Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 17:53, реферат
Осы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық, тоқсандық ай сайынғы бюджеттік есептілігінің нысандары, кезеңділігі, мерзімі және жасалу мен ұсынылу тәртібі белгіленеді.
650 «Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар» жолы бойынша (180) жалақы және жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша басқа да ақшалай төлемдер, жәрдемақылар бойынша берешектің сомасы көрсетіледі.
660 «Степендиаттармен есеп айырысуларлар» жолы бойынша (181) жоғары оқу орындары студенттері мен аспиранттарының және мектептердің, колледждердің және басқа да оқушылардың стипендиялары бойынша берешек сомасы көрсетіледі.
670 «Жұмысшылармен және қызметшілермен қолма-қол ақшасыз аударымдар бойынша есеп айырысулар» жолы бойынша (182-187) кредитке сатылған тауарлар үшін, салымдар бойынша банктердегі шоттарға аударылған жалақы бойынша, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы сақтандыру төлемдерінің аударымдары бойынша, мүшелік кәсіподақ жарналарын ұстап қалу бойынша, банк мекемелерінен жұмысшылар мен қызметшілер алған несиелер үшін, жалақыдан, стипендиядан алынатын ұстап қалулар бойынша, атқарушы парақтар мен басқа да құжаттар бойынша берешек сомасы көрсетіледі.
680 «Орындалған жұмыстар үшін басқа да есеп айырысулар» жолы бойынша (189) жұмыстар үшін төленетін қаламақылар және шарттар бойынша әрекет ету үшін берешектің сомасы көрсетіледі.
681 «Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу бойынша есеп айырысулар» жолы бойынша (191) - зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу бойынша берешектің сомасы көрсетіледі.
682 «Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша есеп айырысулар» жолы бойынша (193) - әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік көмек бойынша, жұмысшыларға және қызметшілерге келтірілген жарақаттың залалын өтеу немесе заңнамаға сәйкес олардың еңбек міндеттерін орындауына байланысты өзге де денсаулығының зақымдалуы бойынша, репатрианттарға (оралмандарға) берілетін өтемақылар бойынша, ата-аналарға, бала асырап алушыларға, қайтыс болғандардың қамқоршыларына, қайтыс болған әскери қызметшілерге берілетін бір жолғы төлемдер бойынша, тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерді ұстау бойынша шығыстарды төлеуге әскери қызметшілерге берілетін ақшалай өтемақы бойынша, жеке тұлғаларға берілетін басқа да трансферттер бойынша берешектің сомасы көрсетіледі.
683 «Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналар бойынша есеп айырысулар» жолы бойынша (198) - қызметкерлердің кірісінен ұсталған және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылмаған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.
51. Баланс пассивінің «Өнімді сату және кірістер» бөлімінде шеберханалық, қосалқы ауыл және оқу-тәжірибе шаруашылықтары өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі, жұмыстардың орындалуы және қызметтер көрсету көрсетіледі.
690 «Өндірістік (оқу) шеберханаларының бұйымдарын сату» жолы бойынша (280) сатылған дайын бұйымдардың, өндірістік (оқу) шеберханалары шығарған сатылған дайын бұйымдардың сомасы, сондай-ақ сатылған дайын баспа өнімдерінің және көрсетілген қызметтердің сомасы көрсетіледі.
700 «Қосалқы (оқу) ауылшаруашылығы өнімдерін сату» жолы бойынша (281) қосалқы ауыл және оқу-тәжірибе шаруашылықтары шығарған сатылған өнімдердің сомасы көрсетіледі.
720 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметті) өткізуден түсетін кірістер» жолы бойынша (400) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметті) өткізуден алынған түсімдердің сомасы көрсетіледі, онда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің билігінде қалады және белгілі мақсаттарға жұмсалады.
730 «Пайда» жолы бойынша (410) шығарылған өнімдерді, бұйымдарды және көрсетілген қызметтерді сатудан алынған нәтиже (пайда) сомасы көрсетіледі.
52. Баланс пассивінің «Күрделі құрлысты қаржыландыру» бөлімінде мемлекеттік бюджеттен күрделі салымдарды салуды қаржыландыру көрсетіледі.
740 «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» жолы бойынша (150) құрылыс материалдары, конструкциялар, деталдар және күрделі салымға бөлінген қаражат есебінен сатып алынатын қондыруға және т.б. жабдық үшін жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар бойынша берешектің сомасы көрсетіледі.
750 «Күрделі салымдарды бюджеттен қаржыландыру» жолы бойынша (231, 143) бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің капиталды салымдарын қаржыландыру сомасының қалдығы көрсетіледі.
53. 760 «Баланс» жолы бойынша 3 және 4-бағандардың 450-ден бастап 750-ге дейінгі жолдарының жалпы сомасы көрсетіледі және осы сома 3 және 4-бағандардың 440 жолына толық сай келуі тиіс.
54. Баланстан тысқары шоттарда мемлекеттік мекемеге жатпайтын, бірақ оның пайдаланылуында немесе билігінде уақытша болатын құндылықтар, сондай-ақ қатаң есептілік бланкілері, демалыс үйлеріне жолдамалар және басқалар көрсетіледі.
770-779 жолдар бойынша жолдардың нөмірлері тиісінше баланстан тысқары шоттарға аударылды, онда материалдық құндылықтар, жалға алынған активтер және басқалар, сондай-ақ мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелердің сомасы ескеріледі.
55. 230; 231; 234; 239 (140; 143) қосалқы шоттары бойынша бюджеттен алынатын қаржыландыру сомасының қозғалысы туралы анықтама бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің деректерімен баланста көрсетілген бюджеттік қаржыландыру сомасын салыстыруға арналған және баланспен бірге беріледі.
3 және 4 (дебет) бағандарда анықтамалар көрсетіледі:
173 «Бюджетке төлемдер бойынша есеп айырысулар шотына жатқызылды»
800 жолы бойынша бюджеттің кірісіне аударуға жататын активтерді және материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың және ақша құжаттарыныі және басқа да түсімдерді есептелген жетіспеу сомасы және сатудан түсетін сома көрсетіледі;
810 «Өндіріп алу үшін нақтыланбаған берешек есептен шығарылды» және 820 «Мемлекеттік мекеменің есебіне қабылданған материалдың жетіспеушіліктері есептен шығарылды жолдары бойынша - мемлекеттік мекеменің есебінен шығарылған дебиторлық берешекті және материалдардың жетіспеушіліктерін өндіріп алу үшін тиісінше сомасы нақтыланбаған;
830 «31 желтоқсанда жабылған міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың қалдығы» жолы бойынша - 31 желтоқсанда жабылған бюджеттен алынған пайдаланылмаған міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар қалдықтарының сомасы;
831 «31 желтоқсанда жабылған сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың қалдығы» жолы бойынша - 31 желтоқсанда жабылған сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар қалдықтарының сомасы;
840 «Аяқталған және пайдалануға берілген құрылыс объектілері бойынша шығындар есептен шығарылды» жолы бойынша (тоқсандық есепте толтырмайды) 4-бағанда аяқталған және пайдалануға берілген жаңа құрылыс объектілері және жылдың аяғында есептен шығарылған қайта құру бойынша шығындар сомасы көрсетіледі;
850 «Есепті жылда шығыстар есептен шығарылды» жолы бойынша (тоқсандық есепте толтырмайды) - 200 қосалқы шоты бойынша көрсетілген жылдың басындағы шығыс қалдықтарын ескере отырып жылдың аяғында есептен шығарылған қаржыландыру жоспарын атқару жөніндегі іс-жүзіндегі шығыстар сомасы, 201 «Ғылыми әзірлемелерге арналған шығыстар» қосалқы шоты бойынша аяқталған және қабылданған ғылыми әзірлемелер бойынша шығыстар және 205 «Трансферттер бойынша шығыстар» қосалқы шоты бойынша мемлекеттік мекеменің алған трансферттері есебінен жүргізілген шығыстар сомасы;
860 «Сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен есепті жылы міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есептен шығарылды» жолы бойынша (тоқсандық есепте толтырмайды) 3-бағанда жылдың аяғында есептен шығарылған сыртқы қарыздар және байланысты гранттар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша сома көрсетіледі;
870 «Өтеусіз берілген материалдық құндылықтар мен ақшалай құжаттар» жолы бойынша 3-бағанда басқа мемлекеттік мекемелерге өтеусіз берілген материалдық құндылықтар мен ақшалай құжаттардың сомасы көрсетіледі;
871 «Аяқталмаған құрылыс объектілеріне қаржыландыру беру» жолы бойынша 4-бағанда аяқталмаған құрылыс объектілерін бір мемлекеттік мекеменің екіншісіне берген қаржыландыру сомасы көрсетіледі;
880 «Барлығы» жолы бойынша - 800-ден бастап 871-ге дейін жолдар сомасы.
7 және 8-бағандарда (кредит) анықтамалар көрсетіледі:
890 «Жыл басындағы қалды» жолы бойынша - жылдың басындағы 230 және 231 (140 және 143), 234 қосалқы шоттары бойынша қаражат қалдығы;
900 «Жыл (тоқсан) ішінде міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» жолы бойынша - берілген міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомасы;
910 «Артық және қайтарымсыз алынған материалдар қосып алынды» жолы бойынша - түгендеу кезінде айқындалған артық материалдар мен азық-түлік сомасы, қайтарымсыз алынған материалдардың құны;
920 «Осы мемлекеттік мекемені жеке қаржыландыру жоспары есебінен орталықтандырылған тәртіппен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүргізген төлемдер» жолы бойынша - бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінен алынған материалдардың құны, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені жеке қаржыландыру жоспары есебінен орталықтандырылған тәртіппен бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жүргізген басқа да төлемдердің сомасы;
930 «Активтер мен АТЗ-ны жоюдан материалдар шотына аударылғаны және түскені» жолы бойынша - активтер мен АТЗ шоттарынан аударылған және активтер мен АТЗ-ны жоюдан материалдар шотына түскен заттардың құны;
940 «Бағамдық айырмашылық» жолы бойынша - бағамдық айырманың сомасы;
941 «Сыртқы қарыздар және байланысты гранттар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» жолы бойынша 7-баған бойынша сыртқы қарыздар және байланысты гранттар қаражаты есебінен жобаларды қаржыландыру сомасы көрсетіледі;
943 «Өндіріп алу үшін нақты емес берешек есептен шығарылды» жолы бойынша - өндіріп алу үшін нақты емес кредиторлық берешек сомасы;
961 «Өзге де» жолы бойынша - басқа сома;
962 «Аяқталмаған құрылыс объектілеріне қаржыландыру алынды» жолы бойынша 8-бағанда мемлекеттік мекемеден алынған аяқталмаған құрылыс объектілерін қаржыландыру сомасы көрсетіледі;
970 «Барлыєы» жолы бойынша - 890-нан бастап 962-ге дейін жолдардың сомасы;
980 «Жыл (тоқсан) аяғындағы қосалқы шот бойынша қалдық» жолы бойынша - ағымдағы жылдың шоттарын жапқаннан кейін есепті күнге қаржыландыру сомасының қалдығы.
№ 1 нысан тоқсандық және жылдық бюджеттік есептілік болып табылады.
56. № 2 нысан бойынша Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп ашық түрде шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша мемлекеттік мекеменің және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарын көруге мүмкіндік береді. Есептілік Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының әрбір функционалдық тобы, мекемесі, бюджеттік бағдарламасы, кіші бағдарламасы бойынша жасалады.
1 және 2-бағандарда шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің атауы және коды көрсетіледі;
3-бағанда қаржыландырудың бекітілген жоспарына сәйкес шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің бөлінісінде белгіленген тәртіппен есепті күні оған енгізілген өзгерістерді ескере отырып жылдық бюджеттік тағайындаулар көрсетіледі;
4-бағанда заңнамада белгіленген тәртіппен оған енгізілген өзгерістерді ескере отырып жыл басынан бастап есепті күнге өспелі қорытындымен бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының сомасы көрсетіледі;
5-бағанда заңнамада белгіленген тәртіппен оған енгізілген өзгерістерді ескере отырып жыл басынан бастап есепті күнге өспелі қорытындымен шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының сомасы көрсетіледі;
4
және 5-бағандардағы көрсетілген
қаржыландыру жоспарының