Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 12:15, дипломная работа

Описание

Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………….5
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі ретінде…………………………………………………………………………….….5
1.2 Банктік депозиттердің классификациясы……………………………………...8
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының
негіздері…………………………………………………………………………….14
2 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» АҚ ЕБ -НЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ……......37
2.1 Қазақстанның депозиттік нарығындағы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ рөлі………………………………………………………………………………….37
2.2 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы………………39
2.3 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік саясатының негізгі қаржылық көрсеткіштері мен қызметін талдау………………………………………………41
3 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» ЕБ АҚ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………………………………......……….……………..47
3.1 «Ресей Жинақ банк» АҚ ЕБ-ның депозиттік саясатын жетілдіру
құралдары…………………………………………………………………………..47
3.2 Банктік секторға депозиттерді тарту…………………………………………59
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ………………………………………...68

Работа состоит из  1 файл

Жайыкова К 221Депозит.doc

— 662.00 Кб (Скачать документ)

Осы сұрақ шегінде  келесі фактті белгілеу қажет: банктің  ресурстық базасын нығайту мақсатында халықтың мерзімдік салымдарын болжамбаған кері алуы банктің қаржылық жағдайына кері әсер етуді азайту бойынша шараларды қабылдауға қажеттілік пайда болады. Қарастырылып отырған несиелік ұйым үшін депозиттерді мерзімінен бұрын кері алудан қорғау келесі көзқарас тұрғысынан тиімді болады, егер осы жаңа енгізілім кезінде банк экономика үшін өте қажетті орта және ұзақ мерзімдік несиелеуді кеңейту үшін халық депозиттерін толық өлшемде пайдалана алса. Ал халықтың салымды мерзімінен бұрын кері алудың мүмкінсіздігін өтеу үшін банк клиенттерге шектеулі мерзімі бар кері алынатын салым бойынша неғұрлым жоғары пайыз ұсынуы қажет.

Жоғарыда айтылғандармен қатар «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттерді тиімді басқаруды жүргізу үшін заңды және жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарын сақтау кезеңінің оңтайлы көлемін анықтау қажет. Банк депозиттерінің мерзімдері несиелердің айналымдылық мерзімдерімен байланысты болуы керек.

Салымшыларға инфляциялық  шығындардан сақтандыру мақсатында салымы үшін пайызын алдын-ала төлеу  ұсынылуы мүмкін. Бірақ елімізде инфляциядан  және келеңсіз оқиғалардан сақтандыру мақсатында заңдық жағынан көп шаралар атқарылуда. Соның дәлелі ретінде елімізде құрылған “Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру (сақтандыру) қоры” құрылды. Бұған республикадағы 35 банктің 32-сі қатысушы болып табылады.

Клиенттердің ең жоғары мүдделілігі және салымдардың түсімі үшін «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ инфляциялық ысыра «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ өтеу мақсатында клиенттерге орналастырылған салымдар бойынша пайыздарды алдын-ала төлеуге ұсыныс жасай алады. Мұндай жағдайда салымшы белгілі бір мерзімге қаражатты орналастырған уақытта оған тиесілі табысты алады. Алайда, егер келісім мерзімінен бұрын бұзылатын болса, банк салым сомасынан төленген пайыздарды ұстап қалады.

Клиенттерге депозиттер туралы қажетті ақпаратты алуды  жеделдету әрі жеңілдету үшін телемаркетинг қызметін құру банк үшін орынды, бұл қызмет – телефон арқылы банктік салымдар туралы тегін жүзеге асырылатын жарнама.

Телефон арқылы клиенттік  сервис қызметі аса егжей-тегжейлі ақпарат алуға мүдделі клиенттермен және қызмет көрсетудің стандартты шарттары қанағаттандырылмайтын клиеннтермен жеке жұмыс жүргізеді. Ақпаратты телефон арқылы алу үшін банктің клиенті болу міндетті емес. Телемаркетинг қызметі ұсынатын ақпараттарда ісметтер түрлерінің мазмұнын және оларды сатып алу мүмкіндіктері көрсетілуі қажет. Егер клиенттер қаласа олар банктің нақты бөлімдерінде жұмыс істейтін мамандармен тікелей байланысып, ақыл-кеңес алады. Мұндай жағдайда клиенттік сервис қызметінің әріптестеріне телефон арқылы клиенттік банк менеджерімен байланыстыру немесе қажеттілік туылса онымен кездесу туралы келісу міндеті жүктеледі.

Егер клиент өз мәселелерін  айтуға қиналатын болса, онда телемаркетинг  қызметінің мамандары келесідей  нақты сұрақтар қояды: қандай мөлшерде қаражат иеленеді, ақшаны қандай мерзімге салуға қалайды, қандай пайданы алуды көздейді және т.с.с. Осыдан кейін маман клиенттің шарттарына ең жоғары сәйкес келетін салымды ұсынады. Егер клиент өзі туралы мәліметтерді ақпараттық жүйенің деректер базасында қалдырғысы келсе онда кейбір уақыттан кейін оған жаңа банктік өнімдер мен ісметтер туралы анықтамалық ақпараттармен қоса қажетті құжаттардың бланктері пошта арқылы жіберіледі.

Осының салдарынан телемаркетинг  бірінші қоңыраулардың көбісін  қанағаттандырып, Ресей Жинақ Банкке жаңа клиенттерді тартуға ықпалын тигізеді.

Қазіргі заманға сай  телекоммуникация жүйесінің тез  дамуындағы негізгі элементі ретінде  ғаламдық компьютерлік желі Интернет шығып отыр. Адамдар дік желінің  артықшылығын сезе бастады.осыған байланысты қазір клиенттер банктің сайтынан банк туралы ақпарат алып, сол банкке депозит салуына да мүмкіншілік туып отыр. Бұл клиентке уақытты үнемдеуге және артық қағазбастылықты азайтуға жол ашады.

Осымен бірге банк жарнамалық саясатқа жүйелілік тәсілдемелерді жасау керек, бұл саясатты клиенттік базаның қалыптасуының тиімді құралын жасайды. Банктің әрбір бәсекелі артықшылығы, сатуға арналған әрбір жаңа өнімі клиенттерге түсінікті әрі танымал болуы, оңай салыстырылатын, сонымен қатар бәсекелестердің ұсыныстарынан тиімді ерекшеленуі қажет.

Осылайша «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік саясатты дайындаған кезде оны оңтайландыратын белгілі бір критерийлерді басшылыққа алуы қажет, олардың ішінде мыналарды белгілеуге болады:

  • банктің тұрақтылығын, сенімділігін және қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін депозиттік, несиелік және банктің басқа да операциялардың өзара байланысы;
  • тәуекелді азайту мақсатында банк ресурстарын әртараптандыру;
  • клиенттер бойынша депозиттік портфелді саралау;
  • әртүрлі клиенттер топтарына сараланған тәсілдеме;
  • банк өнімдері мен ісметтердің бәсекеге жарамдылығы.

«Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік саясатының жетілдіруге және оның тұрақтылығын қамтамасыз етуде оның ролін көтеруге ұсынылатын жолдардың кейбіреулері осындай. Қорыта келе, мынаны айтуға болады, әрбір банк өзінің депозиттік саясатын банк қызметінің өзіндік ерекшелігіне сүйене және басқа банктер жағынан бәсеке факторларын, экономикадағы болып жатқан инфляциялық процесстерді ескере отырып, депозиттердің түрлерін, олар бойынша мерзімдер мен пайыздарды, депозиттік операцияларды жүргізу шарттарын анықтап, дайындайды.

СССР – дің ыдырауымен салымшылардың барлық ақшалары күйіп кеткеннен  бастап, халықтың  банкке  деген  сенімі төмендеді.Банктер халықтың қаражаттарын  депозитке  тарту  үшін  не  істейді?

  • Жарнама  жүргізеді;
  • Салымдарды  тарту  қорына  кіреді;
  • Қызмет  көрсету  сервизін  жақсартады;
  • Лотерея  ойнатады;
  • Депозиттерді  әртүрлі  категорияларға  бөледі;

Халықтың  көп  көлемін  тарту  үшін  не істеу  керек?

Халықтың өз ақшаларын банкке сенбеуі емес, олардың аз пайыз  ставкасы тартпауы мүмкін. Белгілі бір соммасы бар адам  банкке  0,7-0,8 % -бен салғанша біреуге 5-10%- бен қарызға берген  тиімді. Сондықтан  ұлттық валютада талап еткенге дейінгі депозиттерге  пайыз ставкасын  жоғарлату керек. Соңғы  кезде банк  салымшылары арасында лотерея ойнату кең тараған. Бірақ  біраз  банктер ондай  ойындарды  жабық  түрде  жүргізеді [14,56].

Банк қорының негізгі  бөлігі депозиттік іс-қимылдар жүргізу  кезінде қалыптасады, осыларды дұрыс  және тиімді орындау, сайып келгенде несиелеу мекемесінің жұмыс  тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Депозиттік саясат өте  күрделі құбылыс. Депозиттік саясат ұғымын терең және саяз мағанада да талдау керек. Терең, кең көлемде  коммерциялық банктің депозиттік саясаты  – банк қаржыны өзіне тартып, қайтару стратегиясы мен тактикасын бейнелеп, депозиттік іс-қимылдарды ұйымдастыру мен басқару кезінде қалыптасады. Тар мағнада депозиттік саясат – депозит процессін қалыптастыруда банктің стратегиясы мен тактикасы. Депозиттік саясаттың негізін талдау авторға мынадай шешім жасауға мүмкіндік берді – банк қызметін басқару жүйесінде депозиттік саясат ең басты роль атқарады.

Осыдан шығатын қортынды – депозиттік саясат бірнеше бағытта  жүру керек:

-  депозит рыногын талдау;

-  депозит қауіп-қатерін азайтатын рыноктарды айқындау,

-  қаржылық қорларды депозитке тарту кезінде шығынды азайту;

-  банктің депозит және несие қорын басқаруды жетілдіру;

-  банк жойылмас үшін оның тұрақтылығын арттыру [15,87].

Депозиттік саясаттың  жалпы принциптері дегеніміз  орталық банктің макроэкономикалық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік ақшалай қаржыландыру саясаты да, коммерциялық банктердің саясаты да бірдей болуы керек. Мұндай принциптерге: жұмысқа жан-жақты тәсілдер қолдану, ғылыми негіздердің болуы, жұмыстың нәтижелі болуы, және де депозиттік саясаттың бөліктерінің біртұтас болып бірігуі.

Теориялық негізді қалауда, банктің стратегиялық дамуы үшін депозиттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтауда, тактикалық тәсілдері мен  әдістерді қолдануда да жан-жақты, бір тұтас бағыт болуы керек.

Депозиттік саясаттың арнайы, өзіне тән принциптеріне, менің ойымша, банк шығынын азайту принципі, депозиттік іс-қимылдарды жүргізу қауіпсіздігі, сенімділік принципті себебі банк қаржыларды бір жерге топ тасырып, оны ары қарай орналастыру кезінде табылатын табыс көзін рынок жағдайын ескере отырып табады. Жоғарыдағы принциптерді сақтай отырып, банк өзінің депозиттік процесстерді қалыптастыру тактикасы мен стратегиясын айқындайды, осы арқылы депозиттік саясатын тиімді және нәтижелі қалыптастырады.

Депозиттік саясатты банк саясатының бір бөлігі ретінде қарай отырып, депозиттік сасаттың ең негізгі мақсаты өте үлкен қаржылық қорларды төменгі бағамен өзіне тарту болып табылады.

Осы көп мағаманы мақсаты  бар депозиттік саясатты жүзеге асыру  үшін, және оны қалыптастыру кезінде  мынадай міндеттерды орындау керек:

-  депозиттік іс-қимылдар кезінде пайда табуға және оны болашақта табуға көмектесу;

-  банк жайылмас үшін белгілі бір деңгейді ұстау;

-  депозиттік іс-қимылдар субъектілерін диверсификацияларды қамтамасыз ету және депозиттің әртүрлі түрін қолдану;

-  депозиттік іс-қимылдар өзара байланыста болуын қолдау және ақшалай несие беру іс-қимылдарының байланысын қадағалау, депозит салу уақыты мен несиелеу қорытының түсу мерзімін өзара байланыстыру;

-  депозиттағы есеп шоттардың бос қаржысын төмендету;

-  пайыздық кіріс саясатын үнемді жасау;

-  тартылған қаржыға төленетін пайыздық кіріс мөлшерін төмендету арқылы қаржы көзін табу;

-  банк қызметін жетілдіру және салымшыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен мәдениетін көтеру.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру жолдарының үлкен маңызы бар, себебі депозиттік  саясатты жүзеге асыру кезінде оның алға қоғам міндеттері мен мақсаттарының орындалуы оның тиімділіне тікелей байланысты.

Банктердің депозиттік іс-қимылдарды жүргізу тәжірибесін сараптау нәтижесінде қалыптасқан коммерциялық банктердің депозиттік саясатының үлгісін көрсетілген төменгі үлгіде келтіремін.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын қалыптастырудың  әрбір деңгейі кейінгісімен тығыз  байланысты және әрбір деңгей міндетті түрде орындалуы тиіс және де көңілді ең алдымен банк структурасының дұрыс құрылуына, депозиттік саясатты қалыптастырып, оның орындалуына болу керек.

Депозиттік саясатты құру процессі банк жүргізетін пайыздық кіріс саясатымен тығыз байланысты, осыған байланысты баға тағайындау әдісінің маңызына аса қөңіл аударып, бан депозиттік қызметтің өзіндіқ құнын анықтау керек.

Бұл пайда табу үшін және қызмет көрсету бағасының мөлшері  бәсекелестікте жету үшін және өзіне  салымшы тарту үшін керек. Осыған байланысты мынадай ұғымдар қалыптасты: „тартылған қаржының өзіндік құны” және „банк үшін осы қаржылардың анық өзіндіқ құны”. Осылай белгілеудің себебі тартылған қордың орналастыру деңгейінің төменгі шамасын банк дұрыс анықтау үшін керек. Осымен бірге коммерциялық банктер тарқан қаржылардың анық бағасына әсер ететін факторларды анықтауға болады.

Бұл факторларға мыналар  жатады:

- іс-қимылдар шығынының деңгейі;

- жарнамалар шығыны;

- ҚРҰБ тоғайындаған міндетті қаржы қорына аударылатын қаржы мөлшері;

- қаржы тарту мерзімі мен мөлшері;

- пайыздық кіріс есептеу тәртібі мен оны төлеу;

- тартылған қордың түскен және оның орналасқан уақытының аралығы;

- несиелеу кезінде пайда болатын шығынды жабу үшін қор құру шығыны;

- айналымнан пайдасы жоқ іс-қимылдар үшін қаржы тарту.

Тартылған қаржы қорының  бағасының ұсталып отырған депозиттік саясаттың тиімділігіне әсерін талдай отырып, банктің пайыздық кіріс саясатына  негізделген принциптерінің маңыздылығын баса айту қажет. Солардың арасында, ең бірінші пайыздық кірісті қор сақтау мерзімі мен көлеміне қарай бейімдеу, салым кірісінің пайыздық „әлеуметті” бейімдеу принципі, банк қызметінің тиімдік принципі, салымшылардың қаржы қорын қорғау принципі. Банктің пайыздық кіріс саясатын қалыптастыру үшін осы принциптерді үйлестіру керек.

Коммерциялық банктің  депозиттік саясактының шекарасы –  заңды және тұлғалардың бос қаржы  қорларын банкке негізгі факторларының  бірі. Бұл шекараны келесі белгілер бойынша топтастыруға болады:

А)  Депозит рыногында сұраныс пен ұсынысқа байланысты (экономикалық шекаралар);

Б)  ҚРҰБ нормативтері мен банк шектеуінің әсері (әкімшілік шекаралы);

В)  Депозиттік қатынастардың субъектілеріне байланысты (сыртқы және ішкі шекаралар);

Г)  Депозиттік қатынастардың жеделдігіне байланысты (уақытша шекаралар)

Д)  географиялық (аймақтық шекаралар);

Е)  көлемі мен құрылысымен байланысты (сан және сапа шекаралары) [16,54].

Біздің Қазақстанда экономикалық өсумен көптеген жағдайлар бар. Адамдарға депозитке салу  үшін  банк  агенттерін  телефон  арқылы  шақыру операциясын  енгізуге  болады. Сонымен  бірге, салымшылардың  салымдарын белгілі бір мерзімде алуға мүмкіндік беру. Содан кейін ол ақшасын әкелгеннен кейін  алдыңғы  дпеозит  мерзімімен  жалғастыруға болады.

Информация о работе Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері