Дебиторлық борыш

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2012 в 15:06, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына «Қазақстан -2030» Жолдауында ел дамуының соңғы мақсаты болып экономикалық өсу табылатыны және экономикалық басымдылық «бүгін, ертең және алдағы 30 жылда ең маңызды болатыны» атап көрсетілді.

Нарықтық қатынастар қалыптасу кезінде, негізгі бөлігін бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің айқын жүйесі беретін уақытылы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектінің күрделі механизмін басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің ақпараттары шаруашылық субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін оперативті басқару, экономикалық болжамдар және ағымдық жоспарлар құру және ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің әрі қарай даму және жетілдіру, нормативтік-құқықтық актілерді жасау және бекіту, оның жаңа жүйеге - адекватты нарықтық экономикаға өтуін жеделдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Содержание

Кіріспе



1 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дебиторлық және кредиторлық борыштардың түсінігі, мазмұны және түрлері

1.2 Қазақстан және халықаралық тәжірибеде дебиторлық және кредиторлық борыштарының бухгалтерлік есепте құқықтық реттелуі

2 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ («Теплый Стан» ЖШС-ң мысалында)

2.1 «Теплый Стан» ЖШС-тің қызметіне қысқаша сипаттама және 2009-2010 ж.ж. экономикалық көрсеткіштердің талдауы

2.2 Дебиторлық берешектер есебің ұйымдастыру

2.3 Кредиторлық қарыздар есебі

2.4 Дебиторлық борыш есебін ХҚЕС бойынша жетілдіру жолдары

3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР АУДИТІ

3.1 Дебиторлық борыш аудиттің міндеттері мен аудиторлық тексерудің кезеңдері

3.2 Дебиторлық борыш аудитінің талдамалы әдістерін қолдану ережелері

3.3 Кредиторлық қарыздардың аудиті



Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 3

Работа состоит из  1 файл

ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ.doc

— 532.00 Кб (Скачать документ)

       Дебиторлық қарыз халықаралық және қазақстандық бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес компаниянға сатып алушылардан (дебиторлардан) алынуға тиісті ақша сомасы деп анықталады.

       Дебиторлық қарыз – айналым  капиталының маңызды компоненті. Бір кәсіпорын екіншісіне тауарларын сатқанда, сатылған тауарлардың құны дәл осы мезетінде төленетіні шарт емес.

       Дебиторлық қарыз кәсіпорынның иелену құқығын қоса заңды құқықтармен байланысты активі болып табылады. [10]

       Жалпы актив деп құндылық бағалауы бар субъектінің меншігі, меншіктік игіліктер және құқықтар танылады. Активте іске асатын келешек экономикалық пайда бұл – субъектінің ақша құралдарының артуына потенциалдық, тікелей немесе жанама үлесі. Одан шығатыны, дебиторлық қарыз – активте іске асатын және иелену құқығын қоса заңды құқықтармен байланысты болашақ экономикалық пайда.

     Дебиторлық  қарыз активінің үш маңызды сипаттамасы:

     -Ол  ақша құралдарының тікелей немесе  жанама өсуін қамтамассыз ететін  болашақ пайданы іске асырады. 

     -Активтер  шаруашылық субъекті басқаратын  ресурстар болып табылады.  Еске сала кететін жай – пайдаға немесе потенциалдық қызметтерге құқықтар заңға сәйкес немесе оларды талап ету мүмкіндігінің заңды дәлелдемесі болу керек. Мысалы активті сату фактісі сатушыда бейнеленген кезде, дебиторлық қарыз қалыптасады. Сату-сатып алу келісімшарты мүмкін болашақ пайданы анықтауға көмектеседі. Бірақ егер сатып алушы дебиторлық қарызды өтеуге қажетті сомасын төлемесе, сатушы іс жүзінде ресурстар бақылауынан, яғни потенциалдық кірістерден айырылмайды, бұдан актив енді актив болмайды.

     Активтерге  кәсіпорынның болашақта алатын, бірақ  қазіргі кезде оның бақылауынан  тыс пайда жатпайды. Осы кезде  шешуші фактор ретінде бухгалтерадің  қандай да бір шаруашылық операцияның  орын алуы туралы шешімі болады.

     Фирманың  келісімшартқа қол қою фактісі арқылы, бухгалтердің бақылауында болатын келешек мүмкін пайда мөлшері белгіленеді.

     Бухгалтер фирманың активтерін бейнелеген кезде  оқиғаларды маңызды немесе онша маңызды  емес екенін анықтайды. Көп жағдайда маңыздылық операцияның аяқталуын  көздейді.

     Дебиторлық  қарыз активтерге толығымен қосылуы  мүмкін, егер бір жыл ішінде алынбаған  сома ашылған болса. Сонымен қатар  ұзақ мерзімді активтер құрамында бір  жылдан артық саналған дебиторлық қарыз  «дебиторлық қарыз» бабына қосылуы  мүмкін.

     Жоспарлы-әкімшіл шаруашылық жүйесінде, оның ішінде 1997 жылға дейін Қазақстанда әрекет еткен бухгалтерлік есеп жүйесінде активтер деп кәсіпорын иелік ететін барлық шаруашылық құралдар саналды. Қазіргі Қазақстанда жүргізілетін есепке тән ерекшелігі - активтерді белгілі мөлшерде болашақта пайдаға айналуға тиісті шығындар деп есептеу. Осыдан активтерге жұмсалған шығындардың, оның ішінде дебиторлық қарыздың қалай көшірілетінін тексеру қажеттігі туады. Осыған орай бухгалтерлік есепте ақша төлеудің фактісі емес, осы төлемдерге құқықтардың болуы немесе болмауы танылады. Сәйкесінше, табыс деп төлемдерді қабылдау емес, оларға құқықтардың болуы саналады. Бұл жағдайда осы есеп беру мерзімінің табыстары олардың пайда болу шығындармен әрқашан сәйкестендірілуі тиіс.

       Қазіргі кезде шоттардың жаңа жоспарына және дебиторлық қарыз есебінің жаңа жүйесіне өтумен байланысты оның келесідей түрлерін ажыратады: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің, тәуелді серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық қарызы, басқа да дебиторлық қарыздар, алдағы кезең шығындары, берілген аванстар бойынша дебиторлық қарыз.[3, 2 бап]

     Дебиторлық  міндеттеме – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субьект алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы немесе операциялық циклді және ағымдағы емес болып бөлінеді. Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті болып бөлінеді. Саудалық дебитор берешегі ─ негізгі іс - әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.Саудалық емес дебиторлық берешек ─ іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде пайда болады.

     Дебиторлық  борыштар төлеу мерзіміне сәйкес немесе борышты өтеу мерзіміне қарай  келесі түрлерге бөлінеді:

  • ұзақ мерзімді;
  • қысқа мерзімді (ағымдағы);
 

     
     
     
     
     

             
 
 
 

     1-Сызба. Ағымдағы дебиторлық борыштың түрлері 

     Қысқа мерзімді қарыздар – ұйымның бір жылға дейінгі қарызы, ал бір жылдан жоғары- ұзақ мерзімді қарыздар болып саналады.

     Дебиторлық  борышты қалыпты өтеу мерзімі 5-90 күн болып табылады, бұл мерзімнен  асып кесте дебиторлық борыштың өтелу мерзімі өтіп кеткен болып саналады.

     Міндеттеме  – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы – мердігерлердің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін борышты немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.

     Кредиторлық борыш келесідей бөлімдерден тұрады:

       1. несиелер;

       2. алдағы кезеңнің кірістері;

       3. дивиденттер бойынша есеп айырысу;

       4. бюджетпен есеп айырысу;

       5. еншілес (тәуелді) серіктестерге несиелік борыш;

       6. бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу;

       7. алынған аванстар;

       8. жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу;

       9. басқа да кредиторлық борыш және аударымдар.

     Несие – бір заңды тұлғаның екінші заңды  тұлғаға немесе жеке адамның заңды  тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім алу үшін белгілі уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым – қатынас жүйесі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді.

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде  алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары –1200 дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып  екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептелінеді.

    Есеп  беретін уақыттан кейінгі бір  жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында  есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

    • Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
    • Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
    • Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
    • Негізгі ұйымдар  мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған  дебиторлық борыштар;
    • Ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;
    • Басқадай дебиторлық борыштар.

    Кәсіпорынның  балансындағы алынған вексель деп  аталатын бабындағы сома басқа заңды  немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив  болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активке қамтылған алдағы  уақыттағы экономикалық тиімділік.

    Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің  қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың  есептелген уақыты  мен өтелу  уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты  кірісті алынған жағдайда  ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған  тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сомасы бойынша есептелінеді. Бір жылдан астам уақыт бойы  алынбаған дебиторлық борыштар «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардаң мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымының күмәнді борыштарының сомасын  қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.

    Кейбір  жағайларда сапаның төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен  сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Мұндай  тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы. Талабын қабылдауға келісуіне  тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісті табыстарының көлемін азайтатындағы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:

    Дт: 6030 баға шегерімі – шоты

    Кт: 1210 алынуға тиісті борыштар – шоты

    Түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

    Егер  сатылған тауар ұйымға қайтарылған  болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:

    Дт: 6020 Сатылған тауарлардың қайтарылымы – шоты

    Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар – шоты

    Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған  құжаттарды қолданады:

    Нөмірі 7 Журнал-ордер – 1250 «Жұмысшылар  мен басқа да тұлғалардың борышы»  деп аталатын шотының кредиті  бойынша;

    Нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме  – 1610 «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;

    Нөмірі 10 Журнал-ордер – 1290 «Күдікті қарыздар бойынша резерв»,  1620«Алдағы кезең шығындары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;

    Нөмірі 11 Журнал-ордер – 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы»  шотының  және 1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

    Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер  және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен  тіркелімдерден басқа  дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың  жиынтығын  анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп  стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ  есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелінетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат – әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.

Информация о работе Дебиторлық борыш