Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 17:53, реферат
Осы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық, тоқсандық ай сайынғы бюджеттік есептілігінің нысандары, кезеңділігі, мерзімі және жасалу мен ұсынылу тәртібі белгіленеді.
43. Баланс активінің «Шығыстар» бөлімінде қаржыландыру жоспары бойынша көзделген іс-шараларға арналған қаражат бойынша мемлекеттік мекемелер жүргізетін іс жүзіндегі шығыстар, сондай-ақ басқа да бюджеттерден алынған шығыстар ескеріледі. Тоқсандық есепте іс жүзінде жүргізілген шығыстардың сомасы, жылдықта - жабылмаған іс жүзіндегі шығыстар сомасының қалдығы көрсетіледі.
330 «Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа шараларға арналған бюджет бойынша шығыстар» (200) жолы бойынша бекiтілген қаржыландыру жоспарының шегiнде бюджеттік қаржыландыру есебінен жүргізілген іс жүзіндегі шығыстар сомасы көрсетіледі.
331 «Ғылыми әзірлемелерге арналған шығыстар» (201) жолы бойынша аяқталмаєан ғылыми әзірлемелер (ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, ғылыми зерттеулер, ғылыми-техникалық жұмыстар және басқалар), сондай-ақ аяқталған, бірақ қабылданбаған ғылыми әзірлемелер бойынша шығыстар сомасы кґрсетіледі.
340 «Басқа да бюджеттер есебінен шығыстар» (202) жолы бойынша осы мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарында көзделмеген іс-шараларды орындау үшін басқа да бюджеттерден алынған мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың есебінен жүргізілген шығыстар сомасы көрсетіледі.
341 «Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар» (204) жолы бойынша сыртқы қарыздар есебінен жобаларды іске асыру барысында іс жүзінде жүргізілген шығыстар сомасы көрсетіледі.
342 «Бекітілген қаржыландыру жоспарынан тыс мемлекеттік мекемені ұстауға және басқа шараларға арналған шығыстар» (208) жолы бойынша - қарызға алынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтердi) берушiге қайтару мүмкiндiгi болмаған жағдайда, мемлекеттiк мекеменiң бекiтiлген қаржыландыру жоспарынан тыс iс жүзiндегi шығыстарының сомасы көрсетiледi.
343 «Гранттар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар» (209) жолы бойынша гранттар есебінен жобаларды іске асыру барысында іс жүзінде жүргізілген шығыстар сомасы көрсетіледі.
344 «Трансферттер бойынша шығыстар» (205) жолы бойынша мемлекеттік мекеменің алған трансферттері есебінен жүргізілген шығыстар сомасы көрсетіледі.
350 «Бөлуге арналған шығыстар» (210) жолы бойынша есепті жылдың аяғында жұмыстардың (объектінің) белгілі бір түріне немесе белгілі бір бұйым, өнім түрінің өзіндік құнына тікелей жатқызылмайтын шығындардың сомасы көрсетіледі.
360 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша есебінен шығыстар» (211) жолы бойынша мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша есебінен іс жүзіндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі.
370 «Демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақша және өзге қаражат есебінен шығыстар» (213) жолы бойынша – демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түскен ақша және өзге де қаражаттардың есебiнен іс жүзіндегі шығыстардың сомасы көрсетiледi.
372 «Басқа да қорлар есебінен шығыстар» (215) жолы бойынша белгіленген тәртіппен құрылған министрліктердің және басқа да атқарушы органдардың өзге де қорлары есебінен жүргізілген іс жүзіндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі.
373 «Күрделі салымдарға арналған өзге де қорлар есебінен шығыстар» (216) жолы бойынша күрделі салымдарға арналған министрліктердің және басқа да өкілдік және атқарушы органдардың өзге де қорлары есебінен іс жүзінде жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі.
375 «Шетел валютасындағы қаражаттар есебінен шығыстар» (220) жолы бойынша шетел валютасындағы қаражаттың есебінен іс жүзіндегі шығыстар сомасы көрсетіледі.
44. Баланс активінің «Залалдар» бөлімінде 380 «Залалдар» (410) жолы бойынша шығарылған өнімді, бұйымды және көрсетілген қызметтерді өткізуден алынған нәтиже (залал) көрсетіледі.
45. Баланс активінің «Күрделі құрылысқа арналған шығындар» бөлімінде бюджет бойынша күрделі салымдарға бөлінген қаражаттардың есебінен және мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден, демеушілiк, қайырымдылық көмектен түскен ақша есебінен салынып жатқан (қайта құрылып жатқан) объектілерде орнатуға арналған жабдықтарды, құрылысқа қажетті материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған шығындар көрсетіледі.
390 «Қоңдыруға арналған жабдық» (040) жолы бойынша қондыруға дайын құрылыс конструкциялары мен детальдардың, сондай-ақ орнатуға арналған монтаждауды қажет ететін отандық және шетелдік жабдықтардың сомасы көрсетіледі.
400 «Күрделі құрлыстар үшін құрылыс материалдары» (041) жолы бойынша күрделі құрылысқа арналған құрылыс материалдарының және құрылыс процесінде және монтаждау жұмыстарында пайдаланылатын сома көрсетіледі.
410 «Жеткізушілер және мердігерлермен есеп айырысулар» (150) жолы бойынша күрделі салымдарға бөлінген қаражаттар есебінен сатып алынған құрылыс материалдары, конструкциялар және детальдар орнату үшін жабдықтар және т.б. үшін жеткізушілер және мердігерлермен есеп айырысулар бойынша пайда болған берешек сома көрсетіледі.
420 «Күрделі салымдарға арналған бюджет бойынша шығыстар» (203) жолы бойынша тоқсандық есепте бюджет есебінен аяқталмаған жаңа құрылыс және ғимараттар мен құрылыстарды қайта құру объектілері бойынша шығындардың сомасы, сондай-ақ аяқталған, бірақ қайта бағалау есебінен пайдалануға берілмеген құрылыс және қайта құру объектілері бойынша шығындар сомасы, ал жылдықта - жабылмаған шығыстар сомасы көрсетіледі.
430 «Басқа да қаражат есебінен күрделі салымдарға арналған шығыстар» (212) жолы бойынша мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден, демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен ақша есебінен және гранттардан аяқталмаған және аяқталған, бірақ пайдалануға берілмеген құрылыс және қайта құру объектілері бойынша, сондай-ақ жабдықтарды сатып алуға арналған шығыстар сомасы көрсетіледі.
46. 440 «Баланс» жолы бойынша 3 және 4-бағандар бойынша тиісінше 010-жолдан бастап 430-жолды қоса алғандағы жолдардың жалпы сомасы көрсетіледі.
47. Пассив - баланстыѕ екінші бөлігі, 5 бөлімнен тұрады. Баланстың пассиві мемлекеттік мекеме бюджеті қаражаттарының пайда болу көздерін көрсетеді. Онда мемлекеттік мекеменің және күрделі құрылыстың, есеп айырысулардың, қорлардың, мемлекеттік мекеме кірістерініңѕ шығыстарына арналған қаржыландыру көрінеді.
48. Баланс пассивінің «Қаржыландыру» бөлімінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер арасындағы міндеттемелерді қаржыландыру жоспарын орындау процесінде туындайтын бюджеттен және басқа көздерден қаржыландыру бойынша есеп айырысу көрінеді. Тоқсандық есепте бюджеттен және басқа да көздерден қаржыландыру сомасы, жылдықта - қаржыландыру сомасының қалдығы көрсетіледі.
450 «Мемлекеттік мекемелердің шығындарына арналған және басқа да іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру» (230, 140) жолы бойынша бюджеттен қаржыландыру сомасы көрсетіледі.
460 «Басқа да бюджеттер есебінен қаржыландыру» (232, 142) жолы бойынша басқа да бюджеттердің есебінен жекелеген іс-шараларды жүргізуге алынған қаржыландыру сомасы көрсетіледі.
462 «Трансферттар бойынша қаржыландыру» (234) жолы бойынша жалпы сипаттаєы трансферттер, ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналған нысаналы трансферттер бойынша қаржыландыру сомасы көрсетіледі.
480 «Мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған өзге де қаражаттар» жолы бойынша (238) өзге көздерден қолданыстағы тәртіпке сәйкес алынған қаржыландыру сомасы көрсетіледі.
481 «Жобаларды сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар қаражаттарынан қаржыландыру» жолы бойынша (239) сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен жобаларды қаржыландыру сомасы көрсетіледі.
482 «Ішкі кредит беру» жолы бойынша (247) қайтарымды негізде республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен берілген кредиттердің сомасы бойынша (ішкі кредит беру бойынша), сондай-ақ мемлекеттік білім беру кредит және мемлекеттік студенттік кредит қаражаттары бойынша берешектің сомасы көрсетіледі.
490 «Кредиттер» жолы бойынша (248) шағын және орта бизнес субъектілеріне кредит беру үшін жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджеттерден беретін сомалар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес банк мекемелерінен алынған өтелмеген кредит сомасы көрсетіледі.
491 «Сыртқы қарыздар» жолы бойынша (249) қарыз туралы халықаралық шартқа сәйкес жобаларды қаржыландыру үшін алынған қарыздар сомасы көрсетіледі.
Жиынтық баланс жасалғанға дейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелермен қаржыландыру жөніндегі ішкі ведомстволық есеп айырысуларды салыстырылып тексеруі тиіс.
Жоғары тұрған орган балансының активіндегі ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жөніндегі есеп айырысулардың шоттары бойынша қалдықтар баланс пассивінде ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жөніндегі есеп айырысулардың шоттары бойынша қалдықтарға сәйкес келуі тиіс. Жиынтық баланстың активінде және пассивінде осы шоттар бойынша қалдықтар өзара алынып тасталады.
49. Баланс пассивінің «Қорлар мен нысаналы мақсаттағы қаражаттар» бөлімінде мемлекеттік мекемеде бар қорлар, активтер мен материалдық емес активтердің тозуы көрсетіледі.
510, 520 «Материалдық көтермелеу қоры» (240), «Өндірістік және әлеуметтік даму қоры» (246) жолдары бойынша есепті кезеңінің соңында пайдаланылмаған тиісті қордың қаражат қалдықтары көрсетіледі.
515 «Гранттар» жолы бойынша (245) гранттар бойынша қаражат қалдығы көрсетіледі.
530 «Активтердегі қор» жолы бойынша (250) мемлекеттік мекеменің тікелей билігінде бар активтер қорына (тозуын ескере отырып) салым сомалары көрсетіледі.
533 «Өзге де қорлар» жолы бойынша (272) белгіленген тәртіппен құрылған министрліктер, мемлекеттік комитеттер және өзге де өкілдік пен орындаушы органдар қорларының қаражат қалдығы көрсетіледі.
534 «Шетел валютасындағы қаражаттың қоры» (273) жолы бойынша шетел валютасындағы қор қаражатының қалдығы көрсетіледі.
535 «Бағалы қағаздардағы қор» жолы бойынша (274) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атынан мемлекетке жататын акциялардың мемлекеттік пакетінің құны көрсетіледі.
540 «Активтердің тозуы» жолы бойынша (020) мемлекеттік мекеменің балансында есептелетін активтердің тозуының жалпы сомасы көрсетіледі.
541 «Материалдық емес активтердің тозуы» жолы бойынша (021) мемлекеттік мекемеге жататын материалдық емес активтердің тозуының жалпы сомасы көрсетіледі.
550 «Арзан құнды және тез тозатын заттардағы қор» жолы бойынша (260) мемлекеттік мекеменің тікелей билігіндегі арзан бағалы және тез тозғыш заттардың құнына тең сомасы көрсетіледі.
50. Баланс пассивінің «Есеп айырысулар» бөлімінде кредит сальдосы (кредиторлық берешек) бар есеп айырысуларды көрсететін бухгалтерлік есептің шоттары бойынша қалдықтар келтіріледі.
554 «Бекітілген қаржыландыру жоспарынан тыс кредит берушілерімен есеп айырысулар» жолы бойынша (154) - мемлекеттік мекемені қаржыландырудың бекітілген жоспарынан тыс сатып алынған тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтке) берешектің сомасы көрсетіледі.
572 «Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны түрінде бюджетке түсетін түсімдердің және оларды жұмсалуына байланысты операциялар бойынша есеп айырысулар» жолы бойынша (158) - алынған активтер, арзан бағалы және тез тозғыш заттар үшін, кадрларды оқыту, жабдықты жөндеу және мемлекеттік мекемеге тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны ретінде бюджетке түсетін түсімдермен және олардың жұмсалуымен байланысты операциялар бойынша көрсетілген жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлері үшін берешектің сомасы.
610 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша есеп айырысулар» (174) жолы бойынша мемлекеттік мекемеге қайтарымдылық шарттарында берген ақшаның сомасы көрсетіледі.
620 «Демеушілік, қайырымдылық көмек есебінен жұмсалатын ақша бойынша есеп айырысулар» жолы бойынша (176) демеушілік, қайырымдылық көмек түрінде түскен және қатаң түрде мақсатты тағайындау бойынша пайдаланылатын ақшаның есеп айырысулары көрсетіледі.
630 «Депоненттермен есеп айырысулар» жолы бойынша (177) жалақының және стипендияның, өтемақының, материалдық көмектің және белгіленген мерзімде алынбаған басқа да ақшалай төлемдердің сомасы көрсетіледі.