Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 12:15, дипломная работа
Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.
КІРІСПЕ ......................................................................................................................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………….5
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі ретінде…………………………………………………………………………….….5
1.2 Банктік депозиттердің классификациясы……………………………………...8
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының
негіздері…………………………………………………………………………….14
2 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» АҚ ЕБ -НЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ……......37
2.1 Қазақстанның депозиттік нарығындағы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ рөлі………………………………………………………………………………….37
2.2 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы………………39
2.3 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік саясатының негізгі қаржылық көрсеткіштері мен қызметін талдау………………………………………………41
3 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» ЕБ АҚ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………………………………......……….……………..47
3.1 «Ресей Жинақ банк» АҚ ЕБ-ның депозиттік саясатын жетілдіру
құралдары…………………………………………………………………………..47
3.2 Банктік секторға депозиттерді тарту…………………………………………59
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ………………………………………...68
2 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» АҚ ЕБ -НЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ
2.1 Қазақстанның депозиттік нарығындағы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ рөлі
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері – жалпы қаржы жүйесіндегі кәсіпорындар ішіндегі бүгінгі таңдағы қарқынды дамып отырған алдыңғы ұйымдардың бірі. Өйткені бұл ұйымдардың қызметі шетелдердегі барлық озық тәжірибелерді енгізе отырып атқарылуда. Қазіргі коммерциялық банктердің қызметі экономиканың барлық салаларын дамытуға және халықтың табыс деңгейін арттыруға бағытталған. Осы банктердің қызметіндегі депозиттік және несиелік операциялардың алатын орны ерекше. Депозиттік пассивтік операциялар ақшалай қаражаттарды тартуға бағытталған болса, несиелік активтік операциялар осы тартылған қаражаттарды орналастыруға бағытталған. Бұл жағдайда салым иелері өздерінің банкке салған ақшалай қаражаттары бойынша белгілі мүддені пайыз және басқа да қызметтер түрінде алу мүмкіндігіне ие. Депозит пен несиелік қатынастардың субъектілері әр түрлі ұйымдар мен жеке тұлғалар. Мұнда айта кететін бір ерекшелік – депозиттік қатынастардың субъектілері де бола алады. Сондықтан банктің бұл екі операциясы да – жалпы экономиканы дамытуға бағытталған негізгі операциялар.
12-сурет. Коммерциялық банктердің несиелері мен депозиттерінің құрылымы [11].
Қазақстан Республикасының депозит нарығы күрделі де қарқынды дамып келе жатқан жүйе бола отырып, ішкі және сыртқы факторлардың әсерін әр уақытта өзіне қабылдап отыр. Экономикадағы әр түрлі экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайлардың әсері депозит нарығының дамуына да әсер етеді. Бұған қарамастан депозит нарығының даму қарқыны өзінің жеке заңдылықтары мен ерекшеліктеріне ие болып отыр. Бұл жағдайларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жариялаған және статистикалық мәліметтер негізінде депозит нарығына мінездеме бере отырып, оны салыстырмалы талдау негізінде көрсетуге болады.
3-кесте. Коммерциялық банктердің депозиттері және оның құрылымы [12].
Кезеңдер |
Кезең соңындағы депозиттер (млн.теңге) | ||||||
Барлығы |
Валюта түрлері бойынша |
Субъектілері бойынша |
Өтімділік дәрежесі бойынша | ||||
Ұлттық валюта |
Шетел валютасы |
Банктік емес заң-ды тұлғалар |
Жеке тұлға-лар |
Талап ет-кенге де-йінгі депозит-тер |
Мерзімді депо-зиттер | ||
Қаңтар 1998 |
73514 |
54226 |
19288 |
45648 |
27866 |
51426 |
22088 |
Тамыз 1998 |
83457 |
55585 |
27872 |
51905 |
31552 |
50510 |
32947 |
Қаңтар1999 |
73464 |
44497 |
28967 |
44511 |
28953 |
42566 |
30898 |
Тамыз 1999 |
120681 |
63424 |
57257 |
80781 |
39900 |
70780 |
49901 |
Қаңтар 2005 |
168156 |
83764 |
84392 |
113301 |
54855 |
91543 |
76613 |
Тамыз 2005 |
284750 |
117947 |
130804 |
175661 |
73090 |
122632 |
126219 |
Қаңтар 2006 |
284533 |
134744 |
149788 |
192826 |
91706 |
119499 |
165034 |
Тамыз 2006 |
391463 |
161581 |
229882 |
226772 |
164691 |
152985 |
238478 |
Қаңтар 2007 |
420725 |
150284 |
270440 |
233255 |
187470 |
126125 |
294599 |
Тамыз 2007 |
497904 |
206371 |
291533 |
275647 |
222257 |
144451 |
353453 |
Қаңтар 2008 |
581933 |
235466 |
346467 |
327809 |
254123 |
175752 |
406180 |
Тамыз 2008 |
703135 |
326834 |
340301 |
403950 |
299184 |
234214 |
468921 |
Депозиттерге әрбір
кезең мәліметтері бойынша
1999 жылдың қаңтарынан, 1999 жылдың тамызына дейін барлық депозиттер сомасы 73464 млн. Теңгеден 120681 млн. Теңгеге дейін өсті. Бұл 47000 млн. теңгені құрады. Міне осы кезден бастап Қазақстан Республикасының Банк жүйесіндегі жеке және заңды тұлғалардан депозиттік салымдары үздіксіз өсу үстінде.
2005 жылдың қаңтарынан бастап 2006 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта депозит сомасы 168 156 млн. Теңгеден 284 533 млн. Теңгеге дейін өсіп, жалпы өсім 116 000 млн. теңгені құрады. Бұл өсімдегі ерекше жағдайды 2005 жылдың тамыз айымен салыстырғанда көруге болады. Онда қаңтардағы 168 156 млн. теңге тамыз айында 248 750 млн. теңгеге жетті.
2.2 «Ресей Жинақ банк»
ЕБ АҚ қызметінің жалпы
Экономиканың кез келген субъектісініңқызметінің нақты бағытын талдаудан бұрын, оған қысқаша сипаттама беру қажет.
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ 1941 жылдың маусым айында құрылды. «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ құрылғанынан бастап-ақ әмбебап банк ретінде дамыды.
Осындай саясат арқасында банк қазіргі уақытта банктік секторда орнықты жайғасымдарды иеленеді. Қазақстандық банктер ішінде «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ қызмет көрсетудің жоғары сапасын иеленетін дегдарлы сақтанымпаз несиегер болып саналады.
Алғашқы уақытта «Ресей Жинақ банк» жабық акционерлік қоғам ретінде Ұлттық Банкте тіркелген. 1995 жылы қараша айында банктік заңнамада ескерілген операцияларды жүзеге асыру үшін №59 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің генералды лицензиясын алды. 2006 жылдың сәуір айында «Ресей Жинақ банк» өзінің ұйымдық-құқықтық нысанын өзгертіп, ашық акционерлік қоғамы ретінде қайта тіркелді.
Ресей Жинақ-банкінің ойдағыФдай қызметін атқаруды мойындайтын нәрсе – оған несиелік рейтингтердің берілуі.
2007 жылдың қыркүйек айында «Moody`s Investors Services» халықаралық рейтингтік агенствосының «Реей Жинақ банкі» алғаш рет «Ba3/NP» және «D-» деңгейінде рейтингтерін иемденді.
Ал 2007 жылдың қазан айында Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенствосы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ рейтингтерін растады. Рейтингтер «В» деңгейінде, жеке рейтинг-«D» және қолдау рейтингі – «5Т» деңгейлерінде расталды [13].
Ресуй Жинақ Банкі заңды және жеке тұлғаларға қызметтердің кең тізбесін ұсынады. Жеке тұлғаларға банк теңге және шетел валютасында салымдар, экспресс-аударымдар, ұлттық және шетел валюталарындағы шоттардан аударымдар, қолма-қол валютамен операциялар, пластикалық карталарды ашу және олар бойынша қызмет көрсету сияқты қызметтерді ұсынады және ұйымдар үшін қызметтердің тізбесі айтарлықтай кең.
Олардың ішінде көбірек сұранысты иеленетін қызмет түрлерін атауға болады: несиелендіру, ұлттық және шетел валюталарда шоттарды ашу және олар бойынша қызмет көрсету, еңбекақы жобасы және лизинг. Сонымен қатар «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозитария қызметін, брокерлік және сенімгерлік операцияларды жүргізеді.
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ қызметінің басым бағыты - салымдарды тарту аясында халықпен жұмыс істеу. Осы аяда банк есеп айырысу қызметтері мен Жинақтарды басқару бойынша мүмкіндіктерінің тиімді үйлесімдігі арқасында орнықты жайғасымдарды иеленеді. «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ салымшылары өз Жинақтарын қорғау мен көбейтудің ең ыңғайлы тәсімін таңдай алады. Банк клиенттерге ұлттық және шетел валютасында 1 айдан 5 жылға дейінгі мерзіммен салынатын депозиттік салымдардың икемді жүйесін және ағымдағы шоттың оралымдылығы мен мерзімдік депозиттің табыстылығын біріктіруге мүмкіндік беретін арнайы депозит түрлерін ұсынады. (Мысалға, банк ең жоғарғы табыстылықты, сонымен қатар салымдағы құралдарды пайдалану мүмкіндіктерін беретін «Накопительный «Ресей Жинақ банк» салымын ұсынады).
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ – өзінің меншікті логотиптерімен халықаралық пластикалық карталарын шығару жұмысын белсеңді атқаруда. Төлем карточкалары нарығында «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ жетекші жағдайлардың бірін иеленеді. 1999 жылдан бастап Ресей Жинақ
Банкі Visa Gold, Visa Classic, Visa Electron/PLUS және Visa Virtuon төлем карточкаларын шығара бастады. 1999жылдан бастап,»Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ Visa Virtuon деп аталатын виртуалды карточкасын шығара бастады, бұл карточкалар интернеттің ғаламдық желісі арқылы тауарлар мен ісметтерге төлемді жүзеге асыру үшін пайдаланылады және «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ өзінің меншікті логотипімен жергілікті ALTYN карточкаларын шығаруды 2006 жылдан бастады.
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ филиалдық желісі өте кең, 2008 жылдың маусым айында банк 14 филиалды иеленді. Онда жұмыскерлердің барлық саны 1437 адам.
Филиалдық желісті қозғай отырып, Астана қаласында «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ өз филиалын 2006 жылдың маусым айында ашып, қызметін бастады. Филиал бас банктің сенімхаты негізінде жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді. Филиалдың ұйымдық құрылғысы коммерциялық банктің филиалын басқарудың жалпы жұрт қабылдаған сызбанұсқасына сәйкес келеді (қосымша №1).
Ұсынылған сызбанұсқаға қарап Астана қаласындағы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ филиалының бөлімдеріне сипаттама беруге болады.
Несиелік бөлім – қаржылық несиені беру, несиелік желі ашу, несиелік шот ашу, қарызгердің несиеқабілеттілігін талдау, несиелік істердің қалыптасуы мен оларды жүргізу, берілген несие бойынша пайыздардың төленуін бақылау, сонымен қатар кепілге берілген мүліктің жағдайын бақылау мен банкаралық несиелендіру жұмыстарын жүзеге асырумен айналысады.
Валюталық бөлім – валюталарды сатып алу-сату есебін, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кәсіпорындардың экспорттық импорттық операциялары бойынша валюталық құндылықтарды тасымалдаумен, валютаны сатып алуды бақылаумен және банкте валюталық құндылықтарды сақтаумен айналысады.
Бөлшектік бизнес бөлімі – заңды және жеке тұлғалардан әртүрлі мерзімге және әртүрлі валютада салымдарды қабылдайды, салымдар бойынша пайыздарды есептейді, құндылықтарды уақытша сақтау үшін сейфтік ұяшықтарды ұсынады, сонымен қатар халықаралық Western Union аударымдар жүйесі арқылы нің 190 еліне 15 минут ішінде ақша аударымдарын, Contact жүйесі арқылы нің 70 елдерін қамтитын ақша аударымын жүзеге асырады. Сонымен қатар «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ Қазақстан бойынша өзінің аударымдар жүйесі арқылы шотты ашу арқылы және шоттың ашылуынсыз аударымдарды жүзеге асырады [13].
Операциялық бөлім – клиенттерге шоттарды ашады және оларды жүргізеді, заңды тұлғаларға кассалық-есеп айырысу қызметін көрсетеді, және солардың тапсырыстары бойынша қолма-қол және қолма-қолсыз есепайырысулар жүргізеді.
Касса – қолма-қол ақшаларды инкассациялау, сақтау, қабылдау мен беруді жүзеге асырады.
Пластикалық карта секторы – пластикалық карталарды ресімдейді, клиенттерге олардың берілуін жүзеге асырады, клиенттердің шоттарын жүргізеді, шоттарды бақылайды, банкоматтарға қызмет етеді, нің кез келген нүктесіне аз уақыт ішінде экспресс-аударымдарды жүзеге асырады.
Бухгалтерлік есеп бөлімі – бас кітаптің шоттар жоспарын, балансты жүргізеді, банк басшыларына қаржылық және экономикалық ақпаратты ұсынады.
Әкімшілік-шаруашылық бөлім - бухгалтерлік есеп деректері негізінде ағымдық және соңғы есеп-қиса»Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚрды жасайды, салықтарды төлейді, шаруашылық құралдардың есебін жүргізеді, негізгі қорлардың ішкі бухгалтериясын жүргізеді, сонымен қатар мүлікті есепке алу мен қайта бағалауды жүргізеді.
2.3 «Ресей Жинақ банк»
ЕБ АҚ депозиттік саясатының
негізгі қаржылық
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік саясат облысында маңызды бағыт болып халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын депозитке тарту табылады. Банк 6,9 айға қысқа мерзімдік депозиттерді тартуға тырысады, өйткені бұл мерзімдер клиентураны несиелендіру бойынша мерзімдермен жақсы байланыстырылады. осындай депозиттердің басымдылығының басқа факторы мынада: банктік операциялар табыстылығына қатысты қысқа мерзімдік болжауларды жасау оңай және cәйкесінше қаржылық нарық конъюктурасына тез бейімделу жеңілге түседі.
Депозиттік қызмет көрсету жүйесінде салымдардың қосалқы жүйесі өте икемді және кез келген салымдарға келтірілуге қабілетті. Банк депозиттердің жаңа түрлерін жасау жұмысын жүргізуде.
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттердің бірнеше түрлерін ұсынады. Олардың көмегімен ақшаның сақталуымен қатар көбеюі қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі күні «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ салымдардың келесідей түрлерін қабылдайды: «Накопительный», «Особый», «Популярный», «Классический», Депозиттердің барлығын не ұлттық, не шетел валютасында, резиденттерге және резидент еместерге (шетел азаматтарына) ашуға болады. Айтылған депозиттер түрлерінің барлығы өздерінің ерекшнліктерін иеленеді.
«Накопительный»6 айдан 5 жылға дейін, «Особый» 6 айдан 60 айға дейін, депозиттің бұл түрі салым бойынша табысты алдын-ала алуға мүмкіндік береді, «Популярный» 15 айға дейін, қосымша салымдарды қабылдау және 50%-ға дейінгі көлемде шоттан ақшаны шешу мүмкіндіктерін береді, «Классический»1айдан 33 айға дейің мерзімге салынады, алғашқы салым мөлшері 1500 мыңнан кем емес сомада, қосымша салымдары қарастырылған белгілі бір үшінші тұлға атына ашылатын банктік шот, депозит бойынша пайыз депозиттің барлық мерзімі ішінде тұрақты [13].
Банкте ақша қаражаттарды сақтауға клиенттердің мүддесін көтеру мақсатында банк сыйақы мөлшерлемелерін саралаумен азаматтардың валюталық депозиттер табыстылығын жоғарлату бойынша жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Осы депозиттер түрлері бойынша жоғарлаған табыс халық ішінде олардың танымалдығын қамтамасыз етті. Банктік қызметтер нарығында «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ ойдағыдай жұмысы, қаржылық жағдайдың тұрақтылығы депозиттік базаның өсуіне себеп болып, міндеттемелер бойынша тәуекелдерді әртараптандыруға мүмкіндік береді.
Халықтың банкке деген сенімділігінің өсуі туралы депозиттер көлемінің өсуі айтады. Мерзімдік депозиттер көлемі 2006 жылы 9664703мың теңге құраса, 2007 жылы 19397322 мың теңге құрады, яғни екі есеге өсіп, 2008 жылдың 30 маусымында 19 млрд. теңгеден асты, оның ішінде жеке тұлғалардың мерзімдік депозиттері 8 млрд. теңгеге жуық, ал қалған бөлімін коммерциялық құрылымдардың депозиттері құрайды.
Ғылыми-техникалық
прогресстің соңғы
Клиенттердің қолайлығы үшін банк телекоммуникациялық құралдар көмегімен есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін тағайымдалған «Алыстанған клиент»сервисін ұсынады.
Информация о работе Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері