Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 12:15, дипломная работа
Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.
КІРІСПЕ ......................................................................................................................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………….5
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі ретінде…………………………………………………………………………….….5
1.2 Банктік депозиттердің классификациясы……………………………………...8
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының
негіздері…………………………………………………………………………….14
2 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» АҚ ЕБ -НЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ……......37
2.1 Қазақстанның депозиттік нарығындағы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ рөлі………………………………………………………………………………….37
2.2 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы………………39
2.3 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік саясатының негізгі қаржылық көрсеткіштері мен қызметін талдау………………………………………………41
3 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» ЕБ АҚ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………………………………......……….……………..47
3.1 «Ресей Жинақ банк» АҚ ЕБ-ның депозиттік саясатын жетілдіру
құралдары…………………………………………………………………………..47
3.2 Банктік секторға депозиттерді тарту…………………………………………59
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ………………………………………...68
Клиент дербес компьютер, модем және телефондық желіні пайдалану арқылы банкке төлем құжаттарын рәсімдеп жібереді және керісінше банк оған модемдік байланыс арқылы төлем құжаттарын жібереді.
Клиентті бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа нұсқасы оған компьютерлік желіде төлем құжаттардың қалыптасу және бақылау бойынша функцияларды бөлуге мүмкіндік береді. Жұмыс орнынан немесе үйден шықпай-ақ уақыт үнемделеді және клиент келесідей мүмкіндіктерді иеленеді:
Банктер тез, үздіксіз әрі арзан есеп айырысуға маңызды мән береді. Соңғы жылдары қазақстандық банктер қолма – қол және қолма – қолсыз есеп айырысуларды жүргізу бойынша операцияларды жаңарту және тездету үшін көп күштерін жұмсады. Ақша аударымдардың жылдамдығы 15 минуттен 3 банктік күнге дейін.
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ клиенттердің ақшаларын аударудың сапалы әрі тез нұсқаларын ұсынады. Оны келесі қосымша №2 көруге болады.
Берілген кестеде ақша аударымдарды жасау үшін «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ ұсынатын нұсқаларды көруге болады.
Мамандардың бағалауы
бойынша қазақстандағы
АҚШ долларын құрайды. Тағы 1 млрд. доллар ұлттық капиталдан шетелге жылыстады. Сондықтан банктік депозиттік жүйе экономиканың қаржылық және өндірістік секторын байланыстыратын көпір болып саналады. Бірақ, осы жүйенің басты кемшілігі болып шоғырландырылатын ресурстардың мерзімінің қысқа болуы.
Жүйенің негізгі бөлігін 1 жыл және одан төмен мерзімдегі депозит, бұл банкке ұзақмерзімдік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік бермейді.
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ «Популярный» депозитін жеке тұлға немесе үшінші тұлға атына ашылады, мысалы кәмелетке толмаған балаға ашылып, 18 жасқа толған уақытта ақша табыспен қайтарылады.
Депозит 5 жылдан кем емес уақытқа,30000 теңге немесе 200доллардан кем емес сомада салынады. Жылдық мөлшерлемелер теңгеде –10%, АҚШ долларында -6.5 %, Еврода - 6%.
«Накопительный» депозитіне салымдар жеке тұлғалардан қабылданады және салымдар бойынша табыс ақшаны салған күні төленеді.
4-кесте. «Накопительный» депозиті бойынша келесідей сыйақы мөлшерлемелері, (жылдық %) [13].
Валюта түрі |
6-11 |
12-23 ай |
24-59 ай |
Теңге |
6,5 |
9,25 |
9,75 |
АҚШ доллары |
4,75 |
5,25 |
5,75 |
Евро |
4,25 |
4,75 |
5,25 |
«Особый» депозиті бойынша келесідей сыйақы мөлшерлемелері есептеледі.
5-кесте. «Особый» депозиті бойынша келесідей сыйақы мөлшерлемелері, (жылдық %) [13].
Валюта түрі |
6-11 ай |
12-23 ай |
24-59 ай |
60 |
Теңге |
5,75 |
8,5 |
9,0 |
10,0 |
АҚШ доллары |
4,0 |
4,5 |
5,0 |
6,5 |
Евро |
3,5 |
4,0 |
4,5 |
6,0 |
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозит бойынша табыс төленетін және оны бөліктеп пайдалануға мүмкіндік беретін «Популярный» депозиті бар. Бұл депозит Жинақталған сомадан бөліктеп ақшаны кері алу мүмкіндігін береді, сыйақы мөлшерлемесі «қалқымалы» және банктік салым келісімі мерзімінде өзгере алады.
6-кесте. «Популярный» депозиті бойынша келесідей сыйақы мөлшерлемелері, (жылдық %) [13].
Валюта түрі |
6-11 ай |
12-23 ай |
24-59 ай |
12 ай |
Теңге |
3,0 |
4,0 |
5,0 |
5,5 |
АҚШ доллары |
1,5 |
2,5 |
3,0 |
3,5 |
Евро |
1,0 |
1,8 |
2,0 |
2,5 |
Алғаш салынатын салым мөлшері 5 000 теңге немесе 50 АҚШ доллары, қосымша салымдардың көлемі шектелмейді.
Жоғарыда айтылған барлық депозиттер мерзімінен бұрын келісім шарттарының бұзылуы мен депозиттен ақшаны кері алу мүмкіндіктерін алдын-ала ескерді. Сыйақы мөлшерлемесі келісімнің шарттарына сәйкес өзгереді.
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қорының қатысушысы болып табылады. Салықтар және де бюджетке басқа төлемдер туралы заңға сәйкес, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша алынған сыйақы сомаларынан салық төленбейді.
Банктің бұл қорға қатысуы әр клиенттің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Егер банк белгілі бір себептер бойынша салымшылар алдында міндеттемелерді орындай алмайтын болса қор салымды өтеу гаранты ретінде шығады. Бірақ салымдардың барлық түрлері сақтандыру жүйесіне кірмейді, оған тек жеке тұлғалардың мерзімдік депозиттері жатады.
7-кесте. 2005-2008 жылдардағы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ мерзімдік депозиттер көлемі, (мың теңге) [13].
2005 |
өзгеріс, % |
2006 |
өзгеріс, % |
2007 |
өзгеріс, % |
2008 |
өзгеріс, % | |
Мерзімдік депозиттер: |
6638947 |
9664703 |
19397322 |
27763001 |
||||
Жеке тұлғалардың |
1527380 |
- |
4260460 |
+178 |
6856153 |
+61 |
8524242 |
+24 |
Коммерциялық құрылымдардың |
5111567 |
- |
5404243 |
+57 |
12541169 |
+132 |
19238759 |
+53 |
Жеке тұлғалардың депозиттерін тарту аймағында банк жұмысына талдау жасай отырып, халықтан тартылатын қаражаттың өсу беталысын иеленетінін 6-.кесте деректерінен көруге болады.
8-кесте. 2005-2008 жылдардағы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ шоттарындағы ақша қалдықтары, (мың теңге) [13].
2005 |
2006 |
2007 |
2008 | |
Ағымдағы шоттардағы қалдықтар: |
||||
Жеке тұлғалардың |
127380 |
377175 |
862340 |
1396432 |
Коммерциялық құрылымдардың |
6241385 |
10024866 |
11171996 |
15334203 |
Кесте деректеріне қарап, азаматтардың мерзімдік салымдар көлемі 2006 жылы 3 есеге жуық өскенін байқаймыз.
Жеке салымшылармен
жұмысты жетілдіру бойынша
Депозиттік саясаттың теориялық негіздерінде оның құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат табылатындығы айтылып кетті, өйткені депозиттік пайыз ресурстарды тартудың тиімді құралы болып саналады. Пайыздық мөлшерлемелердің динамикасына қарап, оның қарастырылған кезең ішінде төмендеуін көруге болады. 2005 жылы депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме депозиттің сомасы мен өтеу мерзіміне тәуелді 6% - 15% арасында бүрмеленді. 2006жылы – 4% - 10% , 2007 жылы – 4% - 11%, ал 2008 жылы – 2% - 8%.
Депозиттер бойынша
пайыздық мөлшерлемелердің түсуіне
Қазақстан Республикасының
3 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» ЕБ АҚ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 «Ресей Жинақ банк» АҚ ЕБ-ның депозиттік саясатын жетілдіру құралдары
Ақша қаражаттарды тартуда таңдау құқығы қашанда клиенттерде болады. Сондықтан банктер салымшылар үшін өте қатаң бәсеклестік жүргізеді. Банк үшін оларды жоғалту өте қиын жағдай. Өйткені банктің қаржылық қажеттілігінің 75-90%-ын тартылған қаражаттар құрайды.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер алдында пайда болатын мәселелердің бірі – ресурстық базаның қалыптасуы болып табылады.
Ресурстық база микроэкономикалық фактор ретінде коммерциялық банктердің өтімділігі мен төлемқабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Коммерциялық банк қызметінің масшта»Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚры мен табыстың мөлшері банк әртүрлі ресурстар нарығында, әсіресе депозиттік нарықтарда алатын ресурстар көлеміне қатал тәуелді. Осыдан банктер арасында ресурстарды тартуда бәсекелі күрес пайда болады.
Өзіне тек жаңа клиентураны тартуды қосып қана қоймай, және ресурстарды тарту көздерінің құрылымын үнемі өзгертуді қосатын ресурстық базаның қалыптасуы коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін басқарудың құрамды бөлігі болып табылады. Пассивтерді тиімді басқару сауатты депозиттік саясатты жүзеге асыруды болжайды. Қызметтің осы аймағының өзіндік ерекшелігі мынада: пассивті операциялар бөлігінде банктің таңдауы негізінен белгілі бір клиентура тобымен шектеледі, банк қарыз алушыларға қарағанда осы клиентура тобына аса арқаулы. Банктік бәсекенің дамуына байланысты ресурстардың шектеулігі белгілі бір клиенттерге байлаулы болуына алып келеді. Егер осы клиенттердің тобы аз болса, онда банктің оларға деген тәуелділігі өте жоғары болады. Сондықтан, біздің ойымызша, банктің ресурстық базасын нығайту үшін салмақталған депозиттік саясат қажет, оның негізіне әртараптандырудың қажетті деңгейін ұстау, басқа көздерден ақша қаражаттарды тарту мүмкіндігін қамтамасыз ету және мерзімі, көлемі, пайыздық мөлшерлемесі бойынша активтермен теңгерімділігін ұстау кіреді.
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ ресурстық әлуетін кеңейту мақсатында өзінің депозиттік саясатын жандандыру қажет. Осыған байланысты банк жұмысының басым бағыттарының бірі болып клиенттерге қолайлы салымдар тізімін кеңейтуге және клиенттер қолайлығы үшін ісметтердің жаңа түрлерін енгізуге бағытталған сауатты депозиттік саясат жүргізу жолымен депозиттік портфельді біртіндеп ұлғайту табылады [13].
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік саясаты азаматтардың барлық әлеуметтік және жастық топтардың – жұмыскерлер мен зейнеткерлердің, жастар мен орта жылдағы адамдардың қажеттіліктерін ескеруі қажет, сонымен қатар табысы аз отбасылары мен орта және жоғары табыс алатын адамдарға бағытталуы қажет.
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік базасын кеңейтуге бағытталған шаралар кешеніне қаржылық және маркетингтік құралдардың қатары кіреді: 11-суретте көрсетілген.
Банк әрбір клиентпен
ұзақ мерзімдік серіктестік
Осылайша «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ баланың оқуына және сыйлық алуға ақша қаражаттарды Жинақтау үшін «Біздің сыйлық» деп аталатын салымның жаңа түрін ұсына алады. Салым кәмелетке толмаған кез келген салымшы тұлға атына салына алады. Депозит екі жылдық уақытқа және қайта салу мүмкіндігімен ашылады.
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік базасын кеңейту мақсатында біздің ойымызша, Жинақ сертификаты сияқты қаражаттарды тарту құралына көңіл аудару қажет, бұл әлуетті клиенттер үшін де, банктің өзі үшін де тиімді болады. Қарапайым депозиттік келісімдермен жасалған мерзімдік салымдар алдында сертификаттар елеулі артықшылықтарды иеленеді. Жинақ сертификаттарын шығару банк үшін бірнеше тиімді жақтарды иеленеді. Біріншіден, сертификаттарды шығарған кезде ақша қаражаттар шаруашылық субъектілерді несиелеуге бағытталатын міндетті резервтер қорына аударылмайды. Екіншіден, сертификаттардың таратылуы мен айналысында мүмкін қаржылық делдалдардың үлкен саны арқасында әлуетті инвесторлар шеңбері кеңейеді. Осыдан басқа, Жинақ сертификатының иесі үшін елеулі тиімді жақтары бар. Мысалы, сертификаттар иесі салық салынған кезде табыстың аз үлесін жоғалтады, өйткені сертификаттар бойынша табысқа салық салу бағалы қағаздар бойынша табысқа салық салуға ұқсас. Сонымен қатар, бағалы қағаздардың қайталама нарығында сертификат мерзімінен бұрын өзге тұлғаға сатыла алады, сақталған мерзім үшін табыстың бөлігі алынады және мұнда банк ресурсының көлемі өзгермейді, ал салым иесі мерзімінен бұрын мерзімдік салымды кері алатын болса, онда клиент үшін табыстың бөлігі жойылады, ал банк үшін ресурстар бөлігінің жойылуын білдіреді [13].
Информация о работе Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері