Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 17:53, реферат

Описание

Осы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық, тоқсандық ай сайынғы бюджеттік есептілігінің нысандары, кезеңділігі, мерзімі және жасалу мен ұсынылу тәртібі белгіленеді.

Работа состоит из  1 файл

Правила на каз_текст каз.doc

— 363.50 Кб (Скачать документ)

                  Қазақстан Республикасы

                  Қаржы министрінің

                  2009 жылғы «27» ақпандағы

                  № 89 бұйрығымен

                  бекітілген 
                   

Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік  бағдарламалар әкімшілерінің  бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесі  
 

1. Жалпы ережелер 
 

      1. Осы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық, тоқсандық ай сайынғы бюджеттік есептілігінің нысандары, кезеңділігі, мерзімі және жасалу мен ұсынылу тәртібі белгіленеді.

      2. Республикалық және жергілікті  бюджеттер есебінен ұсталатын  мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Ережеде белгіленген көлемде және нысандар бойынша жылдық, тоқсандық, ай сайынғы есептер жасайды.

      3. Бюджеттік есептілікті жасау кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс:

      есепті  кезеңдегі барлық операциялар көрсеткіштерінің толықтығы және растығы;

      есепті  кезеңнен кейінгі айдың бірінші  күніндегі синтетикалық есеп шоттары  бойынша айналымдар мен қалдықтардың талдамалы есебі деректерінің, сондай-ақ синтетикалық және талдамалы есеп деректерінің есеп пен баланс деректерімен тепе-теңдігі;

      көрсеткіштердің толтырылу ұқыптылығы және өшіріп жазу мен түзетулерді жібермеу. Қателерді  түзеткен жағдайда, түзету күнін көрсете отырып, бюджеттік есептілікке қол қойған тұлғаның растауымен тиісті жазбалар жасалады.

      4. Есептердің нысандары онда көзделген  көрсеткіштерге толықтай сәйкестендіріліп  толтырылады. Бекітілген есеп  нысандарында көрсеткіштерді және  олардың кодтарын өзгертуіне немесе оларға қосымша көрсеткіштер енгізуге болмайды.

      Ағымдағы  есепті кезеңге, сонымен бірге өткен  кезеңге жататын (оларды бекіткеннен  кейін) есептілік деректерінің өзгеруі  деректердің алшақтығы байқалған  кезеңде жасалған бюджеттік есептілікте  жүргізіледі.

      5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің бюджеттік есептілігіне өзгерістер енгізген жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік есептілігіне өзгерістер енгізілген ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге басшы мен бас бухгалтердің қолдарымен өзгерістер енгізу себептерін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер туралы жазбаша хабарлама жібереді.

        Мемлекеттік мекеме республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің енгізген өзгерістеріне сәйкес өз бюджеттік есептілігінің данасына республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап 10 күн ішінде өзгерістер енгізеді.

        Мемлекеттік мекеменің бюджеттік есептілігіне түзетулер осы Ереженің 3-тармағымен белгіленген түзетулер енгізу тәртібін міндетті түрде сақтай отырып, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер есепті қарау нәтижелері бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жазбаша хабарламасы негізінде ғана енгізіледі. 

        Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық есебіне өзгерістер енгізген жағдайда, бюджеттік есептілікке соңғы түзетулер ұқсас тәртіппен енгізілуі керек.

      Бюджеттік есептілікке түзетулер енгізген республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және мемлекеттік мекемелер өздері бұрын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетіне берген есептің данасына тиісті өзгерістерді енгізуі қажет.

      6. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің бюджеттік есептілігіне өзгерістер енгізген жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік есептілігіне өзгерістер енгізілген ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге өзгерістер енгізу себебі көрсетіліп, басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылып енгізілген өзгерістер туралы жазбаша хабарламаны жібереді.

      Мемлекеттік мекеме жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері енгізген өзгерістерге сәйкес өзіндегі есептің данасына өзгерістер енгізеді.

      Бюджетті  атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық есебіне өзгерістер енгізген жағдайда, бюджеттік есептілікке соңғы түзетулер ұқсас тәртіппен енгізілуі керек.

      7. Нысандардың мекен-жай бөлігі мынадай тәртіпте толтырылады:

      «Орналасқан орны» деректемесі - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылғы 22 ақпандағы № 279 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының облыстары мен аудандары кодтарының анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің орналасқан орны көрсетіледі;

      «Функциялық топ» деректемесі - Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасынан функционалдық тобының атауы мен коды;

      «Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі» деректемесі - Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасынан функционалдық тобының атауы мен коды;

      «Бюджеттік бағдарлама» деректемесі - бюджеттік бағдарламаның атауы мен коды;

      «Кіші бағдарлама» деректемесі - кіші бағдарламаның атауы мен коды;

      «Мемлекеттік мекеменің атауы» деректемесі - Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің атауы және оның коды;

      «Кезеңділігі» деректемесі – бюджеттік есептілік кезеңі көрсетіледі;

      «Өлшем бiрлiгi» деректемесі - мемлекеттiк мекемелер есептерiнде теңге, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің жиынтық есептерінде теңге;

      «ҚҰЖЖ» коды - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші ретінде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің 1999 жылғы              5 шілдедегі № 10 қаулысымен бекітілген және күшіне енгізілген Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуішіне сәйкес мемлекеттік мекеменің коды көрсетіледі.

      8. Жылдық есеп есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша, тоқсандық есептер - ағымдағы қаржы жылының 1 шілдегі және          1 қазандағы жағдай бойынша жасалады.

      Жылдық есеп 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда күнтiзбелiк жыл үїшін жасалады.

      9. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін бюджеттік есептілікті ұсыну мерзімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар белгілейді. Осы мерзімдерді ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің бюджеттік есептілікті ұсыну мерзімін белгілейді. Бюджеттік есептілікті ұсыну мерзімінің кестесі есептілікті ұсыну күніне дейін мемлекеттік мекемелерге жеткізіледі.

      Бюджеттік есептілік беттері нөмірленген және алғы сөзі бар кітапша түрінде ұсынылады.

      Жергілікті  бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік есептілікті тиісті бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік есептілікті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады. Есеп берілген күн оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның кеңсесінде тіркеген күн болып есептеледі.

      Бюджетті  атқару жөніндегі уәкілетті орган әрбір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік есебін тексеру және қабылдау рәсімі есеп берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Бір қаладағы мемлекеттік мекеме үшін бюджеттік есептілікті ұсыну күні оны іс жүзінде тиесілігіне қарай табыс еткен күн, ал басқа қаладағылар үшін - почта кәсіпорнының, бiрақ бюджеттік есептiлiктi ұсыну күнiне дейiн 5 күннен кешiктiрмей штемпелінде көрсетілген оны жіберген күн болып есептелінеді. Есептерді ұсыну үшін белгіленген мерзім демалыс күнге (жұмыс емес күнге) сәйкес келген жағдайда, есеп одан кейінгі бірінші жұмыс күнінде ұсынылады.

      10. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетiне белгiленген мерзiмде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептi дайындау үшiн қажеттi ақпаратты беруеді.

      11. Бюджеттік есептілікті жасаған кезде «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсақаулықты, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережеде айтылған есептілік нысандарын толтыру тәртібі туралы нұсқауларды басшылыққа алу қажет. 
 

                           2. Жылдық, тоқсандық  бюджеттік есептілік  көлемі 
 

      12. Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсынатын жылдық, тоқсандық бюджеттік есептілік (осы Ережеге 1-қосымша) көлемінде мынадай нысандар қамтылады:

      баланс - бюджеттен қаржыландыру сомасының қозғалысы туралы анықтамамен бірге № 1 нысан (осы Ережеге 3-қосымша);

      қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп - № 2 нысан (осы Ережеге 4-қосымша);

       тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы  туралы есеп -               № 4-нысан (осы Ережеге 5-қосымша);

      тауарларды (жұмыстарды,  көрсетілетін қызметті) өткізуінен түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп- жиынтық № 4 нысан (осы Ережеге 6-қосымша);

      мемлекеттік мекемеге қайтарымдылық шарттарында беретін ақша бойынша есеп № 4-д-нысаны  (осы Ережеге 7-қосымша);

      демеушілік пен қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есеп - 4-дк-нысан (осы Ережеге 8-қосымша);

      шетел валютасындағы қаражаттың қозғалысы туралы есеп - № 4-в нысан (осы Ережеге 9-қосымша);

      активтердің қозғалысы туралы есеп - № 5 нысан (осы Ережеге               10-қосымша);

      материалдық қорлардың және арзан құнды тез  тозатын заттардың қозғалысы  туралы есеп - № 6-нысан (осы Ережеге 11-қосымша);

      өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп -    № 7-нысан (осы Ережеге 12-қосымша);

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бөлінген өкілдік шығындарға арналған қаражаттардың пайдалануы туралы есеп - № 7-жиынтық нысаны (осы Ережеге 13-қосымша);

      зейнетақыларды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды, жерлеуге және басқа жәрдемақыларды төлеу  туралы есеп- № 8-нысан-зт осы Ережеге 14-қосымша);

      Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқару органдар резервінен бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп -№ 9-нысан(осы Ережеге 15-қосымша);

      мемлекеттік мекемелерде ақшалай қаражаттар, активтер мен материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлануы туралы есеп -№ 10-нысан  (осы Ережеге 16-қосымша);

      сыртқы қарыздар бойынша есеп- № 11-нысан (осы Ережеге 17-қосымша);

Информация о работе Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесі