Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 19:20, курсовая работа
Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы Зейнетақы нарығының дамуын тежейтін мәселелер, оған қарсы жүргізіліп жатқан бағдарламаларды анықтау болып табылады.
Міндеттемелері:
еліміздің зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіннің дамуын дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу
ҚР-ғы Зейнетақымен қамтамасыз ету нарығының даму ерекшеліктерін анықтау
еліміздің экономикасындағы Жинақтаушы Зейнетақы Қорының экономикалық мәнін, маңыздылығын ашып көрсету
ЖЗҚ –ң төлемдге жарамдылығын анықтау үшін негізіг жолдарын анықтау
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
1.1 Зейнетақымен қамтамасыз ету нарығының мәні......................................4
1.2 Жинақтаушы зейнетақы нарығының қызмет ету
принціптері және механизмі.....................................................................9
1.3 Жинақтаушы зейнетақы нарығының шетел тәжірбиесі..........................14
2 Қазақстан Републикасындағы зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
2.1 Қазақстан Республикасынғы зейнетақымен қамтамасыз ету
нарығының қалыптасуы...........................................................................17
2.2 Жинақтаушы зейнетақы қорының қазіргі жағдайы................................19
3 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы
3.1 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы проблемалары мен
реформалары...............................................................................................28
3.2 Жинақтаушы зейнетақы нарығының әрі қарай даму жобасы...............31
Қорытынды..............................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................38
Мәліметтердің басқа тобы күтілген мәндерді эксперттік әдіспен болашаққа алынатын параметрлер жиынтығын бейнелейді. Мұндай параметрлер:
Есептеулерде актуарлы бағалау мен қорларды «ішкі» есептеулер кезінде қабылданған пайыздық ставка мөлшері (жинқтау нормасы) ереекше роль атқарады (мысалы, қатысушылардың жинақталған жарнасының сомасын анықтаған кезде). Ставканың мөлшері ақша нарығында ұзақ мерзімді тенденцияның, қордың қаржылық жағдайының және басқа факторлардың есебінен анықталады. Ставканың көтерілуі, бір жағынан, қатысушылар жинаған жарналар сомасының артуына әкелсе (сәйкесінше қордан аяқастынан кеткенде төлемдер артады), екінші жағынан – ерте зейнетақының және мерзімдік жәрдемақы мөлшерінің қысқаруына әкелді. Соңғысы зейнетақының бұл түрлерін алуға ынтаны азайтады. Қабылданған пайыздық ставка ақша нарығының орташа ставкасынан қатты ерекшелене алмайды./11/
Зейнетақы қорын құру үлкен ұйымдастырушылық және «жобалық» сияқты дайындық жұмыстарын талап етеді (түсімдер мен төлемдердің балансталған сызбасын құру). Жобаны мамандар тобы дайындау керек: заңгерлер (әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек құқығы саласында маманданған), және экономист – финансистер (инвестицияларды басқару). Қордың ағымдық жұмысы аталған мамандардың аз қатысуымен іске асырылады.
1.3
Жинақтаушы зейнетақы
нарығының шетел
тәжірбиесі.
Жинақтаушы
зейнетақы жүйесін Чили және Латын
Америка елдерінің
Чили.
Ел мемлекеттік зейнетақы
Шегерілімдер жалақыдан 10 пайыз мөлшерінде анықталды. Содан кейін шегерілімдер нарықта жұмыс істейтін 21 жеке қорлар басқарушыларының кез келгеніне берілді. Шегерілген қаржы жеке шотқа енгізілді. Жұмысшылар зейнетке шыққаннан кейін көп қаржы алу үшін өз шоттарына қосымша шегерімдер жасауға мүмкіндік алды. Егер осы қосымша шегерімдер үлкен зейнетақы алуға әкелсе, жұмысшы зейнетке ерте шығуға үміттенетін болды. Барлық зейнетақылық шегерімдерге мерзімі ұзартылған салық салынды, яғни жұмысшы зейнетке шыға бастағанда және зейнетақы ала бастағанда ғана салық төлейтін болды.
Бүгінгі
күні жеке зейнетақы қордың басқарушылары
комиссионды алымдардың екі әртүрлі
типін алады. Бірінші тип –
жалақыдан пайыз ретінде
Жүйе өзінің он бес жыл өмірінде Чилидегі комиссиондар мөлшерін азайта алмайды. Сондықтан болашақтағы зейнетақы реформалары жоғары әкімшілік шығындардан жалтару үшін жақсы жоспарлануы тиіс.
Зейнетақы қорларына инвестициялаудың мына салаларында жұмыс істеуге рұқсат етілген: мемлекеттік бағалы қағаздары, кепілдік, орталық банктің бағалы қағаздары, банктік облигациялар және депозиттік сертификаттар, қысқа мерзімдік корпоративті бағалы қағаздар, шетел үкіметінің үкіметінің акциялары және бағалы қағаздары. Қазіргі кезде бекітілген табысты бағалы қағаздар зейнетақы қорлары шығаратын барлық инвестиция мөлшерінің 65 пайызын құрайды, ал қалған 35 пайызы акцияларға келеді. Шетел инвестицияларызейнетақы қорларының инвестияларының жалпы мөлшерінің 5 пайызын құрайды.
Зейнетақы қорлары өз инвестицияларынан жоғары табыс алды. 1981 – 1995 жылдары табыс деңгейі 13 пайыз болды (инфляцияны ескеріп). Инвестиция бойынша табыстың жоғары деңгейі соңғы он жылда Чили бағалы қағаздар нарығының кеңеюмен түсіндіріледі.
Зейнетақы қорларын жеке басқарушылар коммерциялық ұйым ретінде құрылған. Басқарушылар ақпарат тарату бойынша талаптарды ұлттық қор биржасында акциялары сатылатын акционерлік қоғамдар сияқты орындауы тиіс. Мүдделер жанжалын тудырмау үшін зейнетақы қорлар басшылары бухгалтерлік есептің екі жеке жүйе жүргізіледі: біреуін басқарушы фирма үшін, екішісін инвестициялық қор үшін. Бұл екі жеке банк шотынашуды қажет етеді. Оған қоса, Ереже зейнетақы қорының инвестициялық қызметін өзі ерекше қатынаста байланысты компания акцияларында минимумға дейін шектейді. Инвестициялық тәжірибенің дұрыс қызметінің мысалы ретінде қор басшыларының резервті капитал қоры ретінде зейнетақы қорының 1 пайздың эквиволентіне тең соманы инвестициялауға тиіс екенін айту керек. Зейнетақы қоры инвестициясының оъектісі болып табылатын барлық бағалы қағаздар банкте сақталады.
Мемлекеттік орган зейнетақы қорының жеке басшылар қызметін қатаң реттейді. Бұл мемлекеттік орган Чилиде жеке зейнетақы жүйесін енгізген ведомствомен құрылған. Аталған мемлекеттік орган келесі қызмет түрлерін бақылайды: зейнетақы қордың инвестиция типтерін, зейнетақыны төлеуді, басқарушы фирма үшін және инвестициялық қор үшін бухгалтерлік есепті, қатысушылар арасында ақпарат таратуды.
Жүргізілген бағалауға сай, жеке зейнетақы жүйесіне жарна салған жұмысшылар соңғы он жыл ішіндегі орташа жалақының 70 пайызына тең зейнетақы алады. Сол сияқты, зейнетке шығу кезінде жұмысшылар 70 пайыздан асатын соманы алуы мүмкін. Зейнетақы қор инвестиция бойынша табыстың жоғары деңгейінің арқасында қаржылық жағынан зейнетке шығу кезінде және ерте зейнетке шығу кезінде неғұрлым жоғары жинақтары мүмкіндік болды.
Чилиде зейнетке шығу мерзімі ерлерге 65 жас, әйелдерге 60 жас. Зейнетақы қоры қызметкерлер зейнетке ерте шыға алады, егер олардың шотындағы жинақтары 10 жыл еңбек тәжірибесіндегі орташа жалақының минимум 50 пайызына тең болса, заңмен бекітілген минималды жалақының 140 пайызына тең болса, зейнетке шығу кезінде қатысушы төмендегі варианттардың бәрін таңдауына болады. Бірінші вариант: жұмысшы зейнетақы қорындағы өз салымдарының барлық сомасын алады, сақтандыру компаниясынан өмірлік рента сатып ала алады. Екінші вариант: жеке зейнетақы қорындағы зейнетақы шотынан кез – кедген уақытта қаржыны ала алады. Бірінші жағдайда сақтандыру компаниясын тәуекелге барады, себебі зейнеткер өз зейнетақы жинақ көлемін асыру мүмкін, ал екінші жағдайда зейнеткер өз өлімінің тууына дейін өзінің ақша көлемін алуда тәуекелге барады. Зейнетке шыққан барлық жұмысшылар жұмыс барысында тиісті қаржыны жинай алмаған жағдайда өмірі үшін қажетті минималды зейнетақы алу құқығына ие.
Колумбия. 2007 жылы Аргентина және Колумбия өз зейнетақы бағдарламаларының бөлігін жекешелендіріп алды. Аргентинада өтуге дейін зейнетақы төлемдерінде дефицит байқалды, жалпы ішкі өнімнің 2/3 бөлігін қарыз құрады, ал Колумбияда бұндай дефицит болмады. Екі жақта Чилилік жүйені қолданып, оны реттеу құрылымын қабылдады.
Екінші кесте үш мемлеттің зейнетақы реформаларын салыстыруды білдіреді.
Бұл елдердегі өтпелі кезең
Чилиге қарағанда
Жаңа
жүйелер саяси ортаға және мекемеге
әсер ету сияқты белгілі маңызды
аспектілер бойынша ерекшеленеді. Аргентинада
бекітілген төлемдерде бар, жаңа жүйенің
бөлігі ретінде жоғары минималды зейнетақы
кепілі де бар. Төлем артылған барлық жұмысшылар
екінші реттік қаржыландыру нарығының
зейнетақысынан басқа мемлекетік жүйеден
орташа жалақының 25 пайызы көлеміндегі
бекітілген төлемдер алады. Қосымша үкімет
екі жүйе бойынша да орташа жалақының
40 пайызын кепілдейді. Мемлекеттік жүйеде
бекітілген зейнетақы, оған қоса әлеуметтік
қамсызданудың ескі нарығының борыштарының
есепке алынуы жұмыс беруші төлейтін табыс
салығының 16 пайызынан қаржыландырылады.
Жарнаның жалпы көлемі ескі жүйеде болғандай
сақталады./14/
1-кесте-Үш мемлекеттің
зейнетақы реформаларының салыстырмалы
көрсеткіштері
Чили
1981 ж. |
Аргентина 2007 ж. | Коллумбия 2007 ж. | |
Екі жүйе | жойылды | өзгерістермен жалғасты | өзгерістермен жалғасты |
Жұмыс бастаға үшін жаңа міндетті жүйе | Ия | жоқ | жоқ |
Жарна көлемі, % | 10 | 8 | 10 |
Еңбекке қабілетсіздік (асыраушысының өлімі/ коммиссиондық мөлшері, % | 3 | 3 | 3,5 |
Мемлекеттік жүйе және әлеуметтік қолдау, % | Жалпы пайда | 16 | 1 |
Жарнаның жалпы көлемі, % | 19 | 27 | 8 |
Реформа алдында, % | 13 | 27 | 14,5 |
Реформадан кейін | ия | ия | ия |
Тәуелсіз мемлекеттік реттеу органы | Кепілді минималды зейнетақы | Бекітілген және минималды зейнетақы | Минималды кепілденген зейнетақы және әлеуметтік қолдау |
Ескерту: мәліметтер көздері www.pension.almaty.kz |
Чили сияқты Колумбия инвестициядан төмен табысқа қарсы сақтандырылған жұмысшыларға және кедейлкрге қайта үлестіру үшін минималды кепілді зейнетақы ұсынады. Реформаның басқада негізгі элементтері: а) жұмысшылар аударатын зейнетақы жарнасының көлемінің көп өсуі; б) ағымдық түсімнен қаржыландырудың ескі жүйесі ағымдық түсімнен қаржыландыру жүйесі және толық қаржыландыру нарығының комбинациясы болып табылатын жаңа жүйеге ауыстырылды; в) екі балама міндетті зейнетақы жүйе астын енгізу. Жұмысшылар екуінің біреуін таңдауы қажет. Біріншісі – мемлеккет құрған бөлшектеп қаржыландырылатын белгілі төлемдер жүйесі. Екіншісі – жеке сектор құрған белгілі жарналар және толық қаржыландыру жүйесі; г) халықтың кедей бөлігіне табысты зейнетақы төлемдерін қолдау бағдарламаларын жүргізу жолымен тікелей қайта үлестіру.
Дизайн және жоспарлау кемшіліктері орта және ұзақ мерзімдік периодта Аргентина мен Колумбияның зейнетақылық реформалары үшін проблемалар туғызуы мүмкін. Яғни ескі әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтың құнын есептегі қиыншылықтар. Бұны актуарлы әдіс негізінде (саяси қысымнан тәуелсіз) табылған бұрынғы жарна және есептерді сенімді есепке алу болған жағдайда ғана жүзеге асыруға болады.
Проблемалардың екінші бөлігі мемлекеттік жүйені белгісіз ұзартуды білдіреді. Чилиде жаңа жұмысшы күші жекешеленген жүйеге өтуге мәжбүр болады. Басқа реформалар жаңадан келгендерге жаңа және ескі жүйе арасында таңдауға мүмкіндік береді. Коліумбияда олар басқа өтіп, кейін бұрынғы жүйеге қайтып келе алады. Бұндай еркіндік ынталандыру мәселелерін, зейнетақы жүйесіне сенімсіздік пен жоғары әкімшілік шығындарды туғызады.
Аргентина. Аргентинада жұмысшылар жарнаны жаңа жеке жүйеге немесе реформаланған жүйеге аударуды таңдау құқығына ие. Мемлекеттік жүйе 30 жыл еңбек стажы бар жұмысшыларға соңғы 10 жыл ішіндегі орташа жалақысының 25,5 пайыздығы зейнетақы төлейді.
Жеке жүйеде 11 пайыз жұмысшылар жұмысшылар жарнасының 8 пайызы инвестицияланады, ал қалғаны жоспарлы шығындарды және мүгедектік бойынша жәрдемақы төлеу шығындарын, өмірді сақтандыру шығындарын жабуға кетеді. Мемлекеттік жүйені жас жұмысшылардан басқа адамдар қолдайды. 7 пайыздан 8 пайыз мөлшеріндегі жарна ставкасы жарнаның бекітілген көлеміне зейнетақының адекватты мөлшерін пайда нормасы неғұрлым жоғары болғанша бермейді.
Соңғысы, үкіметтің және капиталдың ішкі нарығының мідетті жинақтарын жоспарлауды жүзеге асыру үшін мүмкіндіктері жеткілікті ме жоқ па, осы сұрақты қарау керек. Чилидегі жоспарлау процесі көп жылды алды. Үкіметтің ережелері мен кепілдіктерінің күрделі жүйесі құрылды және индекестелген облигациялар мен басқа да қаржылық құрылдарды сатуға мүмкіндік берген заңды негіз дайындалды. Егер жаңа жеке зейнетақы компаниялары негізделген мәнерде жұмыс істемесе және жоғары табыс алып келмесе, онда жаңа жүйе дискредиттелуі мүмкін.
Информация о работе Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы