Дебиторлық борыш

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2012 в 15:06, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына «Қазақстан -2030» Жолдауында ел дамуының соңғы мақсаты болып экономикалық өсу табылатыны және экономикалық басымдылық «бүгін, ертең және алдағы 30 жылда ең маңызды болатыны» атап көрсетілді.

Нарықтық қатынастар қалыптасу кезінде, негізгі бөлігін бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің айқын жүйесі беретін уақытылы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектінің күрделі механизмін басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің ақпараттары шаруашылық субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін оперативті басқару, экономикалық болжамдар және ағымдық жоспарлар құру және ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің әрі қарай даму және жетілдіру, нормативтік-құқықтық актілерді жасау және бекіту, оның жаңа жүйеге - адекватты нарықтық экономикаға өтуін жеделдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Содержание

Кіріспе



1 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дебиторлық және кредиторлық борыштардың түсінігі, мазмұны және түрлері

1.2 Қазақстан және халықаралық тәжірибеде дебиторлық және кредиторлық борыштарының бухгалтерлік есепте құқықтық реттелуі

2 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ («Теплый Стан» ЖШС-ң мысалында)

2.1 «Теплый Стан» ЖШС-тің қызметіне қысқаша сипаттама және 2009-2010 ж.ж. экономикалық көрсеткіштердің талдауы

2.2 Дебиторлық берешектер есебің ұйымдастыру

2.3 Кредиторлық қарыздар есебі

2.4 Дебиторлық борыш есебін ХҚЕС бойынша жетілдіру жолдары

3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР АУДИТІ

3.1 Дебиторлық борыш аудиттің міндеттері мен аудиторлық тексерудің кезеңдері

3.2 Дебиторлық борыш аудитінің талдамалы әдістерін қолдану ережелері

3.3 Кредиторлық қарыздардың аудиті



Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 3

Работа состоит из  1 файл

ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ.doc

— 532.00 Кб (Скачать документ)

     Мазмұны 

     Кіріспе

      

     1 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

     1.1 Дебиторлық және кредиторлық  борыштардың түсінігі, мазмұны және  түрлері 

     1.2 Қазақстан және халықаралық тәжірибеде  дебиторлық және кредиторлық  борыштарының бухгалтерлік есепте құқықтық реттелуі  

     2 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ («Теплый  Стан» ЖШС-ң мысалында)

     2.1 «Теплый Стан» ЖШС-тің қызметіне  қысқаша сипаттама және 2009-2010 ж.ж.  экономикалық көрсеткіштердің талдауы 

     2.2 Дебиторлық берешектер есебің ұйымдастыру

     2.3 Кредиторлық қарыздар есебі

     2.4 Дебиторлық борыш есебін ХҚЕС  бойынша жетілдіру жолдары  

     3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР АУДИТІ

     3.1 Дебиторлық борыш аудиттің міндеттері  мен аудиторлық тексерудің кезеңдері 

     3.2 Дебиторлық борыш аудитінің талдамалы  әдістерін қолдану ережелері 

     3.3 Кредиторлық қарыздардың аудиті

      

       Қорытынды  

       Пайдаланған әдебиеттер тізімі  

3 
 

6 

6 

19 
 

22 

22

29

40

42 

48 

48 

56

61 

68 

70 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

     КІРІСПЕ 

     Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына  «Қазақстан -2030» Жолдауында ел дамуының соңғы мақсаты болып экономикалық өсу табылатыны және экономикалық басымдылық «бүгін, ертең және алдағы 30 жылда ең маңызды болатыны» атап көрсетілді.

     Нарықтық  қатынастар қалыптасу кезінде, негізгі  бөлігін бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің айқын жүйесі беретін уақытылы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектінің күрделі механизмін басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің ақпараттары шаруашылық субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін оперативті басқару, экономикалық болжамдар және ағымдық жоспарлар құру және ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің әрі қарай даму және жетілдіру, нормативтік-құқықтық актілерді жасау және бекіту, оның жаңа жүйеге - адекватты нарықтық экономикаға өтуін жеделдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

     Өндірістің  күрт құлдырауы, Қазақстандағы халық  шаруашылығының бөлек салаларының  жұмысын тоқтатуы инфляция мен жұмыссыздық  деңгейлерінің өсуіне және ең маңыздысы – шаруашылық субъектілері арасындағы нарықтық қатынастардың тұрақсыздығына, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соқтырды.

     Қазіргі кезде барлық шаруашылық субъектілері алдында тұрған ең маңызды, өзекті мәсле  – есеп-төлем операцияларымен тікелей байланысты, яғни тұтастай шаруашылық субъектінің жұмысын реттеуші - дебиторлық қарыз.

       Дебиторлық қарыз шаруашылық субъектілер активтерінің негізгі бөлігі болып табылады. Айта кететін бір жай –Қазақстандық балансының қазіргі құрылымында кез -келген кәсіпорында дебиторлық қарыз баланстың бірінші бөлімінде де, екінші бөлімінде де орын алады.

     Дебиторлық  қарыз - бұл шынымен де дамып келе жатқан Қазақстан экономикасындағы шаруашылық субъектілерінің ең өзекті мәселесі болып табылады.

       Кәсіпкерлік қызметін атқарған кезде, меншік айналымының қатысушылары шаруашылық операцияларды жүзеге асыру барысында өздері жұмсаған қаражаттарды қайтарып қана қоймай, табыс алуды жорамалдайды.

       Бірақ нақты іс жүзінде, әсіресе нарықтық қатынастарға өту және өндірістің құлдырауы кезінде кәсіпорын өз контрагенттерінен белгілі бір себептерге байланысты қарыздарын ала алмайтын кездері өте жиі, ал дәлірек айтқанда ылғи орын алады. Дебиторлық қарыз ұзақ айларға, ал кей кездерде жылдарға «тежеліп» қалатын жағдайлар болады. Дебиторлық қарызының өсуі кәсіпорындардың қаржылық жағдайын нашарлатады және кейде олардың банкротқа ұшырауына әкеледі.

     Айналым құралдарының, дәлірек айтқанда айналыс  қорларының бөлігі ретінде дебиторлық қарыз, әсіресе ол ақталмаған «тежелген» болған жағдайда, айналыс құралдарының айналымын күрт қысқартады және сол арқылы кәсіпорынның табысын азайтады.

     Республикалық және жергілікті бюджеттерге міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының  «Салықтар және бюджетке басқадай міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес, сондай – ақ салық кодексімен қарастырылған нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді және реттеледі.

     Кодекс  салықтардың толық тізбесін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша  төлемшілерін анықтайды.

     Салықтар, алымдар, баждар және басқадай міндетті төлемдер деп ҚР бюджет жүйесіне міндетті жарналарды түсіндіреді.

     Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы салықтар тура және жанама салықтарға бөлінеді. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық пен акциздер жатады. Қалған салықтар тура салықтарға жатады.

     Қазақстан республикасында келесі салықтар:

     1. Корпоративтік табыс салығы.

     2. Жеке табыс салығы.

     3. Қосылған құн салығы.

     4. Акциздер.

     5. Салықтар мен жер қазбаларын  пайдаланушылардың арнайы төлемдері

     6. Әлеуметтік салық.

     7. Жер салығы.

     8. Көлік құралдарына салынатын  салық.

     9. Мүлікке салынатын салық.

     Салық жылында салық салынатын табыстары  бар ұйымдар табыс салығын  төлеушілер болып табылады. Әрбір  салық төлеуші салық салынатын  табысты анықтау үшін жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияндарының сомасын шегереді.

     Сондықтан да бүгінгі күнге шешілуге тиісті және шешілген жағдайда шаруашылық субъектілернің қаржылық жағдайының жақсаруына көмектесетін ең маңызды мәселелерге:

     1. Жаңа шоттар жоспарына және  бухгалтерлік есептің жаңа жүйесіне  өтумен, сонымен қатар әкімшіл-әміршіл  шаруашылық жүйесінің құлдырағаннан  кейін шаруашылықаралық қатынастардың  басым көпшілігінің тоқталуымен  байланысты дебиторлық қарыз есебінің дұрыс ұйымдастырылуы;

     2. Дебиторлық және кредиторлық қарыздың өсуіне әсер ететін факторларды айқындауға және ақталмаған, «тежелген» қарыздарды мүлдем жойып, өсуін тоқтатуға арналған резервтерін анықтағауға бағытталған дебиторлық қарыз талдауы жатады. Ал осы талдау нәтижелерін аудиторлық тексеруде қолдану, дұрыс аудиторлық қорытынды (есеп) беру.

     3. Нарықтық экономика жағдайында аудиттін ролі өте зор. Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансы немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады.

     Аудиторлық  тексеруге экономикалық субъектілердің бухгалтерлік есеп берулерін құрайтын барлық формалар жатқызылады:

  • ұйымдық балансы (бухгалтерлік теңгерімі) (нысан – 1)
  • кірістер мен шығыстар туралы есеп беру (нысан – 2)
  • ақша қозғалысы туралы есеп беру (нысан – 3)
  • меншікті капитал қозғалысы туралы есеп беру (нысан – 4 )

     Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі осымен айқындалады. Оның зерттеу объектісі  болып « Теплый Стан» ЖШС болып табылады.

     Осы дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі нарықтық экономикаға өте бастаған Қазақстандық экономикасындағы фирмалардың шаруашылық қызметіндегі активтердің қозғалысында дебиторлық қарыздың алатын орнын анықтап, оның түрлері бойынша есеп жүргізуді зерттеу.

     Қойылған  мақсатқа жету үшін мына мәселелерді  шешу қажет:

  • «Теплый Стан» ЖШС-ң құрылымы, атқаратын қызметімен танысу;
  • 2009-2010 ж.ж. аралығындағы негізгі экономикалық көрсеткіштерің зерртеп талдау;
  • Дебиторлық және кредиторлық борышқа түсініктеме беріп, оның топтастыруын қарастыру;
  • Нақты іс-тәжірібиеде дебиторлық борыштын есебін ұйымдастырунын ашып көрсету және бухгалтерлік шоттарда жазбаларын көрсету;
  • Аудиторлық тексерудін негізгі кезеңдерін қарастыру;
  • Аудиторлық тесеруде аналитикалық процедураларын қолдануын көрсету;
  • Дипломдық жұмыс бойынша корытынды беру.

            Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында дебиторлық және кредиторлық борыштың теориялық негіздері ашылған; екінші тарауында – кәсіпорындағы дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру мәселелері қарастырылған, ал үшінші тарау дебиторлық және кредиторлық борыш аудитін жүргізу тәртібі зерттеліп көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     1 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

     
    1.   Дебиторлық және кредиторлық борыштардың түсінігі, мазмұны

     және  түрлері 

     Қарыз алушы, дебитор (латын сөзінен debitum - борыш, міндет) екі немесе одан да көп  тұлғалар арасындағы меншіктік байланыстағы азаматтық-құқықтық міндеттеменің бір жағы.

       Дебиторлық қарыз – бұл кәсіпорынға басқа заңды тұлғалар немесе азаматтардан төленуге тиісті қарыз сомасы. Қолма-қолсыз есеп айырысу кезінде дебиторлық қарыздың пайда болуы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің объективті процесін бейнелейді.

     Кәсіпорынның  шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін, алынған векселдер бойынша сатып алушылармен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық борыштар болып табылады.

     Дебиторлық  борыштардың құрамына кәсіпорынның төмендегі қарыздары есепке алынады:

  • алынуға тиісті борыштар (сатып алушылармен тапсырыс берушілердің борыштары);
  • алынған векселдер;
  • кәсіпорынның есеп беруге тиісті тұлғаларының борыштары;
  • ағымдағы активтерді сатып алу үшін төленген аванстық төлемдері;
  • негізгі шаруашылық серіктестік және оның еншілес серіктестіктері арасындағы операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық борыштар;
  • басқадай дебиторлық борыштар.[9 ]

       Қалыптасу сипатына байланысты дебиторлық қарыз қалыпты және ақталмаған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорынның қалыпты қарызына оның өндіріс бағдарламасын орындау үрдісіне, сонымен қатар атқарылып жатқан есеп айырысу формаларына (ұсынылған талаптарға сәйкес қарыз, есеп беруге тиісті тұлғалардың қарызы, тиелген, бірақ төлем мерзімі әлі келмеген тауарлар үшін қарызы) сәйкес қарыздар жатады. Ақталмаған дебиторлық қарыз деп есеп айырысу және қаржылық тәртібін бұзу нәтижесінде, есеп жүргізу кезінде орын алған кемшіліктердің, материалдық құндылықтар босатуды бақылаудың нашарлуы, кемтік пен ұрлықтың пайда болуы (тиелген, бірақ уақытында төленбеген тауарлар, кемтік пен ұрлық бойынша қарыздар) салдарынан пайда болған қарыздар танылады.

Информация о работе Дебиторлық борыш