Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 10:54, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
Кіріспе
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржы көздердің ең негізгілерінің бірі – несие болып саналады. Несие дегеніміз – бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай формамен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі.
Шаруашылық субъектісі банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие алудың қажеттілігін, оны уақытында қайтару мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, несие проценті ставкаларымен және басқадай талаптарымен танысып алдын ала танысу қажет. Банк мекемелері әдетте несие сұраушы субъектінің өтем қабілеттілігімен өтемпаздығын мұқият тексереді.
Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты банктік несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету, яғни қарызға берілген банктік несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету формаларын және несие беруші мен қарыз алушының арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – банктік несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің негізгі формаларын ашып көрсету және несиелік тәуеклдерді азайтудағы маңызы.
Дипломдық жұмыстың алға қойылған мақсатына жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз кту формаларын қарастыру;
- несиелеу принципін теориялық жағынан зерттеу;
- несиелік тәуекелді азайту туралы мәселелерді қарастыру;
- несиелеу кезінде туындайтын несиелік тәуекелдерді басқарудың ерекшеліктерін қарастыра отырып, алдын ала жолдарын табу;
- қазақстандағы банктің неселік портфелінің сапасын жақсартудың жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы институттарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің нормативтік құжаттары. Сейітқасымов Ғ.С, Мақыш С.Б, Н.Н. Хамитовтің . Шетелдік экономист-ғалымдардың профессор А.А. Хандруев, О.И. Лаврушинның, Г.Н Белоглазованың және т.б. еңбектерін жатқызуға болады. .Отандық әдебиеттердің қатарында ең елеулілері Ұ.М. Искаковтың, А.А. Абишевтің, Ғ.С. Сейітқасымовтің, Н.Н. Хамитовтің, Л.Н. Корнилованың, Құдайбергенова Лейла Жүзжасаровнаның және т.б. еңбектерін жатқызуға болады. Шетелдік экономист-ғалымдардың және практик-мамандардың да көптеген еңбектері арналды. Олардың қатарында ең елеулілері профессор А.А. Хандруев, П.С. Роуздың, О.И. Лаврушинның, В.Кузнецовтің, А.Г. Ивассенконың, Г.Н Белоглазованың, В.В. Киселевтің, М.Е. Озиустің, Б.Х. Путнамның, Д.Ф. Синкидің, Е.П. Жаровскийдің, И.М. Балабановтың, В.В. Ковалевтің, Б.И. Лисактың, А.Д. Шелекбайдың, Р.Г. Ольховойдың, В.С. Пашковскийдің және т.б. еңбектерін жатқызуға болады.
Зерттеу пәні Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің формалары және оның маңызы мен басқару әдістері және оларды жүзеге асыру формалары.
Зерттеу объектісі банктік ссудалардың қайтарымдылығын қамтамасыз ету формалары.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Банктік ссудалардың қатарылуын қамтамасыз ету формаларына және несиелік тәуекелді төмендету әдістеріне, ұарыз алушы кәсіпорынның бірінші реттегі көздеріне талдауды тереңнен, ғылыми тұрғыдан анықталып бактік несиелерді қайтарудың тиімді жолдары ұсынылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс 3 негізгі бөлімнен, кіріспе, қорытынды, қолданған әдебиеттер тізімінен,20 кестеден, 2 суреттен құралған, жалпы беттер саны-69.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.
Осы жұмысымда несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамын. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына берілетін несиенің мемлекет үшін қажеттілігі, мәні мен маңызы және шет ел тәжірибелері салыстырылып ұсынылып қарастырылған.
1 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің формалары және оның маңызы
1.1 Несиелеу принциптері және олардың орындалуының негіздері
Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Құнның қозғалысы — бұл несиенiң қозғалысының жүзін сипапайды. Несиелiк қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қарағанда бұган негiз де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi — қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы. Қарыз берушi — бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиенi алушы және оны қайтаруга міндеттi, несиелiк қатынастың екiнші жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономи калық қатынасты емес, сондай-ақ ада адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұгым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлга.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi — бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді.
Несие — ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып абылады. «Кредит» деген сөз, «қарызға», «несие» деген «kredo»- сенемiн деген магына беретiн латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық категория ретiнде әр турлi экономикалық қоғамдарда қызмет етедi. Ол тауар өндiрiсiнiң пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрiнедi. Несие қатынастарын ақша қатынастары сияқты үнемi даму үстiнде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулеттi топтарынан мүлiксiз шаруалар мен кәсiпкерлерге тұтыну муктаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамымен несие ақша түрiнде беріле бастады.
Құндық қатынасты ерекше формасы сияқты несиенiң пайда болуы шаруашылық жүргiзуi бiр субъектiден босаған құн шаруашытлық мәмiледе қолданысқа түсетiн, бiрақ бiр уақыттарда жаңа қайта өндiру цикiліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттiлiгi туып отырган басқа субъектiге өтедi және қайта өндiру процесiніц шеңберiнде қызметiн жалгастыра береді. Бiрақ, несиелiк қатынастардың пайда болуың экономикалық байланысқа түсуге дайын меншiк иелерi сияқты бiр-бiрiне қарсы тұралатын тауар иеленушiлер арасындагы айырбас ауқымынан iздеген жөн. Тауарларды Қолдан-қолға өткiзу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелiк қатынастардан туындаған экономикалық жемiс.
Несиелiк қатынастар пайда болатын және дамығын нақты экономикалық негiзде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелiк қатынастың материалдық негiзi боп құн козғалысы саналатын болады.
Қарызға алуына несиенi кедей болғаны үшiн алмайды, ол өзнiң меншiктi қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективтi күшне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз iсiн алға бастыру үшiн алады.
Несие объективтi қажеттiлiктен туындаған және ол когамдық өндіріс процесiнде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызга трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызга алушылардың арасындагы қарым-қатынасты бiлдіредi.
Оның көмегімен мемлекеттiң, халыктың, ұйымдардың және кәсiпорындардың табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады.
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo» - сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т.б) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған.
Несие – нарықтық экономика жағдайында қарыз капиталының қозғалысының теориясы, яғни қарызға берілетін ақша капиталы болып табылады. Несие ақша капиталын қарыз капиталына айналдыруды қамтамасыз етеді де, қарыз беруші мен қарыз алушының арасында қатынастарды көрсетеді. Несие құндық экономикалық категория, тауар-ақша қатынастарының элементі. Іс жүзінде несие ақшаны немесе тауарларды пайызбен қарызға беру. Ал ссуда – тек қана ақшалай күйде қарызға беріледі. Несиелік қарым-қатынастар экономикадан белгілі бір әдістемелік негізге сүйенеді. Солардың бірі ссудалық капитал нарығындағы кез келген операцияны практикалық ұйымдастыруда қатаң сақталады.
Информация о работе Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету