Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 12:15, дипломная работа
Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.
КІРІСПЕ ......................................................................................................................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………….5
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі ретінде…………………………………………………………………………….….5
1.2 Банктік депозиттердің классификациясы……………………………………...8
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының
негіздері…………………………………………………………………………….14
2 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» АҚ ЕБ -НЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ……......37
2.1 Қазақстанның депозиттік нарығындағы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ рөлі………………………………………………………………………………….37
2.2 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы………………39
2.3 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік саясатының негізгі қаржылық көрсеткіштері мен қызметін талдау………………………………………………41
3 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» ЕБ АҚ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………………………………......……….……………..47
3.1 «Ресей Жинақ банк» АҚ ЕБ-ның депозиттік саясатын жетілдіру
құралдары…………………………………………………………………………..47
3.2 Банктік секторға депозиттерді тарту…………………………………………59
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ………………………………………...68
Депозиттік базасын күшейту банктер үшін өте маңызды. Салымдардың жалпы көлемін ұлғайту, жеке және заңды тұлғалардың салымдары шеңберін кеңейту арқасында депозиттік операцияларды ұйымдастыруға және салымдарды тартуды ынталандыру жүйесін жақсартуға болады.
Жұмысты жазу барысында елдегі депозиттік нарықтың ағымдағы жағдайы талданған, сонымен қатар салымдық операциялар аймағында банктік жүйенің нақты субъектісінің қызметі зерттеленді.
Дипломдық жұмыста жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның депозиттік нарығында азаматтардың уақытша бос ақша қаражаттарын салымдарға тартумен байланысты жағдайдың тұрақталуы байқалуда.
Біріші тарауда коммерциялық банкте депозиттік саясаттың қалыптасу үрдісіне көңіл бөлінген, депозиттік саясаттың қалыптасуы, оның кезеңдері зерттелген, банктік ресурстарды басқару жүйесінде депозиттік саясаттың рөлі анықталған.
Ал, екінші тарауда депозиттердің коммерциялық банктерде алатын орнына, Қазақстандағы депозиттік нарыққа толығымен сипаттама беріліп талдау жасалынды. Соған байланысты осы тарауда қарастырылғандай, депозиттік нарықтың соңғы жылдары бір табан алға басып дамығанын көреміз. Бұл дегеніміз ең алдымен еліміздің салауатты саясатынан ел экономикасының жақсарғаны, яғни халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және банктің тұрақтылығы, оған деген халықтың сенімінің ұлғаюы.
Соңғы екі-үш жылда банктердегі салым үлесінің ұлғаюы заңдық құқықтың жетілдірілуінен де болды. Ең бірінші азаматтардың ақшасын заңдастыруда, ел экономикасына елеулі ақша құйылса, екіншіден халықтың банкке деген сенімін тудыратын «Жеке тұлғалардың салымын коллективті сақтандыру» заңының өмірге келуі коммерциялық банктерге салым салуға ынта тудырды. Солардың нәтижесінде депозиттер нарығында даму үрдісі байқалды. Соның дәлелі ретінде 2005 жылы резидентердің депозиттері 290.6 млрд. теңге болса, 2006 жылы 437.9 млрд. теңгеге жетті. Ал 2007 жылы 603.2 млрд теңге болды [22,45].
2007 жылы депозиттердің орташа үлес салмағының көлемі әрбір адамға 84 АҚШ долларынан 112 АҚШ долларына өсті. Бұл дегеніміз ТМД елдерінде Ресейден кейін екінші көрсеткіш.
Қазақстанның депозит нарығын талдай отырып, банктік секторда Жинақттардың 2006-2008 жж. өсу беталысын байқауға болады. Әсіресе мерзімдік депозиттер талап еткенге дейінгі депозиттерге қарағанда өсуде [23,89].
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі «Ресей Жинақ банк» АҚЕБ-ның келетін болсақ, мұнда жағымды және жағымсыз беталыстарды белгілеуге болады. Банк жұмысындағы жағымды сәттерге клиенттік базаның үнемі кеңеюін, активтердің, меншік капитал мен тартылған қаражаттың өсуін жатқызуға болады. Алайда тартылған қаражаттар құрылымында халықтан тартылған қаражаттарға көп көңіл аудару қажет, өйткені қазіргі уақытта дәл халықтың салымдары банктік өсудің басым бағыты мен ең перспективалы пассивтері болып табылады.
Сондай-ақ осы жұмыстың үшінші тарауында банк салымдарының және депозиттік операцияларының маңыздылығы мен банк алдындағы клиенттердің қаражатын салымға тартуды жақсартудың жолдары қарастырылды.
Клиенттердің банкке деген сенімін жақсарту мақсатында құрылған «Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру (кепілдендіру) Қорының» мақсаты, міндеті және қызмет атқару жолдары қарастырылды. Бұған қоса банктердің тұрақтылығын, сенімділігін және өтімділігі мен төлем қабілеттілігін жетілдіру жолдары қарастырылған. Мұнда депозиттерді ұйымдастыру жолдары, яғни банкпен клиенттердің арасындағы келісім, олардың құқығы және міндеттері талқыланды [24,90].
Депозиттік операциялар
қызмет көрсетуде клиенттерді
Коммерциялық банктерде пассив операциясы актив операциясына қарағанда бірінші роль ойнайды. Солардың арқасында банктің инвестиция қызметі құрылады.
Мұндай біршама қаражаттарды тартуда ақшалық шығын және материалдық шығындар жатады. Сонымен бірге салымдарда мобильдеу дәрежесі клиенттерге байланысты. Сондықтан банк арасында депозит тарту боцынша бәсеке өте жоғары. Сол мақсатпен коммерциялық банк депозит саясатының стратегиясын құру өте маңызды. Банктерге депозит базасының мықтылығы өте маңызды.
Салымның жалпы көлемін үлкейтуде жеке және заңды тұлғалар салымшылар ортасын кеңейту арқылы банктің депозит операциясын ұйыидастыруды жақсартуға болады.
Дипломдық жұмыста коммерциялық банктің тартудың теориалық қарастырып, тереңірек депозит шотын классификациялау және оның ерекшіліктерін қарастырады. Бірінші бөлімде коммерциялық банктің депозит саясатының құрылу жолдарына аса көңіл бөлген, оның объектілері мен субъектілеріне, принциптерін және механизміне, банктік ресурстарды басқару жүйесінде депозит саясатының ролін анықтаған.
Жұмысты жазуда депозит нарығының елдегі ағымды жағдайын талдаған, банк субъектілерінің қызметін зерттейді.
Дипломдық жұмысты жүргізуді зерттеуде елдегі депозит нарығының тұрақтылық жағдайын атап кеттік. Қазақстан депозит нарығын талдауда 2006-2008 жылғы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ салымдарының көрсеткіштері қолданылды.
«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ Банк қызметін зерттегенде, жағымды және жағымсыз жақтарын айтуға болады. Жағымда жақтарына, банктің клиенттер базасының кеңейуі, активтердің өсуі, тартылған қаражаттар және меншік капиталының өсуін жатқызамыз. Бірақ тартылған қаражаттар құрылымында «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ тартылған қаражаттарына көңіл бөлу керек [26,96].
Дипломдық жұмыста қазіргі кездегі Қазақстандық банктердің алдындағы проблемалар реті көрсетілді. Оларға: банктердің ресурс құру проблемасы, коммерциялық кепілдендіруі. Депозит саясатын теориялық негізде зерттеу және қаражат салымдарын тарту сфералары жағдайын бағалауда бірнеше ұсыныстар мен талаптар ішінен «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ банкке тиімді депозит саясатының дамуына әсер ететін ұсыныстар берілді.
Депозит базасын нығайтуға және банктің ресурсының потенциялын кеңейтуге келесі шаралар ұсынылады:
Банк дегеніміз - өз атынан ақшалай қаражаттарды арқылы, мерзімділік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған ұйым. Банктің негізгі міндеті – қарыз алушы мен қарыз беруші және сатып алушы менсатушы арасындағы ақша қаражаттарын аудуруда делдалдық іске асыру. Нарқтық қатынастар жағдайында ақшалай қаражаттарды аударуды банктерменқатар инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмаларжәне т.б. қаржылық мекемелер іске асырады.
Банк дегеніміз – Қазақстан Республикасының 31.08.95 ж. (10.07.03 ж тол.) «Банк және банкілік қызмет туралы» Заңы банкілік қызметті іске асыратын коммерциялық ұйым, заңды тұлға болып табылады. Банктің басқармасы орналасқан жер банктің орналасқан жері болып табылады. Банктің түріне қарай Ұлттық Банк жылдық есеп беру, бухгалтерлік баланс және пайда мен шығынды есептеудің әр түрлі стандартын бекітеді. Банктер мемлекеттік меншік негізінде құрылатын мемлекеттік банктен басқа, кез-келген меншік формасы негізінде құрылады. Қазақстан Республикасында 3 мемлекеттік банктер бар. Соныңішінде, коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы акционерлік қоғамдардың жалпы қабылданған басқару жүйесіне сай. Коммерциялық банктің жоғарғы органы жылына кемінде бір мәрте болатын акционерлердің жалпы жиналысы. Банк қызметіне жалпы басшылыққа банк кеңесі іске асырады. Оған банктің басқармасының жұмысына бақылау мен қадағалауды жүргізу жүктелген. Коммерциялық банктің қызметін тікелей басқаратын басқарма акция акционерлердің жалпы жиналысы мен банк кеңесі алдында жауапкершілік атқарады. Банк басқармасының құрамына, әдетте, банк мүшелерінің неғұрлым ірі өкілдері кіреді. Мәжілістері жүйелі түрде болып тұрады және шешімдер басым көпшіліктің дауысымен қабылданады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, ресурстарды тарту соныңішінде, құрылымы да көптеген өзгерістерге ұшырап, банк жүйесінде жеке жәнезаңды тұлғалардың қаражаттарын Жинақтаудың жаңа түрлері дами бастады.
Ең бір жаңа түрі, «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ салымдарын тарту мақсатында Жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға және т.б.мақсаттарға. Әдетте ол «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ-ға қосымша қызметтерді (пошталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескертуталап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.
Жинақ салымдары мерзімді салымдардың маңызды бөлігін құрайды. Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі – мерзімді депозиттік сертификат болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшермен белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды еңгізгендігін күәландыратын ақшалай құжат. Оларды компанияларға, фирмаларға және салымшының өзінде қалатыны, берілмейтіні болады. Ақшаны мерзімнің аяқталуымен тек саертификаттарды ұсыну арқылыбанктен алуға болады, ал мерзімі – 14 күннен 18 айға дейін болуі мүмкін. Қорыта келе, банк дегеніміз салымдар қабылдайтын, несие беретін және клиенттерге есептік-классалық қызмет көрсететін мекеме деп айтуымызға болады.
Енді, мынадай ұсыныс енгізуге болады:
1. Банк қызметінің
құқық реттеу негіздері және ба
2. Банктік емес қаржылық мекемелердің қызметі - банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыру;
3. Банктік емес қаржылық
мекемелердің жүргізетін
4. Банктік емес қаржылық
мекемелерді тіркеу және
Сонымен, дипломдық жұмыс жазуда қойылған мақсаттар мен есептерді шешуге қол жеткізілді
Жұмыста қазіргі уақытта коммерциялық банк алдында тұрған мәселелер қатары көрсетілген. Олардың ішінде банктің ресурстық базасының қалыптасу мәселесі және коммерциялық банктегі азаматтар салымдарының жеткіліксіз қорғалу мәселесі.
Депозиттік саясаттың теориялық негіздерін зерттеу және салымдарға қаражатты тарту аясында қалыптасқан жағдайға баға беру «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен кепілдемелер қатарын жасауға мүмкіндік берді.
Банктің ресурстық әлуетін кеңейту және депозиттік базаны күшейту үшін келесілер ұсынылады:
Дипломдық жұмысты жазу барысында қойылған мақсатқа қол жеткізілді және мақсаттан туындайтын негізгі міндеттер шешілді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері