Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 17:53, реферат

Описание

Осы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық, тоқсандық ай сайынғы бюджеттік есептілігінің нысандары, кезеңділігі, мерзімі және жасалу мен ұсынылу тәртібі белгіленеді.

Работа состоит из  1 файл

Правила на каз_текст каз.doc

— 363.50 Кб (Скачать документ)

     Толтыру кезінде дебиторлық және кредиторлық берешек баланста, оның ішінде дебиторлармен есеп айырысулар - баланстың активінде, кредиторлармен есеп айырысулар - баланстың пассивінде ашық көрсетілетінін ескеру қажет. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің есебін тексеру кезінде III «Есеп айырысулар», V «Күрделі құрылысты қаржыландыру» баланс пассивінің бөлімдерінде көрсетілген сомалармен кредиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректерде көрсетілген соманың барлық қосалқы шоттары бойынша салыстыру қажет.

     Бұл ретте мемлекеттік мекеменің  кредиторлық берешегіне мерзімінде төленбеген қабылданған міндеттемелердің сомасы жатады.

     74. № 18 -нысан бойынша жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер балансының есеп айырысу баптары жөніндегі кредиторлық берешектің жағдайы туралы Талдамалы деректерді толтырудың тәртібі республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер балансының есеп айырысу баптары бойынша кредиторлық берешектің жағдайы туралы Талдамалы деректерді толтыру нысанының тәртібіне ұқсас.

     75. № 4-20- нысан бойынша шығыстар жөніндегі жиынтық есеп мемлекеттік мекемелер қазынашылық органдарынан ай сайын алады.

     № 4-20 нысанында: әкімшінің атауы мен коды,

     мекеме, бюджеттік баєдарлама, бағдарламалар, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер; бір жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, жылдың басынан бастап міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жоспары; жыл басынан бастап қабылданған міндеттемелердің сомасы; жыл басынан бастап төленген міндеттемелер; ағымдағы айға; төленбеген міндеттемелер; түгел төленбеген  міндеттемелер; міндеттемелер бойынша, төлемдер бойынша жоспарлардан қалған қаражаттарының қалдықтары.

     Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тоқсан сайын Қазынашылық комитетінен № 4-20- нысан бойынша шығыстар жөніндегі жиынтық есепті алады. Есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша оны бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолымен және елтаңбалы мөрдің бедерімен растайды да бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жылдық есептің құрамында ұсынады.

     Жергілікті  бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік мекемелердің берілген жылдық есебінің негізінде жиынтық есепті жасайды және есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша № 4-20- нысан бойынша қазынашылық органдарының деректерімен салыстырады, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолымен және елтаңбалы мөрдің бедерімен растайды және оны бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға береді. 
 

5. Кредиторлық және  дебиторлық

берешегі  туралы есепті жасау  және беру тәртібі 
 

     76. Кредиторлық және дебиторлық берешек есептерде өткен жылдардың берешегi және ағымдағы жылдың берешегi болып бөлiнедi.

     Өткен жылдардың берешегi - мемлекеттiк  мекемелердiң ағымдағы жылдың алдындағы жылдары пайда болған берешегi.

     Көрсетiлген есептерде ағымдағы жылдың басындағы  өткен жылдардың кредиторлық  берешегiнiң және оның бiр бөлiгi ағымдағы жылы өтелген жағдайда, осы берешектiң  есептi күнгi қалдығының жай-күйi тiркеледi.

     Дебиторлық  берешек туралы есептерде ағымдағы жылдың басындағы өткен жылдардың  дебиторлық берешегінің және оның бір  бөлігін ағымдағы қаржы жылында  өндіріп алған жағдайда, есепті күнгі  осы берешек қалдығының мән-жайы көрсетіледі.

     Ағымдағы  жылғы берешек – ағымдағы жылы пайда болған және есепті күні қалыптасқан мемлекеттік мекемеге берешек.

     Кредиторлық және дебиторлық берешек туралы есептер  есепті күнге арналған талдамалы  бюджет есебінің деректеріне негізделеді.

     Есептер кіші бағдарлама, бағдарлама, мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша және тұтастай тиісті бюджет бойынша аралық қорытындыны қамтуы тиіс.

     Есепте  барлық құндық көрсеткіштер мың теңгемен көрсетіледі. Есептің бөлшек бөлігінің  көрсеткіштері бір ондық белгіге  дейін дәлдікпен көрсетіледі және ол бүтін бөліктен үтірмен бөлінеді.

     ДБ-Б  нысаны бойынша дебиторлық берешек  туралы есеп былайша толтырылады:

      77. Нысандардың мекен жай бөлігі  мынадай түрде толтырылады:

      «Бюджеттің  түрі» деректемесі – бюджеттің  түрі көрсетіледі, одан бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін немесе мемлекеттік мекемені қаржыландыру жүзеге асырылады;

      «Бюджеттік  бағдарламалардың әкімшісі» деректемесі  – Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы және кодтық белгісі көрсетіледі;

      «Мемлекеттік  мекеме» деректемесі – бюджеттен  қаржыландырылатын Мемлекеттік  мекемелердің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік  мекеменің атауы және коды көрсетіледі;

      «Кезеңділік»  деректемесі – есепті тапсыру кезеңі (айлық, тоқсандық, жылдық) көрсетіледі.

     78. Осы Ережемен кредиторлық берешек  туралы есеп берудiң мынадай  нысандары белгiленедi:

     КБ-Б (осы Ережеге 25-қосымша) ол бойынша бюджет қаражаты есебінен пайда болған мемлекеттік мекеме және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кредиторлық берешегі туралы есеп жасалады;

     КБ-Б (осы Ережеге 26-қосымша) басқа да қаражаттар есебінен ол бойынша мемлекеттік мекеменің және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кредиторлық берешегі туралы есеп жасалады.

      79. КБ-Б-нысан бойынша кредиторлық  берешек туралы есеп келесі  түрде толтырылады:

      1-4-бағандарында  бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасының кодтары – функционалдық топ, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік толтырылады;

      5-бағанда  1-4-бағандардағы кодтарға сәйкес  келетін Қазақстан Республикасының  Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына  сәйкес бюджет шығыстары кодтарының атауы көрсетіледі;

      6-бағанда  ағымдағы қаржы жылына арналған  бюджеттік бағдарламаларды (кіші  бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары  көрсетіледі;

      7-бағанда  ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарына  арналған жағдай бойынша өткен  жылдардың кредиторлық берешегі көрсетіледі. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы жылдық есепті тапсырған сәттен бастап 7-бағанда көрсетілген кредиторлық берешектің сомасы ағымдағы қаржы жылының ішінде өзгермеуі тиіс;

      8-бағанда   ағымдағы қаржы жылы берешек  бөлігін өтегеннен кейін өткен  жылдардың кредиторлық берешегінің  қалдығы көрсетіледі; 

      9-бағанда  ағымдағы қаржы жылы пайда  болған кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі;

      10-бағанда  есепті күнге қалыптасқан жалпы  кредиторлық берешек көрсетіледі  (8 және 9-бағандардың сомасы);

      11-бағанда  төлеу мерзiмi басталмаған аумақтық  қазынашылық бөлімшелерінде белгіленген  тәртіппен тіркелген мiндеттемелер бойынша берешектің сомасы көрсетiледi;

      12-бағанда  қуыну мерзiмi аяқталған кредиторлық  берешегiнiң сомасы көрсетiледi. Көрсетiлген  берешек активтерге, материалдық  қорларға, ақшаға, есептемелерге және  мемлекеттiк мекеме балансының  басқа да баптарына түгендеу жүргiзгеннен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органы белгiлеген тәртiппен түгендеу актiсiн жасағаннан кейiн есепке енгiзiледi. 11 және 12-бағандарда көрсетiлетiн кредиторлық берешектiң сомасы 7-10-бағандарда көрсетiлетiн кредиторлық берешектiң сомасына енгiзiледi.

      80. КБ-Б-нысаны бойынша кредиторлық  берешек туралы есеп келесі  түрде толтырылады:

      Тиісінше 1-4-бағандарында нысандары бойынша  есептерде бюджет шығыстарының сыныптамасына  және Ақылы қызметтер сыныптауышына сәйкес тек өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) пайда болған берешек бойынша шығыстардың кодтары көрсетіледі.

      Өзге  де қаражат есебінен пайда болған кредиторлық берешек бойынша (демеушілік пен қайырымдылық көмектен және басқа да) КБ-Б нысандары бойынша есептерді толтыру тиісінше 4-бағанынан басталады.

      Кейінгі бағандарды толтыру КБ-Б нысаны бойынша  есептерді толтыру үшін осы Ереженің 79-тармағымен белгіленген тәртіппен  жүзеге асырылады.

     81. Осы Ережемен дебиторлық берешек  туралы есептердің мынадай нысандары  бекітіледі:

     бюджет  қаражаттары есебінен қалыптасқан  мемлекеттік мекеме мен бюджеттік  бағдарламалар әкімшісінің дебиторлық берешегі туралы есеп жасалатын ДБ-Б (осы Ережеге 27-қосымша);

     өзге  де қаражаттар (тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден  түскен ақша, демеушілік, қайырымдылық көмектен, жетіспеушілік және талан-таражға  түскен ақша, қызметкерлер алған несиелер бойынша берешек және басқалар) есебінен қалыптасқан мемлекеттік мекеме мен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің дебиторлық берешегі туралы есеп жасалатын ДБ-БП (осы Ережеге 28-қосымша).

     82. ДБ-Б нысаны бойынша дебиторлық  берешек туралы есеп былайша  толтырылады:

     1-4-бағандарда  бюджет шығыстарының фукнционалдық  және экономикалық сыныптамасының  кодтары – функционалдық тобы, бағдарламасы, кіші бағдарламасы, ерекшелігі толтырылады;

     5-бағанда  Қазақстан Республикасының Бірыңғай  бюджеттік сыныптамасына сәйкес  бюджеттің шығыстары кодтарының  атауы көрсетіледі;

     6-бағанда  ағымдағы қаржы жылына бюджеттік  бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспары көрсетіледі;

     7-бағанда  ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтардағы  жағдайы бойынша өткен жылдардың  дебиторлық берешегі көрсетіледі. 7-бағанда көрсетілетін дебиторлық  берешектің сомасы бюджетті атқару  жөніндегі уәкілетті органға  бюджеттік бағдарламаларды (кіші  бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы жылдық есепті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тапсырған сәттен бастап ағымдағы қаржы жылының ішінде өзгермеуі тиіс;

     8-бағанда  Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне  ағымдағы қаржы жылында есептелген дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі;

     9-бағанда  басқа да негіздер бойынша  өтелген  дебиторлық берешек  (ағымдағы жылы тауарлардан (жұмыстардан,  көрсетілетін қызметтерден), соттың  шешімдері бойынша есептен шығарылған  және басқа да алынған) сома көрсетіледі;

     10-бағанда  ағымдағы қаржы жылында оның  бір бөлігін өндіріп алғаннан  кейін өткен жылдардың дебиторлық  берешегінің қалдығы көрсетіледі;

     11-бағанда  ағымдағы қаржы жылында пайда  болған дебиторлық берешек сомасы  көрсетіледі;

     12-бағанда  есепті күнге қалыптасқан жалпы  дебиторлық берешек (10 және 11-бағандардың  сомасы) көрсетіледі;

     13-бағанда  белгіленген тәртіппен аумақтық  қазынашылық бөлімшелерінде тіркелген  бюджет қаражаттары есебінен  тауарлар мен жұмыстарды көрсетілетін (қызметтерді) сатып алуға берушілер мен мердігерлер жасасқан шарттардың талаптарына сәйкес аванстық төлемдердің (алдын ала төлемнің) сомасы көрсетіледі;

     14-бағанда  қуыну мерзімі өткен дебиторлық  берешектің сомасы көрсетіледі.  Мемлекеттік мекеменің активтеріне, материалдық қорларына, ақшасына, есептемелері мен баланстың басқа баптарына түгендеу жүргізілгеннен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен түгендеу актісін жасалғаннан кейін көрсетілген берешек есепке енгізіледі. 14-бағанда көрсетілетін дебиторлық берешектің сомасы 7, 10, 11, 12 және 13-бағандар бойынша көрсетілген дебиторлық берешектің сомасына енгізіледі.

Информация о работе Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесі