Дебиторлық борыш

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2012 в 15:06, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына «Қазақстан -2030» Жолдауында ел дамуының соңғы мақсаты болып экономикалық өсу табылатыны және экономикалық басымдылық «бүгін, ертең және алдағы 30 жылда ең маңызды болатыны» атап көрсетілді.

Нарықтық қатынастар қалыптасу кезінде, негізгі бөлігін бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің айқын жүйесі беретін уақытылы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектінің күрделі механизмін басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің ақпараттары шаруашылық субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін оперативті басқару, экономикалық болжамдар және ағымдық жоспарлар құру және ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің әрі қарай даму және жетілдіру, нормативтік-құқықтық актілерді жасау және бекіту, оның жаңа жүйеге - адекватты нарықтық экономикаға өтуін жеделдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Содержание

Кіріспе



1 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дебиторлық және кредиторлық борыштардың түсінігі, мазмұны және түрлері

1.2 Қазақстан және халықаралық тәжірибеде дебиторлық және кредиторлық борыштарының бухгалтерлік есепте құқықтық реттелуі

2 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ («Теплый Стан» ЖШС-ң мысалында)

2.1 «Теплый Стан» ЖШС-тің қызметіне қысқаша сипаттама және 2009-2010 ж.ж. экономикалық көрсеткіштердің талдауы

2.2 Дебиторлық берешектер есебің ұйымдастыру

2.3 Кредиторлық қарыздар есебі

2.4 Дебиторлық борыш есебін ХҚЕС бойынша жетілдіру жолдары

3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР АУДИТІ

3.1 Дебиторлық борыш аудиттің міндеттері мен аудиторлық тексерудің кезеңдері

3.2 Дебиторлық борыш аудитінің талдамалы әдістерін қолдану ережелері

3.3 Кредиторлық қарыздардың аудиті



Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 3

Работа состоит из  1 файл

ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ.doc

— 532.00 Кб (Скачать документ)

     Күмәнді борыштар бойынша резервтеу әдісі – борыш бойынша кәсіпорын болашақта алуға тиісті сомаға дейін шоттардың көлемін азайту және ағымдағы мерзімде күтілетін мұндай шығындарды бөліп көрсетуді қамтамасыз етеді.[22]

       Басқару аппаратының шешімі бойынша  субъект дебиторлық борыштарға  алдын-ала түгелдеу жүргізіп, есепті мерзімге күмәнді борыштар бойынша резервтін сомасын анықтау үшін екі әдісті пайдалануға болады.

  • өнімді өткізуден, жұмыс орындағаннан, қызмет көрсетудін көлемінен есептелінген пайыздық әдіс;

     - дебиторлық борышты төлеу мерзіміне байланысты есепке алу әдісі.

     Төлем мерзімі бойынша шоттарды есептеу  әдісі негізінен жалпы дебиторлық қарыздың белгілі бір пайыздық бөлігінің күдікті деп танылуын көрсетеді. Бұл белгілі бір пайыздың бөлігін табу үшін алынуға тиісті шоттарын олардың категориясы бойынша жіктеуді үсынады:

  • төлеу мерзімі жетпеген шоттар;
  • төлеу мерзімі 1-30 күннің аралығында жасалатын шоттар;
  • төлеу мерзімі 31-60 күннің аралығында жасалатын шоттар;
  • төлеу мерзімі 61-90 күннің аралығында жасалатын шотгар;
  • төлеу мерзімі 90 күннен жоғары шоттар.

     Күмәнді талаптар бойынша резервтер есебі 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотында жүргізіледі. Бұл шот контрактивті, өйткені сатып алушы мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борышының бағасын түзетеді.

     Есепте  күмәнді талаптар бойынша резервтің  жәй-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат баланста және пайда мен зиян туралы есете келесідей көрсетіледі:

       - баланстағы дебиторлық борыш 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотында есептелетін күмәнді талаптар бойынша резерв сомасына азайтылып көрсетіледі;

       - пайда мен зиян туралы есепте құрылған резерв сомасы кезең шығыстары ретінде танылады.

     Егер  сенімсіз дебиторлық борыш сомасы белгілі  болса онда оны шығыстарға жатқызамыз:

     Дебет 7440 «Күмәнді талаптар бойынша шығыстар»

     Кредит 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв»

     Сенімсіз дебиторлық борыштың сомасын, яғни іздену мерзімі өтіп кеткен борышты баланстан шығару мына бухгалтерлік жазумен көрсетіледі:

     Дт 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв»

     Кт 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

     1290 шот бойынша аналитикалық есебі әр бір күмәнді талап бойынша жеке есепке алынып отырылады.

     Қаржылық  есеп беруде дебиторлық қарыздар бойынша  резервтері шегеріліп көрсетіледі. Егер де шаруашылықтар бүңдай резерв қорларын жасамаса, онда сенімсіз деп таньшған қарыздар кезендік шығыстарына есептен шығарылады. 

     2.3 Кредиторлық қарыздар есебі 

     Республикалық және жергілікті бюджеттерге міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының  «Салықтар және бюджетке басқадай міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес, сондай – ақ салық кодексімен қарастырылған нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді және реттеледі.

     Кодекс  салықтардың толық тізбесін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша  төлемшілерін анықтайды.

     Салықтар, алымдар, баждар және басқадай міндетті төлемдер деп ҚР бюджет жүйесіне міндетті жарналарды түсіндіреді.

     Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы салықтар тура және жанама салықтарға бөлінеді. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық пен  акциздер жатады. Қалған салықтар тура салықтарға жатады.

     Қазақстан республикасында келесі салықтар:

     1. Корпоративтік табыс салығы.

     2. Жеке табыс салығы.

     3. Қосылған құн салығы.

     4. Акциздер.

     5. Салықтар мен жер қазбаларын  пайдаланушылардың арнайы төлемдері

     6. Әлеуметтік салық.

     7. Жер салығы.

     8. Көлік құралдарына салынатын  салық.

     9. Мүлікке салынатын салық.

     Салық жылында салық салынатын табыстары  бар ұйымдар табыс салығын  төлеушілер болып табылады. Әрбір  салық төлеуші салық салынатын  табысты анықтау үшін жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияндарының сомасын шегереді.

     Салық салынатын табыстардың және одан шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай – ақ салынатын табыс салығының  мөлшері салық кодексінде қаралады. Табыс салығын есептеу барысында бухгалтерлік есепте «Табыс салығы бойынша шығындар» шоты дебеттеліп, «Төленетін ағымдағы табыс салығы» шоты кредиттеледі.

     Салық заңы талаптарының бухгалтерлік есеп талаптарынан өзгешелігі бар. Осының негізінде  бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен салық салынатын табыстың арасында айырмашылық пайда болады. Бұл айырмашылық пайда болу себептеріне байланысты тұрақты немесе уақытша болып бөлінеді.

     Тұрақты айырмашылықтың пайда болу себебі бухгалтерлік табысты анықтау барысында есепке алынатын табыс пен шығындардың кейбір бөлігі салық салынатын табысты санағанда есепке алынбайды.Тұрақты айырмашылықтар қатарына мыналар жатқызылады:

  • валюталық шоттар мен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық айырмашылық;
  • кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар;
  • бюджетке төленетін айыппұл ықпал шаралары;
  • Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген шектен артық мөлшерде төленген іс сапар шығындары, өкілдік шығындар.

     Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде кейбір баптар бойынша  есептелінген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың сомасы осы кезеңдегі салық салынатын табыстарды анықтарда есепке алынбай келген кезеңдердегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезеңде пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.

     Бухгалтерлік  есеп пен салық есептерінің талаптарындағы өзгешеліктер нәтижесінде пайда  болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығы» шотында жүргізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан кейінге қалдырылған салық сомасы өскенде бұл шот кредиттеліп, ал азайғанда дебеттеледі.

     Қосылған  құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтерді  көрсету және олардың айналысы барысында  қосылған құн өсімінің бір бөлігін  аудару болып табылады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы өткізілген тауарларға (жұмыс, қызмет) есептелген ҚҚС сомасымен сатып алынған тауарларға (жұмыс, қызмет) есептелген ҚҚС сомасының арасындағы айырма ретінде анықталады. Қосылған құн салығының объектісі болып салық салынатын айналым саналады. Салықты төлеушілерге ҚР – да қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген тұлғалар жатады.

     Қосылған  құнға салынатын салық «Қосылған  құнға салынатын салық» шотында  есептеледі.

     Әлеуметтік  салықты төлеушілерге – заңды  тұлғалар, арнайы салық режимін қолданбайтын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар жатады. Салық салу объектісі болып жұмыс берушінің жұмысшыға, оның табысы ретінде төлейтін ақшалай және заттай шығындары табылады. әлеуметтік салық салық кодексінде қаралған тәртіпте есептеліп, бюджетке төленеді. Ұйымның әлеуметтік салық бойынша есеп айырысулары «Әлеуметтік салық» шотында жүргізіледі.

     Жер салығын төлеушілер болып салық  салу объектісі бар тұлғалар саналады:

     1) жеке меншік құқығында;

     2) жерді тұрақты пайдалану құқығында;

     3) жерді бастапқыда қайтарымсыз  уақытша пайдалану құқығында.

     Жер салығын салу объектісіне жер  учаскесі жатады. Есептелген салық  сомасы «Жер салығы» шотында көрсетіледі.

     Ұйымдар мүлік және көлік құралдарына  салынатық салықты салық кодексінде қаралған тәртіпке сәйкес есептеп төлейді, олар «Мүлікке салынатын салық», «Көлік құралдарына салынатын салық» шоттарында жүргізіледі.

     Жұмысшылардың табысы ретінде қаралатын еңбек  ақыдан ұсталынатын жеке табыс салығы, сондай – ақ басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдердің есебі «Бюджетке төленетін басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдер» шоттарында есепке алынады.

     Ұйымның кепілдендірілген және шартты міндеттемелері «Кепілдемелер мен шартты міндеттемелер» бөлімшесінің «Кепілдендірілген міндеттемелер», «Шартты міндеттемелер» шоттарында есептеледі.

     Кепілдендірілген  міндеттемелерге, мәселен, сақтандыру компанияларымен есептесулер жатады. Сақтандыру – қандай да бір оқигалар туған кездегі жеке тұлғалардың  мүліктік мүддесін сақтандыру жарнасы есебінен құралатын ақша қорларының есебінен қорғау қатынастары. Сақтандыру ерікті және міндетті, жеке бас және мүлікті сақтандыру болып бөлінеді.

     Мүліктік  және жеке басты сақтандыру бойынша  есептесулер есебі «Кепілдендірілген міндеттемелер» шотында жүргізіледі. Сақтандыруды қызметкер өз бетінше, немесе жұмысшылардың белгілі бір категориясын ұйым өз есебінен жүргізуі мүмкін.міндеттеменің әрбір түрі бойынша шотына аралық шоттар ашылады.

     Осы шоттар бойынша талдамалық есеп әрбір  қаржыландырылатын объектілер бойынша және әрбір мәміле жасалған орындар бойынша жүргізілуі тиіс. Бұдан өзге осы шотта резервтік қорларға есептелген аударымдар сомасы көрсетіледі.

     Алдын ала келешекте сатылатын тауарлар, орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебін жүргізу үшін «Тауарлы – материалдық қорларды жеткізу үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» шоттары қолданылады.

     Ұйымның алған аванстарының талдамалық есебі әрбір аванс берген ұйым бойынша жеке жүргізіледі.

     Ұйым  аванс алған кезде аванс сомасына «Есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаттары», «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша» шоттары дебеттеліп, оған сәйкес және шоттары кредиттеледі. Сатып алушыларға босатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер құнынан алдын ала аванстар сомасы шегерілгенде және шоттар дебеттеліп, «сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздары» бөлімшелерінің тиісті шоттары кредиттеледі. Ал аванс сомасының толық пайдаланбағаннан қалған бөлігі қайтарылғанда және шоттар дебеттеліп, шоттары кредиттеледі. 

     2.4 Дебиторлық борыш есебін ХҚЕС бойынша жетілдіру жолдары 

     “Стандарт”  ағылшын тілінен аударғанда ереже, үлгі деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепке сәйкес, стандарт – бұл есепті жүргізу ережелерінің құжатталған жиыны. Осы ережелердің әрқайсысы бухгалтерлік есеп жүйесінде көрініс табатын шаруашылық саласындағы әрқилы фактілердің терминологиясын, әдістерін, тәсілдерін анықтайды, жүргізілген бухгалтерлік операциялардың мәнін, мағынасын ашады.

     Стандарттар бухгалтерлік есептің әр түрлі аспектілерін қамтиды. Олардың кейбіреулері бағалау  мен танудың альтернативтік әдістерін  ұсынады. Бұл әрбір басшы өз бизнесінің ерекшеліктеріне байланысты стандартта ұсынылған бағалау мен танудың барлық альтернативті әдістерінің ішінен өзінің кәсіпорыны үшін тиімдірегін және кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен оның қаржылық жағдайын нақты көрсетуге мүмкіндік беретіндерін таңдап алуға тиісті екендігін көрсетеді.

     Халықарлық стандарттар кәсіби ұғынып ойлауға немесе қаржылық есеп беруді дайындауда бағалауға негізделіп құрылған.

     Қазақстан компанияларының халықаралық нарыққа шығуы, шетел капиталымен өзара қатынасы және оны отанымыздың экономикасына тартуы әлемдік және еуропалық есептік стандарттардың танылуымен байланысты.

Информация о работе Дебиторлық борыш