Дебиторлық борыш

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2012 в 15:06, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына «Қазақстан -2030» Жолдауында ел дамуының соңғы мақсаты болып экономикалық өсу табылатыны және экономикалық басымдылық «бүгін, ертең және алдағы 30 жылда ең маңызды болатыны» атап көрсетілді.

Нарықтық қатынастар қалыптасу кезінде, негізгі бөлігін бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің айқын жүйесі беретін уақытылы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектінің күрделі механизмін басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің ақпараттары шаруашылық субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін оперативті басқару, экономикалық болжамдар және ағымдық жоспарлар құру және ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің әрі қарай даму және жетілдіру, нормативтік-құқықтық актілерді жасау және бекіту, оның жаңа жүйеге - адекватты нарықтық экономикаға өтуін жеделдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Содержание

Кіріспе



1 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дебиторлық және кредиторлық борыштардың түсінігі, мазмұны және түрлері

1.2 Қазақстан және халықаралық тәжірибеде дебиторлық және кредиторлық борыштарының бухгалтерлік есепте құқықтық реттелуі

2 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ («Теплый Стан» ЖШС-ң мысалында)

2.1 «Теплый Стан» ЖШС-тің қызметіне қысқаша сипаттама және 2009-2010 ж.ж. экономикалық көрсеткіштердің талдауы

2.2 Дебиторлық берешектер есебің ұйымдастыру

2.3 Кредиторлық қарыздар есебі

2.4 Дебиторлық борыш есебін ХҚЕС бойынша жетілдіру жолдары

3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР АУДИТІ

3.1 Дебиторлық борыш аудиттің міндеттері мен аудиторлық тексерудің кезеңдері

3.2 Дебиторлық борыш аудитінің талдамалы әдістерін қолдану ережелері

3.3 Кредиторлық қарыздардың аудиті



Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 3

Работа состоит из  1 файл

ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ.doc

— 532.00 Кб (Скачать документ)

       Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй және аударылмалы деп аталатьн екі түрге бөлінеді.

     Жай вексель дегеніміз төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді. Жай вексель борышкердің (қарызкердің) жазбаша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, берешектік міндеттеменің сомасы, төленетін мерзімі мен орны, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетіліп, борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.

     Айналым үдерісі кезінде вексель бір адамнан екінші адамға арнайы тіркеліп жазылғаннан кейін ғана беріледі. Табыстау жазбасы вексельдің теріс жағында немесе қосымша парағында жазылады.

     Аударылмалы вексель - (тратта) кредитордың (транссангтың) қарызгерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші занды тұлғаға немесе жеке тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша үкімі болып саналады. Яғни оның жәй вексельден ерекшелігі, аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге вексельде көрсетілген ақша сомасын үшінші бір адамға эмитентке төлеу туралы жазбаша бұйрығын бере алады.

     Вексельдерді  сонымен қатар пайыздық және пайызсыздық  деп екіге бөлуге болады.

     Пайыздың  векселъдердің атаулы құнында толенетін пайыз сомасы өз алдына бөлек көрсетіледі.

     Пайызсыздың вексельдерде пайыздық сома өз алдына бөлек көрсетілмейді, бірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады.

     Вексельдер  өздерінің түрлері бойынша коммерциялық, қаржылық және қазыналық болып үш түрге бөлінеді.

     Коммерцшлық вексельдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол өнімді тұтынушы, яғни сатып алушы кәсіпорындар мен ұйымдардың төлем жасау мерзімінің кешіктірілу себебіне байланысты беретін коммерциялық несиесі ретінде ресімделеді.

     Қаржылық  вексельдер арқылы тауарлық келісімшарттарға жатпайтын әр түрлі банктер арасындағы борышкерлік қатынастар рәсімделеді.

     К,азыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналынан шегерім жасауды қоса алғандағы бағасы бойынша банктерге және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға сатылады. Ал оларды кері қарай сатып алу толық атаулы құны бойынша жүргізіледі. Қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаүлы және сату бағасы арасындағы айырмашылық кұрайды. Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін қысқа мерзімге капитал салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы ақша рыногында пайдаланылады.

     Вексельдер  эмитенттер бойынша: қазынашылық және жекеше.

     Төлем түрі бойынша: жай және аударылмалы.

     Төлем кепілдігінің барлығына қарай: қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген.

     Төлеу тәртібі бойынша: мерзімдшк вексель және ұсынушылъқ вексель болып бөлінеді.

     Вексельдерді толтыру мен рәсімдеу белгіленген ережені сақтауды керек етеді. Құжатта міндетті түрде вексельдік таңба яғни вексель деген жазу жазылып, оның ұсынылған күні мен орны (жері), вексельдің сомасы, пайызы, төлеу мерзімі көрсетілу қажет. Аударылмалы вексельді трассат (борышкер) акцептеу керек, ондай болмаған жағдайда трассаттың вексель бойынша ешқандай міндеттемесі болмайды. Вексель берілген уақытынан бастап төлеу мерзіміне дейін жабдықтаушының иелігінде болуы, тауарға төлем төлеу үшін басқа занды тұлғаға немесе жеке тұлғаға берілуі немесе банк мекемесінен несие алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Вексельдің маңызды деректемесі (реквизит!) болып төлем мерзімі саналынады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері вексель бойынша төлем мерзімдерінің сақталуын қадағалап оны бақылап отыруы кажет. Вексельмен есеп айырысу есебі арнайы «Алынған вексельдер» шотында жүргізіледі. Бұл шотта сатушылардың сатып алушылар және тапсырыс берушілермен арадағы олардан алынған вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары жайлы ақпараттар жинақталады.

     Сатылған  тауарлар мен дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда:

     Дт: Алынған вексельдер шоты

     Кт: Алынуға тиісті берешек шоты

     Ал  вексель бойынша сатып алушылардың  берешектерінің жабылуына, яғни ақша келіп түскен мерзімінде (пайызсыз):

     Дт: Ақшалар шоты

     Кт: Алынған вексельдер шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

     Айта  кететін бір жағдай көптеген уақыттарда вексельде көрсетілген сома бойынша пайыз мөлшері жылдық мерзімге негізделеді.

     Мысалы: 500000 (бес жүз мың) теңгеге алты айға вексель алынып және оған коса жылдық 5 (бес) пайыз көлемінде төлем төлеу көрсетілген болды деп есептейік. Осы жағдайда біздің вексель бойынша алуға тиісті сомамыздың мөлшері былай есептелінеді:

     500000+500000х5%х6/12=500000+12500=512500 теңге.

     Егер  осы сомадағы вексель алты айға емес тоғыз айға жазылып берілген жағдайда алынуға тиісті сома мына санға тең болады:

     500000+500000х5%х9/12=500000-Н  8750=518750 теңге.

     Жоғарыда  қарастырылған мысалымыз бойынша  бухгалтерлік жазуларымыз келесідей  түрде жазылады:

     А) вексель алынғанда:

     Дт: Алынған вексельдер шоты – 500000 тг.

     Кт: Алынуға тиісті берешек шоты – 500000 тг.

     Ә) вексель бойынша сатып алушылардың берешегі есептелген пайыз сомасымен бірге өтелгенде:

     Дт: Ақшалар шоты – 512500 тг.

     Кт: Алынған вексельдер шоты – 500000 тг.

     Кт: Пайыз бойынша кірістер шоты – 12500 тг. 

     3 кесте - Алынған вексельдер бойынша операциялардың бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі 

Шаруашылық  операция мазмұны Шоттар  корреспонденциасы
Дт Кт
1 Өткізілген  дайын өнім (тауар, қызмет, жұмыс), материалдық емес активтер, негізгі құралдар, және де басқа активтер үшін вексельдер алу (келісілген бағамен) 1280, 2180 1210,

2110

2 Вексельдермен кепілденген дебиторлық берешектердің  өтелуі 1010, 1030 1280,

2180

 

     3 кестеде жалпы алынған векселдер бойынша операциялары көрсетілген. «Теплый Стан» ЖШС-те векселдер қолданбаған, осыған орай оларда оның есебі ұйымдастырылмаған. 

     Дебиторлық  борыштар есебінде жиі кездесетін операцияларының  бірі аванстар арқылы есеп айырысу  болып табылады.

     Кәсіпорындар  келісім-шартта белгіленген шарттар негізінде тауарлы-материалдық босалқылар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер сатып алу және қызметпен жұмыстар қабылдау үшін жабдықтаушылар мен мердігерлерген алдын ала төлем жасайда, яғни аванс береді.

     Берілген  аванс бойынша есеп айырысудың есебі 1610 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» шоттында ұйымдастырылады. Бұл шотта активтерді жеткізу негізінде берілген, сондай-ақ есепті кезең ішінде тапсырысшылардан ішінара дайын бойынша қабылданған өнімдерге, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі аванстар және өзге берілген қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;

     Аванс берілген жағдайда 1610 шоты дебеттеледі және 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» және т.б. шотгары кредиттеледі, сондай-ақ, шетелдік валютада берілген аванс бойынша бағамдық оң айырмасының сомасына 6250 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер», шоты корреспонденцияланады. Тиесілі шоттардың (1610) кредиті бойынша және 3310 шоттың дебеті бойынша жабдықтаушылардың біткен жұмыстарын төлеуі кезінде, берілген аванс сомалары ескеріледі (яғни шегеріледі), сондай-ақ шетелдік валютада берілген аванс бойынша бағамдық теріс айырмасының сомасына 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», шоты корреспонденцияланады.

     Берілген  аванстың (талдамалық) есебі баскадай кредиторлық және дебиторлық қарыздар бойынша есеп айырысудың аналитикалық тізімдемесінде 1610 шоты бойынша белек жүргізіледі [20].

     Сатып алушылардың келісім – шартта белгіленген мерзімде төленбеген шоттары  күмәнді борыштар деп аталады

     Күмәндіі қарыз болып белгіленген мерзімде берілмеген кдрыздар есептеледі және олар қажетті уақыт ішінде өтелмеген дебиторлық қарыздар, сондай-ак тиісті кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген қарыздар болып есептелінеді.  Күмәндіі қарыздар бойынша резервтер жылдың аяғында дебиторлық қарыздарды тізімдеу деректерінің негізінде жасалады.[26]

     Ұйымның дебиторлық борышы келесі жағдайларда  күмәнді талаптар болып саналады:

  • Келісім шартта көрсетілген мерзімде немесе төлеу мерзімі бекітілмеген жағдайда қажетті қалыпты уақытта өтелмесе;
  • Қажетті кепілдемемен қамтамасыз етілмесе.

     Дебиторлық  борыштың сенімсіз талаптары деп, Қазақстан  Республикасының заңына сәйкес талап  ету мерзімі өтіп кеткен борышты  айтады. ҚР Азаматтық кодексінің 178 бабына сәйкес бұл мерзімге 3 жыл  берілген [27].

     Қазақстан Республикасының заңдық құжаттарына сәйкес шағымдану мерзімінен 3 жыл өткеннен кейін өтелмеген күмәнді дебиторлық борыш қайтарылмайтын қарыз ретінде танылады.

     Қайтарылмайтын  дебиторлық борыштарды есептен шығарудың  екі әдісі бар:

     -қайтарылмайтын  дебиторлық борыштын болатынын алдын-ала қарастыратын резервтеу әдісі;

     -нақты дебиторлық борыштар қайтарылуы мүмкіндігі жоқ борышқа айналғаннан кейін ғана, бұл шоттардың мәліметтері шығынға апарылатын тікелей есептен шығару әдісі.

     Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда тиімді емес, себебі ол табыстармен шығыстарды сәйкестікке келтіре алмайды. Заңдық құжаттарға сәйкес кұмәнді борыштар тауарлар жөнетілген немесе қызметтер көрсетілген мерзімде емес, қай есепті мерзімде қайтарылмайтын қарыздарға жатқызылса, сол есепті мерзімде ол шығынға апарылуы тиіс деп есептелінеді.

       Алайда Қазақстан Республикасынаның  Салық Кодексіне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер салық есептеулерінде тек тікелей есептен шығару әдісін пайдалануға тиісті.

     Күмәнді борыштар есебін жүргізгенде бухгалтерлік есепті сәйкестік принципі басшылыққа алынуы тиіс.

     Күмәнді талаптар бойынша резерв құрудың  мәні сатып алушының қарызын төлеумеуден  кәсіпорынды сақтандыратын тәуекелдік қорын құру болып табылады. Мұндай резервтің құрылуы кәсіпорынның экономикалық тұрақсыздықта жұмыс істеуімен байланысты. Жаппай төлем қабілетін жоғалту жағдайында кәсіпорындар жөнелтілген өнім, орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алдын-ала төлем алуға мүдделі. Алайда, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің әр кез төлемдік қабылеті және алдын-ала төлем жасауға мүмкіндігі бола бермейді. Осы қалыптасқан жағдайларда сату көлемін арттыру, соған байланысты пайда мөлшерін ұлғайту мақсатында кәсіпорындар тауарды төлеу мерзімін кейінге қалдырып, несиеге беруге мәжбүр. Бірақ кәсіпорын өнімді өткізумен байланысты шығындар шығарғанда сатып алушылар мен тапсырыс берушілер әр түрлі себептер бойынша қарызын өтей алмауы мүмкін. Дәл осы жағдайда кәсіпорындар күмәнді талаптар бойынша резерв құру тәжірибесін қолдануы керек. Бұл резерв кәсіпорынға қаржылық есептілік құруда негізгі ережелердің бірі – сәйкес келу қағидасының орындалуын қамтамасыз етеді. Ендеше, бір мәміле немесе оқиға нәтижесінде пайда болған кірістер мен шығыстар бір уақытта танылады, ал күмәнді талап сомалары өткізілген өнім, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет көлеміне сәйкес келуі керек және тауар өткізілген, жұмыс орындалған және қызмет көрсетілген есерпті мерзімнің шығындарына жату керек.

Информация о работе Дебиторлық борыш