Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 17:53, реферат
Осы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық, тоқсандық ай сайынғы бюджеттік есептілігінің нысандары, кезеңділігі, мерзімі және жасалу мен ұсынылу тәртібі белгіленеді.
Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданысы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
27. Дебиторлық берешек сомалары өндіріліп алынуы, ал кредиторлық берешек - өтелуі керек. Дебиторлармен және кредиторлармен аяқталмаған есеп айырысуларға есепке түсіндірме жазбада түсініктеме берілуі тиіс.
Есеп беретін тұлғалардан аванстық есептер, сондай-ақ пайдаланылмаған сомалардың қалдықтары уақытылы талап етілуі қажет.
28. Бюджет бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы жөніндегі ағымдағы есептің шоттарын жабу мынадай тәртіпте жүргізіледі. 230 «Мемлекеттік мекеменің және басқа да іс-шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру» қосалқы шоттың дебетіне (140 «Мемлекеттік мекеменің және басқа да іс-шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру жөніндегі есеп айырысу») инвестициялық жоба аяқталғаннан кейін есептен шығарылатын, сыртқы қарыздың есебінен инвестициялық жобаны іске асыруға арналып мемлекеттік бюджеттен бөлінген бірлесіп қаржыландыру сомасын қоспағанда, 200 «Мемлекеттік мекемені ұстауға және басқа да іс-шараларға бюджет бойынша шығыстар» қосалқы шоты бойынша қалдық кредиторлық берешектің сомалары сондай-ақ көп жылғы жобалар бойынша материалдық емес активтерді әзірлеуге арналған шығындарының сомалары 014 «Материалдық емес активтер» қос алқы шотына жобаның қабылдануы мен аяқталғаны есептен шығарылуы;
201 «Ғылыми әзірлемелерге арналған шығыстар» қосалқы шоты бойынша аяқталған және қабылданған ғылыми әзірлемелер бойынша шығыстар есептен шығарылады.
Егер бюджет бойынша іс жүзіндегі шыєыстардың сомасы 230 «Мемлекеттік мекеменің және басқа іс-шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру» қосалқы шот немесе 140 «Мемлекеттік мекеменің және басқа іс-шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру жөніндегі есептер» қосалқы шот бойынша қаржыландыру қалдығынан асып кетсе, шығыстарды есептен шығару осы қосалқы шоттар бойынша қалдыққа тең сомада жүргізіледі.
231 «Күделі салымдарды бюджеттен қаржыландыру» және 143 «Күрделі салымдарды бюджеттен қаржыландыру жөніндегі есеп айырысулар» қосалқы шоттарының дебетіне:
093 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 103 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттары бойынша 31 желтоқсанда жабылған қаражаттар қалдығының сомасы;
203 «Күрделі жұмсалымдарға бюджет бойынша шығыстар» қосалқы шоты бойынша аяқталған және пайдалануға берілген жаңадан салынған және жаңғыртылған объектілер бойынша шығындар есептен шығарылады.
234 «Трансферттер бойынша қаржыландыру» қосалқы шотының дебетіне 205 «Трансферттер бойынша шығыстар» қосалқы шоты бойынша сома есептен шығарылады.
200 «Мемлекеттік мекемені және басқа іс-шараларды ұстауға бюджет бойынша шығыстар» қосалқы шот бойынша іс жүзіндегі шығыстарды 238 «Мемлекеттік мекемені ұстауға арналған өзге де қаражаттар» қосалқы шотына есептен шығару жыл аяғындағы осы қосалқы шоттағы қаражаттардың қалдығына тең сомада жүргізіледі, қалған сома 230 «Мемлекеттік мекеменің және басқа іс-шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру» (140 «Мемлекеттік мекеменің және басқа іс-шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру жөніндегі есептер») қосалқы шотқа жатызылады.
29. Өзге де қорлармен айналысатын мемлекеттік мекемелер жыл аяғында 215 «Өзге де қорлар есебінен шығыстар» қосалқы шоты бойынша іс жүзіндегі шығыстар 272 Өзге де қорлар» қосалқы шотының дебетіне есептен шығару жолымен жабылады. Аяқталған және пайдалануға берілген объектілер бойынша шығындар жыл ішінде 216 «Күрделі жұмсалымға арналған өзге де қорлар есебінен шығыстар» қосалқы шотына есептелінеді, ал жыл аяқталған соң 272 «Өзге де қорлар» қосалқы шотының дебетіне есептен шығарылады.
30.
Мемлекеттік мекеменің
31. Жыл соңында аяқталєан және пайдалануға берілген объектілер бойынша, сондай-ақ шығарылатын өнімнің өзіндік құнына жатпайтын басқа да шығындар 212 «Өзге қаражаттар есебінен күрделі салымдарға шығыстар» қосалқы шоттың кредитінен 400 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетiн кiрiстер», 246 «Өндірістік және әлеуметтік даму қоры» қосалқы шоттардың дебетіне есептен шығарылады. Аяқталмаған және аяқталған, бірақ пайдалануға берілмеген құрылыс және қайта құру объектілері бойынша шығындар 212 «Өзге қаражаттар есебінен күрделі салымдарға шығыстар» қосалқы шоты бойынша баланста қалады.
32. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша бойынша жоспарланатын өндірістік (оқу) шеберханалары мен қосалқы ауыл шаруашылығы бойынша шоттарды жабу шығындардың есебі және 080 «Өндірістік (оқу) шеберханалардың шығындары» және 280 «Өндірістік (оқу) шеберханаларының бұйымдарын сату» қосалқы шоттарында жүргізілетін өнімдер мен бұйымдарды сату шығарылған өнімдерді, бұйымдар мен көрсетілген қызметтерді сату нәтижелерін шаруашылықты табысты жүргізген жағдайда 280 «Өндірістік (оқу) шеберханаларының бұйымдарын сату» қосалқы шоты дебетінен 410 «Пайдалар мен зияндар» қосалқы шотының кредитіне, ал зияндар пайда болған жағдайда - 410 «Пайдалар мен зияндар» қосалқы шот дебетіне 280 «Өндірістік (оқу) шеберханаларының бұйымдарын сату» қосалқы шот кредитінен есептен шығару жолымен жүргізіледі.
33. Ағымдағы қаржы жылында игеру аяқталған сыртқы үкіметтік қарыздар есебінен болатын жобалар бойынша шығыстар жылдың аяғында есептен шығарылады, бұл ретте 249 «Сыртқы қарыздар» қосалқы шотының дебеті бойынша және 204 «Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
Ағымдағы қаржы жылында игеру аяқталған гранттар есебінен болатын жобалар бойынша шығыстар жылдың аяғында есептен шығарылады, бұл ретте 245 «Гранттар» қосалқы шотының дебеті бойынша және 209 «Гранттар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
34. Балансқа мемлекеттік мекеме мынадай шоттар бойынша: мемлекеттік мекеменің коды бойынша, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатуынан түсетін ақшаны есепке алуға және олардың есебінен шығыстарды жүргізуге операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттары бойынша (бұдан әрі-Ақылы қызметтер ҚБШ), демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны есепке алуға және жұмсауға (бұдан әрі-демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ), Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретін ақшаны есепке алумен (бұдан әрі- ақшаны уақытша орналастыру), оларға қызмет көрсету және тағайындау орнына қарай шетел валютасындағы шот бойынша және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары бойынша операцияларды енгізуі тиіс.
35.
Жазбалар түпкілікті аяқталғаннан кейін
келесі жылдың 1 қаңтарына № 1 нысан бойынша
қорытынды Баланс жасалады.
4.
Жылдық, тоқсандық
бюджеттік есептілік
нысандарын толтыру
үшін тәртібі
36. № 1 нысан бойынша баланс актив және пассив болып екі бөліктен тұрады.
Актив - баланстың бірінші бөлігі, тоғыз бөлімнен тұрады. Актив мемлекеттік мекеменің бюджет қаражаттарының құрамын, орналасуын және пайдаланылуын сипаттайды. Онда мемлекеттік мекеменің кодындағы, ақылы қызметтер ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнаулы шоттарындағы, кассадағы қаражаты, бюджетпен есеп айырысу және басқа да есеп айырысулар көрсетіледі.
37. Баланс активінің «Активтер» бөлімінде мемлекеттік мекемеге бүкіл тиесілі бюджеттік қаражаттар, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан, демеушілік пен қайырымдылы көмектен түскен ақша, шетел валютасындағы шоттар және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнаулы шоттары есебінен сатып алынған активтер, оның ішінде бастапқы құны бойынша жалға берілген, яғни оларды сатып алған іс жүзіндегі шығын бойынша ғимараттар, дайындаулар көрсетіледі. Активтердің бастапқы құнының өзгеруі қосымша күрделі салымдарды немесе бөлшектеп таратуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес жүргізілген активтерді бағалауды жүзеге асырылған жағдайда ғана жүргізіледі.
010 «Активтер» жолы бойынша баланста жеке жолда көрсетілетін 014 «Материалдық емес активтер» қосалқы шотын қоспағанда, 010-нан 019-ды қоса алғанда қосалқы шоттарда ескерілетін мемлекеттік мекемелердің барлық активтерінің құны көрсетіледі.
Жалға берілген активтер бұл жолға енгізілмейді және 01 «Жалға берілген активтер» баланстан тысқары шотына ескеріледі
011 «Материалдық емес активтер» (014) жолы бойынша жерді, суды, пайдалы қазбаларды және басқа да табиғи ресурстарды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды пайдалану құқығының; тауарлық белгілеріне және тауарлық маркаларды беру құқығына лицензиялардың, сондай-ақ өзге де мүліктік құқықтардың, делдалдық орындардың, гудвилл, бағдарламалық қамтамасыз ету, ұйымдастыру шығыстарының, маркетинг және басқа да активтердің құны көрсетіледі. Материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға және дайын жағдайға келтіруге арналған іс жүзіндегі шығындар сомасында көрсетіледі.
38. Баланс активінің «Материалдық қорлар» бөлімінде мемлекеттік мекемеге тиесілі құрылыс материалдары, қондырғы жабдықтар, материалдар, тамақ өнімдері, отын және жанар май, мал азығы, жемшөп, ыдыс, машиналарға және жабдықтарға босалқы бөлшектер, қосалқы шаруашылықтардың өнімдері мен бұйымдары, мал төлдері мен бордақылаудағы малдар, оқу, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдар, сондай-ақ ұзақ қолданылатын және зертханалық сынаққа арналған материалдар көрсетіледі.
020-070 жолдар бойынша 03 «Бұйымдар мен өнімдер», 04 «Жабдықтар, құрылыс материалдары мен ғылыми зерттеулерге арналған материалдар», 05 «Мал төлдері мен бордақылаудағы малдар», 06 «Материалдар мен тамақ қнімдері» шоттарда ескерілетін материалдық құндылықтардың, қосалқы шаруашылық өнімдері мен бұйымдары, мал төлдері мен бордақылаудағы малдардың құны көрсетіледі.
39. Баланс активінің «Арзан құнды және тез тозатын заттар» бөлімінде мемлекеттік мекемеге тиесілі оларды сатып алу құны бойынша қоймадағыларды қоса алғанда, арзан құнды және тез тозатын барлық заттар (бұдан әрі - АТЗ) көрсетіледі.
080 «Арзан құнды және тез тозатын заттар» жолы бойынша АТЗ-ның, оның ішінде 070-073 қосалқы шоттарда ескерілетін арнайы киімдер мен арнайы аяқ-киімдердің құны көрсетіледі.
40. Баланс активінің «Өндіріске және басқа да мақсаттарға арналған шығындар» бөлімінде өндірістік (оқу) шеберханалардың, қосалқы ауыл шаруашылығы мен оқу-тәжірибелік шаруашылықтардың бұйымдары мен өнімдерін дайындауға арналған, баспа өнімдерін шығару және қызмет көрсетулер жөніндегі шығындар, сондай-ақ материалдарды дайындау және ұқсату жөніндегі шығындар көрсетіледі.
Бұл бөлімнің 090-130 жолдары бойынша 08 «Өндіріске және басқа да мақсаттарға арналған шығындар» шотында ескерілетін шығындар көрсетіледі.
41. Баланс активтінің «Ақша қаражаттары» бөлімінде мемлекеттік мекеменің кодындағы операциялардың есебі, ақылы қызметтер ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ шетел валютасындағы шотындағы және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарындағы ақша, кассадағы ақша, сондай-ақ өзге де ақшалай құжаттар көрсетіледі.
140 «Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» (090) жолы бойынша республикалық бюджет есебінен ұсталатын міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасының қалдығы көрсетіледі.