Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 17:53, реферат

Описание

Осы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық, тоқсандық ай сайынғы бюджеттік есептілігінің нысандары, кезеңділігі, мерзімі және жасалу мен ұсынылу тәртібі белгіленеді.

Работа состоит из  1 файл

Правила на каз_текст каз.doc

— 363.50 Кб (Скачать документ)

     3-бағанда есепті жылдың басындағы қалдықтар өткен жылға арналған осы есептің нысанына жылдың аяғындағы қалдықтарына сәйкес болуы тиіс көрсетіледі.

     4-бағанда жылдың аяғындағы материалдардың, азық-түліктің және АТЗ қалдықтары.

     5-бағанда есепті жылға арналған материалдардың, азық-түліктің және АТЗ жұмсалуы.

     «Материалдардың, азық-түліктің және арзан бағалы және тез тозғыш заттардың қозғалысы» екінші бөлімінде материалдардың, азық-түліктің және АТЗ қозғалысы көрсетіледі.

     160 жол бойынша материалдардың, тамақ және АТЗ түсімдерінің жалпы сомасы есепті жылға арналған 161-190 жолдар бойынша олардың түсім көздерін көрсете отырып көрсетіледі.

     Есепті  жылы кеткен материалдардың, азық-түліктің және АТЗ жалпы сомасын 201-260 жолдар бойынша бөле отырып 200 жол бойынша көрсетіледі, оның есебінен материалдардың, азық-түліктің және АТЗ кетуі болды.

     № 6- нысан жылдық бюджеттік есептілік болып табылады.

     64. № 7 нысан бойынша Өкілдік шығындарға бөлінген қаражатты пайдалану туралы есепті өкілдік шығындарға қаражат алған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері береді.

     Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жасаған Іс-шаралар жоспарына сәйкес өкілдік шығындарға қаражат алған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттарды пайдалану туралы есепті № 7-нысан бойынша жиынтық түрде беруі тиіс, соңынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бөлінген өкілдік шығындарға арналған қаражаттардың пайдалануы туралы № 7-жиынтық нысан бойынша жылдық есептілік құрамда бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.

     Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттарды пайдалану  туралы есепті    № 7-нысан бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері белгіленген тәртіппен бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдарға береді.

     «Смета  бойынша бекітілді» 3-бағанында іс-шараларды  ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстардың сметасы бойынша  бекітілген өкілдік шығыстардың  сомасы көрсетіледі, «Төленген міндеттемелер» 4-бағанында төленген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі, «Орындалмаған міндеттемелердің қалдығы» 5-бағанында орындалмаған міндеттемелердің қалдығы көрсетіледі. Бұдан басқа, берілген міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың анықтама сомасы көрсетіледі.

     № 7 -нысан тоқсандық және жылдық бюджеттік есептілік болып табылады.

     65. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттарды пайдалану туралы есепті № 7-нысан бойынша жиынтық түрде белгіленген тәртіппен бюджеттік есептілік құрамда бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.

     «Республикалық  бюджетте көзделген өкілдік шығындардың  сомасы»      1-бағанында  республикалық бюджетте көзделген  өкілдік шығындардың сомасы көрсетіледі, «Нормативтік құқықтық актіде көзделген сомасы» 5-бағанында нормативтік құқықтық актіде көзделген сомасы көрсетіледі, «Төленген міндеттемелер сомасы» 6-бағанында төленген міндеттемелер сомасы көрсетіледі, «жоспардың бөлінбеген сомасы» 7-бағанында жоспардың бөлінбеген сомасы (1-баған алу 5-баған) көрсетіледі.

     № 7- жиынтық-нысан жылдық бюджеттік есептілік болып табылады.

     66. № 8-зт-нысан бойынша Зейнетақыларды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды, жерлеуге және басқа жәрдемақыларды төлеу туралы есеп есептің құрамында мыналарды білдіреді: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға; облыстық, Астана, Алматы қалаларының департаменттері (басқармалар), аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері - бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар. 3-бағандағы есептің нысанында есепті кезеңнің басынан бастап республикалық бюджет немесе жергілікті бюджеттен алынған міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар бойынша сомасы көрсетіледі, 4-бағанда – «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның немесе оның филиалдарының (бұдан әрі - МЗТО) есеп айырысу шотына бюджет қаражатыныѕ түсуі, 5-бағанда - банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкке немесе ұйымға МЗТО төлем сомасымен сомаларды аудару көрсетіледі, 6-бағанда - Ұлттық банк алушылардың дербес шоттарына есептеген сомалар көсетіледі.

     1 және 4-жолдар бойынша жылдың басындағы және есепті кезеңнің аяғындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары көрсетіледі.

     2-жол  бойынша есепті кезеңде бөлінген, оның ішінде Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес төлемдердің түрлеріне бөле отырып, төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі.

     3-жол  бойынша 4 және 5-бағандарда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қайтарылған және есепті кезеңде бюджеттің кірісіне есептелген сома көрсетіледі.

     № 8-зт-нысан тоқсандық және жылдық бюджеттік есептілік болып табылады.

     67. № 9 нысан бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген қаражатты пайдалану туралы есепті Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардыңѕ резервтерінен қаражат алған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жасайды. Есепте: 1-бағанда - Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының немесе резервтерден қаражат бөлуге жергілікті атқарушы органдар өкімінің нөмірі мен күні; 2-бағанда –резервтен қандай мақсатқа бөлінген қаражаттар: төтенше резерв; шұғыл шығындарға арналған резерв; соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв;  3-бағанда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы немесе жергілікті атқарушы органдардың өкімі бойынша көзделген сома; 4-бағанда мерзімділігіне арналған міндеттемелер бойынша жоспардың сомасы; 5-бағанда – төленген міндеттемелердің сомасы;

     № 9 нысан жылдық бюджеттік есептілік болып табылады.

     68. № 10- нысан бойынша Мемлекеттік мекемелерде ақшалай активтер, материалдық құндылықтар мен қаражаттың жетіспеушілігі мен ұрлануы туралы есеп активтердің, материалдық қорлардың, АТЗ және ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі мен ұрлану сомаларын, мемлекеттік мекеменің шығарылған кінәлі тұлғалардың есебіне жатқызылған активтерді, материалдық қорларды, АТЗ бөлінуінен алынған ысырап сомасын және белгіленген тәртіппен бір жылдың ішінде тексерулердің, тексерістердің, түгендеулердің барысында айқындалған ұстауға жататын басқа да сомаларды көрсетеді.

     № 10 -нысанда 010 жол бойынша активтердің, материалдық қорлардың, АТЗ және ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі мен ұрлануы бойынша берешек қалдығы, кінәлі тұлғалардың есебіне жатқызылған активтерді, материалдық қорларды, АТЗ бөлінуінен алынған ысырап сомасы және жылдың басында белгіленген тәртіппен ұстауға жататын басқа да сомалар көрсетіледі, ол өткен жыл үшін осы нысанның 060 жолына сәйкес келуі тиіс.

     020- жол бойынша белгіленген активтердің, материалдық қорлардың, АТЗ және ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі мен ұрлануының жалпы сомасы, сондай-ақ кінәлі тұлғалардың есебіне жатқызылған активтерді, материалдық қорларды, АТЗ бөлінуінен алынған ысырап сомасы және белгіленген тәртіппен есепті жылы тексерулер, тексерістер, түгендеулер кезінде айқындалған ұстауға жататын және соттың шешіміне сәйкес 030- жол бойынша кінәлі тұлғаларға жатқызылған сомаларды бөле отырып кінәлі тұлғалардың есебіне жатқызылған басқа да сомалар көрсетіледі.

     040 -жолы бойынша активтер, материалдық қорлар, АТЗ және ақшалай қаражаттар бойынша келтірілген залалды өтеуге кінәлі тұлғалардан өндіріп алынған сомалар, кінәлі тұлғалардың есебіне жатқызылған активтерді, материалдық қорларды, АТЗ бөлінуінен алынған ысырап сомасы және белгіленген тәртіппен ұстауға жататын басқа да сомалар көрсетіледі.

     050- жолы бойынша активтер, материалдық қорлар, АТЗ және ақшалай қаражаттың сомалары, кінәлі тұлғалардың есебіне жатқызылған активтерді, материалдық қорларды, АТЗ бөлінуінен алынған ысырап сомасы және есепті жылы кінәлі тұлғалардың төлем қабілетсіздігінен және белгіленген тәртіппен басқа да себептермен мемлекеттік мекеменің есебінен есептен шығарылған есепті жылы және өткен жылдарда белгіленген тәртіппен ұстауға жататын басқа да сомалар көрсетіледі.

     060- жолы бойынша активтер, материалдық қорлар, АТЗ және ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі мен ұрлануы бойынша берешек қалдығының сомасы, кінәлі тұлғалардың есебіне жатқызылған активтерді, материалдық қорларды, АТЗ бөлінуінен алынған ысырап сомасы және белгіленген тәртіппен жылдың аяғында ұстауға жататын басқа да сомалар көрсетіледі. 010 және 060 жолдар бойынша берешек қалдығының сомасы 280 жол бойынша тиісінше 3 және 4-бағандарда 1-нысан баланысының 170 «Жетіспеушіліктер жөніндегі есеп айырысулар» қосалқы шоты бойынша көрсетілген сомаларға ұқсас болуы тиіс.

     № 10 -нысан жылдық бюджеттік есептілік болып табылады.

     69. № 11 -нысан бойынша Ішкі қарыздар жөніндегі есепті белгіленген мерзімдерде республикалық бюджеттік бағдардамалдардың әкімшілеріне жобаны іске асыратын республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме білдіреді. Нысанда: 010, 170 -жол бойынша жылдың басындағы және есепті кезеңнің соңындағы ақшалай қаражаттың қалдығы; 040- жол бойынша - жылдың басынан бастап түскен қаражаттың сомасы - барлығы (оның ішінде кірістердің кодтары бойынша донорлардан және республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер); 050 -жолы бойынша - жылдың басынан бастап ақшалай қаражат жұмсалды - барлығы (оның ішінде ерекшеліктер бойынша) қойылады.

     № 11- нысанның есебі деректерінің негізінде № 2- нысан мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептің 6-бағаны толтырылады.

     № 11- нысан тоқсандық және жылдық бюджеттік есептілік болып табылады.

     70. Гранттар бойынша есеп, № 12- нысан бойынша байланысты гранттарды алатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жасайды.

     010, 170 жолдар бойынша «оның ішінде ақшалай қаражаттың қалдығы» 011 және 170 -жолдары бойынша бөле отырып жылдың басындағы және есепті кезеңнің соңындағы қалдықтар көрсетіледі.

     020- жол бойынша - гранттар бойынша сомалардың түсуі.

     040- жол бойынша - 011, 020- жолдардың сомасы.

     050 -жол бойынша - есепті кезеңге арналған жүргізілген төленген міндеттемелердің жалпы сомасы.

     № 12- нысан тоқсандық және жылдық бюджеттік есептілік болып табылады.

     71. № 15 -нысан бойынша республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер балансының есеп айырысу баптары бойынша дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректерді есепті күнге теңгемен дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуларды түгендеу нәтижесінің негізінде республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер береді. Осыған ұқсас есептің құрамында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жиынтық деректерді мың теңгемен береді.

     Толтыру кезінде дебиторлық және кредиторлық берешек баланста, оның ішінде дебиторлармен есеп айырысулар - баланстыѕ активінде, кредиторлармен есеп айырысулар - баланстың пассивінде ашық көрсетілетінін ескеру қажет.

     Республикалық бюджеттік бағдарламаларды әкімшілері ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің есебін тексеру кезінде VI «Есеп айырысулар» IX «Күрделі құрылысқа арналған шығындар» баланс активтерінің бөлімдерінде көрсетілген сомалармен дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректерде көрсетілген соманың барлық қосалқы шоттары бойынша салыстыру қажет.

     72. № 16 -нысан бойынша жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер балансының есеп айырысу баптары жөніндегі дебиторлық берешектің жағдайы туралы Талдамалы деректерді толтырудың тәртібі № 15- нысан бойынша республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер балансының есеп айырысу баптары бойынша дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректерді толтыру нысанының тәртібіне ұқсас.

     73. 17- нысан бойынша республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер балансының есеп айырысу баптары бойынша кредиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректерді есепті күнге теңгемен дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуларды түгендеу нәтижелерінің негізінде есептің құрамында білдіретін республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер білдіреді. Осыған ұқсас есептің құрамында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жиынтық деректерді мың теңгемен береді.

Информация о работе Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесі