Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2012 в 15:06, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына «Қазақстан -2030» Жолдауында ел дамуының соңғы мақсаты болып экономикалық өсу табылатыны және экономикалық басымдылық «бүгін, ертең және алдағы 30 жылда ең маңызды болатыны» атап көрсетілді.
Нарықтық қатынастар қалыптасу кезінде, негізгі бөлігін бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің айқын жүйесі беретін уақытылы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектінің күрделі механизмін басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің ақпараттары шаруашылық субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін оперативті басқару, экономикалық болжамдар және ағымдық жоспарлар құру және ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің әрі қарай даму және жетілдіру, нормативтік-құқықтық актілерді жасау және бекіту, оның жаңа жүйеге - адекватты нарықтық экономикаға өтуін жеделдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кіріспе
1 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дебиторлық және кредиторлық борыштардың түсінігі, мазмұны және түрлері
1.2 Қазақстан және халықаралық тәжірибеде дебиторлық және кредиторлық борыштарының бухгалтерлік есепте құқықтық реттелуі
2 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ («Теплый Стан» ЖШС-ң мысалында)
2.1 «Теплый Стан» ЖШС-тің қызметіне қысқаша сипаттама және 2009-2010 ж.ж. экономикалық көрсеткіштердің талдауы
2.2 Дебиторлық берешектер есебің ұйымдастыру
2.3 Кредиторлық қарыздар есебі
2.4 Дебиторлық борыш есебін ХҚЕС бойынша жетілдіру жолдары
3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР АУДИТІ
3.1 Дебиторлық борыш аудиттің міндеттері мен аудиторлық тексерудің кезеңдері
3.2 Дебиторлық борыш аудитінің талдамалы әдістерін қолдану ережелері
3.3 Кредиторлық қарыздардың аудиті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 3
Бухгалтерия субьек басшысы бекіткен аванстық есептерді тексереді және шығындарды анықтайды.
Дебиторлық борыштардың құрамына кәсіпорынның төмендегі қарыздары есепке алынады
-Алынуға тиісті борыштар
-Алынған вексельдер
-Кәсіпорынның есеп
беруге тиісті тұлғалардың
-Ағымдағы
-Негізгі шаруашылық серіктестік және оның еншілес серіктестігі арасындағы операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық борыштар.
Алынуға тиісті шоттар - кәсіпорынның сатып өткізілген өнімдері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден қайтарылып алынуға тиісті борыштары.
Сауда дебиторлық борышы бұл негізгі қызмет нәтижесінде сатып алушылардың сатып өткізуші кәсіпорын алдындағы міндеттемесі. Ал басқадай
Барлық дебиторлық борыштар саудалық емес дебиторлық борыш болып табылады.
Әдетте төлеу мерзімі ретінде 30 күннен 60 күнге дейін уақыт аралығын есептеу қабылданған. Егер борыштың қайтарылуы осы мерзімнен асып кетсе, онда мұндай дебиторлық борыш төлеу мерзңмінен кешіктірілген болып есептелінеді.
Шаруашылық қызметі барысында кейбір қайтарылынып алынуға тиісті шоттардың кредиттік сальдосы болуы мүмкін, ондай шоттар қайта жіктелінеді және есеп беру кезінде олар міндеттеме ретінде қарастырылуға тиісті.
Қаржылық қызметкерлері дебиторлық борыштарды инкассациялауға шешім қабылдау үшін қарыздың өтелуге тиісті орташа күнін анықтап алуды көздейді. Есептеу принципіне сәйкес кәсіпорынның табысы пайда болған сәттен бастап, дебиторлық борышта танылады. Дебиторлық борыш, бастапқы пайда болған борыштанкүмәнді борыштарға жүргізілген түзету сомасын, бағаны кемітулерді және қайтарылған тауарларды шегеріп тастағаннан кейін бағаланады. Нәтижесінде қайтарылып алынуға тиісті борыштардың нақты құны анықтапты. Сатып өткізу мен төлем жасау мерзінің арасындағы әдеттегі мерзім қысқа болғандықтан проценттер есепке алынбайды.
Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 29 желтоқсан 2002 жылғы №542 бұйрығымен бекітілген қаржылық есеп берулерді дайындау және ұсынуға арналған нұсқауының тұжырымдамалық негізіне сүйенсек, «Міндеттемелер - бұл тұлғаның екінші бір тұлғаның пайдасына қандай да бір іс - әрекетті орындау міндеті: яғни мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және т.б., ал несиегер борышкерден өз міндетін талап етуге құқылы болады».
Міндеттемелер өткен кезеңдегі келісімнің немесе өткен оқиғалар мен құбылыстардың нәтижесі болып табылады, ұзақ және ағымдағы болып бөлінеді.
Ағымдағы
міндеттемелерге қысқа мерзімді
банк несиелері, қысқа мерзімді займдар
мен кредиторлық қарыздар жатқызылады.
2
КӘСІПОРЫНДАҒЫ ДЕБИТОРЛЫҚ
ЖӘНЕ КРЕДИТОЛРЛЫҚ БОРЫШТАР
ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «Теплый Стан» ЖШС-тің қызметіне қысқаша сипаттама және
2009-2010ж.ж.
экономикалық көрсеткіштердің
талдауы
«Теплый Стан» жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің – қызметі (одан әрі-серіктестік) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі заңымен және 1997 жылы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының / шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы/ заңдарымен реттеледі. Серіктестік қызметкерлерінің орта жылдық саны 50 адамнан көп емес шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып табылады. Активтерінің жалпы құны орта есеппен айлық есептік көрсеткішінің 60000 – есесінде болжанады.
Серіктестіктің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толық және қысқаша атаулары:
«Теплый Стан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Дорожная көшесі 3 үй.
Серіктестіктің қызметінің негізгі мақсаты Серіктестіктің өндіретін тауарлары /жұмыстары/ қызмет көрсетудің сұранымдарды қанағаттандыру жолымен таза кірістерді алу болып табылады.
Серіктестіктің келесідей негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
-Монтаждық-құрылыс
-Автотұрақтар ұйымдастыру, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, ЖҚС ашу, шина, мотор майларын сату;
-әрлеу жұмыстары;
-теміржолының байланысты қызметтер көрсету;
-жөндеу-құрылыс жұмыстары;
-құрылыс учаскесін даярлау құрылыс материалдарын дайындау;
-жобалау құрылыс жұмыстары;
-электроқұрастыру;
-жабдықтау;
-үй-жайлардың дизайны;
-сауда-делдалдық қызмет;
-компьютерлік қызметтер;
-Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа қызмет түрлері.
Лицензияланатын
қызмет түрлері Қазақстан
Серіктестіктің қызмет мерзімі шектелмеген.
Серіктестік өз атынан шарттар жасасады, мүліктік және мүліктік емес құқыққа ие болады, міндеттер атқарады, сот органдарында жауапкер және талапкер бола алады.
Серіктестік
өз қызметіне Қазақстан
Серіктестік өзіне тиісті дербес балансы, банк мекемелерінде есеп айырысу және басқа да шоттары, өз атауы көрсетілген мөрі, бұрыштық мөртабан, фирмалық бланктарын иеленеді және иелене алады. Серіктестік өз қызметін өзін-өзі қаржыландыру негізінде және тауарлы-ақшалы қатынас негізінде құрады. Сетіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамалары шегінде жүзеге асыруда толық шаруашылық дербестікті иеленеді.
Серіктестік өз міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған тәртіпте өз мүлкімен жауапкершілік атқарады. Серіктестік қатысушысы Серіктестік қызметіне байланысты шығындарға оның енгізген салымы шегінде тәуекел етеді.
Серіктестіктің жалғыз қатысушысы ҚР азаматы болып табылады. Серіктестік қызметін қамтамасз ету үшін қатысушы салымынан 97 100 (тоқсан жеті мың жүз) теңге мөлшерінде Жарғылық капитал құрылған. Серіктестіктің тіркелу сәтінде жарғылық капитал 100 пайызға құралады.
Серіктестіктің мүлкі қатысушының жарғылық капиталға жеке салымы есебінен құралады, негізгі және айналымдағы қаржыдан өндірген өнімнен, шаруашылық қызмет нәтижесінде алынған кірістер, құнды қағаз кірістері мен ҚР заңнамаларына жол берілетін негіздер бойынша алынған басқа мүліктен болады.
Жарғылық капитал мөлшері Қатысушы шешімі бойынша көбейтілуі немесе азайтылуы мүмкін. Жарғылық капитал ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі мөлшерден азайтуға жол берілмейді. Серіктестік өзінің шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін сату-сатып алу, жалгерлік мәмілелерін және ҚР азаматтық заңнамаларында қарастырылған басқаларын жасауға құқылы. Серіктестік белгіленген тәртіпте өз мүлкін қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруға құқылы.
Қатысушы серіктестіктің ең жоғарғы басқару органы болып табылады. Қатысушы серіктестіктің атқарушы органы болып табылатын Директорды тағайындайды.
Серіктестіктің қаржы – экономикалық жағдайына бақылау жасау үшін қатысушымен еңбек ұжымы қызметкерлері қатарынан тексеруші тағайындалуы немесе аудиторлық фирмалар тартылуы мүмкін.
Директор:
құқына сенімхат береді;
-Серіктестік қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындайды, оларды ауыстыру және босату туралы бұйрықтар шығарады, еңбек ақы жүйесін анықтайды, лауазымдық жалақылар мен дербес үстемеақы мөлшерін белгілейді, марапаттау мәселелерін шешеді, ынталандыру шараларын қабылдайды және тәртіптік жазаға тартады;
-Осы жарғыға немесе ҚР 22.04.1998 ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңына, қатысушы немесе бақылау органыдар құзырына енбеген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады;
-Директор қызметі мен шешім қабылдау қабылдау тәртібі осы Жарғымен; сонымен қатар қатысушымен қабылданған ережелер және басқа құжаттармен анықталады.
Серіктестік қатысушысы құқылы:
-Қазақстан Республикасының 22.04.1998 ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы және осы Жарғыда қарастырылған тәртіпте серіктестіктің басқару істеріне қатысуға;
- Серіктестік қызметі туралы ақпарат алуға және оның бухгалтерлік және басқа құжаттарымен өзінің тиісті шешімдерін жазбаша түрде серіктестіктің Атқарушы органына берген сәтіндегі екі күн ішінде танысуға;
- Қазақстан Республикасының 22.04.1998 ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңына, сетіктестіктің құрылтай құжаттарына сәйкес сетіктестік қызметінен кіріс алуға;
-Серіктестік таратылған жағдайда несиешілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүлік бөлігінің құнын алуға;
- Қазақстан Республикасының 22.04.1998 ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар сетіктестік туралы» Заңында қарастырылған тәртіпте өз үлесін өндіріп алу жолымен серіктестікке қатысуын тоқтатуға;
Серіктестік қатысушысы міндеті:
-Құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
-Құрылтай құжаттарында қарастырылған тәртіпте, мөлшерде және мерзімде сетіктестіктің жарғылық капиталына салым негізуге;
-Серіктестікте коммерциялық құпия деп жарияланған мәліметтерді таратпауға.
Кәсіпорында бухгалтерия негізгі бөлімнің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 27.02.2010 ж. № 234 “Бухгалтерлік есеп туралы және қаржылық есептілік тұралы” Заңымен өндірістік жаңа үлгідегі бухгалтерлік есеп біздің мемлекеттің жаңа құрылымына орай туындап, табиғи түрде біртексіз қабылданып, сан алуан пікір табысуда. Бұл Заң бухгалтерлік есепті шаруашылық субъектінің активтері, меншікті капиталы міндеттері, кірісі мен шығысы туралы ақпаратты жинау, тіркеу және қорытындылау жүйесі ретінде анықтайды. Бухгалтерлік ақпарат қаржылық есептеу принципінде негізделеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 8.05.96 жылы “Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссиясын құру” туралы №2983 жарлығы орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 9.08.96 №985 “Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясын құру туралы Қаулысы бекітілді.
Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясы өңдеген бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есеп шотының бас жоспары халықаралық бухгалтерлер федерациясы жанындағы есепке алу халықаралық стандарттың комитеті қабылдаған халықаралық стандартқа барынша жақсартылған. Ал қазіргі кезі кәсіпорындар 23.05.2010 ж. бекітілген жаңа Типтіп шоттар жоспарымен жүмыс атқарады.
Жаңа стандарттар бухгалтерлік есеп пен қазіргі салық кодексі бойынша жақын байланыстарға шаруашылық операцияларын есепке алудың неғұрлым жеңілдеткен және есепке алу құжаттарының көлемін қарастыруға мүмкіндігін туғызады.
Бухгалтерлік есепті дамыту мен жетілдіру қаржылық ақпаратты қалыптастырудың тұжырымдамалық негізі мен бухгалтерлік есептің стандарттарына қосымша мыналарға : жеке сектордың субъектілері-не;
Мемлекеттік сектордың кәсіпорнына арналған бухгалтерлік есеп стандарттарын әзірлеуді талап етеді.
Республика заңдарына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар: шаруашылық жүргізу құқығына негізделген : жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорындар болып бөлінеді.