Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 19:20, курсовая работа

Описание

Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы Зейнетақы нарығының дамуын тежейтін мәселелер, оған қарсы жүргізіліп жатқан бағдарламаларды анықтау болып табылады.
Міндеттемелері:
еліміздің зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіннің дамуын дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу
ҚР-ғы Зейнетақымен қамтамасыз ету нарығының даму ерекшеліктерін анықтау
еліміздің экономикасындағы Жинақтаушы Зейнетақы Қорының экономикалық мәнін, маңыздылығын ашып көрсету
ЖЗҚ –ң төлемдге жарамдылығын анықтау үшін негізіг жолдарын анықтау

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
1.1 Зейнетақымен қамтамасыз ету нарығының мәні......................................4
1.2 Жинақтаушы зейнетақы нарығының қызмет ету
принціптері және механизмі.....................................................................9
1.3 Жинақтаушы зейнетақы нарығының шетел тәжірбиесі..........................14
2 Қазақстан Републикасындағы зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
2.1 Қазақстан Республикасынғы зейнетақымен қамтамасыз ету
нарығының қалыптасуы...........................................................................17
2.2 Жинақтаушы зейнетақы қорының қазіргі жағдайы................................19
3 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы
3.1 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы проблемалары мен
реформалары...............................................................................................28
3.2 Жинақтаушы зейнетақы нарығының әрі қарай даму жобасы...............31

Қорытынды..............................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................38

Работа состоит из  1 файл

зейнетакы курс.doc

— 606.00 Кб (Скачать документ)

    Республикадағы  экономикалық өсім, жұмысшылардың әр түрлі категориясы бойынша жалақы мөлшерінің өсуі, сонымен қатар салық  органдарының қорларға міндетті зейнетақы  төлемдерін толық және өз уақытында  аударылуына бақылауды арттыруы зейнетақы жинақтарының өсуіне жақсы әсер етті./14/  

2-кесте-1-ші сәуірдегі жылдар бойынша жинақтау зейнетақы нарығының зейнетақы жинақтары 

Мерзім  
Зейнетақы жинақтарының суммасы
 
Өсім  
Зейнетақы жинақтарының өсу темпі (қарқыны)                                      
2006 жылдың 1-ші сәуіріне 200 414 72 243 1,6 есе
2007 жылдың 1-ші сәуіріне 288 394 87 980 1,4 есе
2008 жылдың 1-ші сәуіріне 389 491 101 097 1,4 есе
2009 жылдың 1-ші сәуіріне 518 512 129 021 1,3 есе
Ескерту: мәліметтер көздері www.pension.almaty.kz
 

    Көрсетілген кестеден зейнетақы жинақтарының абсолютті  өсіміне қарамастан, олардың өсу  темпінің төмендегені байқалады. Негізіне ол зейнетақы активтерін инвестициялаудан инвестициялық табыстың таза өсу темпінің азаюына байланысты.

    2009 жылдың 1-ші сәуіріндегі жағдайына байланысты салымшылардың (алушылар) ЖІӨ-нің 8,1% құрады, ал 2009 жылдың 1-ші қаңтарында 8,7% құраған болатын.

    Жинақтау  зейнетақы нарығының  қызметінің даму кезеңінде салымшылардың (алымшылардың), зейнетақы жинақтарының, зейнетақы салымдарының, таза инвестициялық табыстың, зейнетақы жинақтарының төлемдері мен аударымдарының негізгі бөлігі ең ірі үш қорда жинақталған. «Қазақстан Халақ Банкі», «МЖЗҚ» ЖЗҚ және «ҰларҮміт».

       Көрсетілген кестеден жинақтау зейнетақы нарығының барлық көрсеткіштері бойынша барлық қорлардың жалпы көлемінде ірі үш қор үлесінің азаю тенденциясын байқауға болады. Мысалға, 2009 жылдың 1-ші сәуірін мен 2009 жылдың 1-ші қаңтарындағы салыстыру бойынша салымшылар шотының үлесі - 0,60 пайыздық пунктке түскен, зейнетақы жинақтары – 0,19 пайыздық пунктке азайған, ал таза инвестициялық табыс – 0,64 пайыздық пунктке және төлемдер – 0,07 пайыздық пунктке түскен./15/ 

3-кесте - Ірі үш қордың концентрациясы

                                                                                                              мың.теңге

Жалпы зейнетақы секторынан үш ірі қордың үлесі.                                   

             

2004 ж. 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж.
1. Салымшылар шотының саны. (Алымшылар)                                          84,51 80,53 78,50 74,49 69,98 66,71
2. Зейнетақы жинақтары  80,76 74,32 70,86 67,70 65,78 64,39
3.Зейнетақы салымдары 87,87 80,72 75,86 72,45 69,54 67,47
4.Басқа қорлардан алынған зейнетақы жинақтарының аударылымдары 49,27 52,54 61,40 56,05 54,25 53,84
5. Таза инвестициялық табыс   87,78 82,96 78,07 75,46 74,13 70,61
6. Зейнетақылық төлемдер 97,06 94,06 73,47 68,93 67,07 66,62
Ескерту: Мәліметтер көздері веб-сайд www.gnpf.kz
 

    2008 жылы 1-ші наурызда «Қазақстан Халық Банкі» қоры жинақтау зейнетақы қорларының арасында зейнетақы жинақтарының көлемі бойынша алдыңғы орында болғанын атап кету уқажет.

    Жианқтаушы  зейнетақы қорларына зейнетақы салымдарының жалпы түсімдері ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 26 112 млн. тенгеге өсті, 2009 жылдың 1-ші сәуірінде 406 186 млн. тенгені құрады немесе 6,9%-ға өсті. Зейнетақы салымдарының орта айлық түсімдер суммасы 2007 жылы 6,9 млрд.тенгені, ал 2008 жылы – 8,7 млрд.тенгені құрады.

    Салымшылар  саны мен номиналды жалақы көлемінің  өсу есебінен міндетті зейнетақы  салымдарының өсу перспективасы  бар. Статистика жөніндегі Қазахстан  Республикасы Агенттігінің мәліметтері  бойынша орта айлық номиалды жалақы көлемі 2008 жылдың желтоқсанында 28 270 тенге немесе былтырғы жылдың қатысты уақытындағы жалақымен салыстырғанда 21,7%-ға өскен.

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен  қамтамасыз ету туралы» Қазақстан  Республикасының 22 және 22-4-ші баптарына  сәйкес міндетті зейнетақы төлемдерінің толық және өз уақытында төленуін бақылау салық органдары жүзеге асырады.

    2009 жылдың 1-ші сәуірінде міндетті зейнетақы төлемдерін кешіктіріп және өз уақытында аударылмауы бойныша айыппұл суммасы 2 831 млн.тенгені құрады. 2009 жылдың қаңтар – наурыз айларында айыппұл суммасы 241,2 млн. тенге болды.

    2009 жылғы 1-ші сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтерін инвестициялаудан таза инвестициялық табыс суммасы 125 385,8 млн тенге немесе 2009 жылдың  қаңтар-наурыз аралығында таза инвестициялық табыс суммасы 10 691,7 млн. тенгеге немесе 9,3%-ға өсті. Зейнетақы жинақтарының жалпы суммасында таза инвестициялық табыс үлесі 24,18% немесе 2009 жылдың 1-ші қаңтарымен салыстырғанда 0,49 пайыздық пунктке өскен.

    2009 жылдың 1-ші сәуіріндегі жағдай бойынша қорлармен міндетті және ерікті зейнетақы салымдарының есебінен 28 848,3 млн.тенгеге зейнетақы төлемдері төленген. Оның ішінде ағыымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларына зейнетақы төлемдері 1 694,0 млн.тенгені құрады. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 694,0 млн.тенгені құрады.

    Зейнетақы төлемдерінің ең үлкен суммасы келесідей  қорлармен төленді: «МЖЗҚ» ЖЗҚ – 29,7%, «Қазақстан Халақ Банкі» - 23,1%, «ҰларҮміт» - 13,8% және «БТА Құрмет-Қазақстан» - 7,2% немесе осы  4 қорға барлық зейнетақы төлем сомасының 73,8% келеді.

    Жинақтау  зейнетақы нарығының  ашықтылығы (ЖАҚ шығатын зейнетақы жинақтарының көлемі, инвестициялық табысы, номиналды  және нақты табыс коэфициентін белгілеу туралы ақпараттар, жеке және резервтік  капиталдары, сонымен қатар жинақтау зейнетақы қорлары бойынша басқа ақпараттар), салымшыларға зейнетақы заңымен белгіленген, өз еркімен қор таңдауға және зейнетақы жинақтарын бір қордан екінші қорға аударуға құқығын пайдалануға құқылы.

    Сонының нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары арасындағы зейнетақы жинақтарын бір қордан екінші қорға ауыстыру  2 730,8 млн.тенгеге өсті, 2009 жылдың 1-ші сәуіріндегі жағдай бойынша 81 866,6 млн.тенге болды. Ең үлкен зейнетақы жинақтарының аударымдар сомасы басқа қорларға келесідей қорлар тарапына жүргізілді: «МЖЗҚ» - 55,0%, «ҰларҮміт» - 12,0%, «Қазақстан Халық Банкі» - 9,4% немесе осы үш қорға барлық аударымдар сомасының 76,4%-ы келеді.

    Жинақтау  зейнетақы қорларының зейнетақы  активтерінің құрылымы.  

         2009 жылдың 1-ші сәуіріндегі жағдай бойынша ЗАИББҰ-ның (ООИУПА) инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 519 525 млн.тенгені құрады, алдыңғы кварталдағы есеп бойынша 35 110 млн.тенгеге немесе 7,25%-ке өсті./14/ 

      

    Сурет 1- Инвестициялық басқарудағы жалпы  зейнетақы активтерінің өзгеруі.

Жүргізілген көрсетілген жинақтау зейнетақы  нарығының  анализ негізінде зейнетақы  активтерінің әрі қарай өсуін  күтуге болады.

    2009 жылдың 1-ші кварталында ЖЗҚ-ң жиынтық инвестициялық портфелінің көлемі 35 572 млн.тенгеге немесе 7,4%-ға өсті.

    Кестеде көрсетілгендей есеп беру периодында ҚР-ң мемлекеттік бағалы қағаздарының жалпы көлемінде келесідей өзгерістер байқалады: абсолютті көрсеткіште 6 906 млн.тенгфге немесе 2,66%-ға кеміген. Екінші деңгейлі банктердегі көрсетілген жылға салымдардың өсуі 18,75% құрады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк ноталары (25,63%-ке),  Халықаралық қаржы ұйымдарының  бағалы қағаздарының  (43,9%-ға), АҚШ  долларында деноминалданған, ҚР эмитенттердің  мемлекетік емес бағалы қағаздарының (7,30%-ға) азаюы байқалады, керісінше тенгеде номиналданған, ҚР эмитенттерінің бағалы қағаздар көлемі өсуде (25,02%). Бұл өзгерістер қазақстан тенгесінің күшеюіне байланысты./15/ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

4-кесте - ЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелі. 

Қаржылық  құралдар 01.01.2009 млн. тенге Барлығына %-да 01.04.2009 млн.тенге Барлығына %-да
ҚР-ның  мемлекеттік бағалы уқағаздары,оның ішінде 259 425 53,94 252 519 48,88
ҚР-ныцң еврооблигациялары 2 524 0,53 2 549 0,49
Қаржы Министрлігінің бағалы қағаздары 79 428 16,52 117 948 22,83
Ұлттық  Банк ноталары 177 310 36,86 131 859 25,53
Жергілікті  атқарушы органдардың бағалы қағаздары 163 0,03 163 0,03
Екінші  деңгейлі банктердегі салымдар 52 795 10,98 62 692 12,14
Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары    6 064 1,26 3 402 0,66
Шетелдік  эмитенттердің мемлекеттік бағалы қағаздары 697 0,14 9 503 1,84
Шетелдік  инвестициялық қорлардың пайлары 121 0,03 126 0,02
ҚР  эмитенттердің мемлекетік емес бағалы қағаздары, соның ішінде           153 254 31,86 178 839 34,62
Акциялар 33 042 6,87 31 429 6,08
Облигациялар, оның ішінде 120 212 24,99 147 410 28,54
АҚШ долларында номиналданған 8 901 23,14 8 251 1,60
Тенгеде номиналданған  111 311 1,85 139 159 26,94
Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары 8 634 1,79 9 481 1,84
акциялар 7 317 1,52 7 211 1,40
облигациялар 1 317 0,27 2 270 0,44
барлығы 259 425 53,94 516 562 100,00
Ескерту:  www.afn.kz  мәліметтер көздері
 
 

    Сонымен, ЗАИБЖҰ (ООИУПА) АҚШ долларында деноминалданған, қаржы құралдарын сатуға қатынасты инвестициялық саясатын қайта қарады деп қорытындылауға болады. 

 

    Сурет 2 - ЖЗҚ-ның құралдары бойынша инвестициялық  портфелінің өзгеруі /14/ 

    2008 жылғы ақпандағы – 2009 жылғы ақпандағы кезеңде қорлардың зейнетақы активтері бойынша номиналды кірістің орташа алынған коэффициенті есепті айда 0,52 процентті тармаққа көбейіп 5,52% болды, сонымен бірге нақты кірістің орташа алынған коэффициенті (-1,29%) болды.

    Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылғы ақпан – 2009 жылғы ақпан аралығындағы кезеңдегі құнсыздану деңгейі 106,9% болды.

    ЖЗҚ бөлігінде номиналды және нақты  кіріс коэффициенттерінің мағыналары туралы ақпарат www.nationalbank.kz. Web-сайтында орналастырылған. 

     Қорлардың жиынтық меншік капиталы 2009 жылы 1 наурыздағы жағдай бойынша 8 967,0 млн. теңгеге болып, соның ішінде жиынтықты төленген жарғылық капитал 6115,5 млн. теңге немесе меншікті капиталы көлемінің 68,2% болды.

     2009 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қорлар резервтік капиталды жалпы сомада 1 424,0 млн. теңге немесе қорлардың меншікті капиталы көлемінің 15,9% болды.

     Ағымдағы  жылдың қаңтар-ақпан айларында барлық қорлар, “Капитал” қорын қоспағанда, жалпы сомасы 845,4 млн. теңге болатын  кіріс алды. Кірістің ең көп сомасын “Қазақстан Халық Банкі”-39,4% және “МЗЖҚ” –20,2% және “Құрмет-Қазақстан БТА” – 9,5% қорлары алды немесе осы үш қор барлық қорлардың жалпы кірісінің 69,1% болды.

     2009 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелер сомасы 282,6 млн. теңге немесе қорлардың меншікті активтері көлемінің 3,2% болды. 

     2009 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша меншікті активтері есебінен қорлардың қаржы инвестициялары 6 804,3 млн. теңгені немесе меншікті капиталы көлемінің 75,9% болды. Ағымдағы жылдың ақпан айында қаржы инвестицияларының көлемі 641,3 млн.теңгеге немесе 10,4% ұлғайды.

     Қорлар  меншік активтерін Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бағалы қағаздарына (ҚРҰБ ноттары, Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары) - 3 373,5 млн. теңгеге (өткен есепті күнімен салыстырғанда 381,8 млн.теңгеге немесе 12,8% өсуі), мемлекеттік емес бағалы қағаздарына (акциялар және облигациялар) - 1 956,0 млн. теңгеге (119,5 млн.теңгеге немесе 6,5% өсуі), “Кері РЕПО” операциясына – 149,9 млн. теңгеге (33,1 млн.теңгеге немесе 18,1%-ке) екінші деңгейдегі банктердің салымдарына 1 324,9 млн. теңге орналастырды (173,1 млн.теңгеге немесе 15,0% өсуі).

Информация о работе Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы реформаларының проблемалары мен перспективасы