Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 17:53, реферат
Осы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық, тоқсандық ай сайынғы бюджеттік есептілігінің нысандары, кезеңділігі, мерзімі және жасалу мен ұсынылу тәртібі белгіленеді.
150 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» (093) жолы бойынша күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасының қалдығы көрсетіледі.
152 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» (095) жолы бойынша жалпы сипаттағы трансферттерді, нысаналы ағымдағы трансферттерді, дамуға арналған нысаналы трансферттерді қаржыландыруа арналєан трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасының қалдығы көрсетіледі.
160 «Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» (096) жолы бойынша басқа да бюджеттер есебінен қаржыландырылатын міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасының қалдығы көрсетіледі.
161 «Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» (098) жолы бойынша - мемлекеттiк мекеменiң шығыстарына және республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдердің есебiнен басқа да iс-шараларға арналған міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомасы көрсетiледi.
162 «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» (099) жолы бойынша есептi жылдың басынан бастап Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомасы көрсетiледi.
170 «Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарымен көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» (100) жолы бойынша міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарымен көзделген республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары сомасының қалдығы көрсетіледі.
171 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» (103) жолы бойынша жергілікті бюджеттерден бөлінген күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың қалдығы көрсетіледі.
172 «Жергілiктi бюджетке түсетін түсімдердің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» (108) жолы бойынша - мемлекеттiк мекеменің шығыстарына және басқа да iс-шараларға арналған жергілiктi бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны түрінде түсетін міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар көрсетіледі.
190 «Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ)» (110) жолы бойынша мемлекеттік мекемелердің демеушілік, қайырымдылы көмектен алған ақшасының қалдығы көрсетіледі.
200 «Ақылы қызметтер ҚБШ» (111) жолы бойынша мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатуынан түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын орындауға байланысты операциялар бойынша ақша қалдығы көрсетіледі.
210 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» (112) жолы бойынша қайтарымдылық шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаның қалдығы көрсетіледі.
211 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» (113) жолы бойынша сыртқы қарыздар бойынша арнайы шоттағы қаражаттардың қалдығы көрсетіледі.
212 «Мемлекеттік мекеменің карт-шоты» (114) жолы бойынша мемлекеттік мекеменің карт-шотындағы қаражат қалдығы көрсетіледі.
213 «Есеп айырысу шоты» (115) жолы бойынша Қазаќстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және өзге де ұйымдардың шетелдік мекемелерін ұстауға түскен бюджеттік қаражаттардың қалдығы көрсетіледі.
214 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» (116) жолы бойынша гранттар бойынша арнаулы шоттағы қаражаттардың қалдығы көрсетіледі.
215 «Шетел валютасындағы шот» (118) жолы бойынша есепті жылдың соңғы күнінде қолданылған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталған валюта айырбастаудың рыноктық бағамы бойынша шетел валютасын қайта есептеу жолымен алынған валюталық қаражат қалдығы Қазақстан Республикасының валютасымен көрсетіледі.
216 «Жолдағы ақша» (119) жолы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі шетелдік мекемелердің шығыстарын қаржыландыруға аударған, бірақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі шетелдік мекемелерінің есеп айырысу шотына түспеген сома көрсетіледі.
220 «Касса» (120) жолы бойынша мемлекеттік мекеменің кассасындағы ақша қалдығы көрсетіледі.
230 «Аккредитивтер» (130) жолы бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткiзуге ақы төлеу бойынша берушiлер алдында туындаған мемлекеттiк мекемелердің мiндеттемелерiне сәйкес ашылған аккредитивтердің қалдығы көрсетiледi.
231 «Ақшалай құжаттар» (132) жолы бойынша әртүрлі ақша құжаттардың: бензин мен майға, тамақтануға төленген талондар, демалыс үйлеріне, санаторийлерге, турбазаларға төленген жолдамалар, почта аударымдарына алынған хабарламалар, пошта маркалары мен мемлекеттік баж маркалары, қарыз облигациялары (сақтауға және т.б. тапсырылған), еңбек кітапшасының бланкілері мен оларға ішпектер және т.б. қалдығы көрсетіледі.
232 «Қаржылық салымдар» (134) жолы бойынша банктер депозиттеріне мемлекеттік мекемелердің салымдарының (инвестицияларының) сомасы, ұйымның бағалы қағаздары, мемлекеттік және жергілікті қарыздардың проценттік облигациялары көрсетіледі.
42. Баланс активінің «Есеп айырысулар» бөлімінде баланста есеп айырысуды көрсететін бухгалтерлік есеп шоттары бойынша қалдықтар ашық күйде көрсетіледі: баланс активінде дебеттік сальдосы бар (дебиторлық берешек), пассивте - кредиторлық сальдосы бар (кредиторлық берешек) шоттар бойынша қалдықтар.
239 (551 пассивте) «Сыртқы қарыздар есебінен міндеттемелер бойынша есеп айырысулар» (151) жолы бойынша сыртқы қарыздар есебінен сатылатын жобалар бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) үшін тапсырысшыларға (берушілерге (мердігерлерге)) берешек сома көрсетіледі.
240 (552 пассивте) «Ғылыми әзірлемелер бойынша есеп айырысулар» (152) жолы бойынша кәсіпорындардың және ұйымдардың ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, ғылыми зерттеулер, ғылыми-техникалық жұмыстар және басқалар жөніндегі тапсырыстарды орындауы бойынша берешек сомасы көрсетіледі.
241 (553 пассивте) «Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін тапсырысшылармен есеп айырысулар» (153) жолы бойынша кәсіптік-техникалық мектептерде тапсырысшылардың (тапсырысшыларға) олар үшін орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер мен сатылған дайын бұйымдар үшін берешек, сондай-ақ оқушылардың өндірістік оқу процесінде орындаған жұмыстары үшін ұйымдардың берешек сомасы көрсетіледі.
250 (560 пассивте) «Гранттар есебінен міндеттемелер бойынша есеп айырысулар» (155) жолы бойынша берушілер мен мердігерлерге жоба бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін берешек сомасы көрсетіледі.
261 «Жұмыстар мен қызмет көрсету үшін тапсырысшылардың аванстары бойынша есеп айырысулар» (157) жолы бойынша шарт бойынша жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау үшін аванс ретінде ұйымнан (тапсырысшыдан) түскен сома, 571 жолы бойынша пассивте осы шот бойынша баланста - шарт бойынша орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін берешек сома көрсетіледі.
262 «Әлеуметтік салық жарнасы бойынша есеп айырысулар» (159) жолы бойынша мемлекеттiк мекемелердiң бюджетке артық аударған әлеуметтiк салық сомасы, 580 жол бойынша пассивте - мемлекеттiк мекемелердiң бюджетке әлеуметтiк салықты төлеу бойынша берешек сомасы көрсетiледi.
270 «Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысулар» (160) жолы бойынша іссапар шығыстарына, сондай-ақ қолма қол ақшасыз есеп айырысу жолымен жүргізілуі мүмкін шығыстарды төлеуге арналған оларға берілген аванстар бойынша есепті тұлғаларға берешек сома көрсетіледі. 160 қосалқы шот бойынша кредит қалдықтары 581 жол бойынша баланс пассивінде көрсетіледі.
280 «Жетіспеушіліктер бойынша есеп айырысулар» (170) жолы бойынша активтердің, материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының жетіспеушілігі мен ұрлануы бойынша берешек сома, кінәлі тұлғалардың есебіне жатқызылған материалдық құндылықтардың бүлінуінен шеккен зиян сомасы және белгіленген тәртіпте ұсталуға тиісті басқа да сомалар көрсетіледі.
290 «Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы бойынша есеп айырысулар» (171) жолы бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша есептелген жәрдемақы берешектерінің сомасы көрсетіледі, 582-жол бойынша пассивте уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы берешегінің қалдығы көрсетіледі.
300 (590 пассивте) «Төлемдердің арнайы түрлері бойынша есеп айырысулар» (172) жолы бойынша жеті жылдыќ музыка мектептеріндегі балаларды оќытуєа; мектеп-интернатта тәрбиеленушілерді ұстауға; жұмысшылар мен қызметшілердің нысанды киімдеріне; мектеп жанындағы интернаттардағы балаларды тамақтандыруға арналған берешек сома көрсетіледі.
301 «Бюджетке төленетін төлемдер бойынша есеп айырысулар» (173) жолы бойынша артық аударылған төлемдердің нәтижесінде жиналған бюджетке қайтаруға жататын берешек сома, 600 пассивте жолы бойынша - бюджетке төленетін жарнаға жататын, бірақ есепті жылдың аяғында қандай да бір себеп бойынша аударылмаған салықтар бойынша берешек сома, сондай-ақ бюджетке аударылуға жататын басқа да сомалар көрсетіледі.
302 «Шағын және орта бизнес субъектілеріне кредит беруге алынған қаражат бойынша есеп айырысулар» (175) жолы бойынша жергiлiктi бюджеттерден шағын және орта бизнеске кредит беруге бөлiнген кредиттер көрсетiледi.
310 (640 пассивте) «Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде өзге де дебиторлармен есеп айырысулар» (178) жолы бойынша осы бөлімде көрсетілмеген бекiтiлген қаржыландыру жоспарының шегiнде шоттар бойынша мемлекеттік мекеменің берешек сомасы көрсетіледі.
320 «Аванстық төлемдер тәртібінде есеп айырысулар» (179) жолы бойынша есеп айырысулар әрбір мәміле бойынша (тауарды тиеу, жөнелту және қызмет көрсетулер) жеке-жеке емес, ал тараптармен алдын ала келісілген мерзімде және мөлшерде қаражаттарды дүркін-дүркін аудару жолымен жүзеге асырылатын берушілерге берешек сома көрсетіледі.
321 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» (188) жолы бойынша соманы бiр теңгеге дейiн дөңгелектеудiң арифметикалық әдiсiн қолдану нәтижесiнде артық төленген тиындардың қалдық сомасы көрсетiледi, 671-жол бойынша пассивте жалақының, стипендияның төленбеген қалдық сомасының қалдығы, атқару парақтары бойынша ұсталған төленбеген сомалардың, соманы бiр теңгеге дейiн дөңгелектеудiң арифметикалық әдiсiн қолдану нәтижесiнде тиындармен есепті тұлға алдындағы берешек сомалардың қалдықтары көрсетiледi.
322 «Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу жөніндегі есеп айырысулар» (191) жолы бойынша зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөнiндегі берешек сома, активте - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа төленбеген зейнетақылар мен әлеуметтiк жәрдемақылар бойынша берешек сома, пассивте (681 жол) Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа төленген зейнетақылар мен әлеуметтiк жәрдемақылар бойынша нақты шығыстар көрсетiледi.
323 «Міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға арналған трансферттер бойынша есеп айырысулар» (192) жолы бойынша - мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша жұмыс берушiлердiң шоттарына аударылған сомалар көрсетiледi.
324 «Нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысулар» (194) жолы бойынша бюджеттік баєдарламалардың әкімшілері облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне бөлінген жете пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің сомасын көрсетеді.
325 «Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар» (198) жолы бойынша міндетті зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша, активте - артық аударылған төлемдер нәтижесінде жинақталған, пассивте (683 жол) - қандай да бір себептер бойынша аударылмаған берешек сома көрсетіледі.
326 «Ішкі кредит беру бойынша есеп айырысулар» (199) жолы бойынша - қайтарымды негiзде iшкi кредит берудің мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ мемлекеттiк бiлiмдiк кредит және мемлекеттiк студенттiк кредит бойынша берешектердiң қалдығы көрсетіледi.
327 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысулар» (195) жолы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына мемлекеттік мекеме артық аударған міндетті әлеуметтік аударымдардың сомасы, пассивте 684-жол бойынша - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі мемлекеттік мекеменің берешек сомасы көрсетіледі.