Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 17:53, реферат

Описание

Осы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық, тоқсандық ай сайынғы бюджеттік есептілігінің нысандары, кезеңділігі, мерзімі және жасалу мен ұсынылу тәртібі белгіленеді.

Работа состоит из  1 файл

Правила на каз_текст каз.doc

— 363.50 Кб (Скачать документ)

     83. ДБ-Б нысаны бойынша дебиторлық  берешек туралы  есеп келесі  түрде толтырылады. 

      Тиісінше 1-4-бағандарында нысандары бойынша есептерде бюджет шығыстарының сыныптамасына және Ақылы қызметтер сыныптауышына сәйкес тек өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) пайда болған берешек бойынша шығыстардың кодтары көрсетіледі.

     ДБ-Б  нысаны бойынша есепті толтыруға  өзге де қаражаттар есебінен пайда  болған дебиторлық берешек бойынша  тиісінше  4-бағанынан басталады.

      Кейінгі бағандарды толтыру КБ-Б нысаны бойынша  есептерді толтыру үшін осы Ереженің 82-тармағымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      84. Кредиторлық және дебиторлық  ай сайынға есепке осы Ереженің       29-қосымшасына сәйкес әр бір  бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша  олардың пайда болу себебінің  түсіндірмесімен Берешектің пайда  болу себебі туралы ақпарат қосымша беріледі.

      85. Кредиторлық және дебиторлық  берешек туралы жедел есепті  ай сайын:

      1) мемлекеттік мекемелер – оларға  белгіленген мерзімдерде бюджеттік  бағдарламаның әкімшісі;

      2) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың  әкiмшiлерi – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға қағаз тасушыда және электронды дерек қоры түрінде есептiден кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей;

      3) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың  әкімшілері – оларға белгіленген  мерзімдерде жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға;

      Мемлекеттік мекеме жаңа қаржы жылының 1 шілдесіндегі,                         1 қазанындағы және 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кредиторлық/дебиторлық берешектер туралы нақтыланған есептерді оларға белгіленген мерзімдерде бюджеттік бағадарламалардың әкімшісіне береді.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 1 шілдедегі, 1 қазандағы жағдай бойынша кредиторлық/дебиторлық берешектер туралы нақтыланған есептерді  жаңа қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша (өткен қаржы жылы үшін) есептіден кейінгі екінші айдың 10 күнінен кешіктірмей – есепті қаржы жылынан кейінгі екінші айдың 25 дейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.

      86. Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік  бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік  бағдарламалар әкімшісінің немесе мемлекеттік мекеменің бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе мемлекеттік мекемелердің  басшысы және бас бухгалтер қол қойған және  елтаңба мөрімен бедерленген КБ-Б, ДБ-Б, КБ-Б және ДБ-Б нысандары бойынша есептерді ұсынады.

      87. Кредиторлық және дебиторлық  берешек туралы есептер атқарушы  туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, ресми бланкiге жазылған, басшының  қолы қойылған хатпен жiберiледi.

     88. Мемлекеттік мекеме немесе бюджеттік  бағдарламалардың әкімшілері таратылған  немесе қайта ұйымдастырылған (қосылған және біріктірілген) кезде оларда бар кредиторлық/дебиторлық берешек беру актісіне немесе бөлу балансына сәйкес құқықтық мирасқорының кредиторлық және дебиторлық берешегі туралы есепте көрсетіледі.

     89. Бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы шығыстарының функционалдық немесе экономикалық сыныптамасының кодтары өзгерген жағдайда, есепте кредиторлық және дебиторлық берешек Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының шығыстары кодтарының өту кестесіне сәйкес шығыстардың жаңа кодтары бойынша көрсетіледі.

     Бірыңғай  бюджеттік сыныптамадан жекелеген  бюджеттік бағдарламаларды алып тастаған жағдайда, олар бойынша кредиторлық/дебиторлық берешек оларды алып тастаған жылы қолданылған бюджеттік бағдарламалардың кодтары бойынша кредиторлық/дебиторлық берешек туралы есептерде ескеріледі.

Информация о работе Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесі