Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 12:15, дипломная работа

Описание

Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………….5
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі ретінде…………………………………………………………………………….….5
1.2 Банктік депозиттердің классификациясы……………………………………...8
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының
негіздері…………………………………………………………………………….14
2 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» АҚ ЕБ -НЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ……......37
2.1 Қазақстанның депозиттік нарығындағы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ рөлі………………………………………………………………………………….37
2.2 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы………………39
2.3 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік саясатының негізгі қаржылық көрсеткіштері мен қызметін талдау………………………………………………41
3 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» ЕБ АҚ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………………………………......……….……………..47
3.1 «Ресей Жинақ банк» АҚ ЕБ-ның депозиттік саясатын жетілдіру
құралдары…………………………………………………………………………..47
3.2 Банктік секторға депозиттерді тарту…………………………………………59
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ………………………………………...68

Работа состоит из  1 файл

Жайыкова К 221Депозит.doc

— 662.00 Кб (Скачать документ)

Депозит тарту тек экономикалық емес сонымен қатар әлеуметтік проблема екенін айта кету керек. Егер дәрігер орташа еңбек  ақы – 17550 теңге, оның жұмыс істегеніне  30 жыл болса, бірақ ол  тек 14000 теңге  алса, онда ол депозитке салу  туралы сөз қозғамайды.

Ұлттық Банк басқа  банктермен бірге салымшылар ақшасының сақтығын жетілдіру (күшейту) үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті коллективті кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін құрды.

Бұл жүйе 1999 жылы 25 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басқармасының №399 қаулысына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттерін (салымдарын) төлеуді қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Осы қаулы 2005 жылдың 16 ақпанынан күшіне еніп өз қызметін атқара бастады. Мұнда ең алдымен теңгелік және долларлық мерзімдік салымдарға сақтандыру жасалса, 2007 жылдың 13 сәуірінен бастап халық пен кәсіпорындардың теңгедегі ағымдық салымдарын сақтандыруды бастады.

Қордың негізігі мақсаты  банктің клиенттерінің мүддесін қорғау, банк-қатысушының қызметін тоқтату кезінде салымшылардың салымын қайтаруын кепілдейді.

Салымдарды кепілдіру  жүйесі келесі негізде қызмет атқарады:

Ұлттық Банкпен  жарғылық капиталы 1 млрд. тенге құрайтын "Қазақстанның Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдіру (сақтандыру) қоры" жабық акционерлік  қоғамын құрады. Бұл қор банктерден жарна алып (тартылған салымдардан төлем аудару), сол арқылы жүйеге қатысушы - банктер мәжбүрсіз таратылған жағдайда халықтың салымдарының бөлігін қайтарып беру.

Қор өз ақшаларын  халықтың салымдары бойынша қайтару үшін қорларының сақтығын қамтамасыз ету мақсатында өз ақшаларын тек қана мемлекеттік бағалы қағаздар мен Ұлттық Банктің  депозитіне салады.

Қордың активі 2008 жылы 1 мамырда 3050,8 млн. тенге. Мемлекеттің банк қоры портфелі 2872,3 млн. тенге құрап, оның ішінде қысқа мерзімді мемлекеттік банк қоры (1 жылға дейін) - 457,7 млн. тенге.

Ұзақ мерзімді мемлекеттік банк қоры (1 жылдан жоғары) - 2420,6 млн. тенге.

Банк қатысушыларының  қосқан жалпы жарнасы 1.05.02 жыл 10554,1 млн. тенге құрайды және әр тоқсан сайын  жеке тұлғалар салымдарының депозиттер жалпы сомасынан 0,25% жарна мөлшерінде енгізіп отырады.

Қордың нормативті және құқықтық құжаттары үнемі жетілдіріліп отырады. Теңгедегі, АҚШ долларындағы және евродағы мерзімді салым кепілдірілу үшін, ең алдымен салымшы сол салымның кепілденгенін қарастыратын ерекше банк салымдарының келісім шартын салымдарды кепілдендендіру жүйесіне қатысушы банкпен жасау керек.

Мұнда кепілдендірілмейтіндер:

- ұсынушыға арналған мерзімдік салым;

- жеке тұлғалардың банкке сенімгерлік басқаруға берген ақшалары;

- заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке

тұлғаның салымдары (егер осы салым сол қызметіне байланысты ашылса);

- үшінші бір тұлғаның немесе сол банктің алдында міндеттемесі бойынша жеке тұлғалардың  кепіл -салымы;

- сол банкктің акционерлері (дауыс беруге құқылы 5 % астам акцияға ие болса) мен жұмыстарды басқарушылардың салымдары.

Ең алдымен халықтың мерзімді салымдары кепілдендіріледі. Қордың басқармасының шешімімен  салымдарды кепілдендіру жүйесіне басқа  да, қалған банктер қосылуы мүмкін.

Халықтың салымдарын кепілдендіру жүйесіне қосылмаған банктер  меншікті капиталдарының көлеміндей ғана халықтың депозиттерін өздерінің тарта  алады. Бұл депозиттер, Ұлттық Банк мұндай банктерден халықтың алдындағы  өз міндеттерін орындау үшін, олардың қызметін атқаруы кезінде және олардың жұмыстарын тоқтатқан жағдайда олардың мүліктерін жеткілікті болуын талап етеді. Салымдарды кепілдендіру жүйесіне қатысушы банктердің қызметін еріксіз тоқтатуы туралы сот шешімі қабылданғанда, Қор сол соттың шешімін қабылданғаннан бастап, жеті жұмыс күні ішінде екі республикалық газетте қордың агентті-банкі туралы мақала жариялауы керек. Сол жарияланған мақалада салымдары төленетіні туралы, салымшылардың салымдары бойынша қайтарым талап берілетін жері мен кезеңдері (уақыты) көрсетіледі.

Банктің салымшысы, яғни салымы кепілдендірілген банктің салымшысы  банкті жабу туралы сот шешемі қабылданғаннан кейін 3-ай мерзім ішінде (Қор белгілі  себептерге байланысты сол уақытты  өзгерте алады) Қордың агенті-банкіге  салымы бойынша төлем төлеуі туралы жазбаша өтініші болуы керек.

Сол өтінішке банк салымдарының келісім-шартын жеке немесе салым құжаттары  мен  олардың лотариалды құжаттандырылған көшірмесі қоса берілуі керек. Егер салымшының депозитке деген құқығы расталса, онда  Қор бойынша агент-банк арқылы сол бойынша 15 жұмыс күні ішінде оған төлемін төлеп береді. Сонымен, төлем келесі түрде төленіп беріледі. Егер жеке тұлғаларнының салым сомасы:

-  200 мың теңгеден аз болса-салым сомасы толықтай қайтарылады (төленіп беріледі);

-  200 мың теңгеден -400 мың тенгеге дейін болса-қор 200 мың тенге төлейді және 200 мың тенге-ден асатын сомадан 80 %;

-  400 мың теңгеден -600 болса-360 мың теңге және 400 мың теігеден асатын сомадан 60 % қайтарылады;

-  600 мың тенгеден 800 мың тенге дейін болса, онда Қор 480 мың тенге және 800 мың теңгеден асатын сомадан  40 %-ін төлейді;

-  800  мың теңге 1 млн теңгеге дейінс-560 мың теңге және 800 мың теңгедеп асатын сомасының 20%-ін қайтарады;

-  1млн теңгеден көп болса , онда қор 600 мың теңге және млн теңгеден асатын соманың 10 %-ін , бірақ толықтай 2 млн теңгеден көп емес төлейді.

Салымның қалған сомасы мен соған сыйақысы (пайызы) банктің  тоқтату комиммиссымен төленеді, яғни сол салымдардың салған ретіне сәйкес, белгіленген заңдарымен төленеді. Үшіншіден халықтың талаптарын қанағттандырғаннан кейін тоқтатылған банк еңбеккелісіміне сәйкес қызмет атқарушы тұлғалардың еңбек келісіміне сәйкес қызмет атқарушы тұлғалардың еңбек ақысы бойынша айырысу мен өмірі мен денсаулығына залал келтіргені үшін және авторлық келісімі бойынша сыйақы төлеу үшін  жауапкершілікке тартады.

Қор салмышыға салымның қандай валютада болсын қайтарымды теңге  түрінде төлейді. Шетел валютасындағы  салым көлемі банк-қатысушылардың жабылуы  туралы сот шешімі қабылданған күнгі  ресми бағам бойынша анықталады.

Жалпы нарықтың өзгермелілігіне  және экономиканың өміршеңдігіне байланысты заңдық құжаттарға өмір талабына сай  өзгертулер мен толықтырулыр енгізіліп  отырады. Басында айтқаны қордың нормативті және құқықтық құжаттары  үнемі жетілдірілуде.

2007 жылы сақтандыру обьектілерін кеңейту қарастырылды, яғни талап етуге дейінгі салымдар(депозиттер) сақтандыру обьектісі болды.

Банк-қатысушылардың міндеттері мен талаптары кеңейтілген.

Жеке тұлғалардың мерзімді салымдары бойынша төлеу сеткасы қарастырылған. Мұнда 400 мың теңгеде дейін мерізімді салымдар толығымен және сыйақымен қор арқылы қайтарылды. 360 мың тенге болмасындағы доллар мен евродағы салымның 90 пайыз бірақ сыйақысы қайтарылады.

Кемшілігі: банктер жүргізетін активті операциялар көлемінің өсуі, бәсекелес тікке қарсы тұра білуінің ұлғасы банк қызметтеріне өзіндік құнның азаюы, яғни бұлар банктің клиенттеріне тиімді.

Қазақстанда кепілдендіру жүйесі орнығу кезеңінде өтуде, осыған байланысты бұл кезеңде сақтандыру объектісі болып тек қана жеке тұлғалардың теңге, АҚШ доллары және евродағы мерзімдік салымдары табылады. Осылайша бірінші кезекте ұсақ салымшылардың мүдделері ескерілген, өйткені халықтың басым бөлігі банктік қызмет туралы аз хабарды иеленетін салымшылар категориясына жатады. Кепілдендіру қорының салымды өтеудің ең жоғары сомасы 1млн. теңгені құрайды, өтеу сомасы ережелерге сәйкес есептелінеді. Салымдарды кепілдендіру бойынша  барлық шығындарды банктер дербес түрде сыйақы мөлшерлемесін азайту арқылы емес, оларды банктің жалпы шығындарына жатқызу арқылы қорға календарлық және басқа да жарналарды аудару жолымен жүзеге асырады. Сонымен қатар календарлық жарналар мөлшерлемесі банктердің депозиттер бойынша орнататын мөлшерлемелерге емес, қатысушы-банктің қаржылық жағдайына тәуелді. Өз кезегінде депозиттер бойынша сыйақыны төлеу қорға салынған жарна көлеміне тәуелді емес және банктің депозиттік саясатына сәйкес реттеледі. Егер сақтандырылған салым бойынша сыйақы негізгі салымның өсуіне ағытталған болса, онда осы сыйақыны қор өтейді.

Осылайша Қазақстанның банк жүйесінде жаңа құрылым ретінде кепілдендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты қатысушы-банктерде халық салымдардың сақтығын нақты кепілдендіру құқығын алды. Осымен Қазақстанның қаржылық жүйесінің банктік қызметтің халықаралық стандарттарына қол жеткізудің жаңа қадамы байланысты.

2005 жылдың 9 ай ішінде жүйеге қатысушы-банктерде жеке тұлғалардың мерзімдік салымдары 62,5%-ға өсті. Бұл Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі қызметінің тиімділігін растайтын, халықтың отандық банк жүйесіне сенімді қайтаорнату бойынша жұмыстардың бірінші нәтижелері болды. Дағдарыс шарттарында банктік жүйенің тұрақтылығы банктердің депозиттік базасын сақтауға мүмкіндік берді. Сыртқы займдардың қымбаттауы және жеке тұлғалар салымдарын сақтандыру жүйесін құруға байланысты Ұлттық Банктің жұмыстары шарттарында банктердің халықтан, кәсіпорындардан ақша қаражаттарын тарту бойынша белсеңді жұмыстары нәтижесінде халықтың банктік жүйеге деген сенімі артты.

2005 жылдың наурыз айында банктік құпия туралы заңның қабылдануы жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша ақпараттарды алу процедурасын қатайтуға мүмкіндік берді.

2005 жылдың ақпан айында жұмысын бастаған депозиттерді коллективті кепілдендіру жүйесі 2006 жылы жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдарын да сақтандыратын болады. Осымен бірге депозиторлар шеңбері кеңейеді.

Салымдарды сақтандыру жүйесі кемеліне жетпеген, бірақ жүйе жұмысын бастады және бұл маңызды, өйткені салымшылар банктерге баруда. Жүйе жұмыс істейді, бірақ моральдік тәүекелдер оны өйткені салымшылар «сенімділік компаниялары», «қаржылық құрылымдар», «пирамидалардан» көрген зардаптары нәтижесінде күйзелгеннен шыға алмай отыр. Банктердің депозиттік базаны кеңейту бойынша  белсеңді жұмысы банктерге сенімділіктің артуын болжауға мүмкіндік береді. Айрықша маңызды болып Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерде жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті коллективті кепілдендіру (сақтандыру) Ережелерінің қабылдану факті табылады.

Осы ережелерге сәйкес қор  жоғарыда көрсетіліп кеткен тәртіпте ақша қаражаттарын өтейді, ал қалған сомасы банктің меншікті капитал сомасынан өтеледі.

Қазақстан  көптеген европалық мемлекеттерге  және  АҚШ  тәжірибесіне сүйене отырып  жеке  тұлғалардың  депозиттерін  кепілдендіру  жүйесін таңдап алды. 1999 жылы банктік  салымдарды  қорғайтын  Қор  құрылды.

Қазақстан депозитін  кепілдендіру жүйесі Қазақстан Республикасы Перзидентінің ықпалымен құрылды. Қордың  негізгі  міндеті болып  қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және салымдарды қайтаруын кепілдендіру табылады. Депозиттерді  кепілдендіру қоры құрылғаннан  бастап  оның  даму жүйесі  халықаралық  стандартқа  сай  болуы керек. Қордың  негізгі  мақсаты – кепілдендірілген  депозиттер  сомасын көбейту.

2004 жылы 1 қаңтарда  жеке  тұлғалардың депозиттері – 341 млрд. теңге, ол 42,2%  құрайды. Сонымен бірге осы жылы депозит сомасы – 254 млн. теңгеге  жетті [17,77].

Кепілдендірілген жүйесі Қазақстан банк жүйесіне халық сенімін арттырды. Оған  дәлел екінші  деңгейлі  коммерциялық  банктердің  жеке тұлға  депозиттерін  өсу  динамикасы. Депозиттің  жалпы  көлемі  осы  жылы  4 есеге көбейді. Ұлттық валютадаға депозиттер көлемі – 37,6%, шетел валютасындағы – 64,2% құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер 2 есеге, ал шетел валютасындағы  1,1 есеге көбейді. Кепілдендіру  жүйесінің  мақсаты Қордың өз міндеттерін  атқакру. 2004 жылдың  1 қаңтарында  Қор  активі  6 млн. теңгені құрады. Қайтару қор резерві – 2,1 есеге және 5010 млн. теңге болды. Инвестициялық тәуекелдерді хеджерлеу мақсаты – 92% қор активінен Қазақстан  Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруға  бөлінген.

Депозиттік саясаттың  теориялық негізін зерттеу және «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ  банкінде қалыптасқан тәжірибені қалыптастыру және жүзеге асыру негізінде бірнеше ұсыныстар жасауға мүмкіндік туды. Депозиттік саясатты қалыптастыру үшін банк оны жақсарту критерийлерін босшылыққа алуы керек, соның ішінде көңіл аударалық критерийлер мыналар:

А)  Банктің қаржы тұрақтылығы, сенімділігі, банк жұмыс тұрақтылығы

жоғарғы дәрежеде болу үшін депозиттік, несиелеу және басқа іс-

қимылдар өзара байланыста болуы керек;

Б)  Қауіп-қатерді азайту үшін банк қорын диверсификациялау;

В)  Депозит қорын сегментке болу (салымшыларға, өнімдерге, рыноктарға);

Г)  Әртүрлі салымшыларға жеке қатынас;

Д)  Банк өнімі мен қызметінің бәсекеге түсе алатыны;

Е)  Қаржыларды тиімді аралас қолдана білу, тұрақты және „тұрақсыз”

қаржыларды үйлестіру, қауіп-қатер үлкен кезде депозиттегі  қаржының тұрақты бөлігін көбейту;

Ж)  Гамма қорын және депозит қорын тұтастай қалыптастыру кезінде өмір сүру ұзақтығын ескеру.

Сонымен мен депозиттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру процессін жақсы басқару керектігін дәлелдедік. Бұл үшін қауіп-қатерді болжау және басқаруда банк жұмысының сапасын көтеруді ұсынамын, себебі ол кез келген несиелеу мекемесінің жұмыс жасау негізінде жатыр.

Депозит қорын басқару жүйесі мынадай аспаптардан тұрады:

-  банктің депозит жұмыстарымен байланысты туындайтын қауіп-

қатерлер түрі;

-  депозит іс-қимылдар богйынша қауіп-қатерді бағалайтын банктің

информациялық базасы;

Информация о работе Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері