Дебиторлық борыш

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2012 в 15:06, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына «Қазақстан -2030» Жолдауында ел дамуының соңғы мақсаты болып экономикалық өсу табылатыны және экономикалық басымдылық «бүгін, ертең және алдағы 30 жылда ең маңызды болатыны» атап көрсетілді.

Нарықтық қатынастар қалыптасу кезінде, негізгі бөлігін бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің айқын жүйесі беретін уақытылы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектінің күрделі механизмін басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің ақпараттары шаруашылық субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін оперативті басқару, экономикалық болжамдар және ағымдық жоспарлар құру және ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің әрі қарай даму және жетілдіру, нормативтік-құқықтық актілерді жасау және бекіту, оның жаңа жүйеге - адекватты нарықтық экономикаға өтуін жеделдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Содержание

Кіріспе



1 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дебиторлық және кредиторлық борыштардың түсінігі, мазмұны және түрлері

1.2 Қазақстан және халықаралық тәжірибеде дебиторлық және кредиторлық борыштарының бухгалтерлік есепте құқықтық реттелуі

2 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ («Теплый Стан» ЖШС-ң мысалында)

2.1 «Теплый Стан» ЖШС-тің қызметіне қысқаша сипаттама және 2009-2010 ж.ж. экономикалық көрсеткіштердің талдауы

2.2 Дебиторлық берешектер есебің ұйымдастыру

2.3 Кредиторлық қарыздар есебі

2.4 Дебиторлық борыш есебін ХҚЕС бойынша жетілдіру жолдары

3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР АУДИТІ

3.1 Дебиторлық борыш аудиттің міндеттері мен аудиторлық тексерудің кезеңдері

3.2 Дебиторлық борыш аудитінің талдамалы әдістерін қолдану ережелері

3.3 Кредиторлық қарыздардың аудиті



Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 3

Работа состоит из  1 файл

ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ.doc

— 532.00 Кб (Скачать документ)

    Дебиторлық  борыштар келесідей бөлімдерден  тұрады:

    1210  «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы».

    1290 «Күдікті қарыздар  бойынша резервтер».

    1220 «Еншілес (тәуелді)  серіктестіктердің  дебиторлық борышы».

    1280 «Басқадай дебиторлық  борыштар».

    1620 «Алдағы кезең  шығындары».

    1630 «Берілген аванстар».

    Яғни  осы жоғарыда аталған баптар бойынша  кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа  заңды немесе жеке  тұлғалардан  алашақ сомалары дебиторлық борышы болып табылады.

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардың 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы»  деп аталатын бөлім шоттары сатып  алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі  қарыздары жайлы  ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:

    1210 «Алынуға тиісті  шоттар»

    1210«Алынған  вексельдер»

    1210«Сатып  алушылар мен тапсырыс  берушілердің өзге  де борыштары»

    Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан  да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.

    «Алынуға  тиісті шоттар» деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған  есеп айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі Жалпы «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде  пайда болатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақыттарда «саудалық міндеттемелер» деп те атайды. Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелу көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу қабілеттілігі бар болатындығын бақылау  шараларын жүргізілулері қажет. Сол үшін әрбір ұйымдарда несиелік бөлімдер жұмыс істейді. Бұл бөлімдер арқылы, жеке және заңды тұлғалардың немесе бермеу жайлы мәселені шешуге керкті ақпараттарды білуге болады, сонымен қатар тауарлар сатушының арнаулы ақпараттың несиелік бюролар арқылы да клиент жайлы басқадай мәліметтер алуға мүмкіндігі бар. Осындай несиелік ақпарат бөлімдерінің мәліметтері бойынша да несиеге тауарларды сату, сатпау жайлы шешімдер қабылданады. Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды, несие көлемін шектеуді және сатып алушылар мен тапсырыс  берушілерден несиені уақтылы өтеуді қамтамасыз ететін белгілі бір қаражаттарды талап етуі мүмкін. Осыған орай  кәсіпорындар мен ұйымдардың таңдап алынған ережелері мен негізгі қағидалары есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл шотта сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық борыштар есептеледі.

    1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс  берушілердің борышы» шоттарына  қатысты бухгалтерлік есепте  мынадай корреспонденциялар жазылады:

    Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың) теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды. (соның ішінде 80000 (сексен мың) теңге  ҚҚС сомасы).

    Сатылған  тауарлардың өзіндік құнына:

      Дт: 7010 Сатылған өнімдердің

    өзіндік құны                                                                                   300000 тг

    Кт: 1320 Дайын өнімдер                                                             300000 тг

    Сатылған  тауарлардан алынатын сомаға:

    Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты                                  420000 тг

    Кт: 6010 Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты      420000 тг

    Сатылған  тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына:

    Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты                                   80000 тг

    Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы                                       80000 тг

    Сатылған  тауарлар үшін алынатын сома келіп  түскенде:

    Дт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»     500000тг

    Кт: 1210Алынуға тиісті борыштар шоты                              500000 тг

    Жоғарыда  екі жақты жазудан көріп отырғанымыздай кәсіпорындар мен ұйымдардың тарлары, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтеріне байланысты қосылған құн салығы есептелгенде

    1210 «Алынуға тиісті борыштар» шоты дебиттелініп,

    1320«Қосылған  құн салығы»шоты кредиттелінеді.

    Ал  сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың  пайда болуына 

    1210 «Алынуға тиісті борыштар», 

    1210 «Алынған вексельдер», 

    1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, оған сәйкес

    6210 «Материалдық емес активтердің  есептен шығарылуынан алынатын  кіріс», «Негізгі құралдардың есептен  шығарылуынан алынатын кіріс»  және «Бағалы қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

    Сатылған  материалдық емес активтер, негізгі  құралдар, бағалы қағаздар бойынша  қосылған құн салығы есептелгенде

    1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер»,

    1210 Сатып алушылар мен тапсырыс  берушілердің өзге де борыштары»  деп аталатын шоттардың тиістілері  дебиттелініп, «Қосылған құн салығы»  шоты кредиттелінеді.

    Шетелдік  валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына

    1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған  вексельдер», 

    1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс  берушілердің өзге  де борыштары»  деп аталатын шоттардың тиістілер  дебиттеліп, «Бағамдық айырмашылықтан  алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.

    Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына

    1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған  вексельдер»,

     1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс  берушілердің өзге де борыштары»  деп аталатын шоттардың тиістілері,

    6010, 6280 «Негізгі емес қызметтен алынған  басқадай кірістер» шоты кредиттелінеді.

      Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер  үшін төлемдер келіп түскенде 

    1000 «Ақшалар» бөлімінің тиісті шоттары  дебиттелініп,

    1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс  берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

    Сатылған  тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен кейін қайтарылған  жағдайда

    6020 «Сатылған тауарлардың қайтарылуы»  деп аталатын шот дебиттеліп, 

    1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

    Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің сомасына 

    6030  «Сату шегерімі» немесе 6030 «Баға  шегерімі» шоттардың тиістілері  дебиттелініп, 1210  «Алынуға тиісті борыштар», 1210«Алынған вексельдер»,      1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, 3130  «Қосылған құн салығы» шоттың кредитіне жазылып сторно етіледі (алып тасталынады).

    Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық қорлар бойынша шот фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар – шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағдарында (графасында) сатып алушылар (тапсырыс берушілер) бойынша ай  басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатылған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін № 11 Журнал-ордер қолданылады.

    Тауарларды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісім шарттарымен және тағы да басқа құжаттар құқықтық ресімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі «тауар» болып табылады. Сондықтан келісім шартта тауардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітіген болып көрсетілуі мүмкін.

    Тұрақты баға келісім шартта көрсетіліп, тауарларды төлеу кезінде қадағаланды және өзгерістерге ұшырамайды. Инфляция жағдайында (ақшаның құнсыздануы), әсіресе келісім шартқа қол қою мен тауарды жеткізу арасындағы уақыт айырмашылығына байланысты сатушы теңгені арадағы есеп айырысуға тұрақты пайдаланған жағдайда теңге құнының (бағамның) өзгеруіне байланысты тиімсіз (қиын) жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан келісуші жақтар бағаны тұрақты валюта түрінде белгілеуге тырысады. Бұл жағдайда тауардың жалпы валюталық сомасы анықталады және теңгедегі валюталық эквиваленті қайта санау тәртібі мен бағамы белгіленеді. Әр түрлі банктердегі бағамдар әр түрлі  болғандықтан, бағам тауардың жеткізілген күніне, болмаса белгілі бір банктегі оның төлемі жүргізілген күніне таңдап алынуы мүмкін. Осындай кезде сатушы үшін тауардың белгілі бір сомасының немесе 100% сомасының төлегендігі тиімді болады.

    Тұрақсыз  баға келісім шартқа отыру барысында тұрақты бағаны анықтау қиын болған жағдайда белгіленеді.

    Мысалы: бағаға әсер ететін факторлар жиі өзгерген уақытта (кезде). Бұл жағдайда базистік (бастапқы) бағасы белгіленіп, оны есептеудің әдістері мен жағдайлары қарастырылады. Келісім шартта қосылған құн салығы көрсетілмейді, алайда шот-фактурада салықтың бұл түрінің болуы міндетті. Келісім шарттың басты элементі ретінде қаржылық жағдай саналады. Қаржылық жағдай есептеудің түрлерін, тәсілдері мен нысандарын анықтайды.

    Кейбір  жағдайларда жабдықтаушы сатып  алушыға тиеліп жіберілген тауарлары  үшін весель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде белгіленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді.

    Вексель дегеніміз –  оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель бағалы қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.

    Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетілген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады. Вексельдің жалпы түрін мына төмендегі суреттен көруге болады:

ВЕКСЕЛЬ

         100000 (жүз мың) теңге                                       25.03.2004 жыл

Төленуге тиісті сома мөлшері                              Вексельдің берілген уақыты

«ККК» фирмасы

Вексель бойынша ақша алушы ұйымның аты

13.12.2004 жыл

Төлену  серзімі

«НҰР» акционерлік қоғамы

Вексель беруші ұйымның аты

Нұрхан_______________________________МО

Тиісті  адамдардың қолдары және ұйымның  мөр таңбасы

    Егер  вексель бойынша есеп айырысу  бір жыл мерзім аралығында (ішінде) жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің өтімділігі жоғары активтер бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі берілген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдің өтелу мерзімі болып вексель бойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни вексель қызметінің аяқталатын уақыты есептелінеді.  Әдетте вексельдер  пайдалануы барысында бір немесе бірнеше міндетті орындайды. Бұндай міндеттерге мыналарды жатқызуға болады:

Информация о работе Дебиторлық борыш