Казынашылык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Июня 2011 в 20:11, реферат

Описание

Біздің мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарға жетуі үшін, алуан қаржы ресурстарын жұмылдыру және тиімді пайдалануды қажет ететін, ол өз ретінде әрі қарай барлық қаржы жүйесін реформалауды ұсынатын, жеті ұзақ мерзімді приоритеттерді іске асыруы қажет. Осы тұрғыда Қазынашалықтың алдында үлкен мақсаттар тұр, ең негізгісі -бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану.

Работа состоит из  1 файл

Каз-во каз .doc

— 466.00 Кб (Скачать документ)
 

      Экономикалық  потенциалдарымен экономикалық құрылымдарына  байланысты, ұқсас проблемалары мен  экономикалық көрсеткіштеріне сәйкестендіріліп аймақтық топтарға көрсетілген. Кестені талдау кезінде, барлық облыстар 6 топқа топтастырылған.

      Орта  республикалық деңгейге неғұрлым орта жанға шаққанда халық табысы жоғары келетін- 163,1 және 187,9 % Алматы, Астана қалалары жатады.  Диференциялық өнеркәсіп (негізіне машина жасау), дамыған қаржы секторлары және жоғары ғылыми-техникалық потенциал басым.

      2003 жылдың 1 қарашасында бұл қалалардың  үлесі:  республикалық халық санының  10,9% жалпы аймақтық өнім  19,7% , өнеркәсіп өндірісінің 5 % құрады. Осылай бола тұрса да, бұл аймақтардың өзіндік проблемалары жеткілікті , инфроқұрылымдық жарақтау төмен, Астана қаласының өндірістерінде  технология және техника құралдары ескірген; Алматы қаласында газбен қамтамасыздандыру проблемалары бар, сондай-ақ ауа атмосферасы былғану деңгейі жоғары.

      Екінші  топтағы: Атырау, Маңғыстау облыстарында халық сан үлесі 5,2 %, жалпы аймақтық өнім үлесі 17,4 %, өндіріс көлемі 33,4% құрайды. Жан басына шаққандағы басқа облыстармен салыстырғанда жоғары.

      Негізгі кедергілер: өндіріс өнеркәсібі негізінен мұнай  өндіруге бағытталған және шикізат өндірісіне бағытталған, өндіріс әртараптандырылмаған, ауыл шаруашылығы нашар дамыған, ауыл аймақтарында – табыс төмен, жұмыссыздық орын алған, инфроқұрылым дамымаған, аудан орталықтары алшақ орналасқан, қоршаған ортаға көп салмақ түсуде және және т.б.

      Үшінші  топ – табиғи минералды – шикізат  ресурстарына бай өндіріс облыстары. Жергілікті шикізатты өндіретін, өңдейтін, ірі өндірістер орнатылған. Бұл облыстарда кейбір өңдеу өнеркәсіптері дамыған (машина жасау, жеңіл тамақ өнеркәсібі). Бұл- Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары, Бұл топтағы облыста орта жанға табыстар жоғары, орта республикалық деңгейіне салыстырғанда 117,4 133,5 құрайды. Халық саны 24,2%,ЖАО 26,6%, өнеркәсіп өндірісі 31,2 %, ауылшаруашылық  18,5% құрады.

      Негізгі проблемалар: шикізатты бағыт, шикізат  қорының өңдеу деңгейінің жоғарылығы, өнеркәсіп әр тараптандырылмаған.

      Төртінші  топ табиғи ресурстарға бай, сондай-ақ ауылшаруашылыққа қолайлы. Бұл –  Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік-Қазақстан обылыстары. Солай бола  Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы орта жанға шаққандағы халық табысы орта республиканың деңгейден сәл жоғары, ал Жамбыл және Солтүстік –Қазақстан облыстары ортареспубликалық деңгейден төмен. Сонымен қоса олардың барлығының шамамен бірдей экономикалық базасы, тең бағытталған құрылымы бар. Сондай-ақ  Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары өнеркәсіпті, ауыл шарушылықты дамыта отырып, орта жанға шаққандағы табысты ұлғайтуға жетерліктей қоры бар. Төртінші топтың үлесі республика халыққа шаққан саны 31,2%, ЖАӨ 17,2%, өнеркәсіп өндіріс көлемі 15,5%, ауыл шарушылығының жалпы өнімі 35,2%.

      Негізгі проблемалар: кейбір өндіріс өнеркәсіптеріндегі уақытша дағдырыс  жағдайындағы қиындықтар, ауыл шаруашылық өндірісінің  даму қиындығы. Бұдан басқа Жамбыл және Солтүстік-Қазақстан облыстарында  газбен, эектр желісімен, ауыз сумен қамтамасыз ету қиындықтары кездеседі.

      Бесінші топқа Батыс-Қазақстан және Солтүстік  Қазақстан облыстары жатады. Машина жасау саласында даму артықшылығы  бар, оның ішінде қорғаныс бағытында  және ауылшаруашылық айтарлық көлемі, аграрлық бағытта дамуға әсер етуде. Бұдан басқа Батыс  Қазақстан облысында мұнай газ өндіру өндірісі даму белеңіне ие болды, ол өндіріс өндіру құрылымының 80%-тен астамын құрайды.

      Бесінші топ үлесі  республикалық халық санын 01.10.2005 ж. 8,7%, ЖАӨ 8,3%, ауыл шаруашылық жалпы өнімнің 16,6% құрады.

      Негізгі проблемалар: машина жасау өндірістеріндегі қиын жағдай, біріншіден, қорғаныс ауыз суының тапшылығы, мұнай газ саласынынң және әскери полигондар дамуындағы экологиялық салдары.

      Алтыншы топ – аграрлық облыстар, Ақмола, Алматы және Қызылорда облыстарын қамтиды, экономикалық жағдайы ауыл шаруашылық өндірісімен байланысты.

Информация о работе Казынашылык