейнетақы 100 пайыз базисті жалақыны құрайды.

      Канадада  мелекет қайраткерлері 60 жылға жетіп, аз дегенде 5 жыл тәжірибесі болса зейнетке шығады. Ерте зейнетақы 55 жаста тағайындалады. Ол отыз жыл стажы болса ғана мүмкін. Жалақының орташа сомасын анықтау негізінде 6 үзіліссіз «ең жақсы» (жалақыға байланысты) жыл алынады. Зейнетақы көлемі - әр жұмыс жылға екі пайыз. Максималды жалақы – отыз бес жыл тәжірибе.

    Швецияда  мемлекеттік қызметкерлерді қамсыздандыру  жүйесінде зейнетке шығу жасы  - 62, тәжірибесі – 40 жыл. Ерте зейнетақы  әйелдер үшін ғана мүмкін (60 жас және 35 жыл тәжірибе). Зейнетақы көлемі: жалақының алпыс пайызын оған қоса әр бала үшін тағы 5 пайыз.

    Португалияда  мемлекет қызметкерлеріне зейнетақы 70 жаста және бес жылдан аз емес тәжірибеде тағайындалады, зейнетақы – 60 жас  және 35 жыл тәжірибе. Егер тәжірибесі 36 жылдан асса, онда жас бойынша шектеулер  ескертілмейді. Зейнетақы көлемі: әр қызмет жылы үшін жылдық жалақының 1/36 бөлігі. Максималды – 100 пайыз.

    АҚШ – та зейнетақы жасы – 5 жыл тәжірибеде 62 жас, 20 жыл тәжірибеде 60 жас, 30 жыл  тәжірибеде 55 жас. Зейнетақы көлемі: алғашқы жұмыстың бес жылы үшін орташа жалақының 7,5 пайызы 5 – 10 жыл үшін – 1,75 пайыз, 10 жылдан жоғары – 2 пайыз. Жалақыдан максималды зейнетақы үлесі 80 пайыз.

    Бұл оның персоналдық зейнетақы жүйесін  қартайған жас бойынша зейнетақы  жағынан зейнетақы мөлшерін анық әдісі бойынша АҚШ – ғы мемлекет қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз етуіне ұқсас. Алайда зейнетақы жасы 62, ал минималды жұмыс тәжірибесі – 5 жыл.

    Мүгедектік  және уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша зейнетақы қор қатысушының  тәжірибесіне және жасына байланыссыз. Мұндай зейнетақы көлемі қартайған шақ бойынша зейнетақыға теңеседі (толық немесе біраз шектеулермен).

    Келтірілген мысалдар зейнетақы қорын құрағанда  қатаң стандарттарын жоқ екенін көрсетеді. Жүйелер елдегі нақты  өмір жағдайына, қордың мүмкіндіктеріне  және дәстүрге жауап беретін үлкен түрлілікпен ерекшеленеді.  

    Зейнетақы қорының сызбасын жасау және оны  ақпаратпен қамтамасыз ету

    Зейнетақы қорын ұымдастыруда қордың құрылымына, зейнетақыны тағайындайу және төлеу  ерекшеліктеріне қатысты өзара  байланысты «нұсқаулы»мәселелерді  шешу қажет. Бұл мәселелерді шешуді келесідей бірнеше негізгі сатыға бөлуге болады:

    а) қор концепциясын дайындау; концепцияда  зейнетақы қорының негізгі сипаттамалары  анықталуы тиіс:

    - қатысушылар тобы (яғни қорға  қатысу құқығын беретін белгілер  тізімі);

    - қаржыландыру көздері;

    - зейнетақы түрлері және зейнетақыға  құқығын ие болу принциптері

    б) қабылданған концепция барлық қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің  жиынтығы ретінде детальданатын, қорды  басқару құрылымын анықтайтын зейнетақы  қорының Ережесін (Жарғысын) жасау.

    в)  қатысушылардың жарнасы мен төлемдерін тіркеуге ғана емес, сондай –ақ, қорды  актуарлы бағалауды жүргізуүшін  және жүйенің балансталу жәрежесіне әсер ететін факторларды өлшеу үшін қажетті жалпылама көрсеткіштерін алуға мүмкіндік беретін бағдааламалық қамтамасыз етуді құру. Егер зейнетақы қоры зейнетақыны жеке сақтандыруға бағытталса, онда тирифтер мен резервтерді есептеу үшін бағдарламалар қажет.

    Алгоритмдермен  сәйкес бағдарламаларда нақты қордың іс - әрекетінің жағдайларына қолдануға  жасалған көмекші техникалық әдәстердің және қордың Ережелерінің негізіне салынған процедуралар, талаптар және шектеулер қарастырылады. Дайын бағдарламалық пакетін қолдану (бір қорға дапйындалған) сәйкес Ережелерді барлық бөліктерімен қабылдауды білдіреді.

    г) зейнетақы қоры сызбасын жасауды және оны басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету. Ақпараттық қамсыздандыру статистикалық мәліметтермен қатар, болашақта параметр мәні туралы болжамдар жиынтығын білдіреді. Мұндай жинақтауға мыналар жатады:

    - белсенді қатысушылар үшін де, қартайған жағдай және мүгедектік бойынша зейнеткерлер үшін өлім – жетім көрсеткіштері;

    - мүгедектік туралы мәліметтер;

    - қордан шығуға дейін тәжірбие  ұзақтығы көрсеткіштері;

    - зейнетке шығу жасы (еггер зейнетке  белгілі бір жаста шығу міндетті  болмаса).

    Аталған көрсеткіштерді әр жастық жыныстық топ  бойынша жеке – жеке алу қажет. Сонымен бірге, кадрлар қозғалысы  және жалақы туралы да мәліметтер қажет, оның ішінде:

  • белсенді қатысушылардың саны және жастық құрамы;
  • жалақының абсолютті өлшемі.

    Әрине, қор сызбасын жасағанда мәліметтердің көбі жоқ болады (қатысушылардың немесе зейнеткерлердің нақты жиынтығына қатысты мәләметтер). Осыған байланысты алғашқы уақытта ақпараттың жиналуына байланысты өзгеріп отыратын жалпы сақтандыру статистикалық мәліметтерді (демографиялық көрсеткіштер) қолдануға болады. Түзетулер әрқашан кезекті актуарлы бағалау алдында енгізілуі тиіс.

Информация о работе Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы